Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 09:01, реферат
Әдістемелік құралымыздың мақсаты:
- “Білім” заңына сәйкес басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсарту;
- Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын жан-жақты меңгеру арқылы оқушының жеке тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ету.
Міндеті:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды түгелдеп, назарларын сабаққа аудару.
2. Шапшандық гимнастикасы.
4 амалға ауызша есептеуге есептер беріледі, дәл болмаса да 2-3 санға қателескен жауап та дұрыс саналады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Электр тогы дегеніміз не?
2. Ток күші дегеніміз не?
3. Кернеу дегеніміз не?
4. Кедергінің физикалық мағынасын айт.
Деңгейлік тапсырмалар.
І-деңгей.
1. Қалта фонары қыл сымының кедергісі 15 Ом болса және ол кернеуі
4,5 В батареяға қосылса,
онда осы қалта фонарының
2. Кернеуі 120 В, ток күші 0,5 А электр шамының кедергісін
анықтаңдар.
3. Кедергісі 0,25 Ом өткізгішке ондағы токтың күші 30 А болу үшін
қандай кернеу түсіру керек?
ІІ-деңгей.
1. Көлденең қимасының ауданы 0,1 мм2 никелин сымынан жасалған
электр қыздырғыштың спираліндегі кернеу 220 В болғанда ток күші 4 А. Сымның ұзындығы қандай?
2. Ұзындығы 150 см және көлденең қимасының ауданы 0,025 мм2
болатын ток күші 250 мА темір өткізгіш ұштарындағы кернеуді анықтаңдар.
ІІІ-деңгей.
1. Ұзындығы 2 км және кедергісі 8,5 Ом мыс сымның массасы қандай?
IV-деңгей.
1. Қолда бір текті екі өткізгш бар, бірі екіншісінен 8есе ұзын, ал
екіншісінің көлденең қимасының ауданы біріншісінен екі есе үлкен. Осы өткізгіштердің қайсысының кедергісі үлкен және неше есе үлкен?
Қорытындылау.
IV. Оқушылардың білімін бағалау.
V. Үйге тапсырма.
Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттыратын негізгі тәсіл – оқушыларға осы деңгейлік тапсырма беру.
Сұхбат бөлімінің 4-ші сабағында биоақпараттық технологияның "триадалогика”-сы негізінде жасалған сабақ жоспары ашық сабақ ретінде ұсынылып отыр.
Технологиялық картаның негізгі ерекшелігі:
Биоақпараттық технологиялық процесс үшін пәндердің логикалық және құрылымдылық тиімділігін анықтауда технологиялық картаның маңызы зор. Бұл орайда, сынып оқушылары үш-үштікке бөлініп отырады. Әр үштік өз дәрежесіне қарай қызмет атқарады.
"Рухтандырушы” – ол есеп шығару кезінде басты идеяларды айтушы.
"Практик” – есептің берілуі мен шығару жолдарын бақылайды.
"Сыншы” – шығарылған есептің қате, дұрыстығын қадағалайды.
Мұғалім тақырыпты түсіндіру
барысында уақыт үнемделуі
Тапсырманы бірінші біткен
үштік тақтаға шығып, өзінің есебінің
дұрыс шығару жолдарын көрсетеді. Осы
уақытта сарапшылар қалған үштіктердің
жұмыс процесі кезіндегі
Күні: Сыныбы: Пәні: Оқушы саны:
Тақырыбы:
Үштіктер саны: Сарапшылар:
Құрылымы Шығарылу уақыты Түсіндіру уақыты Қатесі: Білім сапасы %
І-деңгей
ІІ-деңгей
ІІІ-деңгей
IV-деңгей
Қорытынды бөлімінде тест тапсырмаларын аламын.
Тест №1
1. Кедергісі 20 Ом, ток күші 5 А қыл сымды 100 секундта қанша жылу мөлшері бөлінеді?
а) 50000 Дж б) 2500 Дж с) 200 Дж
д) 500 Дж е) 200 Дж
2. Кедергісі 200 Ом болатын
резистордің паспорт бойынша
бөлінетін қуаты 0,5 Вт. Резисторға
берілетін максимал кернеу
а) 100В б) 20 В с) 10 В д) 5 В е) 40 В
3. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 6 В, кедергісі 2 Ом. Ток күші неге тең?
а) 12 А б) 6 А с) 3 А д) А е) 10 А
4. Өткізгіштерді тізбектей қосқанда, барлық өткізгіштерде қай шама бірдей болады?
а) Ток күші
б) Кернеу
с) U . I көбейтіндісі
д) анықтамайды
е) қатынасы
5. Ток қуаты қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?
а) Вольт (В) б) ампер (А) с) Ватт (Вт)
д) Джоуль (Дж) е) Ом
6. Ток күшінің жұмысының формуласын көрсетіңіз.
а) б) А=U . It с) А =U . R2 көбейтіндісі
д) е)
7. Электр тогы дегеніміз не?
а) Электр зарядтарының тәртіпсіз қозғалысы
б) Электр зарядтарының реттелген қозғалысы
с) Бейтарап бөлшектердің тәртіптелген қозғалысы
д) Бейтарап бөлшектердің ретсіз қозғалысы
е) Жауаптар арасында дұрысы жоқ
8. Джоуль-Ленц заңының формуласын көрсетіңіз.
а) Q=I2.R ∆t б) Q=I.R2 ∆t с) Q=I. ∆t/R2
д) Q=U. ∆t/R2 е) Q=I2/R
9. Электр лампасының қыл сымының ұштарындағы кернеу 2 В, ток
күші 0,5 А. Қыл сымының кедергісі қандай?
а) 0,5 Ом б) 1 Ом с) 2 Ом д) 4 Ом е) 1,5 Ом
10. Ток күші дегеніміз не?
а) I=∆q/∆ б) I=U/R c) I=kU д) I=q/S e) Qs
11. Өткізгіштерді параллель
қосқанда қай шама бірдей
а) ток күші б) кернеу с) кедергі
д) жұмыс е) анықталмайды
12. Кернеуді өлшейтін құралды көрсетіңіз.
а) Амперметр б) Вольтметр с) Ваттметр
д) Омметр е) Реостат
13. Ток күшін өлшейтін құралды көрсетіңіз.
а) Амперметр б) Вольтметр с) Ваттметр
д) Омметр е) Реостат
14. График бойынша өткізгіштің кедергісінің мәнін табыңыз.
а) R=0 б) R=1 Ом c) R=10 Ом д) R=100 Ом e) R=1000 Ом
Осы тұжырым негізінде жасақталған жаңа педагогикалық
технологияның арнаулы талаптары
бойынша мектепте өткізілген сабаққа
қатысты деңгейлік
Қорыта келгенде, жаңа педагогикалық технологияларды физика
сабағында өтілген тақырыптарға сәйкестендіре, сабақтастыра отырып, жақсы нәтижелерге жеттім.
Оған дәлел – біріншіден,
оқушылардың пәнге деген
Екіншіден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен, өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізе отырып, сабақта қойылған мақсатқа жету үшін қажетті қабілеттерін, білік – дағдыларын қалыптастырды.
Сондай-ақ, оқушылар өз шығармашылық
қабілеттерін ұштаумен бірге, өткен
жылдарға қарағанда олимпиада
Сөз соңында бүгінгі күн талабына сай нақты, терең білім беруде жаңа технологиялар бірден-бір ұстаз сүйенер тұтқа дегім келеді
ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ НЕГІЗІНДЕ ТЕХНОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
№ 25 жалпы орта білім беру мектебінің технология пәнінің мұғалімі.
Білім мен тәрбие адам бойына
қатар дарығанда ғана ол ұлы мақсатқа
жете алады деп білемін. «Рухани
тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың
қас жауы» деген екен ұлы Әл-Фараби.
Адамға бірінші білім емес тәрбие
берілуі керек. Ендеше тәрбиенің
қайнар көзі – халық педагогикасы.
Ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыптар және
ұлттық өнеріміз халық педагогикасының
маңызды көзі екені белгілі. Халық
педагогикасының балаларды
Ұлттық тәуелсіздіктің шапағат-шарапатымен
өткен тарихымыз айқындалған
сайын адамның рухани жан–дүниесін,
ішкі сезімдерін түсіну саласында ата-бабаларымыздың
қазіргі ұрпақтарына қарағанда
озық екендіктері, ал біздің сол байлықтан
көп артта қалғандығымыз
Ұлы ата-бабаларымыздың ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ырым-жоралар, қолөнер бұйымдарын жасаудағы тәжірибелерін үйреніп, мәдениетімізді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруда, оқушылардың ой жүйесін ұштауда, көркем мінезді болуға баулуда, өнерге құштарлық сезімін оятып, әсемдікті сезініп, оның сырын терең түсінуге жетелеуде, өзгенің еңбегін кемсітпей құрметтеп, бағалау керектігін түсіндіруде, көненің көзі болған ұлттық мұрамызды зерттеуде технология пәні мен қолөнер үйірме жұмыстарының атқаратын рөлі ерекше болмақ.
Осы мақсатта мектебімізде «Алтын оймақ» қолөнер үйрмесі үшінші жылға өз жұмысын жалғастыруда. Үйірме сабақтарында ұлттық қолөнер мен дәстүріміздің қаншалықты құнды екенін түсіндіре отырып, шығармашылық жоба жұмыстарын орындату оқушыларға адамгершілік, мейірбандылық, еңбек, дене, ақыл-ой, эстетикалық тәрбие береді әрі шығармашылық қабілеттерін дамытады.
«Алтын оймақ» қолөнер
үйірмеге қатысушы шәкірттерімнің өз
туындылары мен бұйымдары бүгінгі
күні қалалық және облыстық және
Халықаралық шығармашылық жарыстарға
қатысып, бірнеше рет жүлделі
орындарға ие болды. Атап айтсам, тек
биылығы оқу жылында “Отпен достаса
отырып, өрттен сақтанайық - 2010” қалалық
балалар шығармашылық байқауында 5
«Б» сынып оқушысы Тұрлыбек Аружан
I-орын, 4 «В» сынып оқушысы Ғарифолла
Ғабдуррахман II-орын, 6 «Б» сынып
оқушылары Ахметова Айгерім, Елеукина
Данель, Қайдар Мадина, Қизат Маржангүл
II- орынға ие болды. Ғылыми зерттеу жұмысы
бойынша 2009-2010 оқу жылында үздік
жоба жұмысы деп таңылып, «Жас ғалым
» номинациясына ие болған 9 «Ә»
сынып оқушысы Дүйсенова Алия,
9 «А» сынып оқушылары
Оқушылардың шығармашылық қолөнер
жұмыстарынан мектепішілк көрмелер
ұйымдастырылып отырады. Осы жұмыстың
нәтижесінде қолөнер үйірмесіне
қатысқысы келетін оқушылар саны
арта түсіп, тіпті ата-аналардың
да қызықтап келіп, тамашалауы жиілеп
отырды. Сондықтан, сабақта және сабақтан
тыс үйірме сабақтарымда аталар сөзі,
мақал-мәтелдер, салт-дәстүрлер, тиым сөздер,
ырым-жораларды басты
Зерттеу тапсырмалары оқушының
проблеманы көре алу және оны шешу,
болжам жасай алу, оқулықтармен жұмыс
жасай білу, анализ, талдау жасау
арқылы жан-жақты зерттеу
Сақар сабының экологиялық таза жолмен жасалатындығы және оның шипалық қасиеттерімен қоса сабынға байланысты ырымдар, наным сенімдер, салт-дәстүр қалыптасқандығы туралы айтуға болады. Сақар сабының жасау тек қазақ ұлтының қол өнер бұйымдарын жасау әдістерінің бірі.
Ертеректе, жаугершілік кезінде
шейіт болған сарбаздардың сүйегін
елге жеткізіп жерлеу үшін тасымалдауға
оңай болсын деп, етін ағызып, сілтіге
салып сүйегін
«Сүйегін артып ердің күзде келдік,
Тар кезең, етін сылып, киізге орап.
Қайнатып сілтіге сап, ақсүйек қып,
Жеткердік болғанменен қанша тозақ».
Ұмытыла бастаған
дәстүрлі тағамдар бойынша
Қымыз - халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы үздіксіз пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамы әрі шипалы сусыны. Ол тек тағам емес, сонымен қатар халықтың қасиетін, дәулетін, салтанатын, байлығын, мырзалығын, дастархан берекесін білдіретін ырыс белгісі. Басқа тағамдарға қарағанда қымызды дайындаудың әдіс-тәсілдері, салт-дәстүрлері, ырымдары мен кәде -жоралары көп.
Ұлттық тағам бойынша шипалы сусын-қымыз, шұбаттың адам ағзасына әсері мен оның химиялық құрамындағы маңызды минералдық заттар, дәрумендер туралы зерттеу арқылы оқушылардың денсаулықты нығайту жолдарын түсетіні сөзсіз.
Ұлттық бұйымдардан ұмыт болған біз кесте және ши, терме тоқу өнері туралы зерттеу жұмысын оқушылармен жүргізудемін. Әр сабақта осындай іздену, зертеу тапсырмаларына қадағалау, көмек беру, нұсқау беруді бақылауыма аламын. Тапсырмаларды баланың қабілетіне қарай, ынтасына, жас ерекшеліктеріне байланысты түрлендіре беремін. Ізденіс зерттеу жұмыстары оқушының ақпараттық ізденісті жоспарлау, жианақтаған мәліметтерді өңдеу, қосымша мәліметтерді жинастыру және оны компьютерде қорғай алу ақпараттық құзыреттіліктерін дамытады.
Информация о работе Интерактивті оқыту әдісін, жаңа оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі