Музыкалық психология, музыкалық білім беру психологиясы, музыкалық іс-әрекет психологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 18:50, реферат

Краткое описание

Оқу құралы келесі материалдарды қамтиды: Тұлға. Музыкалық қабылдау. Музыкалық қаблеттер. Ойлау. Тұлға және қоғамның музыкалық санасы және музыкаға оқыту: психологиялық-педагогикалық аспектісі ... музыкалық психология және музыкалық білім беру психологиясы мен музыкалық іс-әрекет психологиясының негізгі түсінігі, категориялары. Жалпы музыкалық қабілетінің дамуы мен қалыптасуы (есту сезімі, музыкалық ырғақ сезімі, кәсіби есте сақталуы), көркем-бейнелеушілік қалыптасу мәселесін, шығармашылық қиялы мен елесін, оқу әдісінің жүйесі мен оқушы-музыканттың шығармашылық потенциалын (деңгейін) қарастырады.

Файлы: 1 файл

Музыкалы_ психология, музыкалы_ білім беру психологиясы, музыкал.doc

— 706.60 Кб (Скачать)

А.Затаевич бастаған үлкен істі отызыншы жылдары  Д.Мацуцин. Б.Ерзакович, Е.Брусиловский, А.Жұбанов, Л.Хамиди. бертін келе М.Төлебаевтың жалғастырып, ән - күйлерімізді нотаға түсіріп, ел игілігіне айналдырғанын сүйсіне еске аламыз.

Қазақ Республикасы Ғылым академиясының  корреспондент мүшесі, өнертану ғылымының докторы, республикаға еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор, музыка зерттеушісі, профессор Б.Г.Ерзакович өзінің бар күш жігерін табиғи қабілетін қазақ музыкасы өнеріне жұмсауды максат тұтты.

Б.Г.Ерзакович  аз уақыт ішінде бес жүзге жуық ән-күй жазып алып, оның екі жүзден аса әуенін әншілердің фортепианоның сүйемелімен айтуына лайыктап еңдеді. Ол мұнымен ғана қанағаттанып  қоймай, халык әншіерін бұдан да мол жинап алу мақсатымен респүблика облыстарына жиі-жиі сапарға шығып тұрды.

Сөйтіп, ол Семей, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Ақмола жене Қарағанды облыстарын түгелге жуық аралап шығып, орасан бай қазынаны 2500-ден астам ән мен күйді нотаға түсірді, біразын радио таспаларға жазып алды. Б.Г.Ерзаковичтің өзі жинақтаған казақтың ән мен күй туындыларына, оның орындаушыларына алғаш рет толық сипаттама бергендігін ерекше атай өткен жөн. Экспедиция кезінде халыкпен қоян-қолтык араласа жүрген Б.Г.Ерзакович қазақ музыкасының Кенен Әзірбаев, Естай Беркімбаев, Шәкір Әбенов, Қали Байжанов, Жүсіпбек Елебеков секілді аса дарынды өкілдерімен де тығыз қарым-қатынаста болды. Атақты Естай ауылында болған сәтінде былай әңгімелеген: «Табиғатында өте байсалды, өз әндерімен өзге авторлардың әндерін салмақты саздылыкпен шыркайтын Естай әйгілі "Қорланды" орындағанда бөлекше толкып кетеді екен. Тіпті радиоға жазу кезінде де әннің шарықтай шырқалатын түстарында көзіне жас үйірілді. Тегі, жас шағында қалын мал төлей алмай сүйіктісімен айырылған жан трагедиясы оны өмір бойы толкытып етсе керек».

Б.Г.Ерзакович  отызыншы жылдардың өзіндеақ өзі  жинақтаған көптеген халық әндерін музыкалық аспаптар сүйемелінде орындауға лайықтап өңдеді. Мұндай андер сол кезде радиодан көп орындалып жүрді. Ал елуінші жылдардан бастап оларды жүйелі түрде зертгеуге кірісті. Зерттеуші ғалымның терең білімінің аркасында дүниеге келген «Қазақ халқының ән мәдениеті» монографиясы, «Қазак совет халық әндері» атты музыкалық - этнографиялық жинағы жарық көрді.

Б.Г.Ерзаковичтің Ахмет Жұбанов және Мәриям Ахметовамен бірлесіп жазған «Советтік казак музыкасы» деген енбегі Қазақ ССР Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығына ие болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Р.Қ.Дүйсембинова

 

 

Қазақ халық әндерінің тәрбиелік мәні

 

Қазақ әндеріндегі  философиялық ой тереңдігі үнемі дидактикалық мәселелермен қапсырыла қапталдасқан. Қазақ әндерінің қай жанрын алмасақ та, өнегелі өсиет арқылы, ізгілікті мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез - құлыққа, сиқырлы ақылдылыққа насихаттап отырады. Сонымен бірге, қазақ халқының тарихын, өмір сүру тіршілігінің сан қилылығын, қоғамдық қөзқарастарын, ақыл - ойының жиынтығын танытады. Казақ әндерінің дидактикалық, танымдық касиеті негізгі ерекшеліктерін тағы бір қырынан көрсетеді.

Казақ халық  әндерінің жанрлары да көп. Оларды жүйеге келтірілген жіктемелер де баршылық (А.В.Затаевич, Б.Г.Ерзакович, Т.Бекқожина, З.Қоспақов, т.б.). Жіктемелерін бәрін өнертану саласында толық қолдауға болады. Ал педагогикалык салада оларды осы калпында пайдалануға болмайды, өйткені олар әндердің тәрбиелік мүмкіндіктерін жан жақты ашып көрсетуді шектейді. Біздің пайымдауымызша мектеп практакасында мазмұнды пайдалану мақсатында казақ әндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін былайша жүктеген дұрыс сияқгы:

  • тұрмыс салт әндері (бесік жырлары, балалар мен жастар

әндері);

  • еңбек, шаруашылық, кәсіп әндері (бақташылық, төрт түлік мал туралы әндер, диқан, егіншілік әндері, аңшылық, саяткерлік әңдер, жұмысшы әндері);

- үйлену әндері (той бастар, той тарқатар, жар-жар, беташар, қоштасу, сыңсу, құдалар әңдері);

  • ұлыс әндері (жарапазан); діни әдет - ғұрыптар тудырған әндер (бәдік, бақсы, сарыны);
  • жаналазау әндері (естірту, жұбату, көңіл айту);

- нақиялы әндер (алғыс, бата, тілек, жұмбак, мысал-әжуа, күлдіргі мыскыл әндер);

  • қиял-ғажайып әндер (аңыз әңдер, өтірік өлеңдер);
  • сатиралы - юморлық әндер (әзіл-қалжың, мысқыл, күлдіргі әңдер);
  • тарихи әндер;
  • әлеуметтік теңсіздік әңдері;
  • эпикалық шығармалар (терме, толғаулар);
  • айтыс әндері;
  • лирикалық әндер.

Казақтың халық  әңдері жоғары тәрбиелік мүмкіндіктерімен, азаматтық идеяларының өркениеттілігімен, болмастығы көзғарасты әсерлі бейнелеуімен, көркемдік айырмашылығымен оқушылар назарын өзіне аударады.

   Казақ әңдерінің музыкалық-поэтикалық құрылымының күрделілігі, жас буынның ой-сезімі мен танымдылығына әсер етуші күштерінің сан қилы болып келуі, оның өнер түрінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.

Ал  біздер сөз еткелі ытырған окушылардың  музыкалық-эстетикалық дамуын жетілдіруде ән тәрбиелік мүмкіндіктерін нәтиежелі пайдалану казақ әндерінің өзіндік бітім - тұлғасын, мазмұнын түп төркінін, көркемділік мәнерін жете білмейінше, ойдағыдай жүзеге асырылмайды.

Казақ әндерінін  ерекшеліктері әдебиет саласында  А.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, Б.Уақатов және баска зерттеушілердің еңбектеріңде талданды. Педагогикалық зерттеудерде казақ әндерінің ерекшеліктері жөніңде арнайы еңбектер   болғанымен,   осы   мәселе   төңірегіндегі   ой-пікірлер   мен пайымдауларды С.А.Ұзақбаеваның, А.Нұғымованың,   М.Х.Балтабаевтың,  Ж.Өтемісовтың ізденістерінен байқауға болады.

Біздер жоғарыда аталған ғылыми еңбектерге сүйеніп  педагогикалық түрғыда карастырылған  ән мұраларының казақ өмірімен тығыз  байланыстылығы, тарихилығы, көп варианттылығы, философиялық ой тереңдігі, көркем образдылығы, синкреттілігі, дидактикалық және танымдық маңыздылығы жөне мелодиялық интонациялық кұрлымындағы әуен өсемділігі деп ажыраттық. Осылайша байлам жасауымызға А.Қоңыратбаевтын ән-өлең шығармаларына берген сипаттамаларын, ерекшеліктерін: "Олар - фольклордың коллективтік және үлттық сипаты, варианттылығы, дәстүрлігі, тарихилығы және ауызекі дамуы... фольклор синкреттік өнер. Оның бойында халықтың тұрмыс-салты, театр, сөз, би және ән-күй енері бір-бірінен дараланбай, тұтас күйінде керінеді", - деген тұжырымдарын негізге алуга болады.

Фольклор шығармаларының айрықша әсерлі болатын себебі - оның есте калғыш, тартымды әрі карапайым, көркем образдылығы. А.Қоңыратбаевтың осы пікірі ән-елеңдерінің тағы бір ерекшелігін оның көркем образдылығын дәл көрсетеді. Халық әндерінде ақылғой қария Асанкайғы, Қорқыт, Жиренше еліне қиын-қыстыу кезде болған Кобланды, Алпамыс, Ертарғын, Қамбар батырлар, өнегелі ару қыздары Қыз-Жібек, Баян-сұлу, Қарашаш, Ақжүніс тәрізді жасампаз образдар әсем сазбен, сырлы әуен көгендерімен жиі кездеседі.

Ән синкреттік өнер. Оның бойында біртұтас бірлкте сомдалған. Ән өнерінің әсер етуші механизімінің күрделігі, біздің оның негізгі ерекшелігі синкреттілігіне байланысы зор.

Қазақ әндеріндегі  философиалық ой тереңдігі үнемі  дидактикалық мәселелермен капсырыла  қапталдасқан. Қазақ әндерінің қай  жанрын алмасақ та, өнегелі есиет арқылы, ізгілікті мейірбандықка, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез-кұлықка, сақилы ақылдылыққа насихаттап отырады. Сонымен бірге қазақ халқының тарихын, өмір сүру тірішлігінің сан қилылығын, қоғамдық қөзқарастарын, ақыл-ойының жиынтығын танытады. Яғни, қазақ әңдерінің дидактикалык, танымдық қасиеті оның негізгі ерекшеліктерін тағы бір қырынан көрсетеді.

Біздер казақтың халық әндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін талдағанда жоғарыда аталған зерттеушілердің  ән жанрларын классификациялауына сүйеніп педагогикалық мақсатпен жүйелеп, төмеңдегі классификациямыз бойьнша карастырамыз:

  • тұрмыс салт әндері (бесік жырлары, балалар мен жастар

әндері);

  • еңбек, шаруашылық, кәсіп әндері (бақташылық, төрт түлік мал туралы әндер, диқан, егіншілік әндері, аңшылық, саяткерлік әндер, жұмысшы әндері);
  • үйлену әндері (той бастар, той тарқатар, жар-жар, беташар, қоштасу, сыңсу, кұдалар әндері);
  • ұлыс әңдері (жарапазан); діни әдет-ғұрыптар тудырған әндер (бәдік, бақсы, сарыны);
  • жаналазау әңдері (естірту, жұбату, көңіл айту);

- нақиялы әңдер  (алғыс, бата, тілек, жүмбак, мысал-әжуа, күлдіргі мыскыл әндер);

  • киял-ғажайып әндер (аңыз әндер, өтірік өлеңдер);
  • сатиралы юморлық әндер (әзіл-қалжың, мысқыл, күлдіргі әңдер);
  • тарихи әндер;
  • әлеуметтік теңсіздік әндері;
  • эпикалық шығармалар (терме, толғаулар);
  • айтыс әндері;
  • лирикалық әндер.

Турмыс  салт әндері адам баласының өмірге келіп ержетіп, есеюі, қаза болуы сияқты елеулі кезеңдерге, уақиғаларға байланысты туындаған. Нәрестенің өмірге келуі, әр шаңырақты қуанышқа толтырып, шілдехана жасалып, ат қойылған. Кіндігі түскен баланы 5-6 күннен соң бесікке салып, түрлі ырым-жоралғылар жасалған. Ал бесікке салынған баланың өсіп жетілуінде бесік жырларының тәрбиелік маңызы айрықша болады. Бесікке салынған бөбек анасының сүйіспеншілікке толы, жанға жағымды нәзік әуеніне балқып, тәтті ұйкыға кетеді. Бесік жырларының құрылымы карапайым болғанымен, сазы жан тебірентер мамыражай, әрі көркем болып, жас сәбидің нерв жүйелеріне, жалпы психикасына жағымды әсер етіп, көңіл-күйін орнықтырады. Ананың бесіктегі нәрестесін уата отырып айтқан игі тілектері, болашақка деген жақсы үміттерін сүтімен, әлдиімен ерте бастан-ақ құлағына кұйылып ержетеді.

Балалар мен  жастардың өндері көшпелі өмір сүрген халықтың күделікті тіршілігіне  байланысты туыңдаған. Балалардың өздеріне қоршаған табитаттағы жан-жануарлармен, кұстардың дыбысын, іс-әрекеттерін қызық көріп бейнелегендері "Асау мәстек", "Қоғый гөк", "Соқыр теке" және сол сияқты турлі ойын элементтерінде кездеседі. Осы ойындардың өндері де бала табиғатына сай, ойнақы, көңілді, ширақ болып келуі олардың музыкалық-эстетикалық кабілеттерімен, мәнерлеп ән салу дағдыларын дамытуға септігін тигізіп отырған. Ал "Камажай" сияқгы жастардың ауыл арасындаға той-томалақ, алдыбақан және басқа ойындарында айтылатын әндері оларды әсерге бөлеп, әнге деген ынта-ықыласын канағаттандырып, сүйіспеншілігінг арттырады. Балалар мен жастар әндерінін бәріне тән ерекшеліктері олардың, ойнақылығы, эмоциялық көңіл күінің көтеріңкілігі, дидактикалык; мән мағынасы күнделікті оку тәрбие жұмыстарында пайдалануға өте қолайлы жағдай жасады.

Еңбек, шаруашылык, кәсіп әндері мазмұны жағынан бірнеше түрге бөлінеді және тақырыбы мен поэтикалық тексі орыңдалатын еңбек, шаруашылық түріне байланысты болады. Казақ халқының негізгі кәсіпшілігі төрт түлік малмен байланысты болғандықтан, оның өмір тіршілігінде үлкен орын алғаны белгілі. Халық төрт түлік малды кұт санаған және Шопан ата - қойдың, Жылқышы ата - жылқының, Сексек ата - ешкінің, Ойсыл қара - түйенің, Зеңгі баба - сиырдың пірі ұғынып табынған. Аңшылық, саяткерлік әндері жігіттің арманы болған жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр тазы, сұлу қызға деген ғашыктық сезім арқау болып, мінсіз сұлулық, шынайы мөлдір сезім, жан-жануар, табиғат сұлулығын дәріптейді.

Егіншілік әңдері Наурыз мерекесіне байланысты тақырып елеулі орын алды. Сабантой кезінде "Кеусен", ,,Ат желі" сияқты речитативті әндер айтылған.

Жұмысшы әндері Қарағанды, Қарсақпай, Жезқазған, Риддер шахталары мен рудниктері иелерінің зорлық-зомбылығы, жұмыскердің ауыр еңбектері, көрген мехнаты тақырыптары аркау болған. Оған "Ауыр еңбек астында", "Ақшамды бермей қойды ғой" тәрізді әңдерін жатқызуға болады.

Үйлену  әндері - казақ халқының от басының тағдырына, жас буынның өсіп, мұрат-мақсатына жетуіне, арман-кайғысына ортак әндер. Үйлену әндерінің алуан түрлері жасалып, халықтың тұрмыс тірішлігіне, әдет-ғұрпы мен салт-санасы, ой сезімі мен арманниетін білдіретін танымдық мәні елеулі. Әдет-ғұрыпқа байланысты бұл әндердің өзі жар-жар, сыңсыма, қоштасу, жұбату, беташар, той бастар түрінде айтылады, Халыкпен бірге жасасып, өркендеп келе жатқан бай салт-дәстүрінің ішіндегі өміршеңі - келін түсіру той-томалағы. Бұл жоралғы халқымыздың қадір қасиетін, өнеге өрісін, тұрмыс тіршілігін сонымен қоса адамгершілік-этикалық кағидаларын танытады.

Халықтың педагогикалық шарттары мен талаптары беташарда мол көрініс береді. Жаңа түскен келінге тойдың ең көңілді кезінде өнеге түріңде айтылады. Беташар әдетте "Келін, келін келіп тұр, келін үйге кіріп тұр)" деп басталып, келінге келген үйі мен бүкіл ауылдың адамдарын таныстырып, олардың өмірдегі, ауыл арасындағы алатын орны мен беделі, мінез ерекшелігі әзіл мен ңақыл сөздермен айтылады.

Ұлыс күңдері  еңбекпен тығыз байланысты әндер  айтылады. Казақ халқы ұлыс күнін "жыл басы" санайды. Бұл күндері жастар ойын-сауық құрып, қарт-қариялар еңбек адамдарына бата береді.

Наурыз  мейрамы күндері жарапазан айтылады. Жарапазан "Шахарзабан" - парсы тіліңде шахар кезуші, тақыр, күлдіргі ақын деген ұғымды береді. Бізде ол үй арасында кезіп жүріп ән айтушы болмак; "Тұсында келіп тұрмыз ақтап қана, жарапазан айтамыз мақтап қана" - деген жолдарға қарағаңда, оны кейде жұптасыпта айтатын болған. Жарапазан халық поэзиясының дәстүрінде жасалып мақтау ниеттестік, кейде әзіл-күлкіде болады. Бірде жыр, бірде кара өлең түрінде айтылып, басы хикаялау, мақтау, аяғы-алғыс, бата болып келеді. Сый-сияпат көрсетпеген үй иелерінің сараңцығын бетіне салық қылып аямай сынаған.

Информация о работе Музыкалық психология, музыкалық білім беру психологиясы, музыкалық іс-әрекет психологиясы