Музыкалық психология, музыкалық білім беру психологиясы, музыкалық іс-әрекет психологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 18:50, реферат

Краткое описание

Оқу құралы келесі материалдарды қамтиды: Тұлға. Музыкалық қабылдау. Музыкалық қаблеттер. Ойлау. Тұлға және қоғамның музыкалық санасы және музыкаға оқыту: психологиялық-педагогикалық аспектісі ... музыкалық психология және музыкалық білім беру психологиясы мен музыкалық іс-әрекет психологиясының негізгі түсінігі, категориялары. Жалпы музыкалық қабілетінің дамуы мен қалыптасуы (есту сезімі, музыкалық ырғақ сезімі, кәсіби есте сақталуы), көркем-бейнелеушілік қалыптасу мәселесін, шығармашылық қиялы мен елесін, оқу әдісінің жүйесі мен оқушы-музыканттың шығармашылық потенциалын (деңгейін) қарастырады.

Файлы: 1 файл

Музыкалы_ психология, музыкалы_ білім беру психологиясы, музыкал.doc

— 706.60 Кб (Скачать)

Өзін-өзі кәсіби анықтау деген – кәсіби әрекетіндегі тұлғаның дамушылық процесі және өзінің қабілетін, тұлға-психологиялық мүмкіншілігін жүзеге асыру. Ол бір кезеңде болмайды, толық белсенді жұмыс әрекетінде атқарылады. Осы жолда мақсаттар мен міндеттер қалыптасады. Осы процесс адамның өмір бойғы жолымен табады және де өзін-өзі бекітуінің толықтай негізі болып саналады.

Өзін-өзі кәсіби бекіту – кәсібилік қабілеті, кәсібилік мотивация, кәсібилік өзіндік санасы, мінезінің қасиеті. Олардың мамандық алу жолының құрылысы қызық. Ол кезде тұлға әрекетінің стилі қалыптасады, тұлғаның кәсібилігі қалыптасады.

Сондықтан, тұлғалық-кәсібилік даму, өсу - адам дамуындағы үзілмейтін процесс. Осы кезде өзін-өзі басқаруы, қоғамның өзгерістерін байқауы, қоршаған ортамен байланыс жасай отыра, өмірдің көп қырлылығын қабылдауы өмір мен кәсіби тәжірибесінде анықталады.

 

6.7 Музыка сабағын беру жалпы тәжірибеде кездесетін қиындықтар және «тар орындары»

Жоғарыда тұлғаның даму процесі туралы айтылса, ал музыка саласындағы тұлғалық және кәсібилік дамуында оның өзінің қасиеттері, сипаты, ерекшеліктері бар екенін білдіреді.

Музыканттың даму - қалыптасуы мақсат бағытында, жоспармен, психолого-педагогикалық кезеңде, олар оқу-білім алу процесінде ерекше орын алады, ол оның ұйымдастыруы, мазмұны, формасы, әдіс-тәсілдері.

Үлгі ретінде ЖОО-ның музыкалық-орындаушылық оқыту тәжірибесіне көңіл аударайық (фортепиано, шекті, үрмелі, халық аспаптары және дирижерлау). Келесі фактілерге назар аударайық:

1) музыкалық-орындаушы оқушысы күнделік тәжірибеде, азды-көпті көлемдегі оқу-педагогикалық репертуардан музыкалық шығармаларды меңгереді. Ол деген тұлғаның аз көлемді көзқарасы, даму процесінің баяулауы, қызығушылық пен қабылдауы төмендейді;

2) музыкалық-орындаушылық сыныптарда қабылдаған іс-әрекет жұмыстары «жаттығу» сияқты; оқушыларда теориялық және жалпылама сипатының «қоры» аздауы және «өнім» бермейді; музыкалық-танымалық білімінің аздығы. Осының бәрі жастардың музыкаға деген көркем-интеллектуалды және эмоционалды даму «қорының» аздығына келіп әсер етеді;

3) оқу барысы көбіне авторитарлық бағытында. Бостандығының жоқтығы оған деген қысымы өзіндік, шығармашылық инициативаға, белсенділікке жол ашпайды. Сондықтан, бостандық пен даму (оның ішінде тұлғалық-кәсібилік дамуы) – бір-бірімен ішкі байланыс категориясы, бірін-бірі қосатыны;

4) аспапта ойнау, оқытудағы икемділік пен дағды кей уақытта тығыз арнайлығы, оның әрекет диапазонына әсер етеді және бұрын үйреніп қалған, бұрын қалыптасқан икемділік пен дағдылар жаңа тәжірибесіне, жаңа жағдайда қойған мақсаттарға тез көше алмайды;

5) қазіргі техникалық құралдардың мүмкіншілігін (аудио, видео) пайдаланбайды. Оны оқу барысында қолдана білуі де маңызды;

6) музыкант-оқытушы өз бетінше оқуға  үйрету керек. Оқуда, білім алғанда, оқытқан «қоры» өмірде кей уақытта келмейді, осы кезде қайта бейімдеу, қайта оқу, қайта бетбұру, қайта өзінің кәсіби білемін, икемділігі мен дағдыларын қарау.

Оқуға үйрету (учить учиться) - өзіндік әрекетінің «әдіснамасына» бейімдеу, оқушыда өмірлік пен кәсібилік позициясы қалыптасады, өз жүрісі, өз дамуы, өз актуалдығы, әлемге, мамандыққа, өзіне деген көзқарасы. Сондықтан, тұлғалық - кәсібилік дамуы арнайы қабілет кешеніне байланысты (музыкалық есту сезімі, музыкалық ырғақ сезімі, музыкалық есте қалу сезімі).

 

6.8 Музыканы  оқытудың дамуының принциптері

Сонымен, оқушы - музыканттың жалпымузыкалық, тұлға - кәсібилік дамуы оқу процесінде қалыптасады. Оқу процесінде, оның ұйымдастыра білу кезінде даму нәтижесінің көрінісі, жетістігі болып саналады. Ол оқу барысындағы дамушылық нәтижесі, проблеманың шыңы, негізі.

Музыкалық - орындаушылық сыныпта, жалпы мектепте музыкалық оқу дамуының принциптері келесіде:

1) оқу- ілім беру практикасындағы қолданатын материалды көбейту, оқушылардың репертуарын (шығармалар көп болу керек, көркем - стильдің көптігі) көбейту. Көркем - ойшылдық сапасын көтеру;

2) оқу материалының (музыкалық шығармаларды орындау үшін) бір бөліктерін жедел оқыту, ұзақ созылатын орындаушылық класынан бас тарту;

3) музыкалық орындаушылық сабақтарының ұлғайту барысындағы теориялық көлемі, сабақта музыкалық - теориялық және музыкалық орындаушылық класын қолдану;

4) еліктеу тәсілінен бас тарту, орындаушының белсенділігі, өзіндігі, шығармашылық инициативасының басымдылығы. Еркіндік пен тәуелсіздік беру;

5) қазіргі ақпараттық технологияны қолдану (аудио, видео);

6) жас музыкантты «оқыта» оқуға үйрету.

 

6.9 Музыкалық  шығармаларды нобайы үйрену және  музыканы парақтан оқу дамуының  потенициалы

Музыкалық - орындаушылық сыныбының жұмысы туралы айтатын болсақ, кәсіби-дамушылық түрлері мен формаларының бірі – ол парақтан оқу. 

Парақтан оқу тәсілі қандай пайда береді? Ол оқушының жалпымузыкалық дамуында қандай әсер, белсенділік  көрсете алады, оның қуаты неде? 

Музыканттың көз алдында, оның санасында, ойында қаншама түрлі музыкалық шағырмалар, көркем стильдер, тарихи замандар өтуде. Парақтан музыканы оқу - іс-әрекеттің бір түрі, музыкалық әдебиетпен қолдамалы және кең түрде танысу барысын ашады. Сондықтан парақтан музыканы оқу әрқашанда және музыкалық қабылдаудың әсерлі, «жаңа ашуы», жедел және түрлі сипатты музыкалық ақпараты ауысып отыруында. «Қанша оқысақ та – сонша білеміз» келе жатқан ақиқат қазіргі уақытта музыкалық білім беруде өз мәнін жойған жоқ.

Музыканы оқи отыра, музыкалық  шығармалармен танысу, жаңашылын ашу. Ол жаттау емес, есте сақтау емес, меңгеру емес танысу үшін жасалатын іс-әрекеттің бірі. Осы кезде ерекше психологиялық қалып пайда болады. Музыканы оқу кезінде музыканттың ойлауы табиғилығы, дұрыс оқу кезінде, кәсіби оқу кезінде түсі өзгеріп, қабылдау шағы жарқырау, жанды, тұтқырлығы. Парақтан оқу барысында музыкамен танысу – процесс, ерекше жарық, эмоциялық бояуды қатыстыруы. Оқу - ол да сабақ, музыкалық ойлау процесінінің сапалығы көтеріп, жаңартады. Сондықтан, парақтан оқу – оқушылардың жалпы музыкалық дамуына, болашақ  барысындағы қысқа жол.

Әрине нотаны парақтан оқу процесінде дамушылық оқыту принципі көрінеді, оқушының музыкалық материалды кең көлемінде пайдалануы және жедел танысуы.

Расында да парақтан оқу - ең аз уақытта барынша ақпарат алуы. Осыдан қорытынды жасауға болады: егер оқушының жалпы музыкалық дамуы – оның қабілеті, интелектісі, есту сезімінің кәсібилігі музыкалық педагогиканың арнайы мақсаты болса, онда парақтан оқу, осы мақсатқа тәжірибе барысында жетудегі арнайы құрал бола алады.

Ендігі бір  мәселе – музыкалық шығармаларды нобайы уйрену, ол да бір музыканттың ерекше іс-әрекетінің формасы. Бұл да музыкалық шығарманы үйрену қорытындысы емес. Осы жұмыстың қорытынды кезеңі – музыканттың музыкалық шығарманы бейнелік - поэтикалық жағын қамту, шығарманың нақты көркем, түзелмейтін ойын орындаушының осы ойды жүзеге асыруында болып есептеледі.

Сұрақ туады: немен, қалай, музыкалық педагогиканың мамандары нобайы үйренуді қызықтырады? Оның ерекше арнайы артық жері неде? Нобайы үйрену әрекеті оқу - педагогикалық процесті немен байытады, оқушы - музыкант болашақта не істей алады?

Шығармамен  жедел жұмысын қысқартып, нобайы үйрену формасы оқушының музыкалық материалдарды сан жағынан үйренуі көбейеді,  оқу процесіндегі материалды меңгеруі мен білуі.

Сондықтан, шығарманы  нобайы үйрену кезіндегі санаулы  уақыт музыкалық материалды  жедел  үйренуінде (тез екпінде). Сондықтан, оқу-педагогикалық процесінің жеделдетуі: оқушының алдында қойылған мақсат – берілген ақпаратты меңгеруін қысып, нығыздау уақытта.

Сондықтан, нобайы үйрену формасы музыкадағы дамушылық оқу принципін өмірде жүзеге асыруы, оқу репертуарымен жедел жұмыс істеуі, оқушының үздіксіз, жылдам қадамы болып саналады.

Жоғарыда айтқандарының қорытындылауға болады: музыкалық аспапта сабақ жүргізуі, «нобайы» орындаушылық әрекетті құру, осының бәрі оқушының жалпымузыкалық дамуына ықпал етеді (оның ішінде – музыкалық - интелектуалдық дамуы).

Нобайы үйрену кезіндегі репертуар жөнінде бірер сөз. Талаптың бірі: құрылыс жағынан түрлі, стилистикалық байыған және көпжоспарлы болу керектігі (әртүрлі композиторлардың шығармалары). Жас музыкантқа нені ойнау керек, нені үйренуге шұғылдану. Сондықтан оқушы нені ойнағысы келеді, оған кедергі жасамау керек.

Ал нобайы үйрену кезінде музыкалық шағарманы жаттау керек пе? Беделді ғалымдардың ойынша, жоқ, керек емес. Музыканы нотамен парақтан оқу барысындағы кәсібилігі жетеді дейді.

М.Фейгин былай дейді: «Біз оқушыны парақтан жақсы оқығанын талап етеміз ... Бұл болашақтағы музыкалық өмірдегі концертке қатысу емес, нотаны парақтан оқуын талап ету. Қысқасы, нотамен парақтан оқуын дамыту қажет және жүйелі түрде».

 

6.10 Оқушы-музыканттың  өз-өзіндік шығармашылығының белсенді ойлануының қалыптасуы (ой-өрісі)

Оқушының жан-жақты  музыкалық ақпарат алудағы, нотаны парақтан оқып үйренудегі, музыкалық шығарманы нобайы үйрену кезеңі - осының бәрі жас музыканттың тұлғалық-кәсібилік дамуындағы сапасына әлі де  жетпейді. Ол оқушының өз-өзіндік білім мен икемділік алу кезіндегі белсенділігі, мұғалімнен алған көмегі, қолдауы және музыкалық өмірдегі оның  хабардар болуы. Айтатын болсақ, кәсіби музыкалық санасының қалыптасу кезіндегі білімді сабақ үстінде қалай алды, нәтижеге қандай жолмен жетті, бағыты қандай?

Қазіргі кезде өзбетімен шығармашылық ойлауының даму мәселесі туды: оның белсенділігі оқу мақсатымен, даму жігерлігінің нәтижесімен байланысты.

Өз бетімен деген ұғым – түрлі деңгейде, синтезі (мысалы, музыкалық аспапта ойнауы) және оқушының басқадай көмексіз танымайтын музыкалық шағармадан хабардар болу, авторлық мәтінді дұрыс ұғу, интерпретацияны «құру»; өз жұмысында белсенді жолын табу (үйрену кезінде), көркем пиғылының керекті тәсіл - құралдарды табу, өзбетімен музыкалық-орындаушылық әрекетіндегі сынауы, дәл солай басқаларын. Сондықтан оқушы-музыканттың өзбетімен тәрбиелеуі – оқыту әдіс-тәсілдерін де қарастырады, музыкалық-орындаушылық сыныбындағы оқыту әрекетін ұйымдастыру формалары да ескеріледі

Әрине оқытушының өзінің шәкіртін бір нәрсеге үйретуі жеңіл, ал көркем тәуелсіз шығармашылығын, тұлғалық өзіндікті тәрбиелеуі кұрделі... Педагог айтады, хабарлайды, көрсетеді, түсіндіреді, оқушы есте сақтайды, өзіне қабылдайды, орындайды.

Осыған байланысты келесі бір ұғымдар «белсенділік», «өзбетімен», «шығармашылық» деген сөздер өз мағынасын жоймайды. Қазіргі педагогика-психологтардың айтуынша, «белсенді ойлауы», «өзбетімен ойлауы», «шығармашылық ойлауы» айналымы сияқты. Оның негізі адамның ойлауында.

Орындаушылық  сыныбының оқушыларында музыкалық  ойлауы қалай белсенділігін көрсетеді? Ол біреу – оқушы-орындаушы өзінің ойнауына зейін қойып тыңдауы, оның белсенділік талабы - өз-өзін тыңдай білуі, музыкадағы болып жатқан процестерді пайымдауы.

Жалпы музыкаға үйрену барысында, оның ішінде музыкалық  орындаушылық өзбетімен, белсенді шығармашылық ойлауы екі аспектіге бөлінеді. Біреуі – іс-әрекетінің нақты нәтижесі, екіншісі – жүзеге асыру тәсілдері. Сондықтан, бірінші (нәтиже) екіншіге байланысты (әрекет тәсілі).

Сондықтан, ең негізі табиғи шығармашылықпен айналысу. Адамды шығармашылыққа үйретуге болмайды, ал жұмысты шығармашылықпен істеуге үйретуге болады. Сондықтан музыкалық шығарманы қалай орындамау керектігін немесе қалай онымен жұмыс істеу керектігін білуге абзал.

«Өнер жаттығусыз болмайды, жаттығусыз өнер болмайды» ұлы көне Греция ойшылы Пратогор айтқан. Соңы: жас музыканттың өзбетімен кәсіби ойлауы, оның нақтылығы, оның даму сипаттамасының белгісі – көркемдік бейнені өзбетімен білу, табу, бағалау, талдау өзбетімен оқу әрекетінде; дәл, нақты өзбетімен кәсібилік талдауында. Мұғалімнің мақсаты – жалпылама осындай сапаны қолдау, ынталандыру т.с.с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер

 

1 Ананьев Б.Г. Задачи психологии искусства // Художественное

творчество. – Л., 1982. – 120 с.

2 Асмолов А.Г. Как построить свое Я. – М., 1992. – 145 с.

3 Бришлинский А.В. Проблемы психологии субьекта. – М.,

1994. – 130 с.

4 Григорьев В.Ю. Исполнитель и эстрада. – М. : Магнитогорск,

1998. – 150 с.

5 Дүкенбай Н. Бастауыш сынып музыка сабағының

бағдарламасы. – Павлодар, 2006. – 46 б.

6 Каган М.С. Музыка в мире искусства. – СПб., 1996. – 140 с.

7 Климов Е.А. Психология: Воспитание и обучение. – М., 2000.

110 с.

8 Киященко Н.И. Эстетика жизни. – М., 2000. – 133 с.

9 Коган Г.М. У ворот мастерства. – М., 1977. – 142 с.

10 Кузин В.С. Психология: учебник. – М., 1999. – 235 с.

11 Крупник Е.П. Психологическое воздействиен искусства на

лияность. –  М., 1999. – 240 с.

12 Кирнарская Д.К. Музыкальное восприятие. – М., 1997.–170 с.

13 Лейтес Н.С. Возрастная одаренность школьников. – М., 2001.

– 122 с.

14 Медушевский В.В. О закономерностях и средствах

художественного воздействия музыки. – М., 1976. – 320 с.

15 Методическая культура педагога-музыканта: учеб. пособие /

Информация о работе Музыкалық психология, музыкалық білім беру психологиясы, музыкалық іс-әрекет психологиясы