Оралымды басқару құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 13:19, курсовая работа

Краткое описание

Жекешелендірілген, мемлекеттік және сонымен бірге жаңадан пайда болған жеке кәсіпорындар нарығының пайда болуына кәсіпорындарды сатуды құқықтық реттеу сәйкес келді.

Оглавление

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
Оралымды басқару құқығы
2.Жер пайдалану құқығы
3. Жерге заттық құқық
4.Азаматтық құқық туралы ұғым
5.Азаматтық-құқықтық реттеу тәсілдері
Азаматтық құқықтың әдістемесі
Азаматтық құқық қағидасы
Азаматтық заңдар және олардың жүйесі

ІІІ. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

Оралымды басқару құқығы.docx

— 53.95 Кб (Скачать)

Азаматтық кодекстiң З18-бабының 2-тармағына сәйкес кепiл ұстаушы  кепiл туралы шартта, сондай-ақ, Азаматтық  кодексте және өзге де заң құжаттарында көзделген реттерде кепiлге салынған мүлiктi соттан тыс шектеу тәртiбiмен  сауда өткiзу (аукцион) арқылы өз бетiмен  сатуға құқылы. Ақшалай қарызды қамтамасыз ететiн кепiлге салынған нәрсенi сату жөнiнде кепiл ұстаушы банктің  де осындай құқығы болады.

Келесi жаңалық қорғаудың  тағы бiр түрiне байланысты, яғни ол моральдық зиянның өтемiн төлету болып табылады. Тұңғыш рет мұндай моральдық зиянның төлемiн ақшалай  түрде төлету мүмкiндiгi 1990 жылы 12-маусымда қабылданған КСРО-ның “Баспасөз  және басқа да бұқаралық ақпарат  құралдары туралы” заңының З9-бабына тұжырымдалды, кейiн бұл норма  басқа да әртүрдi заң құжаттарына  енгiзiлдi.

Моральдық зиян Азаматтық  кодекстiң 951-бабына сәйкес адамның  және заңды тұлғалардың өзiндiк  мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айрылуы, соның iшінде жәбiрленушiнiң өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы  салдарынан басынан кешiрген (төзiмiн  тауысқан, уайымға салған) жан азабы  немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңiлту, тән қинауы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т. б,) деп есептеледi Моральдық зиян оны келтiрушілiнiң  кінәсiне орайластырылып өтеледi. Сонымен  қатар, моральдық зиян оны келтiрушiнiң  кінәсiн есепке алмай-ақ, егер ол төмендегiдей  жағдайларға байланысты орын алса:

1) зиян азаматтың өмiрi  мен денсаулығына жоғары қауiптiлік  көзi арқылы келтiрiлсе;

2) зиян азаматқа оның  заңсз сотталуының, заңсыз қылмыстық  жауапқа тартылуының, бұлтартпау  шарасы ретiнде заңсыз қамауға  алуды, үйде қамауда ұстауды  немесе ешқайда кетпеу туралы  қолхат алуды қолданудан, қамауда  ұстау, психиатриялық емдеу мекемесiне  немесе басқа емдеу мекемесiне  орналастыру түрiнде әкiмшiлiк  жазаны заңсыз қолданудың салдарынан  келтiрiлсе;

З) зиян ар-ожданына, қадiр-қасиетi мол iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн  мәлiметтер тарату арқылы келтiрiлсе;

4) заң құжаттарында көзделген  өзге де жағдайларда өтеледi.

Заңда көзделген реттен басқа  жағдайда азаматтық мүлiктiк құқығын  бұзатын әрекеттер арқылы жасалған зиян өндiртiп алуға жатпайды.

Моральдық зиян ақшалай түрде  өндiрiледi. Моральдық зиянның көлемiн  анықтау кезiнде жәбiрленушiнiң  шеккен рухани зардабын субъективтi баға ретiеде ескередi. Сондай-ақ жәбiрленушiнiң  рухани және денсаулығына байланысты зардап шегуiнiң дәрежесiн анықтайтын объективтi мәлiметтер де ескерiледi: өмiрлiк  маңызы бар жағдайларға қастандық  жасау объектiсi (өмiрi, денсаулығы, абыройы, ар-намысы, еркiндiгi, үйiне ешкiмнiң тиiспейтiндiгi және т.б.); құқық бұзушылықтың ауыр зардаптары (жақын туысқалын өлтiру, денеге жарақат салу, сол арқылы мүгедек ету, еркiнен айыру, жұмыссыз қалдыру немесе баспанасыздыққа  душар ету және тб.); адамды мазақ  қылатын жалған мәлiметтер тарату сипаты мен жүйесi; жәбiрленушiнiң өмiрлiк  хал-ахуалы (тұрмыстық, отбасылық, қызметтiк, материалдық, денсаулық жағдайлары, жасы және басқалары); басқа да назар  аударуға тұратын жайттар.

Мүлiктiк зиянның өндiрiлiп  алынғанына қарамастан, моральдық зиян орнына келтiрiледi (АК-тің 952-бабы).

 

Азаматтық заңдар және олардың жүйесі

Азаматтық заңдарда 1994 жылы 27 желтоқсанда он үшінші сайланған  Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Кеңесінің ІІ сессиясы қабылданған  жаңа Азаматтық Кодекс ерекше орын алады. Азаматтық Кодекске 1996 жылғы 15 шілдедегі, 1997 жылғы 5 наурыздағы, 1997 жылғы 2 шілдедегі, 1997 жылғы 11 шілдедегі, 1998 жылғы 2 наурыздағы өзгерістер енгізілгенін ескеру қажет.

Азаматтық кодекстің 3-бабында  Қазақстан Республикасы азаматтық  заңдарының жүйесі анықталған. Ең алдымен  ол жалпы республикалық болып  табылады және Азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылданған Қазақстан  Республикасы Президетінің заң күші бар жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің  қаулыларынан, сондай-ақ Азаматтық  кодекстің 1-бабының 1, 2 тармақтарында  аталған қатынастарды реттейтін  Қазақстан Республикасы Президетінің жзарлықтарынан, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан тұрады.

Сонымен, азаматтық құқық  нормалары заңдарда, нормативтік  құқықтық актілерде және заңға сәйкес нормативтік актілерде бекітілуі  мүмкін. Бұл орайда «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұл нормативтік құқықтық актілердің бәрі олардың заң күшіне қарай белгілі бір қатаң иерархиялық  жүйе бойынша орналасады.

Заң актілері. Заңдардың арасында 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының мейлінше жоғары заң күші бар, оның 4-бабында Қазақстан  Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары деп белгіленген.

Заңға сәйкес нормативтік  актілер.   Қазақстан Республикасы Президетінің заң күші бар жарлықтарымен қатар, Президенттің «Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқықтарын қорғау туралы» 1998 жылғы 27 сәуірдегі жарлығы.

Азаматтық кодекстің 3-бабының 5-тармағында Азаматтық кдексте және азаматтық заңдардың өзге де актілерінде  көзделген жағдайлар мен шекте  министрліктер мен өзге де орталық  атқарушы органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар азаматтық қатынастарды реттейтін актілер шығара алады  деп белгіленген.

Ведомстволық азаматтық  құқықтық нормативтік актілер алуан  түрлі болады. Мысал үшін 1994 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Бұйрығымен бекітілген «Тәркіленген, иесіз мүлікті, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен  мүлікті, көмбелерді, олжаларды, сондай-ақ қымбат металдар мен асыл тастардан  жасалған бұйымдарды есепке алу, бағалау  және сату тәртібі туралы нұсқауды»  атауға болады.

Азаматтық заңдар және халықаралық құқық нормалары. 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының 8-бабында былай деп баянды етілген: «Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпайды, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады». Конституциялық ережелер бұдан әрі Азаматтық кодексінде дамытылады.

Азаматтық заңдар, іскерлік дағдылар, іскерлік айналым  ғұрыптары, мораль және адамгершілік ережелері. Азаматтық кодекстің 3-бабының 4-тармағында азамттық қатынастар ғұрыптармен, соның ішінде, егер Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын азаматтық заңдарға қайшы келмесе, іскерлік айналым ғұрыптарымен реттелетін ережелермен белгіленетінін атап өту маңызды.

Азаматтық кодекстің  272-бабында  іскерлік дағдылардың қолданылу  мүмкіндігі көзделген. Атап айтқанда, міндеттеме тиісті түрде, міндеттемелердің ережелері мен заңдардың талаптарына  сәйкес, ал мұндай ережелер мен талаптар болмаған жағдайда іскерлік айналым  ғұрыптарына немесе әдетте қойылатын  өзге талаптарға сәйкес орындалуға тиіс. Сонымен, азаматтық айналымда орныққан мінез-құлық ережелері іскерлік дағдылар деп түсініледі. Бүгінгі  таңда кәсіпкерлік қызмет саласында  іскерлік айналым ғұрыптары кең  таралып отыр. Ресей Федерациясы  Жоғарғы сотының Пленумы мен  Ресей Федерациясы Жоғарғы төрелік  соты Пленумының 1996 жылғы 1-шілдедегі  «Ресей Федерациясының Азаматтық кодексі  бірінші бөлімінің қолданылуына байланысты кейбір мәселелер туралы»  қаулысының 4-тармағында мынадай түсіндірме беріледі. Азаматттық кодекстің 5-бабына сәйкес іскерлік қызметтен туындайтын дауды шешу кезінде соттың қолдануы мүмкін іскерлік айналым дағдысы  деп заңдарда немесе шартта көзделмеген, бірақ қалыптасқан, яғни мазмұны  жағынан жеткілікті дәрежеде айқындалған, кәсіпкерлік қызметтің қайсыбір саласында кеңінен қолданылатын мінез құлық ережесін түсіну керек.

Азаматтық заңдар, сот пленумының қаулылары, сот практикасы және сот прецеденті. Батыстың көптеген елдері үшін азаматтық құқық деректемелері ретінде сот және төрелік практикасы қолданылуы мүмкін.

1995 жылғы Қазақстан Республикасы  Конституциясының 4-бабына сәйкес  елімізде республиканың Жоғарғы  сотының нормативтік қаулылары  ғана қолданыстағы құқық деп  танылады. Мысал ретінде Қазақстан  Республикасының Жоғарғы сотының  1995 жылғы 22-желтоқсандағы пленумының  «Сотттардың моральдық залалдың  орнын толтыру туралы заңдарды  қолдануы туралы» қаулысын атауға  болады.

 

Азаматтық заңдардың  қолданылуы:

Азаматтық заңдардың уақыт  бойынша қолданылуы. Қазақстан Республикасының  Конституциясы 4-бабының 4-тармағына  сәйкес, барлық заңдар, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық  шарттар деп жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен  міндеттеріне қатысты нормативтік  құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып  табылады.

«Нормативтік құқықтық актілер  туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес нормативтік  актілер мынадай мерзімдерде:

Қазақстан Республикасының  заңдары, Қазақстан Республикасы  Президентінің жарлықтары, Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің қаулылары  – олар алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін, егер актілердің өздерінде немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде  өзге мерзімдер көрсетілмесе, күнтізбелік  он күн өткен   соң;  

Қазақстан Республикасы  Парламетінің, оның палаталарының қаулылары  – егер актілердің өздерінде өзге мерзімдер көрсетілмесе, алғаш рет  ресми жарияланған күнінен бастап;

Қазақстан Республикасы  Конституциялық Кеңсінің қаулылары  – олар қабылданған күнінен бастап;

Орталық атқарушы және өзге де орталық мелекеттік органдардың  Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына енетіндерінің де, енбейтіндерінің  де, соның ішінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, сондай-ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік  құқықтық актілері – егер актілердің өздерінде өзге мерзімдер көрсетілмесе, олар алғаш рет жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен  соң күшіне енгізіледі.

Нормативтік құқықтық актілерде  немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде  нормативтік құқықтық актілердің жекелеген  бөліктерін, тарауларын,  баптарын күшіне енгізудің тұтас алғанда бүкіл  акт үшін белгіленгенінен өзгеше мерзімдері көрсетілуі мүмкін.

Азаматтық кодекстің 4-бабында  азаматтық заңдардың кері күші болмайтыны және олар күшіне енгізілгеннен кейін  пайда болатын қатынастарға қолданылатыны  туралы ереже белгіленген. Азаматтық  заң актілерінің ол күшіне енгізілгенге дейін пайда болған қатынастарға заңдық күші бұл онда тікелей көзделген  жағдайларда қолданылады. Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Шетелдік инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу тәртібі туралы қаулысын мысалға келтіруге болады, оның 2-тармағында заңның 6-тармағының күші осы заңды күшіне енгізуге дейін пайда болған құқық қатынастарына да қолданылады деп белгіленген.

Азаматтық-құқықтық нормативтік  актінің күшіне ену кезімен қатар  оның қолданылуын тоқтату кезінің  де маңызы зор. Көптеген жағдайларда  азаматтық-құқықтық нормативтік актілер  бұрын қолданылып келген нормативтік  актінің күшін жоятын немесе оның мазмұнын өзгертетін жаңа нормативтік  актінің қабылданылуы нәтижесінде  өз күшін жояды. Мәселен, Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Кеңесінің  «Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексін күшіне енгізу туралы» 1994 жылғы 27-желтоқсандағы қаулысымен «Меншік  туралы», «Кәсіпорындар туралы», «Кепіл туралы» заңдардың күші жойылды  деп танылды.

Азаматтық заңдардың кеңістікте және адамдар тобы бойынша қолданылуы. Азаматтық-құқықтық нормативтік актілер  Қазақстан Республикасының бүкіл  аумағында қолданылады. Алайда азаматтық-құқықтық нормативтік акт шығарған орган  сол актінің қолданылу аумағын  шектеуі мүмкін.

Азаматтық заңдар адамдардың тобы бойынша да нақ осылайша қолданылады. Атап айтқанда, азаматтық заңдар Қазақстан  Республикасының азаматтары мен  заңды тұлғаларына қолданылады. Азаматтық кодекстің 3-бабының 7-тармағында шетелдік жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар  нақ сондай құқықтарды сатып алуға  құқықты емес және заң актілерінде  өзгеше көзделмесе, азаматтық заңдарда Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшін қандай міндеттер көзделсе, нақ сондай міндеттерді  орындауға міндетті.

Азаматтық құқық қатынасы санатының азаматтық құқық түсінігі үшін зор маңызы бар. Азаматтық құқықпен реттелген мүліктік қатынастар, сондай-ақ қатысушылары бір-бірімен субъективті  азаматтық құқықтармен және міндеттермен байланысатын соларға қатысты жеке мүліктік қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады. Г. Ф. Шершеневич өзінің «Орыс азаматтық құқығының оқулығы» деген кітабында былай деп жазған: «кез келген тұрмыстық қатынас оның заңдық нормалармен қашан және қаншалықты анықталса да заңдық қатынастар болады. Нақ осы жағынан заңдық жағы да болады, өйткені біреуі екіншісінен талап ету құқығын алады, ал соңғысы заң ережелерінде айтылғандары орындауға, мысалы, белгіленген жалдау ақысын енгізуге міндеттенеді».

Сонымен, азаматтық құқық  мәселесі болып табылатын мүліктік және жеке мүліктік қатынастарды реттеу мынадан көрінеді, азаматтық құқық  нормалары бұл қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқы көріне алатын және көрінуге тиісті нәрсені айқындайды.

Азаматтық құқық қатынастарының ерекшеліктері мыналар болып  табылады:

Біріншіден, азаматтық құқық  қатынастарының субъектілері заң жүзінде  тең құқылы, бір-біріне тәуелсіз, сол  арқылы олар басқа құқық қатынастарынан ажыратылады.;

Информация о работе Оралымды басқару құқығы