Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 13:19, курсовая работа
Жекешелендірілген, мемлекеттік және сонымен бірге жаңадан пайда болған жеке кәсіпорындар нарығының пайда болуына кәсіпорындарды сатуды құқықтық реттеу сәйкес келді.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Оралымды басқару құқығы
2.Жер пайдалану құқығы
3. Жерге заттық құқық
4.Азаматтық құқық туралы ұғым
5.Азаматтық-құқықтық реттеу тәсілдері
Азаматтық құқықтың әдістемесі
Азаматтық құқық қағидасы
Азаматтық заңдар және олардың жүйесі
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Профессор Ю.Г.Басин азаматтық құқық принциптерiнiң ролi мен маңызы туралы былай деп тұжырымдайды: “Бiрiншiден, ол тiкелей әрекет ететiн нормалар түрiнде кездеседi. Екіншiден, ол жаңа заңды жасау немесе бұрынғы заң құжаттарын өзгерту кезiнде ескерiледi. Үшiншiден, құқық ұқсастығын қолдану қажет болған жағдайда заң принциптерi басшылыққа алынады. Төртiншiден, мұндай принциптер құқықтық нормалардың бастапқы мазмұнының немесе шарт талаптарының тиістi жағдайларының мазмұнының түсiнiлуi жүзеге асырылғанда назарға алынуы тиiс. Бесіншіден, заң принциптерiне сүйене отырып, заң нормалары арасындағы қарама-қайшылықты жоюдың жолдарын табуға болады, мұның өзi егер бұл аталған жағдай кездескенде ғана қолданылады. Осы мәселелерге орай оған секі жағдайды қосып айтуға болар еді: бiріншіден, принциптер тек заң актiлерi жүйесiнiң сипатын көрсетiп қоймайды, сонымен катар ол заңгерлердiң құқықтағы құқықтарын белгiлейдi. Екiншiден, азаматтық құқықтағы принциптері өзінің реттеу жүйесi арқылы бiрқатар мемлекеттiк құқықтық институттар мен нормаларды, яғни бiрiншi кезекте азаматтардың конституциялық құқығын азаматтық құқықтар арқылы өзiне тән тәсiлдермен қорғауды нақтылай түседi.
Азаматтық құқықтың мынандай принциптерi бар :
1)азаматтық-құқықтық
2)меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық;
3)шарт еркiндiгi;
4)жеке iстерге кiмнiң болса да оэбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығы;
5)азаматтық құқықтарды кедергiсiз жүзеге асыру;
6)нұқсан келтірiлген құқықтардың қалпына келтiрiлуiн қамтамасыз ету;
7)азаматтық құқықты сот арқылы қорғау.
Мiне,осы принциптердің
бәрі де Азаматтық кодекстің «Азаматтық
заңдардың негізгі бастаулары»
деп аталатын 2-бабында бекітілген.
Яғни сол арқылы мемлекет пен қоғамның
азаматтық заңдарының алдына қойған
мақсаты мен мiндетiн
Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдiгi.Азаматтық құқықтың басты қағидаттарын бiр олардың қатысушыларының теңдiгiне байланысты келеді.Азаматтық қатынастарға қатысушылардың еңдiк принципі қоғамдық қатынастарды азаматтық әдiстемесiнiң өзiмен айқындалады.Яғни бұдан азаматтық-құқықтың қатынастарда тараптардың жағдайы тәуелсiз, тең дәрежеде болатындығын көремiз.Демек, азаматтық қатынасқа қатысушының бiрi екiншiсiне тiптен бағынышты емес, ал тәуелділігi оның мінез-құлқына екiншiсiнің ерiк-жiгеріне қатысты болмау керек.Азаматтық заңмен реттелетiн мүлiктiк және мүлiктiк емес қатынастар жүйесiнде субъектiлер теңдiгi төмендегiдей жәйттерді бiлдiредi:
1) мемлекет немесе оның
әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi
2) заңды тұлғалардың құқылық
мәртебесi жеке тұлғалардың мәртебесiне
бiртабан жақын келедi. Мысалы, қазiргi
кезде азаматтар ғана емес, заңды
тұлғалар да шартпен өздерiнiң
құқықтары мен міндеттерiн
3) егер заң құжаттарында
өзгеше көзделмесе, шетелдiк жеке
және заңды тұлғалар, сондай-ақ
азаматтығы жоқ адамдар
Қазақстан Республикасы Конституциясының
6-бабында меншiк иелерiнiң
Мемлекет және басқа заттық
құқыққа қол сұқпаушылық
Мемлекет пен құқық, оның
iшінде азаматтық құқық
Қашан да меншiк құқығы азаматтық
құқықтың орталық институты болып
есептелген және меншiк иесiнiң құқығын
қорғауды барынша талап еткен. Міне,
сондықтан да азаматтық құқық
меншіктің қол сұқпаушылык
Меншiкке қол сұқпаушылық
Азаматтық кодекстiң басқа
Қазiргi кезде заңда меншiiк құқығымен қатар меншiк иесi болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтары да қаралған, оларға да қол сұқпаушылық принципі қолданылады. Айталық а) жерді пайдалану құқығы; ә) шарушылық жүргізу құқығы; б) оралымды басқару құқығы; в) өзге де заттық құқықтар (АК-тің 194— 195 баптары).
Кей жағдайда меншiк құқығы
шектеулi болуы да мүмкiн. Мысалы, «Жер
туралы» Заңның 48-бабында жер
қатынастары субъектiлерiнiң
Бірақта заң арқылы белгілі бір дәрежеде шектеу қойыла тұрғанымен азаматтық заңдағы мншік құқығының алар орны ерекше, иесі нарықтың басты тұлғасы болып табылады. Бұл бұрын-соңды болмаған меншік құқығын қорғаудың жаңа тәсілдерінің өмірге келуімен байланысты болып отыр. Мысалы, оған қозғалмайтын мүлікті мемлекеттік арнайы тіркеуге енгізу жатады ( АК-тің 118-бабы), сондай-ақ қозғалатын мүліктің, мәселен, бағалы қағаздардың меншік құқығын сенімді де жедел ұштастырудың жаңа тәсілдері жасалды ( АК-тің 129-140-баптары).
Шарт еркіндігі принципi. Заң шығарушы меншiкті емiн-еркiн пайдалану үшiн заңды негiз жасайды, сол арқылы азаматтық субъектiлердiң өздеріне контрагентті таңдауына шарт талаптарын мүлдем дербес айқындауға әрі оны тағайындауға мүмкіндік береді. Бұл принцип дамуына және бәсекеге қажеттіi алғышарттарды жасайды, мiне, сондықтан да ол кәсiпкерлiк қызмет үшiн ерекше маңызға ие. Сонымен АК-тің 1О-бабының б-тармағында әрбiр тұтынушының тауарпар сатьп алу, жумыс пен қызметтi пайдалану үшiн еркiн шарт жасуға мүмкіндігі бар.
Шарт дегеніміз – шарушашылық
қызметінің негізгі құралы. Азаматтар
мен заңды тұлғалар шарт негізінде
өздерінің құқықтары мен
Азаматтық кодекс шарт жасасуға мәжбүр етуге тыйым салады, дейтұрғанмен бұл орайда оған кейбір жағдайда жол берілетіндігін жоққа шығаруға болмайды. Мысалы, заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған міндеттемеде шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берілмейді (АК-тің 380-бабы).
Бұл принципті қолдануда мемлекеттің тағайындауымен белгілі бір дәрежеде шектеу қойылуы мүмкін, мысалы, оған валюталық шектеуді жатқызуға болады. Айталық, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің валютаға деген резиденттердің экспорттық операциялары төлемдерін және экспорттық валюта түсімін міндетті сату ретін шектеуді тағайындауға құқығы бар (Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу туралы Заңының 3-бабы, 2-тармағы).
Шарт еркіндігін шектеуді
тек мемлекет қана емес, сонымен
бірге азаматтық айналым де жүзеге
асырады. Мысалы, Азаматтық кодекстің
11-бабына сәйкес заңды бәселкелестікті
шектеуге немесе жоюға, негізсіз артықшылықтар
алуға, тұтынушылардың құқықтары мен
заңды мүдделеріне қысым
Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтын принципі. Бұл принцип Азаматтық кодекстің 2-бабының 1-тармағында тұжырымдалған және де ол жеке істерге әркімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын қарастырады. Азаматтық құқықтың бұл нормасы Конституцияның 18-бабында бекітілген: «әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар» деген талапты алға тартады.
Жеке iстерге кiмнiң болса
да озбырлыкпен араласуына жол бермеу
билiк және басқару органдарының,
ата-аналалардың, қызмет орны жетекшiлерiнiң
және басқа адамдардың әрекет қабiлетi
бар азаматтар мен заңды
Азаматтық құқықтарды кедергiсiз жүзеге асыру принципі. Азаматтық кодекстiң бұл принципi конституциялық ережеде де жазылған: “Әркiмнiң кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiнде, өз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығы бар (Конституцияның 26-бабының 4-тармағы). Азаматтық құқықты жүзеге асырудың өзi осы принципке байланысты. Азаматтық кодекстiң 8-бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген азаматтық құқықтарды, оның iшiнде өздерiн қорғау құқықтарын өз қалауынша пайдаланады. Бiр айта кететiн жайт, олардың өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асырудан бас тартқан жалпы ережеге орай бұл құқықтардың тоқтатылуына әкеп соқтырмайды, Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әдiл әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершiлiк қағидаттарын, ал кәсiпкерлер бұған қоса iскерлiк, әдептiлiк ережелерiн сақтауға тиiс.
Бұл мiндеттi шарт арқылы алып
тастауға немесе шектеуге болмайды. Азаматтық
құқық қатынастарына
Азаматтық құқық конституциялық
құрылысты қорғау, қоғамдық тәртiптi,
адамның құқықтары мен
Азаматтық құқықтарды жүзеге
асыру басқа құқық
Азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа тарапқа зиян келтiруге, құқықты басқа түрлерде қиянат жасап пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы келетiндей етiп жүзеге асыруға бағыталған әректерiне жол берiлмейді (АК-тiң 8-бабының З-5-тармақтары). Осы талаптарды орындамаған жағдайда сот ол адамның тиiстi құқығын қорғаудан бас тарта алады.
Сонымен қатар тауарлар мен қызметтердiң еркiн қозғалысы жөнiндегi ереже де маңызды. Тауарлар, қызметтер және ақша Қазақстан Республикасының барлық аумағында еркiн қозғалыста болады. Қазақстан Республикасындағы не заң шығаруышының, не атқару бөлiгiнің тауарлар мен қызметтердiң қозғалысын шектеуге хақылары жоқ. Еркiн қозғалысқа тек заңмен ғана тыйым салуға болады.
Нұқсан келтірілген
Азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау принципі. Соттың қорғауын қамтамасыз ету принципi. Бұл конституциялық принцип: әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығыбар (Конституциялық 13-бабының 2-тармағы). Бұдан аз ғана уақыт бұрын сот арқылы қорғану рөлi төмен болып келдi, яғни тек заңда көрсетiлген жағдайда ғана сотқа шағыну мүмкiн едi (мысалы, бұрынғы Еңбек туралы заң кодексiне тiркелген атышулы тiзiмнiң 1- және 2-кестесi).
Азаматтық кодекстiң 9-бабына
сәйкес азаматтық құқықты қорғау
сот (төрелiк сот немесе аралық сот)
арқылы жүзеге асады. Белгiлi бiр жағдайларда
бұрмаланған азаматтық құқық
басқада тәсiлдермен қорғала
Азаматтық кодекске дәстүрлi қорғау шараларынан басқа қорғаудың жаңа да арнайы тәсiлдерi енгiзiлген. Арнайы заң құжаттарында көзделген жағдайда нақты және заңды әрекеттермен тiкелей құқықты бұзылғаны адамлның құқығын қорғауға (өзiн-өзi қорғау) заң жол бередi. Өзiн-өзi қорғау азаматтың құқығына жасалған қиянатты өз күшiмен жеңуi деуге болады бұл өзiн-өзi қорғау не мүлiктi немесе қаржыға қатысты төлемдi ұстап қалу, сондай-ақ өз бетiмен кепiлдiк құқығын жүзеге асыру түрiнде көрiнедi. Өзiн-өзi, қорғау ұғымы қылмыстық құқықтың аясына жатады, бiрақ өзiн-өзi қорғау жазалауға тұрмаса, онда онысы заңды әрекет болып табылады. Ұстап қалу құқығы деп меншiк иесiнiң бөтеннiң затын иесiне өзiнiң алдындағы мiндеттемесiн орындамағанша бермей, ұстай тұруын айтады. Мысалы, Азаматтық кодекстiң 712-бабы бойынша экспедторға тек экспедициялық қызметi үшiн берiлетiн ақы төленбейiнше, жүктi ұстай тұру құқығы берiледi.