Оралымды басқару құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 13:19, курсовая работа

Краткое описание

Жекешелендірілген, мемлекеттік және сонымен бірге жаңадан пайда болған жеке кәсіпорындар нарығының пайда болуына кәсіпорындарды сатуды құқықтық реттеу сәйкес келді.

Оглавление

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
Оралымды басқару құқығы
2.Жер пайдалану құқығы
3. Жерге заттық құқық
4.Азаматтық құқық туралы ұғым
5.Азаматтық-құқықтық реттеу тәсілдері
Азаматтық құқықтың әдістемесі
Азаматтық құқық қағидасы
Азаматтық заңдар және олардың жүйесі

ІІІ. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

Оралымды басқару құқығы.docx

— 53.95 Кб (Скачать)

Заңнаманың дамуының әртүрлі  кезеңдерінде оның жер учаскелерінің  параметрлерін анықтайтын құқықтық режимі өзгеріп отырды.Мүмкін,жаңа сәйкестендіруші нышандарды еңгізумен  немесе ескілерін алып тастаумен  байланысты алдағы өзгерістер бұрын  берілген құжаттардың заңдық күшіне,құқық  және жер кадастрларын толтыруға  қатысты проблемелар тудырар.Осы  баяндалғандарға байланысты жер  және құқық кадастрлары арасында әрбір жағдайда бұрын берілген құқықты  куәландыратын құжатты жаңағы алмастыруды  қажет етпейтін,ақпарат алмасудың  икемді жүйесін орнату керек.

Қ.Р заңнамасында,белгіленген  тәртіппен жер қатынастары субектілеріне  бекітіліп берілетін,тұйық шекара ішіндегі бөлінген жер бөлігі болып  табылатын «жер участігі» ұғымынан басқа (ҚР Жер кодексінің ) «жер»  деген ұғым бар. Осыған байланысты осы  ұғымдардың ара қатынасы және бұл  нысандарға заттық құқыққа ие бола алатын субьектілер туралы мәселе туындайды.Жер  кодексінде берілген анықтамаға сәйкес,Жер  дегеніміз – шегінде Қ.Р егемендігі, табиғи ресурс, жалпыға бірдей өндіріс  құралы және кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі орнатылатын аумақтық кеңістік. «Жер» және «жер учаскесі»  ұғымдарының ара қатынасы тек  пен түр сияқты деп ойлаймыз.Ал, жеке меншік құқығы мен жер пайдалану  құқығының обьектілері тек жер  учаскілері бола алады.Қалған жер,біздің пікірімізше,мемлекеттік менщік обьектісі  бола алады. Мұндай тұжырым жеке меншікте емес жерге мемлекеттік меншік құқығы презумпциясы принципінен шығады (Жер  кодексінің 26-бабының 1-тармағы). Мемлекет меншігіндегі жерлер жер учаскелеріне бөлінуі немесе бөлінбеуі мүмкін. Жерді жеке меншікке немесе жер пайдалануға беру әрқашанда жер учаскелерін құру арқылы бщлады. Осыған байланысты мынандай сұрақ туындайды – таратылып берілмеген мемлекеттік жерлер жеке дара анықталған заттар болып табыла ма, себебі оларда кадастр нөмірлері жоқ, олардың шекаралары, көлемі анықталмаған, т.б. Бұл көрсетілген жағдайларда жерді мемлекеттік меншік құқығының обьектісі ретінде жекелеу өзгедей белгілерімен анықталатыны рас. Атап айтқанда, бұл мемлекеттін шекаралары, жер кадастырынын жер – кадастрлық негізі, онда жерлер санаттар, жер бонитеті және басқа параметрлер бойынша бөлінген. Мемлекеттердің шекаралары бір мемлекеттің аумағын екінші мемлекеттің аумағынан бөлуге мүмкіндік береді. Қазақстанда, сол шекараның шегіндегі жеке меншік емес жерлердің барлығы мемлекет меншігі деп танылады.

Бұл айтылғандар заттық құқық  обьектілерінің әрқашанда жеке даралануы  тиіс екендігін растайды.

Жер учаскелеріне заттық құқыққа, жоғарыда аталып өткендей, меншік құқығы, тұрақты және уақытша жер пайдалану  құқығы жатады.Олардың әрқайсын бөлек  қарастырайық.

Қазақстан заңнамасы жерге (жер учаскесіне) меммлекеттік және жеке меншік болуына жол береді.Жеке меншік институтын ҚР конституциясы  енгізген, оған сәйкес жер заңда  белгіленген негіздерде, шарттар  мен щектерде жеке меншікте де болады. Жеке меншіктегі жер учаскілерінің  субьектілерін, обьектілерін және құқықтық режимін ҚР Жер кодексі және басқа  НҚА белгілейді.

Жер учаскесін жеке меншікке иелену мүмкіндігі жердің субьектік  құрамына, санатына және жер учаскесінің  мақсатты арналымына байланысты. ҚР азаматтары, Жер кодексіне сәйкес, жеке меншігіне  шаруа (фермер) қожалығын,өзіндік қосалқы  шаруашылық жүргізу, орман өсіру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін, сондай-ақ үйлерді (құрлыстарды, ғимараттарды), олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда  өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлерде (құрылыстарды, ғимараттарды), олардың кешендерін салуға берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелерін иеленуге құқылы.

Осы баптың 3-тармағына сәйкес азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігінде тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін  жүргізу үшін өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үй ғимараттарын (құрылыстарын) және олардың кешендерін соғуға берілген немесе олар соғылып  қойған жер учаскелері, сол ғимараттардың (құрылыстардың) мақсаттық арналымына сәйкес оларға қызмет көрсету үшін арналған жерлер де болады.

Шетелдік азаматтардың, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды  тұлғалардың (мемлекеттік емес) жеке меншігінде, тауарлы ауыл шаруашылығы  өндірісін жүргізуге арналған жерлерді қоспағанда, ҚР Жер кодексінің көрсетілген  мақсаттар үшін жер учаскелері болуы  мүмкін.

 

Азаматтық құқық  туралы ұғым

Қазақстан Республикасының  бір тұтас құқық жүйесі бірнеше  салаға бөлінетіндігі бәрімізге  мәлім. Сол салалардың бірі болып  табылатын – азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі десек те болатын шығар. Өйткені, бұл саламен реттелінетін құқық қатынастарының шеңбері кең.

Азаматтық құқығымен реттелінетін қатынастардың түсінігін беру үшін құқық теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз қажет. Яғни айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы  жоғарыда көрсетілген екі категорияның негізінде азаматтық құқығына   сала ретінде тек анықтама  ғана емес,  оның басқа құқық  салаларынан  ерекшелігін  де көрсетуге болады.

Азаматтық кодекстің    1-ші бабының  1-ші тармағында көрсетілгендей, азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне  негізделген  өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ м.үліңктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар  реттеледі. Сонымен қатар, мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар да азаматтық заңдармен  реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке  қатынастар мәнінен туындамайды.

Жоғарыда көріп отырғанымыздай, азаматық құқығымен реттелінетін қоғамдық қатынастардын негізгісі болып  табылатыны- мүліктік қатынастар. Сондықтан  да айтып кеткен жөн болар, кез  келген мүліктік қатынастар емес,  қоғамның негізін қалайтын тауар- ақша қатынастары, яғни  азаматық құқық субъектілерінің  кез келгенінің  қатысуымен  және әр түрлі көріністерде байқалатын мүліктік қатынастар.

Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысы жоқ  мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтың  есімі, жеуке келбет құқығы, жеке өмірдің  құпиялығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройына, қадір- қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды жатқызуға болады. Қазақстан  Республикасының Конституциясының 9-шы бабында  азаматың ар- намысымен  қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық  атап көрсетілген.  

Сондай-ақ Ата Заңның 33-бабы «азаматың жеке өміріне қол сұғуға болмайтындығын» атай келе, «азаматың  жеке өміріне арласуға, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қолсұғуға  тыйым салынады» десе, осы баптың  келесі тармағында «тұрғын үйге қол  сұғуға болмайтындығы» атап көрсетілген. Жоғарыда көрсетілген мүліктік қатынастармен  байланысы жоқ жеке қатынастар, мүліктік емес жеке қатынастардың екінші  тобын құрайды.

Азаматық заңдармен реттелетін қатынастар  жиынтығын анықтай  келе, бүл қатынастардың субъектілерін  де атап көрсетуге болады. Оларға жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік -  аумақтық бөлініс. 1964 жылғы Азамтық Кодекспен салыстырғанда 1994 жылы 27-ші желтоқсанда қабылданған  Азаматық Кодекстің ерекшелігі сол,  мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастарға осы қатынастарға өзге қатысушыларымен  тең негізде түсетіндігі атап көрсетілген.

 

Азаматтық-құқықтық реттеу тәсілдері

Азаматтық құқық сала ретінде  толық көрінуі үшін оның реттеу тәсілдерін анықтау қажет. Көптеген ғалымдардың  тұжырымдары бойынша құқықтық қатынастарды реттеу тәсілінің бірнеше түрі бар  және ол құқық жүйесінің салаларына байланысты әрқилы болуы мүмкін. Азаматтық-құқықтық қатынастардың ерекшеліктеріне  байланысты азаматтық құқығының  реттеу тәсілі төмендегі ережелерге байланысты анықталады. Біріншіден, азаматтық-құқықтық қатынаста қатысушылардың заңи теңдігі, яғни азаматтың құқығының субъектілері азаматтық айналымға түсу прцесінде  бір-біріне тәуелсіз. Екіншіден, жеке және заңды тұлғалар азаматтық құқық  пен азаматтық міндетті өз ниеттерінің  негізінде жүзеге асыруы, азаматтық-құқықтық қатынастарды жүзеге асыру мүмкіншілігінің  теңдігі және заң алдында бір  текті қорғалуы.

Азаматтық құқық, көбінесе диспозитивтік  нормаларға негізделген.

Диспозитивтік норма дегеніміз  – тараптар араларында туындайтын қатынастарды өздерінің қалауынша, егер заңда өзгеше көзделмесе, реттеу мүмкіндігі. Осы тұрғыдан алғанда, Азаматтық  Кодекстің көптеген нормалары көрсетілген  ережелерге бағынады. Мәселен, Азаматтық  Кодекстің 238-ші бабы, яғни шарт бойынша  мүлік алушыда меншік құқығы пайда  болатын кезеңі.

Жоғарыда көрсетілгендерді қорыта келіп, азаматтық құқыққа  сала ретінде төмендегідей анықтама беруге болады.

Азаматтық құқық дегеніміз – бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген, тауар-ақша қатынастарын және өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық норма жиынтығы.

 

Азаматтық құқықтың әдістемесі.

Құқықтың әрбір негізгі  саласының өзіне тән құқықтық реттеу әдістемесі болады. Ал оның жеке қырлары субъектілердің құқықтық мәртебесінде (статусында), құқық қатынастарын қалыптастыру негіздерінде, олардың мазмұнын айқындау әдістерінде және заң санкцияларында топтастырыла көрсетілген.

Мүлiктiк және мүлiктiк  емес қатынастардың азаматтық -құқықтық реттеу әдiстемесi бiрқатар өзiндiк белгiлерге  ие:

а) азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың жалпы құқықтық жағдайы  олардың тауар — ақша және басқа  қатынастарьына негiзделген заңды  түрдегi теңдiгiмен сипатталады (АК-тің 1 және 2-бабы, 1-тармағы). К.Маркс “Капиталда”  былай деп жазды: заттар бiр-бiрiне тауар ретiнде қатысуы үшiн  тауар иелерi бiр-бiрiне адам ретiнде, бұл заттарды еркiмен билейтiн  адам ретiнде, қатысуға тиіс: сонымен, бір  тауар иесi  
тек екiншiнің еркi бойынша, демек олардың әрқайсысы екеуiне ортақ ерiктi акт арқылы, өз тауарын басқаға бере отырып, өзге  
тауарды өзi иемденедi. Демек, олар бiрiн бiрi жекеменшiкші деп бiлуге тиiс”.

Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың заң жүзiндегi теңдiгiне келсек, олардың азаматтық айналмда тең құқықты, тәуелсiз субъектiлер екендiгiн көремiз, әрi оның әрқайсысы мүлiктiк оқшаулыққа ие болады, сондай-ақ бiр-бiрiмен қарым-қатынаста тең дәрежеде әрекет етеді. Бұл азаматтық құқықтық субъектiлерiнiң бiрде-бiрi азаматтық құқық  
қатынасында екiншi жақа бiржақты мiндет жүктеуiне болмайды деген сөз. Сонымен қатар құқықтық қатынастағы жақтардың араларында дау туындаған жағдайда, екiншi жақ үшiн мiндетті болып табылатын шешімді қабылдай алмайды;

е) азаматтар мен заңды  тұлғалар өздерiнің азаматтық құқықтарына  өз еркiмен және өз мүддесiн көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады. Олар шарт негiзiнде өздерінің құқықтары  мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтiн  кез келген жағдайларын белгiлеуде  ерiктi (АК-тiң 2-бабы, 2-тармағы). Демек, азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушыларына өзiнiң  қалауынша және мүддесiне сай келетiн  жағдайларды таңдауына мол мүмкiндiк  жасалады;

б) тараптар азаматтық құқықтық қатынастарда тең дәрежеде қорғану  құқығына ие және қорғанудың белгiлi бiр  мүмкiндiгiн талдауға ерiктi (теңдiк  және тұлғалардың өз құқықтарын толық  пайдалану мүмкіндiгi). Азаматтық  құқықты қорғау сотпен (төрелiк сотпен немесе аралық сотпен) жүзеге асады, бұл  орайда Азаматтық кодекстiң 9-бабына сәйкес қорғанудың азаматтық iстердi жүргiзу заңдарының ерекше ережелерiн сақтай отырып ашық әдiстерi қолданылады. Егер заң құжаттарына өзгеше көзделмесе, бұзылған құқықты қорғау үшін өкiмет  билiгi немесе басқару органына өтiнiш  жасау, құқық қорғау туралы талап  арызбен сотқа шағымдануға кедергi жасамайды. Былайша айтқанда, сот  бұзылған немесе дауға түскен құқықтарды қорғауға тиiс. Егер қандай да бір құқық  әкiмшiлiк жолмен қорғалса, онда ол заңға  тiкелей сүйенуi керек. Мұндай жағдайда құқыққа байланысты дау сотқа  бiрден жiберілмей, алдымен әкiмшiлiктiң  шешiмiн күтедi. Әкiмшiлiк шешiм қабылдағаннан  кейiн ғана оны сотқа беруге болады.

Азаматтық кодекстiң 9-бабының 1-тармағына мемлекеттiк басқару  органының немесе жергiлiктi өкiлдi атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтiн  құжатын жарамсыз немесе орындауға  жатпайды деп тану туралы азаматтық  құқықтарды қорғаудың жаңа тәсiлi енгiзiлген. Азаматтық кодекс қабылданғанға  дейiн көптеген құқық қолданушы  органдар заңға сүйенiп жасаған  құжаттардың сол заңға сәйкес келмегенiмен iс жүзiнде оның қолданылып келгенiне әрi мұндай заңсыз құжаттарды ешкiмнiң де терiске шығармағанына  талай мәрте көз жеткiзген болатын, ал осындай келеңсiздiк көп қиындық  келтiрдi;

в) азаматтық-құқықтық жауапкершілiк  өзiндiк сипатымен, атап айтқанда, мүлiктiк  және өтем түрiнде айқындалады; сондай-ақ оған келтiрiлген залалды толықтай өтеу талабы да жатады; заң құжаттарында өзгеше көзделмеген жағдайда, бұл  заң бұзушының кінәсiнің қандай екендігіне де байланысты болады.

 

 

 

Азаматтық құқықтың қағидасы

1. “Принцип” (қағидат)  терминi латынның сөзi - бастау, негiз дегендi білдiредi. Азаматтық принциптерi (қағидаттары) – ол  нормативтiк сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтық құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негiз. Ол Қазақстан Республикасы азаматтық заңының мейлiнше маңызды тұстарын көрсетедi. Демек азаматтық заңды түсiну мен оны қолдану азаматтық құқықтың тек жалпы принциптерi (қағидаттары) арқылы мүмкiн болады.

Принциптер (қағидаттар) Азаматтық  құқық жүйесiнде әрқашан  бастапқы норма болып саналады. Сондықтан  да басқа нормалар онымен жанама түрде көрiнiп, жалпы сипат алады, демек принцтер өзгелерден басым түседi. Принциптер азаматтық-құқықтық нормалардың барлық жүйесiн қамтып, басшылыққа алынады, Азаматтық кодекстiң 2-бабындағы азаматтық заңдардың жалпы негiздерi мен мәнiсi беки түсуiне байланысты, ендi принциптер нормативтiк мәнге ие болды және оны қолдану міндеттiлiкке айналды. Бұрын-соңды азаматтық принциптер заң нормаларында арнайы термин немесе тиянақты тұжырымдама ретiнде бекiтiлмеген едi, тек “азаматтық заңдардың жалпы негiздерi мен мәнiсiне байланысты” деген жалпылама тұжырымдамамен шектелетiн (Қазақ КСР АК-тiң 4-бабы).

Информация о работе Оралымды басқару құқығы