Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 13:04, реферат
Елбасының осыдан 15 жыл бұрын белгілеп берген 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму бағдарламасы мерзімінен көп жыл бұрын табысты орындалды деуге толық негіз бар
Кіріспе.
Негізгі бөлім:
1)Стратегиялық жоспарлаудың жаңа көкжиегі
2) Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
3) Қазақстан-2030 Стратегиясы. Негізгі қорытындылар
Қорытынды
Осының барлығы көптеген қазақстандықтарға жұмыс тауып берді, біз өңірлік және жаһандық шаруашылық байланыстар жүйесіне кіріктік.
Жыл сайын телекоммуникация тұтынушыларының саны өсе түсуде. Бұл стационарлық телефондарға да, ұтқыр байланысқа да, Интернетке де қатысты.
Электронды үкімет азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын едәуір жеңілдетті.
Соңғы 11 жылда автомобиль жолдары саласын дамытуға 1 263,1 млрд. теңге жұмсалды. Осы жылдар ішінде ортақ пайдаланудағы 48 мың шақырымнан астам жол, сондай-ақ 1100 шақырым темір жол салынды және реконструкцияланды.
Қазіргі уақытта біз «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» магистральдық көлік дәлізін салып, Жаңа Жібек жолын жаңғыртудамыз.
Біз «Өзен - Түркіменстан шекарасы» темір жол желісін салып, Парсы шығанағы мен Үлкен Шығыс елдеріне жол аштық. «Қорғас-Жетіген» жолын төсеп, Қытайдың және күллі Азия құрлығының нарықтарына еніп, Шығыс қақпасын айқара аштық. Біз «Жезқазған-Бейнеу» теміржолын салуды бастадық.
(7) КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТ. Біз әкімшілік-әміршілдік жүйенің басқару дәстүрлерінен түбегейлі бас тартып, басқарушылардың заманауи әрі тиімді корпусын құруға тиіспіз. Барлық азаматтар тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болатын, кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың біз жасаған жүйесі мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилігі мен ашықтығының барынша жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Біз мемлекеттік басқаруда өзіндік тұрғыда төңкеріс жасауға қол жеткіздік, оны халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға қайта бағдарладық.
Осылайша 2030 Стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орындалды, қалғандары орындалу үстінде.
***
Бүгінгі күні біздің әрқайсымыз «2030 Стратегиясы іске асты, заманауи Қазақстан орнықты» деп айта аламыз. Бұл - біздің бірлігіміздің, табанды да қажырлы еңбегіміздің нәтижесі, ұмтылыстарымыз бен үміттеріміздің жанды көрінісі.
Біз өз жетістіктеріміз үшін мақтаныш сезіміне бөленеміз.
Әлемдік дағдарыс біздің мемлекет пен қоғам ретінде орныққанымызды растады. Біздің шекарамыз, саяси жүйеміз, экономикалық үлгіміз ел ішінде де, одан сыртқары жерде де ендігі жерде елеулі келіспеушіліктер мен талас-тартыстардың өзегіне айналмайды.
Енді біздің алдымызда жаңа міндет тұр. Біз мемлекетіміздің ұзақ мерзімді кезеңге бағдарланған одан әрі даму векторын күшейтуге тиіспіз.
Стратегияның құрдасы әрі төл баласы
Жұма, 21 желтоқсан 2012 6:55
Еліміздің «Қазақстан – 2030» даму жоспарының негізгі қағидаларының мерзімінен бұрын орындалып, «Қазақстан – 2050» жаңа стратегиялық бағдарды қабылдауға байланысты ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Елбасының Жолдауындағы «…Осы жылдар бойы біз тек алға адымдадық!» деген сөздеріне Қазаэронавигация» РМК ұжымы үн қатысты.
Себебі дәл осы күні оңтүстік астанада әуе қозғалысын басқарудың жаңа автоматтандырылған «Оңтүстік-Шығыс» орталығы салтанатты түрде іске қосылды. Осылайша, жер мен стратосфераның аралығын қамтитын бүкіл республика аумағындағы ұшулардың қауіпсіздігіне жауап беретін еліміздің Бірыңғай ұлттық аэронавигация жүйесі жасалды. Бұл – соңғы жеті жылдағы еңбектің жемісі.
Дәлірек айтсақ, бұл жобаны «Қазақстан – 2030» Стратегиясының төл баласы деп атауға болады. Себебі бүгінде ТМД елдері мен Орта Азия аймағы елдерінде теңдесі жоқ, Қазақстан аспанындағы әуе қозғалысын басқарудың бірегей автоматтандырылған кешенін жасау іс жүзінде 15 жыл бұрын қолға алынған еді. Ол кезде елдің аэронавигациялық қызметтері дербес мемлекеттік кәсіпорындарға бөлініп берілді. Алайда елдің дамуының алдағы жиырма жылдық тағдырын шешкен тарихи құжат 1997 жылы қабылданысымен, бұл іс қарқын алып, алға басты.
Ел Президенті өз Жолдауында айтқандай: «Осы жылдар бойы тек алға қадам басқанымызды жақсы білесіздер. Бізде әрдайым нақты жоспар болатын». Осы тұста Ұлттық аэронавигация жүйесін жасау жобасының жүзеге асу тарихы да жоспардан тыс қалған жоқ.
Бастапқыда 1995 пен 2005 жылдар аралығында Қазақстанда саланың әлемдік стандарттарындағы ең заманауи технологияларды қабылдауға қабілетті аэронавигациялық индустрияның мықты базалық инфрақұрылымының жоспарлы қалыптасуы жүзеге асты. Сондай-ақ зияткерлік деңгейі бүгінгі күннің талаптарына сай келіп, ұдайы өз бетінше жетілдіріліп отыратын тиісті маман қорын дайындау бойынша тер төгілді.
Осыдан кейін ғана ұшулардың қауіпсіздігіне және бүкіл ел аумағындағы әуе қозғалысының оңтайлы ұйымдастырылуына жауапты үш аймақтық диспетчерлік орталық сатылы түрде салынып іске қосыла бастады.
Осы бірегей нысандардың әрқайсысының құрылысына екі жыл уақыттан кетті. Астанадағы Әуе қозғалыстарын басқару орталығы 2005 пен 2007 жылдар аралығында салынды. Дәл осындай орталық Ақтөбеде 2007 мен 2009 жылдар аралығында тұрғызылды. Және Ұлттық аэронавигация жүйесін құрудың соңғы тұйықтаушы сатысы – Алматы орталығының құрылысы 2010 жылы басталып, ағымдағы жылдың соңында аяқталды.
Сондай-ақ, әрбір келесі саты
өзіне дейінгі кезеңдердің
Осының барлығы мемлекеттік немесе шетелдік инвестициялардың көмегінсіз, кәсіпорынның өз қаражаты есебінінен жүзеге асты.
Бұл жобаның ауқымдылығын
түсіну үшін Алматыдағы әуе қозғалысын
басқарудың автоматтандырылған жүйесі
орталығының тактикалық-
Алайда барлық үш әуе қозғалысын басқару орталықтарын іске қосу барысында елдің аэронавигация жүйесін жетілдіру және жаңашаландыру үдерісі тоқтап қалған жоқ. «Қазаэронавигация» РМК заманауи аэронавигациялық қондырғы өндіретін жетекші әлемдік фирмалармен 2025 жылға дейін барлық аппараттық-бағдарламалық кешенге техникалық қызмет көрсету бойынша келісім-шарт жасасты. Бұл Ұлттық әуе қозғалысын басқару жүйесі техникалық ахуалының тұтас амортизациялық кезең бойы өзгергіш талаптар деңгейінде сақталуына кепілдік береді.
14 желтоқсан күні Алматы
Әуе қозғалысын басқару
Герман аэронавигациялық
қызметінің төрағасы әрі бас атқарушы
директоры Дитер Каден
Сондай-ақ «Қазаэронавигация»
РМК бас директоры Сергей Құлназаров
айтқандай, қазіргі аэронавигациялық
кешен республиканың әуе
Осының барлығына
Жалпы, әуе қозғалысын ұйымдастыру үдерісіндегі жаңа технологиялардың рөлінің қаншалықты маңызды екенін айтпаса да түсінікті. Мысалы: бір әуежай жаңа ұшу-қону жолағын (үшіншісін) салады да, сағатына 60-65 әуе кемесін қабылдау мүмкіндігіне ие болады. Екінші әуежай негізінен ғарыштық базалаудың навигациялық жүйесіне сүйенетін заманауи технологияларды қолдана отырып, екі жолақпен сағатына 90 әуе кемесін қабылдау қарқынына қол жеткізеді. Қазіргі таңдағы жағдаят осыған саяды. Айырмашылықты салыстырып қараңыз.
Қазақстанның өз аумағында
халықаралық «ЭКСПО-2017»
«Қазаэронавигация» РМК басшысы Сергей Құлназаровтың Алматыдағы Әуе қозғалысын басқару орталығының ашылу салтанатына келген журналистерге, еліміздің бірыңғай ұлттық жүйесінің қазіргі таңда іске қосылған, «ЭКСПО-2017» қонақтарына көрсетуге толықтай дайын көлік инфрақұрылымындағы алғашқы нысан екенін мақтанышпен айтуының жөні бар.
Қазақстан әуе кеңістігіндегі әуе қозғалысының қарқынын арттыруға байланысты әуедиспетчерлік қызмет тараптарынан ешбір шектеу жоқ.
Виктор ГУМНИКОВ.
АЛМАТЫ.
Дерек көздері:
1) "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том
2)Интернет ресурстары