Стратегия 2030

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 13:04, реферат

Краткое описание

Елбасының осыдан 15 жыл бұрын белгілеп берген 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму бағдарламасы мерзімінен көп жыл бұрын табысты орындалды деуге толық негіз бар

Оглавление

Кіріспе.

Негізгі бөлім:

1)Стратегиялық жоспарлаудың жаңа көкжиегі

2) Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

3) Қазақстан-2030 Стратегиясы. Негізгі қорытындылар


Қорытынды

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 345.32 Кб (Скачать)

 

Жоспар:

 

Кіріспе.

 

Негізгі бөлім:

 

1)Стратегиялық жоспарлаудың жаңа көкжиегі

 

2) Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

 

3) Қазақстан-2030 Стратегиясы. Негізгі қорытындылар

 

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Стратегия  2030 және оның орындалу нәтижесі

Елбасының осыдан 15 жыл бұрын белгілеп берген 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму бағдарламасы мерзімінен көп жыл бұрын табысты орындалды деуге толық негіз бар

Бүгінгі күні біздің әрқайсымыз «2030 Стратегиясы» іске асты, заманауи Қазақстан орнықты» деп айта аламыз. Бұл – біздің бірлігіміздің, табанды да қажырлы еңбегіміздің нәтижесі, ұмтылыстарымыз бен үміттеріміздің жанды көрінісі. 
                                                                                  Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

 

 

Әлемдік-тарихи тәжірибеге зер салсақ, әр түрлі саяси-әлеуметтік, экономикалық дағдарыстарды еңсеріп, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға өту қашанда ұзақ мерзімді міндеттерді айқындаудан басталған. Кешегі КСРО тарихындағы ГОЭЛРО жоспары, соғыстан кейінгі Германия мен Жапонияның «Экономикалық ғажайыбы», «Азия жолбарыстарының» серпінді дамуы, Қытайдың қазіргі табыстары, міне, нақ осындай ұзақ мерзімді стратегиялардан бастау алған. Қазіргі уақытта «Қазақстан-2030» деген қысқа атпен танымал болған ел Президентінің Қазақстан халқына 1997 жылғы Жолдауы толық күйінде «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» деп аталғаны кейбіріміздің есімізге бірден түсе де қоймауы мүмкін. Еліміз өз тәуелсіздігін жариялағанына алты жыл толар қарсаңында осындай Даму стратегиясы жасалып, жария етілген-ді. Ұзақ мерзімді жеті басымдығы айқын көрсетілген бұл құжат алғашқы кезде көзі қарақты қазақстандықтарды елең еткізгенімен, қалың жұртшылық бірден түсінді десек, бұнымыз артықтау болар еді. Оның бірінші себебі, біздің бұрынғы тарихымызда да мұндай ұзақ жылға есептелген бағдарлар болған. Соның бірі Коммунизм құру программасы болатын. Әлем тарихына көз салсақ, қабылданғанымен нәтижесіз аяқталған басқа да осы іспеттес бағдарламаларды табарымыз анық. Екіншіден, бұл еліміз экономикасы әлі де нақтылана алмай, шетелдік инвестицияларды күтіп, әлемде қаржы дағдарысы туындап келе жатқан тұс еді. Сондай қиын кездің өзінде Мемлекетіміз 30 жылдан астам мерзімге алдын ала үлкен жоспар жасап, ол орындалған жағдайда қазақстандықтардың әл-ауқаты әлдеқайда арта түсетініне жұртшылықты сендіре алды. 
Стратегияда болашақта біз қандай қоғам орнатқымыз келетіні айтылып, біздің даму бағытымыз айқын тұжырымдалып, ол Қазақстан дамуының жаңа кезеңдегі алғашқы қадамы ретінде бекітілді. Осы Стратегияны жүзеге асыру барысында халқымыз үшін ең маңызды мәселелер: еліміздің қауіпсіздігі, әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-рухани дамуы нақтыланды, соның бәрі халықтың жағдайын жақсарту секілді өзекті мәселені көздеді. 
Сонымен, үстіміздегі жылы еліміздің алдағы жүрер жолдарын айқындап, болашақты дұрыс бағдарлап, ұрпақ қамы үшін салиқалы жол көрсетіп келе жатқан ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» Стратегиясының қабылданғанына он бес жыл толды. Өткен уақытқа көз салсақ, 1997 жылы біздің еліміз тәуелсіз мемлекеттердің ішінде алғашқысы болып, Стратегиялық даму жолын бекіткен екен. 
Мемлекетіміз «Қазақстан-2030» Стратегиясындағы жеті ұзақ мерзімді басымдықтарының алғашқысы ретінде ұлттық қауіпсіздікті нығайту мәселесін айқындады. Стратегияда «іргесі берік елді жау ала алмас, ауызы бір елді дау ала алмас» деген халық даналығына сүйене отырып, алдыңғы орынға ұлттың қауіпсіздігі, елдің амандығы, басқа мемлекеттермен татулық қойылды. Қазақ елі әлемге өзінің бірлігі мен тәуелсіздікке ұмтылысын, азаматтығы мен патриотизмін көрсетуді мақсат етті. Бұл күндері осы құжатты басшылыққа алған Қазақстанда өмір сүретін ұлттар мен ұлыстардың біртұтастығына, ауызбіршілігіне әлемнің ешбір елінің күмәні жоқ. Сөйтіп, Қазақстан әлемге бейбіт, тәуелсіз мемлекет ретінде танылып, әлемдік қауымдастық алдында беделге, құрметке ие болды. 
Өткен жылдарға зер салып қарайтын болсақ, бүгінгі қол жеткен табыстардың өзінен-өзі келмегеніне, ол үшін қыруар еңбек, жігер-қайрат, тынымсыз ізденіс, нар тәуекел қажет болғанына көз жеткіземіз. Кеңестер одағынан бізге қалған мұра – күйзелген шаруашылық, күйреген экономика, тоқтаған өндіріс, тоқыраған ғылым, қысқасы, барлық салаларда да дағдарыс болды. Ал дағдарыстан шығу қашанда оңай шаруа болған емес. Ол экономиканы мүлде басқа жүйеге ауыстыруды, нарық заңдылығын игеруді, кадр мәселелерін шешуді, ескі дағды мен ескіше ойлаудан арылуды – бір сөзбен айтқанда, аз уақыттың ішінде тығырықтан шығуды қажет етті. Осындай зор мақсат пен қауырт қажеттіліктен барып «Қазақстан-2030» Стратегиясы дүниеге келді, алғаш рет Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді мақсаттары тұжырымдалып, оларға қол жеткізудің нақты жолдары анықталды. 
Жалпы алғанда, ең алдымен, осы жылдар ішінде біздің еліміз бәсекеге қабілетті болып жетілу үшін жүйелі түрде еңбектеніп келе жатқанын атап өтуге тиіспіз. Бұған дәлел ретінде Президенттің осы жылдар ішіндегі Қазақстан халқына Жолдауларының аталуын, талап-мақсаттарын айтсақ та жеткілікті. Олар: «Жаңа ғасырда қоғамды демократияландыру, экономикалық және саяси реформа», «Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі», «Асқар асулар алда: елдегі жалпы жағдай, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы», «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін», «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында», «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы», «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты», «Дағдарыстан даму мен жаңғыруға», «Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты». Бұл Жолдаулар халқымызға жігер беріп биік мақсаттарға ұмтылдырды. Осындай шаралардың арқасында еліміздің экономикасы тоқырау мерзімінен өтіп, 1999 жылдан бастап тұрақты даму үрдістері орнықты. Осы жылдар ішінде білім беру, денсаулық сақтау, ауылды қолдау, ауылдық аумақтарды абаттандыру бағытында бағдарламалар жасалып, индустриялық-инновациялық даму жолына таңдау жасалды. 
Бәсекеге қабілеттілік тек факторлар тобымен анықталмайды, ол соларды тиімді пайдаланумен айқындалады және мемлекеттің жетілуі мен дамуы ешкімнен мұраға қалмайды, еңбекпен жасалады. Сондықтан да бәсекеге қабілеттіліктің өсуінде ел адамдарының сапасы, яғни, адам капиталы ең маңызды рөлге ие. Бәсекеге қабілеттілік қоғам дамуы үшін үлкен қажеттіліктердің бірі. Бірақ, ол қазіргі газет-журналдарда толассыз шығып жатқан үлкенді-кішілі шенеуніктердің, саясаттанушылар мен экономистердің, басқа да салалардағылардың мақала-сұхбаттарында айтылып жүрген, «бізде бәрі жақсы, экономикалық өрлеу жоғары, біз озық елдердің ішіне кірудің аз-ақ алдындамыз» деген жеңіл тұжырымға келіп тіреле берсе, ол қуаттайтын да, мақұлдайтын да нәрсе емес. Ендеше, біз бәсекеге қабілетті болудың қандай негіздері бар, озық елдердің қатарынан табылу үшін нендей шарттар орындалуы тиіс деген сұрақтарға жауап іздегеніміз дұрыс болар. Ондайда алдымен заман ағымын ескеруіміз керек. Қазіргі уақытта жеке жүріп жол табам деу әбестік. Ендеше, Президент атап көрсеткендей, бізге саяси-әлеуметтік, экономикалық және рухани салаларда интеграция қажет. 
Өйткені, біз жаһандану әлемінде өмір сүріп жатырмыз және бұл кеңістікте барлық жағынан жеткілікті болып отырған ел жоқ, барлығында да алмасу үдерістері жүруде, елдер бір-бірімен әртүрлі байланыстар жасайды, сондықтан да әлемдік экономикада әрбір елдің орнын айқындап, кім алдыңғы сапта, кім артта екенін біліп отыру қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан алғанда біздің «біз мықтымыз» дегенімізді басқа жұрттар қабылдамайды және оған сенбейді де. Бүкіл әлем елдерінің даму деңгейлерін айқындау мақсатында бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері есептеледі, талдамалық анықталады және ол әрі саяси құрал ретінде де пайдаланылады. Талдамалық болатыны, бұл көрсеткіш арқылы әрбір елдің жағдайын білуге, өзінің болашақтағы орны қандай болатынын түсінуге болады, ал саяси дейтініміз – бәсекеге қабілеттіліктің өсуі бір мезгілде қоғамның демократиялық дамуын және өмірдің жоғары стандарттарын қамтамасыз етеді. Бүгінгі күн – бәсеке заманы. Жеткен биікке мәз болып, тоқтап қалу көшкен жұртта қалғанмен бірдей. Сондықтан, жаңа идея, жаңа ой, жаңа технология алда да тоқтамай өз жалғасын таба беруге тиіс. Сонда ғана Қазақстанның бақытты болашағына, бақуатты өміріне кең жол ашылады. 
Біз «Қазақстан-2030»Стратегиясын еліміздің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу мақсатын ең алғаш белгілеген құжат ретінде қабылдауға тиіспіз. Егер еліміз бәсекеге қабілетті бола алмаса, онда мемлекеттілігімізге қауіп төнеді, ол тіліміздің, дініміз бен діліміздің қалыпты жағдайда болуын қиындатады. Сондықтан, бәсекеге қабілетті болып даму – бәрімізге сын. Осы мақсатқа жеткенде біз «Қазақстан-2030» Стратегиясының нақты жүзеге асуына қол жеткіземіз. Ол үшін бізге халықтың сенімі мен сенуі; адам капиталын дамытудың жоғары деңгейі; ішкі саяси тұрақтылық пен ұлт бірлігі қажет. Сондықтан да біз бәріміз бірлесіп, ел өркендеуінің негізін құрайтын осынау шешуші құндылықтар мен ұлттық байлықты сақтауға тиіспіз. 
Бәсекеге қабілеттіліктің жоғары экономикалық өрлеуден басқа көрсеткіштеріне нақтырақ тоқталсақ, онда алдымен ел тұрғындарының жоғары сапалық деңгейі мен өмір сапасы туралы айтқанымыз абзал. Олар бізден білім деңгейіне, адам капиталының дамуына, инновациялық дамуға, істі орындау сапасына ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені, ұлттар тек тауарлармен және қызметтермен ғана бәсекеге түспейді, олар қоғамдық құндылықтар мен білім жүйелері арқылы да бәсекеге түседі. Қазіргі заманғы экономикада екпін материалдық құндылықтарға емес, «интеллектуалдық әлеуетке» көбірек түседі. Ұлттың қабілеттілігі қазіргі заманғы білімді өзіне сіңіре білуіне, оқыту арқылы жұмыс күшінің интеллектуалдық әлеуетін көтеруге тәуелді. Инновациялық дамусыз болашақ жоқ. Сондықтан, біз өз көрсеткіштерімізді көтеру жолында индустриялық-инновациялық өрлеу бағдарламасын қабылдап, оны жүзеге асырып жатырмыз. Біз Жапония, Сингапур, Германия, Швейцария сияқты мемлекеттердің ғаламдық экономикадағы табыстары істі орындау сапасының арқасында болғандығын естен шығармауымыз керек. Ал осы мақсаттардың орындалуы үшін саяси күш-жігер мен ұлттық келісім қажет. 
Біз осы жылдар ішінде экономиканың тұрақты үдемелі дамуы қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын жақсарта беруге ықпал ететініне көз жеткіздік. Қазақстан өтпелі кезеңдерден ойдағыдай өтіп, нәтижесінде өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық сеніммен қадам басты. Осы жерде алғашқы кездердегі экономикамыздың белсенділігі бүгінгі күнгі үлкен табыстарымыздың кепілі болғанын айту орынды. «2003-2015 жылдарға арналған Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясының» бірінші кезеңін іске асыру экономикамыздың өсу көрсеткіштерін өзгертуге ықпал етті. Негізгі стратегиялық мақсаттарға жету біздің экономиканы табиғи ресурстардың әлемдік бағаларына тәуелділіктен босатты. Сонымен бірге «парасатты экономикаға» ауысуына жол ашты. 
Білім экономикасына негізделген қоғамның іргесі қалануына әлемдегі жаһандану үдерісінің аса үлкен жылдамдықпен дамуы себеп болуда. Әлем елдері арасындағы тауар мен қызмет алмасу өте интенсивті жүргізілуде, капиталдың экспансиясы кең көлемде үдеуде, халықаралық экономикалық байланыстар кеңи түсуде. Осының бәрі бізге бүгінгі дәуірде жаһандану үдерісі кең дамыған ғалам деуімізге негіз болады. 
Қазір жаһандану заманы, сондықтан ел мен ел арасында интеграция болуы қажет. Бұл туралы кезінде «Қазақстан-2030» Стратегиясында: «Ішкі рыноктары шағын бола тұрып аса биік экономикалық нәтижелерге қол жеткізген елдерді өзін-өзі оқшаулау жолын таңдап алған елдермен салыстыру, жабық рыноктары, шектен тыс мемлекеттік реттеу, сондай-ақ шаруашылық жағынан даралануға қол жеткізу әрекеттері қысқа мерзімді экономикалық табыстарға алып келгенмен, түбінде сәтсіздікке ұрындырары бізге мысал болып отыр» деп атап көрсетілген болатын. Шын мәнінде жаһандану үдерістері Қазақстан экономикасына барған сайын үлкен ықпалын тигізуде. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңдерден бері үлкен жолды жүріп өтті. Экономикалық және саяси жаңарулардың нәтижесінде табысты жұмыс істейтін экономикасы құрылды, тұрақты Қазақстан мемлекеті орнады. 
Осы заманғы дүниеде жеңіс пен табыстарды инновациялар енгізген және инновациялық көшбасшылыққа қол жеткізген мемлекеттер күтеді. Ендеше, индустриялық Қазақстан инновациялық Қазақстанға, жоғары технологиялық өнім өндіретін, жетекші әлемдік рыноктармен бәсекеге қабілетті елге айналуға, сонымен бірге, қазақстандықтардың өмір стандарттары әлемнің озат елдерінің деңгейіне дейін көтерілуге тиіс. 
Сан ғасырлар талай қиындықтарды бастан өткерген халқымыз осы саясаттың арқасында еңсесін көтеріп, бүгінде еліміз жаңа әлемдегі, жаңа Қазақстанға аяқ басып, дамып келеді. Халқымыздың денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты осыдан 15 жыл бұрынғы уақытпен салыстырғанда едәуір жақсарып, еліміз көркейіп, жаңара түскендігі бүгінгі күннің шындығы. Еліміздің ұзақ мерзімді Даму стратегиясындағы және Президенттің жыл сайынғы дәстүрлі жолдауларындағы бағыттарды жүзеге асыруда еткен еңбек пен төккен тердің арқасында жемісті жетістіктерге жетуімізге саламатты өмір салтын қалыптастыру қызметі зор үлес қосты десек, артық болмас. Себебі, «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді Стратегиясында халық арасында саламатты өмір салтын кеңінен насихаттау саясаты басты бағыт етіп көрсетілген. Оны жүзеге асыру елімізде жүйелі түрде жүргізіліп отырды. Президент «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында: «Әрбір Қазақстандық үшін басты құндылық – өзінің денсаулығы» деп ерекше атап өтті. Соңғы жылдарда 700-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысандары тұрғызылған, денсаулық сақтау Кодексі қабылданған, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Кейінгі 10 жылда бала туу 25 пайызға өскен, тұрғындардың жалпы өлімі 11 пайызға азайған. Басқа да ауыз толтырып айтарлық жетістіктеріміз бар. Осы игілікті істе, еліміз қабылдаған Стратегиялық бағытты жүзеге асыруда біздің Ақтөбе облысы медицина қызметкерлерінің, оның ішінде Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің де қомақты үлесі бар. 
Ғылымды дамытудағы мақсаттар қаржылық қамтамасыз етуді арттыруды, салаға инвестиция тартуды талап етеді. Президент Жолдауында елімізде қазіргі заманға лайық академиялық орталықтар құрумен қатар, шетелдіктердің қатысуымен технологиялық парктер құру, осылар арқылы түрлі инкубациялық жобаларды жүзеге асыру, елімізде халықаралық оқу орындарының филиалдарын ашу мәселелері қамтылған. 
Қазақ елі әлемдегі бай елдердің бірі. Мәселе сол байлықты ұлтымыздың игілігіне пайдалана алуда. Ол – халықтың білім-білігіне, өресіне, мәдениетіне байланысты. Формалды түрде, сандық тұрғыдан алғанда білім деңгейі өте жоғары саналатын Қазақстанда кедейлік деңгейінде өмір сүретіндердің саны әлемдік тәжірибедегі 10-15 пайыздан 2-2,7 есе артып кетуі бізді ойландыруы керек. Байлар мен кедейлердің арасындағы арақатынастың жоғарылығы, адамдардың тұтыну мен тамаққа жұмсалатын қаражатының пайыз жағынан алғандағы көптігі де біздің әлемдік стандартқа жақындасуға тиіс ісіміздің бірі. 
Бүгінде Қазақстанға әлем көз тігуде, белгілі деңгейде жетістіктеріміз де бар, халықаралық деңгейде де біршама игілікті жобалар жүзеге асырылуда. Алайда, біздің ойымызша, Қазақстан әлемдік стандарттарға сәйкес даму жолын таңдағанымен өз менталитетін, дәстүрін сақтауы да қажеттілік. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін тек материалдық игіліктермен өлшеу, біздің пікірімізше, дұрыс түсінік емес. Елдің еңсесінің көтерілуі, экономикалық әлеуетінің өсуі, ұлттың рухани баюына да өз әсерін тигізіп, мәдениет пен өнері өрлеп, тілдің дамуы жүзеге асып, дәстүрі мен халықтық философиясы жандануы керек. Сөйтіп, төл менталитетімізді сақтай отырып, жаһандану заманының да рухани талап тілектеріне сай болғанымыз жөн. Бұл білім мен тәрбие, таным-тағылым, этномәдени дәстүр жалғастығы арқылы жүзеге асатын іс. 
Осы тұрғыдан алғанда, бізге дәстүр жалғастығы ауадай қажет. Қазақ халқы, әсіресе, жастарымыз, ата-дәстүріне берік болған. Соның арқасында біз әсіре қызулыққа бармаған, әр нәрсені жауапкершілікпен талғап қабылдаған халықпыз. Алайда, қазіргі уақытта осы жолдан ауытқу басым. Президент өзінің бағдарламалық мақаласында: «Жастардың бір бөлігі діни секталардың, экстремистердің, есірткіге құмар және қылмыстық топтардың «оңай олжасына» айналуда. Мұның бәрінің басты себебі – әлеуметтік инфантилизм, өзінің өмірі мен өз отбасының әл-ауқаты үшін өзі жауап бере алатын ересек әрі кемел азамат болуға шамасы жетпеушілік. Сондықтан бүгінгі таңда оқу-тәрбие үдерісін түбірінен өзгерту маңызды» – деді. Осы жағдайлар ескеріле отырып дамуымыздың даңғыл бағыт-бағдары болып табылатын «Қазақстан-2030» Стратегиясында білімді жастардан тұратын қауқарлы қоғам құру мәселесі бірінші кезекке қойылған. Еліміздің «Білім туралы» заңы мен оған енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларда, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» еліміздегі үздіксіз білім берудің ұлттық жүйесінің қалыптасып дамуына, оны әлемдік білім беру кеңістігінің талаптарына сай ұйымдастыруға ерекше мән беріледі. Үздіксіз кәсіби білім берудің қазақстандық моделі нарықтық экономика жағдайында болашақ мамандарға кәсіби білім берудің өзара сабақтас көп деңгейлі де икемді жүйесін қалыптастыруды көздейді. 
«Қазақстан білім қоғамы жолында» атты лекциясында Президент атап көрсеткендей, қазіргі білекке сенетін емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді. Терең білім – тәуелсіздігіміздің де кепілі, тірегі. Президент қазіргі уақытта біздің «білім – ғылым – инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келе жатқанымызды, білімді мемлекетіміздің экономикалық ресурсы, өндіріс факторы ретінде қарастыратынымызды, халықаралық үлгі-қалыптарға жақындата отырып, ұлттық білім беру жүйесін бірізділікпен жаңартуға қадам жасайтынымызды айтты. Осы мақсатты көздей отырып, 2011 жылы 1700-ден астам шетелдік ғалымдар мен оқытушылар шақырылды, 35 ҮИИД кәсіпорындарында ЖОО студенттерінің өндірістік практикасының базасы құрылды, 350 магистрант шетелдік университеттерде білім алып қайтты, Қазақстандық 10 ЖОО халықаралық мамандандырылған аккредитациядан өтті, ЖОО-лардың 28 пайызында кредиттерді қайта тапсырудың қазақстандық моделі енгізілді, ЖОО оқулықтарын әзірлеу мен шығаруды мемлекеттік қолдау жүйесі басталды, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің 400 университетінің қатарына қосылып, секіріс жасады. Білім министрлігінің бюджеті бойынша білімге бөлінген қаражат 2012 жылы – 399 897,2 миллион теңгені құрады. Білім беру кредиттері бойынша «Қаржы орталығы» АҚ кепілдігімен 2641 студент оқытылды. Жоғарғы және ЖОО-дан кейінгі білімге 2720 ЖОО ректорларының гранты, 2375 облыс әкімдерінің гранты тағайындалды. Жалпы, Қазақстан Республикасы бойынша студенттерге 150 907 грант бөлінді, олардың 144 246 – мемлекеттік тапсырысы бойынша, 1566 – ұлттық компаниялардың гранты. 
Болашақта Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғырту: білім беру мекемелерін оңтайландыру; оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту; білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру сияқты үш басты бағыт бойынша жүргізілмек. Президент бұл орайда жеке және мемлекеттік білім беру мекемелері ұсынатын білім беру қызметтерінің арасындағы елеулі алшақтыққа жол беруге болмайтынын, білім беру жүйесі жалпы ұлттық күйінде қалуға тиіс екенін ескертті. Осыған сәйкес, Қазақстандағы ЖОО-лардың маман тәрбиелеп шығарудың қажетті сапасын қамтамасыз ете алмай отырғандарын тексерістен өткізіп, қорытындысы бойынша біріктіру немесе тарату жолымен оңтайландыру үдерісін жүргізу қажеттігін де ескертті. Алайда, бұл мәселе әлі де белгілі деңгейде өз шешімін таппай отыр. Ал, жекеменшік оқу орындарының кейбір басшылары болса, түймедейлерін түйедей етіп көрсетіп, ақпарат құралдары арқылы өздерін өздері дәріптеп әуре. 
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына сәйкес маманға деген сұраныс пен оның кәсіби білігі мен біліктілігіне қойылатын талаптардың өзі, бүгінгі жастарға болашақ мамандығының бағыты мен үздіксіз білім беру жүйесінде оны игерудің траекториясын дұрыс таңдай білу қажеттілігіне әкеліп отыр. Сондықтан да, кәсіби білім беруді ұйымдастыру мен оны басқарудағы бірізділік пен сабақтастықты қамтамасыз ету бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беру мен мамандардың білімін жетілдіру мекемелерінің басты міндеті болып табылады. 
Үлкен бір кезең тарихқа айналып барады. Еліміз дамуының басты бағыты Стратегия аясында он бес жылда атқарылған игі істер барына көпшіліктің көзі жетіп отыр. «Қазақстан-2030» Стратегиясы қабылданғалы бері дәстүрге айналған жыл сайынғы жолдаулар сол Стратегияда қойылған мақсаттар мен талаптарды ұштаушы, жалғастырушы, дамытушы рөл атқарып келеді. 
Алтай Тайжанов,  
философия ғылымдарының докторы,  профессор. 
АҚТӨБЕ.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының ел азаматтарына үндеуі

Стратегиялық жоспарлаудың жаңа көкжиегі

Құрметті отандастар, азаматтар! 
Бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050»: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Онда Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Стратегиялық дамуының көпшілік бағыттары бойынша мерзімінен бұрын орындауға қол жеткіздік деп атап өтті. 
Қазақстан 2012 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің көлемі жағынан әлемнің 50 ірі экономикасының қатарына кірді, осы жылдар ішінде мемлекеттік дамудың сенімді негіздері құрылды, Негізгі заңымыз қабылданды, жаңа заң жүйесі қалыптасты, Қазақстан-2030 Стратегиясы бекітілді. 
Президент біз өзіміздің бірегей даму жолымызды таптық, Қазақстан қайта құру кезеңін артта қалдырып, бүгінде жаңа биіктерді бағындыруда, деп атап көрсетті. Мемлекет басшысы Қазақстанның жетістіктерін нық сеніммен атап өтті. Осы уақыт ішінде қазақстандықтардың табысы – 16 есе, жалақы – 9,3 есе, зейнетақы 10 есе өсті. Халықтың саны 14 млн-нан 17 млн. адамға дейін өсті. Өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғайды. 1997 жылдан бері Қазақстанда 942 мектеп, сонымен қатар, 758 аурухана және өзге де нысандар салынды. 
Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасын, еліміздің барша халқын осы толайым табыстармен құттықтайды! 
Қазақстанның тәуелсіз тарихының 21 жылы ішіндегі негізгі жетістіктері: қуатты әрі жемісті мемлекет; тиянақты демократияландыру және бейтараптандыру үрдісі; түрлі әлеуметтік және діни топтар арасындағы келісім мен бейбітшілік; қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз еткен мықты әлеуметтік саясат; еліміздің әлемдік қауымдастыққа кеңінен танылуы және ядролық режімді таратпау қозғалысын қолдауы болды. 
Қазақстан біздің Президентіміздің басшылығымен біртұтас және бірлігі жарасқан халқы бар, ертеңіне сенімді, жаңа жеңістер мен биіктерге дайын қуатты әрі тиімді мемлекет ретінде қалыптасты. 
ХХІ ғасыр жаһандық он сын-қатерді алып келді, олар – тарихи уақыттың жеделдеуі; жаһандық демографиялық теңгерімсіздік; жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер; судың тым тапшылығы; жаһандық энергетикалық қауіпсіздік; табиғи ресурстардың сарқылуы; Үшінші индустриялық революция; үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық; өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы; жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі. 
ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатеріне Қазақстанның жауабы – ел дамуының 7 басымдығы: жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген жалпы қамтитын экономикалық прагматизм; ұлттық экономикамыздың жетекші күші – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау; әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік; білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары; мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту; дәйекті де болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту; жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі. 
Қазақстан халқы Ассамблеясы, еліміздің әр азаматының тағдырына қатыстылығы бар Жолдаудың негізгі бағыттарын толығымен қолдайды. 
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқы алдына «Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс» деген ұлы міндетті қойып отыр. 
Бұл биік межеге жету үшін бізде барлығы бар – білікті де білімді мамандар, қажетті қор, саяси жігер. 
Біз Елбасының экономика, саясат және әлеуметтік саладағы барлық маңызды инновацияларын қолдаймыз: 92%-дай әкімдердің сайлануы – бұл халық пен биліктің бірлігін, жергілікті жердегі халықтық биліктің негізін көрсетеді! 
Бүгін Елбасымен бірге Отанымыз Қазақстанның дамуы мен гүлденуін, елдің бірлігін таңдаған Қазақстан халқы өзінің болашағына деген сенім мен кемел келешекті таңдады. 
Қазақстан халқы Ассамблеясы, жаңа қазақстандық патриотизм біздің көпэтносты және көп дінді қоғамымыздың жемісті жетістіктерінің негізі болады деп сенеді. 
Қазақстан халқының бірлігі, мемлекеттік тіл, барлық азаматтардың тең құқылы болуы және барлығымыздың Отанымыз алдындағы жауапкершілік еліміздің және халқымыздың ХХІ ғасырдағы алға шығуының алғышарты екенін білеміз. 
Елбасының «Біз тең мүмкіндіктер қоғамын, бәрі заң алдында бірдей болатын қоғамды құрудамыз» деген ойы – Қазақстан халқының мызғымас бірлігінің беріктігін көрсетеді деп санаймыз. 
Біз Нұрсұлтан Әбішұлының жалпықазақстандық сәйкестікті қалыптастыру туралы ұранын – халқымыздың тарихи санасының негізі мен мемлекеттік тілді біздің дамып келе жатқан азаматтық қоғамның ұйыстырушы негізі ретінде дамыту деп білеміз және қолдаймыз. 
Біз Қазақстан халқын өзімізге тән – табандылық, талапкерлік, еңбексүйгіштік және мақсаткерлік сияқты жақсы жақтарымызбен танылып, еліміз үшін аянбай еңбектенуге шақырамыз. 
 Қазақстан халқы Ассамблеясы 
Астана қаласы, 14 желтоқсан, 2012 жыл

 

 

 

 

 

33 жылдың міндеті – 15 жылда

Мен Елбасымыздың Жолдауымен Интернет ресурстары арқылы таныстым. Президент   Н.Назарбаев «Біздің ең басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру. Бізде ол үшін мүмкіншілік те, ресурс та, білімді адамдар да, берекелі ұлт та бар», дей келе, еліміздің 2050 жылға дейінгі Стратегиясының негізгі ережелерін жан-жақты баяндап беріпті. 
Шынында, «Қазақстан-2030» Стратегиясын 15 жылда орындаған еліміздің әлеуеті өте зор. Бұл туралы Елбасы: «2030 Стратегиясында біз экономикалық өсім туралы айтып едік. 15 жыл ішінде ұлттық экономика ауқымы 1,7 трлн. теңгеден 28 трлн. теңгеге 2011 жылы жетті. Өсім 16 еседен астамды құрады. Ішкі жалпы өнім үлесі 7 есеге артып, 12 мың долларға жетті. Біздің экономикамызға 160 млрд. доллар шетелдік инвестиция тартылды. Бұл – Орталық Азия өңіріндегі ең үлкен инвестиция», деді. 
Сондай-ақ, еліміздің алтын-валюта резерві, Ұлттық қорды қоса алғанда, 87 млрд. долларды құрап, ІЖӨ-нің 40 пайызына жетіп отыр. Сондықтан біз, яғни Қазақ еліндегі украин этносының өкілдері Президенттің: «Алты жыл бұрын мен әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіру туралы тапсырма жүктедім. 2012 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның бағалауы бойынша Қазақстан 51-орынға енді. Біз өз межеміздің табалдырығында тұрмыз. Ал экономиканың ауқымы бойынша 2012 жылдың қорытындысында біз әлемнің қуатты 50 экономикасына кіреміз», деген сөзіне сенемін. 
Иә, Елбасы осыдан 15 жыл бұрын «Қазақстан -2030» Стратегиясын қабылдаған болатын. Осы жылдар ішінде аталмыш құжат еліміздің экономикалық дамуының темірқазығына айналды. Яғни, тәуелсіз жас мемлекетті басты бағытынан адастырмайтын сенімді құжат болды. 
Қарапайым арифметика 2030-дан 1997-ні алсаңыз 33 болады дейді. Бұл цифр 33 жылға жоспарланған міндетті Қазақстанның бірлігі мен тірлігі жарасқан халқы 15 жылдың ішінде орындап шыққанын көрсетеді. Сондықтан мен «Қазақстан-2050» Стратегиясының толағай табысын да көріп, төңірекке қуана көз тастайтын күн де алыс емес деп білемін. 
Федор КЛИМЕНКО, 
Жамбыл облысындағы украин 
этномәдени бірлестігінің төрағасы. 
Жамбыл облысы.

Біздің болашақ бағыт-бағдарымызды айқындап берді

Ендігі  бізден талап етілетіні – елдік  мұраттарға адал болып, Елбасымен бірге  барлық кедергілерді бағындыру, стратегияда  көрсетілген әрбір тармақты мұқият жүзеге асыру. Қазақстан халқы осы  қалпында бірлігінен айнымаса ол міндеттердің барлығы «Қазақстан-2030» бағдарламасы сияқты мерзімінен бұрын орындалатынына сеніміміз кәміл. 
Біздің еліміз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы аса күрделі кезеңдегі шешімін табуы мүмкін еместей көрінген қиыншылықтарды да жеңе білген. Ендеше, қазіргідей жаңғыру кезеңін бастан өткеріп, дамудың жаңа даңғылына түскен Қазақстан үшін қандай биік мақсаттар болса да қорқынышты емес. 
Барша қазақстандықтардың жүрегіне жасампаздық рух орнаған. Осы рухты аласартпай, біз әлі талай биіктерді бағындыра береміз. Біз Елбасымен біргеміз. 
Мурат ТОХТИБАКАЕВ, 
Қазақстан ұйғырлары республикалық мәдени орталығы филиалының төрағасы. 
Астана.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы «Қазақстан-2030» Стратегиясының заңды жалғасы

Халық жаңа Стратегияны – «Қазақстан-2050»  Стратегиясын қуанышпен қабыл алды. Бұл стратегия біздің бүгінгі шыққан биігіміз тұрғысынан заманның өзі сұраныс танытып отырған қажеттілік. 
Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттің аяқ алысын жақсы білетін жан алысты көздейтін стратегиялық бағдардың ауадай қажеттігін түсінеді. «Қазақстан-2030» Стратегиясында көздеген межелердің көпшілігіне жеткен соң одан да биік мақсаттарға қол созу заңды құбылыс. 
Сондықтан, Елбасы да атап өткендей, бүгінгі «Қазақстан-2050» Стратегиясы кешегі «Қазақстан-2030» бағдарламасының логикалық жалғасы деп білемін. 
Шакир ХАХАЗОВ, 
«Дүнген этномәдени орталықтары ассоциациясы» ҚБ басқармасының мүшесі.

Бірлігіміз – ең асыл қасиет

Елбасы  ұлы істерге бастап келеді. Тәуелсіздігін  алып, тәй-тәй басқан мемлекетіміз алдына асқақ мақсат қойып, «Қазақстан-2030»  Стратегиялық даму бағдарламасын жасаған  кезінде көптеген адам оған күдікпен қарап еді. Міне, дамудың даңғыл жолына түскен Тәуелсіз қазақ еліміз белгіленген межеге уақытынан бұрын жетіп алды. Азаттықтың 21 жылында алға қойған міндеттердің барлығы орындалды. Енді Елбасымыз 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасын жария етті. 
Бұл жолғы ел иығына артылып отырған жүк те жеңіл емес. «2050 жылға қарай Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына кіруі керек», деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Нақты тапсырма берілді. Ендігі жерде жұрт болып жұмылып, ұлт болып ұйысып, халық болып топтасып, осы міндетті абыроймен атқарып шығу қажет. Оның орындалатыны да анық. Өйткені, Елбасымыз Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміздің жаңа дәуірлерге жол ашуын тілеп, 21 ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенетінін айтты. 
Биылғы Жолдауда қазақ тілінің жағдайына да басымдық берілді. Елбасы осыдан біраз бұрын айтқан, әрбір тіл жанашырының нақылына айналған «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген қастерлі сөзін тағы бір мәрте қайталады. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде екенін қадап тұрып айтты. Сонымен қатар, алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды табандылықпен жүзеге асыру жалғаса беретінін жеткізді. Ал ең басты жаңалық – 2025 жылы қазақ тілі латын қарпіне көшетін болады. Мұны да Елбасы мәртебелі мінберде тұрып мәлім етті. Сондай-ақ, оған дейін уақыт бар демей, латын қарпіне көшу жұмысының алғышарттарын бүгіннен бастау керектігін ескертті. «Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпарат тіліне айналдырады. Терминология мәселесінде де қолға алатын істер баршылық», деді Елбасы. 
Біздің басты құндылығымыз – бірлік. Ел бірлігі – ең асыл қасиет! Сондықтан алдымен қазақ арасында бірліктің басым болуы керектігін ескертті Елбасы. «Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы», деді Президент. Осы тәмсілге салсақ, Қазақстандағы 130 ұлт пен ұлыстың да тамыры бір. Түбі – адам. Ал туған жеріміз біреу – ол қастерлі Қазақстан! 
Гүлчим ГЕЙДАРОВА, 
Қызылорда облыстық түрік этномәдени бірлестігінің төрайымы.

 

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат Мемлекет басшысы - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанада 2012 жылғы 14 желтоқсанда елордадағы жаңа опера және балет театрында ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыстың барысында сөйлеген Қазақстан  халқына Жолдауының мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасының  Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»  стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің  жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан  халқына Жолдауы  

 

«Қазақстан-2050»  стратегиясы

қалыптасқан мемлекеттің  жаңа саяси бағыты 

 

Дәл 15 жыл бұрын біз Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі  стратегиясын қабылдадық.

Бұл 1997 жыл - кеңестік кезеңнен кейінгі бей-берекеттік түбегейлі еңсерілмеген, дағдарыс Оңтүстік-Шығыс Азияны және басқа да кейбір нарықтарды сансыратқан кезең болатын. Бізге де аса қиын соқты.

Осы жылдар ішінде біздің Стратегиямыз  басты мақсатымыздан ауытқымай, шамшырақ сияқты біздің жолымызға сәуле шашып, алға басуға жігерлендірді.

1997 жыл естеріңізде ме?

Парламентте мен сөз сөйлегеннен кейін  абдырау мен абыржу болды.

Көпшілік: «Бұл не - насихат па? Әлде аспаннан түскен нәрсе ме?»  деп сауал қойып жатты.

Сол кезде алға қойған міндеттер соншалықты асқақ болып көрінетін.

Дегенмен  «көз қорқақ, қол батыр» дейді ғой.

Біздің  алдымызда оқиғалар барысына өзгеріс енгізу сияқты ауқымды міндет тұрды. Жаңа елдің іргесін қалау керек болды.

Ол  міндетті шешу үшін  біз үш бірдей жаңғырту жүргізуге тиіс едік: мемлекеттің іргесін қалау мен нарықтық экономикада серпіліс жасау, әлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалау, қоғамдық сананы қайта өзгерту. Біз өзіндік  жолымызды айқындауға тиіс едік. Бұл жол Қазақстан-2030 Стратегиясында белгіленген болатын. Бұл құжат стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді пайымдаған,   көзқарасымыздағы  маңызды серпіліс болды.

Халық нақылында айтылғандай: «Мақсат - жетістіктің желкені». Орынды мақсаттар ғана табысқа жеткізеді.

Бүгін дұрыс таңдау жасағанымыз туралы айту мен үшін үлкен абырой. 2008-2009 жылдардағы жаһандық дағдарыс осыны айғақтады.

Қазақстан оған төтеп берді. Дағдарыс жетістіктерімізді сетінете алған жоқ, бізді қуатты ете түсті.

Біз таңдаған ел дамуының саяси, әлеуметтік-экономикалық және сыртқы саяси үлгісі өз тиімділігін дәлелдеді. 

Қуатты да табысты мемлекет 

Біздің  басты жетістігіміз - тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз.

Біз шекарамызды заңдық тұрғыдан ресімдедік. Елдің тұтастандырылған экономикалық кеңістігін құрдық. Елде өндірістік байланыстарды қайтадан орнықтырып, нығайттық. Бүгінде барлық өңірлер бір-бірімен ажырағысыз байланыста жұмыс істейді.

Информация о работе Стратегия 2030