Қазіргі кездегі Жапония мен Қытай дипломатиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2011 в 19:17, курсовая работа

Краткое описание

Жапонияның дипломатиялық қызметі мемлекеттік институт сияқты «Мэйдзиді қалпына келтіру» 1868ж. - ірі әлеуметтік қайта құру екі жарым ғасыр бойы созылған Жапонияның өзін-өзі басқа әлемнен және елдегі тездетілген демократиялық қайта құрудан оңашалау кезінен кейін қалыптаса бастады. Бастапқыда Майдзи императорының үкіметі кезінде «Сыртқы саясат сұрақтары бойынша канцелярия» пайда болды. Ал 1869 жылы елде алты министрлік құрылды, оның бірі Шетелдік министрлігінің жұмысы.

Файлы: 1 файл

Жапония Дикс Курсовой.doc

— 139.00 Кб (Скачать)

   Осы мақаламен байланысты Жапонияның СІМ – гі Жапония үкіметі атынан шетел мемлекеттерінің үкіметімен келіссөздер жүргізуге, халықаралық ұйымдар мен халықаралық конференцияларға қатысуға, дипломатиялық тағайындауға байланысты сенім, шақыру және басқа да дипломатиялық грамоталарын дайындауға және алмасуға уәкілдік алды [1, c. 223].

  СІМ – нің қызмет бабы өрісінде халықаралық келісімшарт пен келісімдердің және олардың түсіндірілуі мен орындалуының қорытындысы жазылған.

   Жапондық заң шығаруға байланысты, Жапондық мемлекеттік ведомстваның ішінен тек СІМ – не ғана шетелдік мемлекеттік ведомстваларымен келісімшарт жасасып, келісімге келуге құқылы болды. Басқа жапондық министрліктер ондай құқыққа ие болмады.

   СІМ – не экономикалық қарым – қатынасының дамуы және Жапонияның шетелдегі капитал жұмсауын қорғау сұрақтарын қарастыру тапсырылған.

   XX ғасырдың екінші жартысында  түгелдей көрсетілген жағдайлар  Жапонияның шетелдер министрінің  басты қызметі болып табылды.

   Қазіргі кезде СІМ мызғымас мемлекеттік құррылым болып табылады. Мұнда тарихи мәдениетті аса қатты бағалайды. СІМ – де жанұялық династияның біршамасы бар. Көптеген протоколдық салтанаттар, сонымен қоса имперарордың қатысуымен де бұрынғы түрінде көптеген жылдар бойы сақталып келеді [8]

   Жапонияның СІМ – нің беделіне куә ретінде 2001 жылдың 6 январьда мемлекеттік аппараттың ірі әкімшілік реформасының жүргізілуіне қарамастан аз ғана өзгеріске ұшырады.

   1999 жылдың16июльінде Жапонияның СІМ – нің жаңа басылымы қабылданды. Заң қысқарақ және Жапонияның қазіргі сыртқы саяси қызметінің екінші әлемдік экономикалық держава екендігі, халықаралық жәрдемдесуде маңызды саяси беделге ие екендігі көрсетілді.

   Заң 4 бөлімнен және 13 баптан тұрады.

   Бірінші бөлімде заңның мақсаттарына байланысты ортақ жағдайы көрсетілген. Олар сол қалыпта қалды – міндеттерін, қызмет бабы өрісін және ұйымдастырушылық құрылымын анықтау. Ол олардың орындалуына қажетілігінен туындайды.

   Екінші бөлімде СІМ – нің «міндеттері мен ведомствалық қызметі»туралы айтылады.

   СІМ – нің міндеттеріне (3 бет) «қолайлы халықаралық жағдай тудыру мақсатында маңызды және белсенді қимылдар жасау, бірқалыпты және қауіпсіз әлемдік бірлестік құруға көмектесіп, сонымен қатар баланс жасасқан халықаралық байланысты қолдау және дамыту, Жапонияның назарын алға жылжытуға талпыну және жапон халқының әлемдік жәрдемдесуде маңызын арттыру».

   Басқа кезекте министрліктің  «ведомствалық қызметі» көрсетілген  (4 бет).

   Алдымен Жапонияның сыртқы саясаттағы  приоритеттері қалыптасқан.

  • Жапон мемлекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • сыртқы саяси байланыстар;
  • экономикалық қарым – қатынас;
  • халықаралық мәдени және басқа да айырбастар.

     СІМ-нің бұрынғы қызметтері, халықаралық ұйымдар мен конференцияларға қатысу, келісімдерге келу, оларды баяндау және орындау, сыртқы саяси ақпараттарды жинау және анализ жасау, шетелдік мемлекеттер және ұйымдар туралы тергеу жүргізу, Жапонияның экономикалық назарын қорғау және алға жылжыту, визалық және консулдық қызмет, әр түрлі протоколдық жіне архивтік сұрақтар.

   Заңның үшінші бөлімі министрліктің  ұйымдастыру структурасына арналады. Министрлікте министрден басқа  оның екі көмекшісі және протокол  шефі болуы тиіс. Министрдің бір  көмекшісі саяси, ал екіншісі  экономикалық сұрақтарды қарастырады. Протокол шефінің беделі Жапонияға шетел мемлекеттерінің басшылары және басқа да жоғары қойылған делегациялардың келуімен байланысты өткізілетін кең ауқымды ресми шараларда басымырақ болады. Министрліктің басқа бөлімшелерінің  штаттық структурасы ортақ заң шығарушылық жағдайдың негізінде қаланады. Ол Жапонияның мемлекеттік қызметін түгелдей басқарады [7, c. 97].

       Содан басқа үшінші бөлімде жапондық шекаралық бөлімшеге байланысты баптар жазылған.

   Оларға елшілік, миссия, консулдық  және үкімет өкілдері, бас консулдықтар жатады. Заңның 9 бабы бойынша олардың басшысы болып төтенше және толық правалы елшілер, төтенше және толық правалы уәкіл, бас консулдар, консулдар төтенше және толық правалы елшілер рангінде.

   Заңның төртінші бөлімінің 13 бабында беделді бас консулдар мен беделді консулдар туралы айтылады. Оларды керек кезде Жапонияның шетелдер жұмысының министрі тағайындайды және қжетті артықшылықтармен қамтамасыз етеді. Шетелдер жұмысының министрі Жапонияның шетелдермен қатынасын орнатуда негізгі қызмет атқарады. СІМ-не жоғарыда айтылғандай, елдің сыртқы саяси бағытын жүзеге асыру қызметі, сыртқы экономикалық дипломатия өткізу, сонымен қатар Жапонияның шетел мемлекеттерімен мәдени, гуманитарлық және де басқа салада қатынасын дамыту. Қай салада болмасын (саясат, эконмика, ғылым, техника, қоршаған ортаны қорғау және т.б.) шетелдермен келісілген әрбір келісім және Жапонияның халықарадық келісімдерін құрастыру жапон заң шығарушылығымен келісіліп шетелдер жұмысының министрі қолымен ғана бекітіледі. Шетел азаматтарының да жапондықтардың өздерінің де Жапонияға круі және шығуы СІМ-нің бақылауымен өтеді. Шетел азаматтарына бақылау виза беру арқылы қадағаланады, ал жапон азаматтарын шекаралық паспорт беру тәртібі арқылы қадағалайды.

   Көрсетілген заң шығарушылықты нақты жағдайды белгілеу арқылы жүзеге асырады, бірақ олардың түпкі компоненттері өзгеріссіз қалып отырады [5]

    

1.2 Жапонияның СІМ- нің құрылымы.

   Жапонияның СІМ-де Жапонияның мемлекеттік басқаруында қабылданған үш сатылы ұйымдық структура: министр   -    департамент   -    бөлім.

   Жапониядағы министрлік саты  саяси сатымен өлшенеді, өйткені  соңғы он жылда кадрлық дипломатқа  емес, басқарушы партияның мүшесі  және парламент депутаты болып  табылатын атақты саясаткерді  министр қызметіне тәжірибе арқылы ұсынады. Осы сатыда өкіметтің сыртқы саяси сұрақтар бойынша шешімдер, кадрлық ұсыныстар және басқа да ведомствалық шешімдер орнатылады [11, c. 297].

   Министр парламент депутаты секілді  өзінің графигін парламенттік сессияменкелісіп жасауы тиіс, парламент палатасының отырыстарына, басшы жиналыстарында және өзінің саяси партиясының сыртқы саяси структурасына қатысуы тиіс.Бұл оның сыртқы ведомствалық басқаруына қатысуын шектейді.Министрлікпен саяси билікті парламент депутаттары, олар «парламенттік көмекшілер» постында, жүзеге асыруға көмектеседі. 2001 жылдан  бастап бұл посттар екі категорияға бөліне бастады – «статс-секретарьлар» және «парламент секретарьлары».

   СІМ-де екі статс-хатшы жұмыс атқарады. Олар министрдің елдегі болмауы кезінде және шешім қабылдау үрдісіне қатысуы мүмкін. Үш парламенттік хатшы бар. Олар министрдің орнына парламенттік комиссия отырысына қатысуға, депутатардың сұрақтарына жауап қайтара алады. Олар министрдің өтініші бойынша нақты саяси сұрақтар бойынша министрге кеңес береді.

   Ішкі ведомствалық басқаруда  СІМ-нің бірінші хатшысы басты рөл атқарады. Бұл мансапты дипломаттың ең жоғарғы дәрежесі. Министрдің нақтылауын қажет ететін барлық қызметтік сұрақтар соның қолынан өтеді. Одан басқа ол министрлер кабинеті отырысының қарсаңында өткізілетін министрлердің бірінші орынбасарының арнайы отырысында үкіметтік шешімдер жобасын келісуге қатысады [6, c. 119].

   Сыртқы саяси шешімнің мазмұнды  бөлімін СІМ-нің екі кадрлықхатшысы енгізеді. Олар саяси және экономикалық сұрақтарды қарастырады.

   Министрлікті ортақ басқаруға  байланысты сұрақтарды қарастырумен  министрлік секретариаты айналысады. Оған кадрлық бөлім, ақпараттық  байланыс бөлімі, бухгалтерлік есептеу  бөлімі, шекаралық бөлімшелер бөлімі  бойынша сұрақтар, бұқаралық ақпарат  құралдары бөлімі және басқа да бөлімдерге байланысты сұрақтар кіреді [9, c. 105].

   Министр секретариаты министрдің  бас департаменті қызметін атқарады. Басқа департаменттер СІМ-нің екінші дәрежедегі ұйымдастырушылық құрылымын құрайды. Оның әрқайсысы Жапонияның сыртқы саясатына нақты бағыт береді – территориалдық немесе функционалдық, осы аймақтың шегін ойластырады және жүзеге асырады. Территориалдық департаментке Солтүстік Америка департаменті, Европа департаменті, Азиялық-Тынықмұхиттық аймақ департаменті және т.б. Функционалдыққа – ортақ сыртқы саяси мәселелер департаменті, келісім департаменті, экономикалық байланыс департаменті және т.б.

   Департаментті бас директор басқарады.  Ол сыртқы саяси шешімдердің  маңызды бөлімін дайындауға жауапты,  департаменттің жобасын дайындаудағы шешімін сендіру және оларды министр хатшысына таныстырады. Ерекше жағдайларда бас директор сұрақтың мазмұнын елдің министріне немесе премьер-министріне баяндайды. Бас директордың, ереже бойынша, бір немесе екі хатшысы болады. Олардың әрқайсысы нақты бір елмен, аймақпен және департамент компетенциясының шегі ұйымдары мен сұрақтарына жауап береді. Европа департаментінің бас директорының хатшысы Ресеймен қарым-қатынасын қадағалайды [1]

   Министрліктің ұйымдастырушылық  басқармасының бірінші және үшінші дәрежесі бөлім болып табылады. Бұл негізгі идеялардың, жобалардың және нақты шетел мемлекеттерімен проблематикалық қатынастарының жобалары мен мәлімдемелерінің, мемлекеттік топтар, қабылданған аймақтағы мерекелердің басты ұста дүкені. Бұл жерде шетел серіктестерімен туындаған сұрақтар бойынша жұмыс келісімдері жасалынады. Бөлім басқарушысы тәжірибе бойынша күнделікті істердің жүзеге асуымен қатар қабылданған аймақтағв саяси концепцияны құрастыруға да жауапты. Кей күндері оны министр немесе премьер-министр концеляриясына баяндама жасауға шақырылы мүмкін. Әр бөлім басшысының ереже бойынша бір хатшысы және бірнеше бөлім қызметкерлерінен көмекшілері болады. Қызметкерлердің біреуі бөлімдегі «ортақ координатор» болып тағайындалады [11, c. 268]. 
 

1.3 Кадрлық сұрақтар және қойылған міндеттердің орындалуы

                                                Кадрлық сұрақтар

  Кадрлық  сұрақтар Жапонияның СІМ де  тәртіпке салынған және тұрақты  жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды  орын аоады. Кадрлық саясат  бірқатар ұстанымдар негізінде жүзеге асады, олардың жүзеге асырылуын мемлекеттік қызмет өрісін басқаратын орган ретінде, сонымен қатар министрліктің өзіндегі кадрлық қызмет ретінде Кадрлық агенттік қадағалайды. Бұған қарамастан мұнда сұрақтарды шектен тыс басқаруды орынды деп санайды, министрлік коллективі үлкен саяси ағза ретінде өзін өзі ұйымдастыру тенденциясын иемденуден шығады.

   Бірінші орында көңілді жұмысқа  жалдау сұрақтарына бөледі. Бұл  жердегі басты ұстаным – ортақ мемлекеттік экзамен өткізу. Оның талаптары жоғары және Токияның, Кэйоның және Токиялық шет тілдер институты және т.б. орталық университеттедегі үздік студенттерге бағытталған.Кадрлық таңдау және қайтадан қабылданған қызметкерлердің болашақтағы қызмет бойынша алға жылжуы меритократиялық мінезге ие болады, басқаша айтқанда, олардың білімі мен қабілеттілігінің дәрежесін ескереді. Экзамен екі категория бойынша тапсырылады: дипломатиялық қызметке қабылдау үшін жоғарғы квалификациядағы экзамен (немесе мансапты дипломат ретінде қабылдауға экзамен) және СІМ не қызметкер- маман ретінде қабылдау экзамені [6, c. 232].

   Барлық қызметкерлерге бірдей  штаттық қызмет торы және еңбек  жалақысы орнатылған. Онымен жұмыста  үлкен нәтижеге жеткен адам  ғана жоғары көтеріледі.Баға беру  нітижесінің әдісі әрқашан жоғары сатыға көтеріледі. Олар сандық және сапалық көрсеткіштерін ескереді.Жапонияда осы сұрақтарды бақылау, министрлікте арнайы бөлім құруды қадағалайды, бұл үшін арнайы заңшығарушылық жағдай қабылданған. Үлкен мағына олардың творчествалық поиенциалының ең үлкен ашылуына ықпал ететін қызметкерлердің кадрлық ротациясының ұстанымына беріледі.

   Кадрлық айырбас министрліктің  ішіндегі бөлімшелерінде ғана  емес, әртүрлі министрліктер арасында, оның ішінде СІМ мен қорғаныс  басқаруымен, Экономика министрлігімен, сауду және өнеркәсіп, қаржы министрлігімен және т.б. 2000 жылы өз күшіне енген арнайы заңға сәйкес СІМ және үкіметтік емес ұйымдар белгілі бір уақыт тәжірибесіне қызметкерлерімен алмаса алады, ол ортақ шаралар мен жоспарларды тиімді үйлестіре алады [9, c. 54].

   Жапонияның СІМ де мамандықты  көтарудің комплекстік тәртібі  бар. Қызметкерлердің әр түрлі  курстары арнайы жапондық мемлекеттік  қызметкерлердің квалификациясын  көтеру, ал шетелдерде жетекші  мемлекеттердің оқу ортасының  келісімімен (США, Великобритания  және т.б.) жүргізіледі.

      Орталық аппараттағы қызмеикрлердің мезгілдік жіне жобалық қысқаруы нәтижесінде министрлікте арнайы запастағы «пул» бар. Қызметкерлер уақытша СІМ не тәуелді басқа ұйымда , оның ішінде халықаралық мәселелер институтында (ғылыми зерттеулер), Жапондық халақаралық байланыс ұйымында (экономикалық, техникалық және басқа да байланыстар жобасы), Жапондық фондта (мәдени және гуманитарлық қарым - қатынас) болады, ал одан кейін министрлікке қайта оралады.

Информация о работе Қазіргі кездегі Жапония мен Қытай дипломатиясы