Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 20:57, курсовая работа
Зерттеудің пәні: Араб - Израиль қақтығысы.
Зерттеу мақсат міндеті. Араб - Израиль қақтығысының жалпы сипатын анықтап,ғылыми түрде талдау. Қақтығысты зерттеудің тарихи маңызын ашып көрсету, қақтыгысты зерттей отырып, шынайы түрде баға беру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі таңға дейін осы қақтығыс жайлы жазылған еңбектер мен шығармалар саны мыңнан асады. Соңғы уақытта шығыс
мұсыдмандарымен қоғамдық және саяси өміріне арналған бірқатар еңбектер жарыққа шықты. Бұл еңбектердің авторлары А.И. Ионова, З.И. Левина,Г.В.Милославски И.Р.Полонской,.Т.Степанянц,Л.Р.Сюкияйнена,
және т.б.
Яғни бұл еңбектерде қазіргі жаңа замандағы мұсылман әлеміндегі әлеумегтік - зкономикалық және саяси қайшылықтар қамтылған.
Сол арқылы армяндардың қырғынын ресми мойындату, Түркиядан басқа елдерге көшiп кеткен армяндар мен гректерге компенсация төлеткiзу, Кипрдi Грекияға қосу, Солтүстiк Кипрдегi түрiктердi жою және Түркияның iшiнен Күрдiстан сияқты мемлекет құру. Осылайша дипломатиялық тұрғыдан Түркияны әлсiрету. Келесi бiр мәселе – өркениеттер қақтығысы сценарийi. Данияда жасалған карикатуралар жалғасын Норвегия, Франция, Германия, Италия сияқты мемлекеттерде тапқан. Айталық, Дания билiгi немесе газет басшылығы қателескен екен. Бiрақ басқа мемлекеттердiң бәрi бiрдей қателестi деуге болады.
Мұсылман халқының наразылығы өршiп тұрғанда, оны одан ары ушықтырудың жолдары болады. Ливия, Сирия, Сауд Арабиясы, Кувейт сияқты мемлекеттер Даниядағы елшiлiктерiн жауып тастады. Елшiлерiн қайтарып алып жатқандар да бар. Олардың тауарларына бойкот жарияланып жатыр. Мұның барлығы Батыстың бiр ғана мақсат төңiрегiнде ұйымдасқандығын көрсетедi.
Олардың Самуил Хантингтон, Францис Фукаяма сияқты атақты стратегтерi, идеологтары: «Келешекте исламнан қауiп туады, мұсылмандар көбейiп, жер жүзiн басып алады. Олар бiзге кейiн күн көрсетпейдi, маза бермейдi. өркениеттер арасында қатты қақтығыс болады. Бiз осыған дайын болуымыз керек», деген ойларын бұрыннан-ақ айтып келе жатыр. Мұнда Батыстың кейбiр күштерi әдейi бiр сынақ жасап жатқандай. Осындай әрекеттер арқылы мұсылмандардың тамырын басып көру, қандай реакция беретiнiн, ауызбiршiлiгi мен қарсылығын байқап көру тұрған сияқты.
Қарсылық дегенде, мәлiмдеме жасау, экономикалық немесе саяси қарсылық, тiптi қарулы қақтығыс, шеру, т.б. байқау. Тағы бiр мақсаты ислам әлемiнiң бүгiнгi экономикалық салмақ дәрежесiн өлшеу. Екiншi бiр мақсаты - мұсылмандарды агрессивтi, ашушаң, төбелескiш етiп көрсету. Менiң таң қалатыным осындай бұзақы әрекеттi көре тұра неге бiрде-бiр Еуропа мемлекеттерiнiң басшысы ешқандай мәлiмдеме жасамады.
Еуропадағы, Америкадағы протестант көсемдерi мәлiмдеме жасамады. Сонда бұлардың бiр газетке шамаларының жетпегенi ме. Дания премьерi «бiз газет жұмысына араласа алмаймыз» дегендi айтады. Бұған қалай сенуге болады. Себебi, экономикасына қаншама нұқсан келiп, мемлекеттiң iшкi тыныштығы шайқалып жатқанда, ештеңе iстей алмаймыз дегенiне сенбеймiн.
Еуропаның басқа мемлекеттерiне де күдiкпен қараймын. Олар Данияны, газеттi айыптаудың орнына, мұсылмандарға «сабырлы болыңыздар!», «Адам құқығын, баспасөз еркiндiгiн құрметтеңiздер!» - деп, көлгiрсидi. Бұл - әжуалау, мүсiркеу кiмге керек. Ислам дiнi - ең мейiрiмдi де кешiрiмдi, таза дiн. Сондықтан, мұсылмандар ешқашан да басқа дiнге немесе олардың пайғамбарларына тiл тигiзбейдi. Мәселен, бiз Иса пайғамбарға ешқашан тiл тигiзбеймiз. Себебi, бiз оған иман етемiз. Ол - бiздiң де пайғамбарымыз. Мiне, осылайша, бiз барлық пайғамбарларды иман етемiз. Бұлай етуiмiз - шарт, және Аллаһ Тағала тарапынан жiберiлген барлық кiтаптарға иман етуiмiз - шарт. Бүгiнде көптеген мұсылман елдерiнде Дания өндiрген өнiмдерге бойкот жарияланды. Оны бiздiң елдiң де мұсылмандары қолдауы тиiс. Бұл оқиғаға мұсылман елдерiнiң басшылары да өз наразылықтарын бiлдiруде. Араб лигасының Бас хатшысы Амр Муса араб лигасын төтенше жиналысқа шақырды. Ислам конфренциясы ұйымының бас хатшысы Е. Ихсанұғлы ислам конференциясы ұйымын басқосуға шақырды. Бұл бiр жағынан қарағанда, мұсылмандардың сана-сезiмiн оятқан, оң нәтиже берген оқиға болды. Оның үстiне мұсылмандардың батыстық «сөз бостандығы, баспасөз еркiндiгi, демократия» деген сияқты ұрандардың өтiрiк екендiгiне көздерi жеттi. Олар бұл айтылғандардың бәрi тек батыстың мүддесiне арналғандығын, олардың ислам әлемiнiң құндылықтарын сыйламайтындығын көрдi [16].
Демек, қорыта айтқанда бұл оқиға миллиондаған мұсылмандардың санасын оятқан оқиға. Қазақстандағы мұсылмандарға Пайғамбарымызды құрметтеуiмiз керек және қарсылық реакцияларымызды елiмiздiң заңдарына сүйене отырып, саналы түрде бiлдiруiмiз керек дегiм келедi. Түрлi арандатушылыққа жол бермеу керек және айтаққа iлесiп кетпеу үшiн сындарлы да сабырлы ой-пiкiр айтылуы қажет [17].
3 Қазaқстан республикасының осы мәселедегі позициясы және шешу жолдары
Таяу Шығыстағы түйткілдің «төбесі» араб-израиль қақтығысы екендігі мәлім. Осы мәселе бойынша Қазақстан түйткілдің бейбіт жолмен реттелуін қолдайды. Сонымен қатар еліміз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарарына сәйкес Израиль басып алған Голан жоталарының Сирияға қайтарылуын жақтайды. Соған сай еліміздің ұстанымы бойынша Сирия мен Израиль арасындағы осыған қатысты келіссөз қайтадан басталуы керек. Бұл – Сирияның ғана емес, сонымен бірге Израильдің де қауіпсіздігінің бір кепілі болып табылады. Азия елдері арасындағы араздық пен келіспеушіліктің қандай түрі болса да келісіммен, келемен шешілгені абзал. Еліміздің ұстанатын бағыты – осындай. Сол орайда Қазақстан Сирияның да АӨСШК шараларына атсалысқанын жөн санайды.
Екіжақты қарым-қатынас тұрғысынан алғанда, арадағы сауданы қыздырып, қарсы инвестиция мәселесінде де кезегін күткен шаруалар баршылық. Өткен жылы екі ел арасындағы сауда айналымының бар болғаны 16 миллион доллардан асып жығылуы арада игерілмеген асулардың алда екендігін аңғартады. Сондықтан Елбасының Шам сапарымен қарайлас үкіметаралық комиссия құру көзделуде [18]. Біздің еліміз Сирияға металлургия, ауылшаруашылығы, мал шаруашылығы, мұнай-химия өнімдерін экспорттауды ұсынып отыр. Сирияда Қазақстан астығына арналған қойма салу да ойда бар. Жеңіл өнеркәсіп саласында да бірлесіп игеретін жобалар баршылық. Бұл мәселелер Елбасының осы сапары барысында өткізілмек Қазақстан– Сирия Іскерлік кеңесінің алғашқы отырысында қарастырылмақшы. Мұндайда Сирияның өз экономикасын либерализациялауға бет бұруы да қуантарлық жайт.
Мәдениет саласындағы ынтымақтастық екі ел арасын жақындатуда өзіндік маңызға ие екені белгілі. Сондайда Қазақстанның Шам жерінен топырақ бұйырған Әбу Нәсір Әл-Фараби атында этномәдени орталықтың салынуына және Сұлтан Бейбарыс кесенесінің қайта жөнделуіне ұйытқы болуы да екі ел байланысын нығайта түспек [19].
Елбасының ежелгі Шам еліне тұңғыш рет сапарлауы екіжақты қатынас тұрғысынан алғанда мәдени, экономикалық және саяси сипатқа ие болса, аймақ дәрежесінде саяси байланысты ілгері дамытуға ұйытқы болатындығында сөз жоқ. Сондықтан бұл ежелгі Отырар мен Шам арасын жақындататын тарихи сапар болып табылады.
Араб – Израиль қақтығысы пайда болғаннан бастап қазірге дейін оған қатысты АҚШ саясаты біржақты болып келеді. АҚШ теке-тірес барысында Израильге саяси –дипломатиялық әдістермен, әскери, қаржылай және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі құқығын пайдаланып жан-жақты көмек көрсетіп келеді.
АҚШ президенті Д.Буштың ұсынуымен жасалған «Жол картасы» жоспары Араб-Израиль теке-тіресін бейбіт саяси жолмен шешуге бағытталған. Бұл жоспар бойынша бейбітшілікке жетудің алғашқы қадамы ретінде палестиндіктер жаңа демократиялық-саяси басшылық, демократиялық-саяси институттар қалыптастырып, террористік актілерді толық тоқтатуы тиіс. Ал Израиль палестиндіктер жерінде еврей қоныстарын салуды, әскери күш қолдануды доғарып, босқындар мәселесін және т.б. күрделі мәселелерді шешуі тиіс. «Жол картасы» жоспарында тәуелсіз Палестина Араб мемлекетін қалыптастыруды 2005 жылы аяқтау көзделген еді. Алайда ол мүмкін болмады.
Қорытып айтқанда, Елбасының ежелгі Шам еліне тұңғыш рет сапарлауы екіжақты қатынас тұрғысынан алғанда мәдени, экономикалық және саяси сипатқа ие болса, аймақ дәрежесінде саяси байланысты ілгері дамытуға ұйытқы болатындығында сөз жоқ. Сондықтан бұл ежелгі Отырар мен Шам арасын жақындататын тарихи сапар болып табылады.
Қорытынды
Ислам – тек діни сенім емес, ислам тұтас өркениет. Бір ғасырдың ішінде христиан әлемінің едәуір бөлігіне тарап, Византия империясын бағындырып, ол Батыс Еуропаға қауіп төндірді. Арабтар жаулап алған халықтардың рухани, интеллектуалдық мұрасын игеруге таңғаларлықтай құштарлық танытты. Дамаск, Иерусалим, Александрия сәулетшілері мен зергерлерінен, қолөнер шеберлерінен олар көп үйренді. Үндістерден сандар жүйесін үйреніп қана қойған жоқ, ондық есептер жүйесін де қабылдады. Араб тіліне философтар Платон, Аристотельдің, басқа да ғалымдардың еңбектерін аударды, үндістердің астрономия ілімімен де танысты. Бір кездегі тайпалық, тек поэзия мен дін тілі болған араб тілі ғылымның, философияның, дипломатияның тіліне айналды.
Мұсылмандар ұстанып отырған демократиялық үрдіс, ислам әлеміндегі адам құқы, әйел құқы туралы түсінік батыстық үлгіден өзгеше. Сондықтан Батыстың демократияны мұсылман елдеріне күшпен енгізуге тырысуын ислам дінін жоюға арналған әрекет деп қабылдады. Батыс болса ислам дінімен емес, экстремизммен күресеміз деп ақталады.
Мұсылмандар ұстанып отырған демократиялық үрдіс, ислам әлеміндегі адам құқы, әйел құқы туралы түсінік батыстық үлгіден өзгеше. Сондықтан Батыстың демократияны мұсылман елдеріне күшпен енгізуге тырысуын ислам дінін жоюға арналған әрекет деп қабылдады. Батыс болса ислам дінімен емес, экстремизммен күресеміз деп ақталады. Осылай мұсылмандардың бір беткейлігінің арқасында елін қауіпке төндірді және елді соғысқа әкелді.
Осылайша дипломатиялық тұрғыдан Түркияны әлсiрету. Келесi бiр мәселе – өркениеттер қақтығысы сценарийi. Данияда жасалған карикатуралар жалғасын Норвегия, Франция, Германия, Италия сияқты мемлекеттерде тапқан. Айталық, Дания билiгi немесе газет басшылығы қателескен екен. Бiрақ басқа мемлекеттердiң бәрi бiрдей қателестi деуге болады.
Тұжырып айтқанда, Елбасының ежелгі Шам еліне тұңғыш рет сапарлауы екіжақты қатынас тұрғысынан алғанда мәдени, экономикалық және саяси сипатқа ие болса, аймақ дәрежесінде саяси байланысты ілгері дамытуға ұйытқы болатындығында сөз жоқ. Сондықтан бұл ежелгі Отырар мен Шам арасын жақындататын тарихи сапар болып табылады.
Сондықтан Палестина Израиль проблемасының нәтижесі - әлемдік саясатта таласып отырған түрлі ұйымдардын мұдделері ғана емес –бұл араб өркениеті мен Батыс өркениетінің қақтығысынын нәтижесі болмақ. Сол себепті мәселеде кесіп айтарлықтай нүкте қоюға болмайды.
Қолданылған әдебиеттер:
1.«Протоколах сионских мудрецов». М: 1990. Л.Л. Вольнов «Ливанский дневник» М: 1980 Силин А.С. 515 c.
2. «Эксгтансия Германии на Ближнем Востоке в конце XIX века». М: 1971. Ладейкин В.П. «Источник опасного кризиса (Роль сионизма в разжигания конфликта)"на"Ближнем Востоке». М: 1973.375 c.
3. Ерасов Б.С. «О задачах культуроведческих исследовании по освоэодлвшимся странами культурные процессы развивающихся странах» М; 1988 235 c.
4. Кудрявцев А.В. "Исламский мир и палестинская проблема" М; 1990 350 c.
5. Қ. Тоқаев. "Қазақстан Республикасының дипломатиясы" Алматы 2002 350.
6. Н.Ә. Назарбаев "Сындарлы он жыл" Алматы: 2003 340 c.
7. Б. Дуцкий "Новая история арабских стран" М; 1966 230 c.
9. Большая Советская энциклопедия" М; 1972 670 c.
10. "Беяьшая Советская энциклопедия" М; 1975 680 c.
11. www.rambler.ru/
12. http://www.dmk.kz
13. "Государстзо Израиль". Справочник М; 1986 50 c.
14. "Египет во время президента Насера" М; 1974 150 c.
15. "Қазақстан ұлттық энциклопедиясы" Т4 - Алматы: 2002 580 бет.
16. "Новейшая история Арабских стран" М; 1968 335 с.
17. "Новейшая история Арабских стран Азии" М; 1988 445 с.
18. "Страны мира справочник" М; 1997 355 с.
19. "Страны мира" энциклопедический справочник. Смоленск: 2001. 595 с.
2
Информация о работе Араб-Израиль қақтығысының пайда болу себептері мен тарихи алғышарттары