Араб-Израиль қақтығысының пайда болу себептері мен тарихи алғышарттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 20:57, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің пәні: Араб - Израиль қақтығысы.
Зерттеу мақсат міндеті. Араб - Израиль қақтығысының жалпы сипатын анықтап,ғылыми түрде талдау. Қақтығысты зерттеудің тарихи маңызын ашып көрсету, қақтыгысты зерттей отырып, шынайы түрде баға беру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі таңға дейін осы қақтығыс жайлы жазылған еңбектер мен шығармалар саны мыңнан асады. Соңғы уақытта шығыс
мұсыдмандарымен қоғамдық және саяси өміріне арналған бірқатар еңбектер жарыққа шықты. Бұл еңбектердің авторлары А.И. Ионова, З.И. Левина,Г.В.Милославски И.Р.Полонской,.Т.Степанянц,Л.Р.Сюкияйнена,
және т.б.
Яғни бұл еңбектерде қазіргі жаңа замандағы мұсылман әлеміндегі әлеумегтік - зкономикалық және саяси қайшылықтар қамтылған.

Файлы: 1 файл

Араб-израиль қақтығысы курсовой.doc

— 197.00 Кб (Скачать)


Мазмұны

 

Кіріспе                                                                                                                         3 

 

1.Араб-Израиль қақтығысының пайда болу себептері
мен тарихи алғышарттары                                                                                   5

 

2.Араб-Израиль қақтығысы өркениеттер қақтығысы                                       9     

 

3. Қазaқстан Республикасының осы мәселедегі позициясы және Араб – Израильдің шешу жолдары                                                                                 20                           

 

Қорытынды                                                                                                        22

 

Қолданылған әдебиеттер                                                                                 23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырып өзектілігі. Қазіргі заманда қақтығыстардың тарихын, оның ішінде шығу себептерін оқып білу өте қажет. Мұны оқып білудің зор теориялық және практикалық маңызы бар.

2001 ж. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «Дүниені қайдағы бір "ассиметриялық" соғыс дүр сілкіндірді. Тұрақты әскері жоқ эксаумақтық ұйымдар мен мемлекеттік айғақтары сайма - сай элемдік деңгейдегі державалар арасындағы соғыс. Жаңа геосаяси күш өзін жан түршіктірер тасжүректік тұрғысында танытты. Елбасшымыз сонымен қатар қақтығыстарды  шешуде дипломатиялық жолды алға тартып өтті [1].

Мұсылман әлемінің ғана емес, дүниежүзілік мәселеге айналған араб -израиль, қақтығысы, әлі күнге дейін шешімін таппай отыр.

Араб - Израиль    қақтығысының   шығу    себептерін   терең   түсіну   үшін,

бірнеше   факторларды   жеке-жеке   талдау   қажет.   Араб - Израиль   қақтығысың-зерттегенде   оның   ең   маңызды   кезеңін   ғана   емес,   барлық   кезеңін   терең зерттеуіміз      керек.     Осы   қақтығысты   зерттеу   арқылы,      әлемнін "басқа- аймақтарында болып жатқан қақтығыстардың шығу себептерін терең түсінуге болады. Үнді - Пакистан қақтығысы оған жарқын мысал бола алады.

Әлем тарихының қазіргі кезеңінде бүл қақтығыс ең маңызды тараулардың бірі болып табылады. Араб - Израиль қақтығысы әлі күнге дейін толық зерттеуді қажет етеді. Яғни бұл кақтыгысты зерттеуде тарихшылар әр түрлі баға береді. Араб әлеміндегі тарихшылар мейлінше Израиль жағын, айыитап жазса, Израиль мен батыс елдеріндегі тарихшылар терроризмді желеулеттті мұсылман елдерін сынга алуда.

Курс жүмысының кокейтестілігі ретінде, араб - израиль қақтығысы әлі күнге дейін, шешілмегенін айтуға болады. Деректерден нақты материалды таңдай отырып, біз қактығыс тарихын зерттейміз. Араб - Израиль қақтығысының күшейген кезеңі "Қырги қабак соғысы" кезеңінде болды. АҚШ пен Кеңес Одағы осы қактығысты және де басқа да халықаралық мәселелерді шешуде карама - қарсылыктарға ұшырап отырды. Араб-Израиль қақтығысы әлі де шынайы түрде зерттелмеген.

Қазіргі таңга дейін араб - израиль қактыгысы жайлы жазмлған_еңбектер мен шығармалар саны көп болса да, олар жан - жақты, толық зерттелмеген. Қақтығысқа арналган көптеген мақалаларда тақырып толық суреттелмеген.

Араб - Израиль қақтығысы тарихы Қазіргі заман дәуіріндегі ең бір күрделі, қайшылықты, шешілуі қиын, тарихтын зерттеуді көп қажет ететін бөлігі болып отыр [2].

БҮ¥ -ның бұрыңғы Бас  хатшысы   Кофи Аннан   айткандай   "Қайнау  шегіне  жеткен қақтығыс"   болып   отыр.   қақтыгысты   зерттеудін   тарихта   алатын   орны   зор,оның мақсаты мен зерттеу эдістері мэсёлені толық, жан - жақты зерттеуге бағытталган.

Зерттеудің объектісі: қазіргі кездегі халықаралық қақтығыстар.

  Зерттеудің пәні: Араб - Израиль қақтығысы. 

Зерттеу мақсат міндеті. Араб - Израиль қақтығысының жалпы сипатын анықтап,ғылыми түрде талдау. Қақтығысты зерттеудің тарихи маңызын ашып көрсету, қақтыгысты зерттей отырып, шынайы түрде баға беру.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі таңға дейін осы қақтығыс жайлы жазылған еңбектер мен шығармалар саны мыңнан асады. Соңғы уақытта шығыс
мұсыдмандарымен қоғамдық және саяси өміріне арналған бірқатар еңбектер жарыққа шықты. Бұл еңбектердің авторлары А.И. Ионова, З.И. Левина,Г.В.Милославски              И.Р.Полонской,.Т.Степанянц,Л.Р.Сюкияйнена,

және т.б.

Яғни бұл еңбектерде қазіргі жаңа замандағы  мұсылман әлеміндегі әлеумегтік - зкономикалық және саяси қайшылықтар қамтылған.

Еңбектердің негізгі мазмұны діни қозғалыстарға арналған. Шығыс елдеріндегі "Қоғамның жаңару" процесі діни фактор арқылы жүзеге асты. Оны совет зерттеушісі Н.А.Симония өзінің ғылыми еңбегінде
келтірген болатын.

Шығыс елдерінің экономикалық және саяси жүйесінің дамуында діни фактордың ықпалы күшті болды [3].

Палестина мәселесі, және оған дейінгі кезеңді қамтитын тарихи оқулықтардың саны өте көп. Таяу Шығыстагы қақтығысты мейлінше қамтитын оқулықтардың авторлары мыналар: Е.Дмитриев, В.Киселев, Р.Ланда, Г. Никитина, Е.Примаков [4] және т.б.

Араб - Израиль қақтығысы жайында негізгі деректі мына еңбектерден таба аласыз; "Исламский мир и палестинская проблема", "Новейшая история арабских стран Азии", "Сионизм правда и вымысли", "Новая история Арабских стран", "Всемирная история", "Египет во время президента Насера", "Государство Израиль" және т.б.

Араб - Израиль қақтыгысын тереңірек зертгеу үшін, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларды пайдалануга болады. Атап айтсақ, "Континент", "Рухани өмір", "Проблемы мира и социализма", "Международная жизнь", "Известия", "Егемен Қазақстан". Философия ғылымдарының кандидаты, дiнтанушы Мұртаза Бұлұтай, бұл мәселені терең байяндайды.

Сонымен қатар қактығыс жайында интернет мәліметтерінен де алуға болады. М.ысалы мен қолданға:н интернет сайтары мынадай: http://www.dmk.kz, www.rambler.ru/ ,www.mail.ru/  .

Қазіргі таңда бүл кақтыгыс жайлы мақалалар, ғылыми көпшілік басылымдарда және баспа соз бетгерінде 'коптеп жазылуда.             

Зерттеу    әдістемелік негізі. Зерттеудің    мақсаты    мен    міндеттеріне    сәйкес курстық жұмыстың зерттеу әдісі: тарихи-салыстырмалылық .

Жұмыс құрылымы кіріспеден, үш тараудан,қолданылған әдебиет тізімінен және қорытындыдан тұрады.

 

 

 

 

1 Араб - Израиль қақтығысының пайда болу себептері мен тарихи алғышарттары.

 

Таяу Шығыс.Бұл аймақ талай қанды қақтығыстарды бастан өткергені белгілі. Арыға бармай-ақ өткен ғасырдың екінші жартысынан бері алатын болсақ, Израиль – Египет қақтығысы (Египет тас-талқан болып жеңілгені белгілі), Израиль – Сирия соғысы (Дамаск Тель-Авив алдында тізе бүккен), Израиль – Ливан жанжалы (Бейрут Тель-Авивтен күйреп қалғаны мәлім), одан кейінгі Израильдің бүгінгі күнге дейін Палестинаға әлімжеттік жасап келуі. Аймақтағы кез келген қақтығыста Тель-Авивтің асығы алшысынан түсіп келді. Жеңілісті білмеді. Кәзіргі таңда жанжал бітпей жатқан Израиль – Палестина,  Газа Секторының мәселесін терең түсіну ішін әр бір мемлекетке жеке тоқталып өту керек деп санаймын.

Үкімет ең жоғары атқарушы орган және кнессетке тәуелді. Парламент сайлаулары өткеннен кейін, жаңа министрлер кабинеті кнессеттің мақұлдауымен құрылады. Кнессет (бір палаталы парламент) 120 депутаттан құрылады, бүкіл халықтык сайлау арқылы 4 жылдық мерзімге сайланады. 1996ж сайлаушыларға (Израиль азаматтыгы 18 жаста берілді) үкімет басшысын таңдауға құқық берді: 1948ж тәуелсіздік жарияланған кезеңде, Израиль территориясында 806 мың адам тұрды. Соның 650 мыңы еврейлер, 156 мыңы арабтары болды.

1998              жылы ортасында елдегі халықтың саны 6,1 млн. - ға өсті, соның 81%
еврейлер және 17 % арабтар. Израиль урбандалган мемлекет, халқының 90%
-қалада тұрады. Израильдегі ёврейлердің өзі екі негізгі топқа бөлінеді ашкеназы және сефарды болып [5].

Израильдің 1994 жылы мемлекеттің жылдық табысы 70 млрд. долларға жетті, жылдық табыс жан басына 13,5 мың долларға дейін өсті. Израиль экономикасын дамытуда АҚШ - пен Еуропалық Одақтың үлесі зор. 1995 жылы елдегі жұмыссыздық 7% көрсетті. 1994 жылы сыртқы айналым 41,1 млрд. доллар құрады. Сыртқы сауданы АҚШ пен Батыс Еуропа елдерімен жасайды.

Израильдегі арабтар мен еврейлер арасында қақтығыстар, жиі - жиі болып тұрады. «Палестина Азат ету» ұйымындағы кейбір қазғалыстар әлі күнге дейін террористік әдістерді қолдануда. Әрбір террористік әрекеттен кейін, Израиль әскерлері Газа секторы мен Батыс Иордан жағалауына өз әскерлерін енгізіп палестиндіктердің үйлерін аткылауда.

Бұл Таяу Шығыстағы жағдайды одан әрі өршітіп жіберді. Израиль үкіметінің бүгіндегі саясаты тәуелсіз Палестина мемлекетін құруга қарсылық білдірумен танылуда.

1996  жылы  Израиль  премьер  министрі   Беньямин   Нетаньяхо билік басына келгеннен кейін "үш жоқ" саясатын жүргізетіндігін мәлімдеді.

-Голан үстіртінен кету жок.

-Палестина мемлекетінің құрылуы жок.              

-Иерусалимге байланысты келісімге келу жоқ .

1999              жылы Эхуд Барактын жеңісінен кейін, бірнеше бейбіт келісімдер
жасалынды. А. Шаронның билігі кезеңінде де бірнеше бейбіт келісімдер
жасалынуда, бірак бәрі сәтсіз аякталды.

    1993 жылы Арафат және Израиль басшылары келісімге отырды, Израиль Үйымды мойындап, онымен іскерлікті дамытуға келісті, 1996 - 1997 жылдары Палестина автономиясын құруга жол ашылды. Елдегі саяси құрылымның өзегі «Палестинаның Азат ету ұйымы» болып табылады. Араб елдерінің лигасына мүше,ислам   елдерінің   конференциясына   қатысады,   БҰҮ   -   ңың   және басқа да халыкаралық ұйымдардың қадағалауындағы мемлекет. Әлемнің жүзге жуық елдерінде өкілдігі бар.

Палестинаның Азат ету ұйымының жоғары органы ұлттық кеңес болып табылады. (480 мүшесі бар). Онда палестиндік бірнеше ұйымдар мен қозғалыстардың қайраткерлері қатысады.

Палестина Азет ету ұйымының орталық кеңесінде жүзге жуық адам қызмет атқарады. Палестина Азат ету үйымының атқару комитетінде 18 адам жұмыс істейді.

Палестинаның Азат ету ұйымы бағытына қарай шыққан топтар : Палестина халықтық Азат ету фронты, Палестина демократиялық азат ету фронты, Хамас және т. б. Палестиндік арабтар ұзақ уақыт 181 резолюцияны мойындамаған болатын, ондаған жылдар бойы' карулы күрес жүргізіп келуде, бірақ белгілі бір нәтижеге қол жетпеді.

Батыс Жағалау (5879 км ) мен Газа секторында (387 км ) бугінде 2 млн. - нан астам палестиндік арабтар тұрады (100 мың Израиль қоныс аударушы).

Палестиндік арабтардың көпшілігі араб елдерінде тұруға мәжбүр болды.

Халқының көпшілігі ислам дінін ұстайды, христиан мен-иуда дінінде кең

тараған.             

Палестинаға экономикалық және қаржылай араб елдері, БҰҰ - ның фонды үлкен көмек көрсетуде. Негізінен ауыл шаруашылықты мемлекет.

      1948 жылы 14-мамырда Израиль мемлекеті Палестина мандаттығының территориясында құрылды. Израиль   үкіметі   елдің   аумағын   ұлғайту   арқылы,   еврей   қоныстарының   санын   өсірді.   АЌШ- тың   сионистерді   қолдауы, олардың өз  мемлекетін   құруына   әсер   етті. Израиль   мемлекеті   құрылмай  тұрып, оның жасақшыларын КСРО қаруландырды. Сталин  Израиль   мемлекетін   құруды   құптай   отырып,  Чехословакияда   еврейлерді    қаруландырды.   КСРО- ның  мұндағы  мүддесі   жаңадан құрылатын Израиль мемлекетін Таяу Шығыстағы Кеңес плацдарымына айналдыру еді.  1950 ж  Израильде   еврей  қоныс  аударушыларына  арналған заң  қабылданды.  Онда  әрбір   еврей  Израильге   келуге   құқылы  деген   мәлімдеме   жасалынды.  Израиль   мемлекетінің  құрылуымен   қатар,  елдегі   жаңа   парламент (Кнессет) бірқатар заңдар шығарды. Онда 1947 ж 29- қарашадан, 1948 ж 9-қаңтарға дейінгі кезеңде елден кеткендерге кіруге тыйым салды, және олардың меншігі  мемлекет тарапынан тартып алынды. Израиль мемлекетінің  құрылуы мыңдаған арабтардың өз отанын тастап кетуіне мәжбүр етті.  Израиль мемлекетінің барлық аймақтарында арабтар қудаланды. Израиль жұмысшыларының көпшілігін құрайтын арабтардың  тұрмысы еврейлермен салыстырғанда ауыр болды. Араб шаруаларының күйзеліске ұшырауы, оларды қалаға кетуге итермеледі.

Араб елді мекендерінің көпшілігінде әлі күнге дейін электр жарығы жоқ.

Араб шаруаларында ең қиын мәселе судың болмауы, ал еврей шаруалары үшін бұл мәселе шешілген. Арабтардың балалары көбінесе орта біліммен шектеледі, жоғары оқу орнына түсу өте қиын.

1949 ж. ақпанда Израильдің тұңғыш заң актісі қабылданды, оны кейде “кіші конституция” деп те атайды. Яғни қабылданған заңға үнемі толықтырулар енгізілуде. Елдің кнессеті (парламент)  президентті 5 жылға сайлайды. Оның билігі шектеулі, сот қызметкерлерін, елшілерді, ресми өкілдерді үкімет пен кнессеттің қолдауымен тағайындайды. 1948ж тәуелсіздік жарияланған кезеңде, Израиль территориясында 806 мың адам тұрды. Соның 650 мыңы еврейлер, 156 мыңы арабтар болды. 1950 жылдың басында Иеменнен (45 мың) және Ирактан (123 мың) еврейлерді көшіру операциясы жүргізілді.

Иерусалим университетінде арабтар 1,5% құрады, яғни ол ең төмен көрсеткіш еді. Арабтар барлық жерде кемсітушілікке ұшырады. Израильдік ғалым Амитан Бен – Иены өзінің бір сөзінде: “араб ғалымдары еврейлерге немесе Израиль үкіметіне қарсы бір сөз айтса, жұмыстан шығып кетер еді”,- деп ашық айтқан болатын.  Кейбір Израиль бұқаралық ақпарат құралдарында арабтарды шектен тыс жау ретінде бейнелейді. Израиль әскерлері араб территориясына енгеннен кейін, олар арабтарды қудалады. Газа ауданы мен Патхат – Рафиахта еврейлердің жері ұлғайды. 1967 жылы Израильдің араб елдеріне жасаған агрессиясынан мына жерлерді тартып алды: Газа секторы мен Синай түбегін Египеттен, Батыс  Иордан өзенінің жағалауы мен Шығыс Иерусалимді Иорданиядан, Голан үстіртін Сириядан өзінің ќол астына алды. Израиль үкіметі бұл әрекетті агрессия емес, қауіпсіздік шараларын алдын – алу деп түсіндірді [2]. 1972 жылы Рафах аумағында мекен еткен араб будуилері жаппай қуғынға ұшырады. Газа секторы территориясы үлкен емес Палестинаның бір бөлігі. Солтүстігінде Жерорта теңізімен шектелсе, батысында Египетпен, ал оңтүстігі мен шығысында Израильмен шекаралас. Газа секторы халық тығыз орналасқан аймақтардың бірі болып табылады. Израиль әскерлері көбінесе осы жерлерде қарама – қарсылықтарға ұшырап отырады. Газада болған Израиль әскерлерінің жауыздығы әлі күнге дейін жалғасып келуде. Газадағы арабтарды күштеу жаңа еврей қоныстарының пайда болуына жол ашты.

Информация о работе Араб-Израиль қақтығысының пайда болу себептері мен тарихи алғышарттары