Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 20:57, курсовая работа
Зерттеудің пәні: Араб - Израиль қақтығысы.
Зерттеу мақсат міндеті. Араб - Израиль қақтығысының жалпы сипатын анықтап,ғылыми түрде талдау. Қақтығысты зерттеудің тарихи маңызын ашып көрсету, қақтыгысты зерттей отырып, шынайы түрде баға беру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі таңға дейін осы қақтығыс жайлы жазылған еңбектер мен шығармалар саны мыңнан асады. Соңғы уақытта шығыс
мұсыдмандарымен қоғамдық және саяси өміріне арналған бірқатар еңбектер жарыққа шықты. Бұл еңбектердің авторлары А.И. Ионова, З.И. Левина,Г.В.Милославски И.Р.Полонской,.Т.Степанянц,Л.Р.Сюкияйнена,
және т.б.
Яғни бұл еңбектерде қазіргі жаңа замандағы мұсылман әлеміндегі әлеумегтік - зкономикалық және саяси қайшылықтар қамтылған.
Мұсылман елдері мен батыс елдерінің байланыстары соңғы онжылдықтарда терең сипат алуда. Түрік, араб, басқа да мұсылман дініндегі ұлттар өкілдерінің Еуропа мен АҚШ-қа қоныс аударуы бұрын бір-бірінен алыс халықтар мен діндердің араласуына, жақындасуына жағдай жасады. Мұсылмандар мен христиандар жұмыста, базарларда жиі кездесіп, көрші болып қатар өмір сүріп жатыр. Батыстың азаматтары мұсылман дінін қабылдай бастады. Батыс технологиясы ешқандай кедергісіз мұсылман елдеріне енуде. Студенттер, профессорлар, ғалымдар, инженерлер батыс елдерімен жиі байланыста. Сонда да Батыста әлі де болса ислам діні туралы мәлімет тапшы, болса да жиі бұрмаланған.
Дегенмен христиандар мен мұсылмандар арасындағы қарым-қатынастарға өркениеттер ерекшеліктеріне байланысты қайшылықтар ықпал етіп отыр. Біздің заманымыздың маңызды белгісінің бірі – исламның қайта түлеуі.
Исламтану ілімінде капитализмнің де, социализмнің орнын басатын үшінші бағыт ислам өркениеті болып есептелінеді. Батыс капитализмі мен демократиясы ар-ұяттан аттауға әкеліп, елдерін аздырды. Ал марксизм болса, ашық құдайсыз, атеистік ілім, ал имандылықты сақтайтын, дін мен заңды ұштастыратын ислам ілімі ғана.
Әлемде бүгін бір жарым миллиардқа жуық мұсылман бар деп есептеледі. 40 елде олар сан жағынан басым, ал 30 мемлекетте сан жағынан аз болғанымен, дін жағынан ықпалды топтар. Жаңарған исламдану жолын таңдау барысында “исламдық мемлекет”, “исламдық экономика”, “исламдық демократия” модельдері жүзеге асырылуда. Бұл модельдердің христиан дініндегілерден басты айырмашылығы діннің қоғамдағы алатын орнына байланысты. Христиандар үшін дін мемлекеттен бөлінген, мемлекет зайырлы болып есептеледі. Исламда зайырлы мемлекет деген ұғым жоқ.
Дін мен мемлекет, дін мен қоғам, дін мен саясат, экономика, тәрбие біртұтас қауымдастықты құрайды. Өз кезегінде ислам діні христиандардың “Богу божье, а кесарю кесерево” деген қағидасын дін мен елді бөледі деп сынға алады. Батыс адамдарының моральдық азуын, жыныстық қатынастардағы шексіз еркіндігін, отбасылық қатынастардың дағдарысын, зорлық-зомбылық, нашақорлық пен маскүнемдіктің себебін діннің мемлекеттен бөлінуінен, діннің тәлім-тәрбиелік мәнінің әлсіреуінен деп түсіндіреді. Батыстың рухани дағдарысқа ұшырап отырғанымен еуропалық сарапшылар да келіседі.
Мұсылмандар ұстанып отырған демократиялық үрдіс, ислам әлеміндегі адам құқы, әйел құқы туралы түсінік батыстық үлгіден өзгеше. Сондықтан Батыстың демократияны мұсылман елдеріне күшпен енгізуге тырысуын ислам дінін жоюға арналған әрекет деп қабылдады. Батыс болса ислам дінімен емес, экстремизммен күресеміз деп ақталады. Ислам әлемінде де адам құқы мәселесі қатып қалған қағидалар деу орынсыз, шариат талаптарын халықаралық талаптармен ұштастырудың жолдары 1990 жылғы Ислам конференциясында қабылданған “Исламдағы адам құқы Декларациясында” көзделген.
1947 жылы БҰҰ резолюциясы бойынша Палестинада екі араб және еврей мемлекетін қүрылатындығы жария етілді. 1948 жылы 14 мамырда Израиль мемлекетінің қүрылгандығы ресми жарияланды. Араб елдерінің лигасы Палестинаны бөлу туралы БҮ¥ - ның резолюциясын мойындамады. Араб елдерінің басшылары Палестина мемлекетін қүруды емес, Израиль "мемлекётін жоюды алға мақсат етіп қойды. ПалестиГна ' мёмлекетінің қүрыямай қалуына басты себеп осы. Сонымен қатар бүл тарауда Палестина мен Нзраильдің қазіргі саяси - экономикалық жағдайы жазылған.
1917 жылы Бальфур декларациясы қабылданганнан кейін Палестинада және көрші араб елдершде жаппай көтеріліс басталды. Арабтардык алдыңгы топ өкілдері халықты еврейлермен ашык күреске шақырды. Агылшын үкіметі жағдайды бақылай отырып, араб басшыларымен келісім үстеліне отырды. Алайда қақтығыс одан әрі күшейіп, мандаттық әкімшілік күштеу әдісін қолдана бастады. 1948 жылы Израиль мемлекеті қүрылуының артынша араб елдері Израилые согыс жариялады. ІСоғыс нәтижесінде күрылуы тиіс араб мемлекеті территориясының көп болігі Израильдің бакылауына өтті. 1967 жылы Израиль жасаган агрессиядан араб елдері тагы да біркатар жерлерінен айрылды. Израиль әлі кунге; дейін көрші елдерге аірессиялық багыт үстап, оның өзі жағдайды одан эрі шиеленістіре гүсүде. Яхуд Барак кезеңінде бірқатар бейбіт келісімдер жасалынса, А.Шаронбилігі. кезеңінде де "Жол картасы" жобасы келісімі жасалынды. Бірақ ол нәтиже бермей отыр. Соңғы уақытта Пзлестинада жагдай одан эрі ушыгып кетті, ягни ол "ХАМАС" жетекшісінің әлтірілуімен байланысты болды.
Даудың басы палестиналық «Хамас» тобы израильдік сарбаздарға шабуыл жасап, біреуін тұтқынға алып кетуінен туындады. Ал Ливанға Израильдің соққы беруі ол елдегі «Хезболлах» радикалды тобы израильдік екі жауынгерді кепілге алуынан басталды. Бұл соғысқа Тель-Авивтің айтар сылтауы «кепіл болған әскерлерді құтқару және Израильдің тәуелсіздігін қорғау». Қазір Израиль Ливанды әуеден де, теңізден де, құрлықтан да құрсауға алып, «Хезболлах» тобына тиесілі және Ливанның стратегиялық нысандарын аяусыз бомбылауда. Ливан экономикасы күйреп қалғаны мәлім.
Ал Палестина жайлы айтудың қажеті шамалы. Марқұм Ясир Арафат кезінде екі ел арасындағы дау біршама саябырсығанымен билікке «Хамас» келгелі бері жағдай қайта ушығып кеткен-ді. Бұған дейін Израиль «Хамас» тобының серкелерінің бір-бірлеп көзін жойып, радикалды топты бассыз қалдыруға тырысты. Таяу Шығыстағы дауға назар салып отырған кейбір сарапшылар Израильдің Ливан мен Палестинаға қайта басып кіруі «бір-екі жауынгерді құтқару үшін ғана емес, оның артында өзге мақсат жатуы да мүмкін» деген ой айтады. «Мәселе, – дейді олар, –Израильде тұрған жоқ. Мәселенің үлкені АҚШ-қа тіреліп тұр.
Вашингтон Тел-Авив арқылы от көсеп отыр. Ақ үй өзіне қарсы келіп отырған Палестина билігіне келген «Хамас» тобын тақтан тайдыру үшін жанжалға тікелей өзі араласпай аймақтағы, сенімді одақтасы Израильді итермелеуде. Ливандағы «Хезболлах» тобын талқандау үшін де одақтасын пайдалануда. АҚШ-тың ойлағаны өзге нәрсе. Өйткені «Хамас» пен «Хезболлахты» Иран мен Сирия қолдап отырғаны мәлім. Уақыты келгенде Вашингтонның «Тегеран мен Дамаск халықаралық лаңкестік топтарды қолдап, қаржыландырып отыр. Сондықтан ол елдерге қарсы қатаң санкция қолдану, не болмаса, билігін құлату керек» деп әскери жорық жасауына да үлкен сылтау керек. Не болмаса «Хамас» пен «Хезболлахты» талқандау арқылы Сирия мен Иранды соғысқа тарту.
Екінші бір жайт – Иранның ядролық бағдарламадан бас тартпай, халықаралық қауымдастықтың айтқанын құлаққа ілмей отырғаны белгілі. Бұл АҚШ-тың Иранға деген наразылығын тудыруда. Алайда Ақ үй Тегеранға бірден тиісе алмай, оның алғы шарттарын іздестіруде. Яғни Иран қолдап, қаржыландырып отырған «Хамас», «Хезболлах» топтарын құрту. Сосын барып негізгі кінәліге ауыз салу. Таяу Шығыста басталған үлкен қақтығыстың астары осында болуы мүмкін. Әйтпесе жеке дара әскери қимыл жасауға Израильдің құдіреті жете бермейді. Қазір Вашигтондай қолдаушысы, сүйеніші бар Тель-Авив Палестина мен Ливанға дегенін істеуде. Бұл пікірге қосылу не қосылмау әркімнің өз еркі. Қалай айтсақ та Израиль аймақтағы өз қарсыластарын «жуасытып» алуға шындап кіріскендей.
Кейбір алдын ала жасалған болжамдарға қарағанда, Израиль – Ливан қақтығысы әлі біразға созылатын секілді. Әрине бұған халықаралық құзырлы ұйымдар алаңдап отырғаны мәлім. БҰҰ көп ұзамай жанжал аймағына бітімгершілік әскерлерін кіргізу керек дегенді айтуда. Бас қосқан Араб елдерінің лигасы жарытып ешнәрсе шеше алмады. Ливанға келгенде пікір екіге жарылды. Көптеген саясаткерлер Таяу Шығыстағы қақтығыс үлкен соғысқа айналып кетуі ықтимал деген пікір білдіруде. Израиль Палестина мен Ливанды бір жақты еткен соң АҚШ-тың айтақтауымен ауызды Сирия мен Иранға салуы мүмкін. Егер жағдай сондай тығырыққа тірелетін болса, Сирия мен Иран Израиль армиясына қарсы тұра алуда. Әлде күйреп түседі. Енді соны білу үшін екі елдің қорғаныс күшін салыстырып көрелік.
Израиль қарулы күштері: [14] 2005 жылғы әскери бюджеті 10 миллиард доллар. Халық саны – 6 миллион адам. Армиясы – 180 мың адамнан тұрады. Резерві – 430 мың адам.
Танк – 4300
БТР – 6000
БМП – 400
Артқондырғылары – 1150, қосымша сүйретпелі 400 артқондығысы бар.
Ұшақтар – 700. Олар елдегі 10 авиабазада қоныс тепкен. Сондай-ақ қосымша 47 әуежайы тағы бар.
Кейбір деректерге қарағанда, Израиьлде 100-ден 200-ге дейін ядролық оқтұмсық бар көрінеді. Сондай-ақ Израиль әскери –теңіз катерінде «Дельфин» класындағы 3 сүңгуір қайық бар. Олар ядролық заряд алып ұшатын қанатты зымырандармен қаруланған. Сирия қарулы күштері: [15]
Әскері 320
Резерві 500
Танк 4600
Артқондырғы 2080
БМП 2310
БТР
Ұшақтар 500.
Ливан қарулы күштері.
Армиясы 70
Танк 200
БТР 164
Артқондырғы 147
Әуе күштері жоқ. Иранның қорғаныс күштері. Иран әуе күштері 25 әскери эскадриямен 14 көмекші эскадрияға ие. Онда 100 мың жауынгер қызмет етеді. Ұшақтар барлау, бомбылаушы және ұшқыр ұшақтар болып бөлінеді.
Жалпы, Тегеран 270 әскери ұшақ, 375 тікұшақ,
164 артқондырғы, 1500 зениттік артиллерияға, 1700 зениттік-зымырандық қондырғыға ие. Мұнымен қатар, Иранның кеңестік «Скад –Б» (ұшу қашықтығы 300 шақырым), «Скад-С» ( ұшу қашықтығы 500 шақырым) және «Шихаб-2,-3»
(ұшу қашықтығы 1500 ден 2500 шақырым) секілді отандық зымырандары бар. Ядролық заряд алып ұшуға мүмкіндігі бар Украинадан алған қанатты зымырандарды да қосуға әбден болады. Жалпы, Иран армиясында 1 миллионға жуық адам бар деп есептелінеді.
Бүгiнде Жер бетiндегi тыныштықтың сақталмауына мүдделi болып отырған белгiлi бiр топтар мен ұйымдар бар деуге толық негiз бар сияқты. Сол ұйымдар мен топтардың арандатуына қарапайым халық iлесiп кете ме деген ой маза бермейдi. Мұндай ойдың тууына кейiнгi кездегi Шығыс елдерi мен араб халықтарының арасында болып жатқан наразылық шерулер себеп болып отыр.
Соңғы бiрнеше айдың көлемiнде Еуропа елдерiндегi кейбiр газеттерде Пайғамбарымыз Хазiретi Мұхаммед Мұстафаға тiл тигiзетiн, оған хақарат жасайтын және мұсылмандардың ар-намысына тиетiн материалдар жарық көрдi. Бұл Дания корольдiгiндегi «Morganavisten Jylland-Posten» газетiнiң 2005 жылғы 30 қыркүйек санындағы 12 карикатураның жариялануымен басталған. Газеттiң бас редакторы интернет бетiнде жариялаған ашық хатында мұсылмандардан кешiрiм сұраудың орнына, өзiнше ақталғансып, жиiркенiштi карикатуралардың жариялану себебiн, Мұхаммед пайғамбардың бейнесiн жасауға талпыныс дегенмен түсiндiргiсi келедi. Бұл әрине, ешкiмдi де иландырмайды.
Бiз алдымен аталмыш карикатуралар нелiктен Дания елiнде жарияланды дегенге тоқталайық. Дания корольдiгi аса либералды саяси жүйесiмен ерекшеленедi. Онда еркекпен еркектiң, әйелмен әйелдiң некелесуiне заңды түрде рұқсат етiлген. Жезөкшелiк, жыныстық аурулар, нашақорлық осы елде кең таралған.
Соңғы жылдары Дания Еуропа бойынша, ислам дiнiн қабылдауда бiрiншi орынға шыққан болатын. Әсiресе, жастар жағы лек-легiмен мұсылмандықты қабылдай бастаған. Бұл Дания Парламентiнiң де назарын аударды. Олар өткен айларда шешiм қабылдап, даниялықтардың ислам дiнiн қабылдау себептерiн анықтау жөнiнде арнайы комиссия құрды. Бұл комиссия бiрнеше мұсылман мемлекеттерiне сапар шегiп, ислам дiнiнiң негiзгi қағидаларын зерттеу үстiнде. Осындай карикатуралардың Данияда жариялануын, мен ондағы өте қарқынды дамып келе жатқан ислам дiнiнiң алдын алу мақсатында жасалған, арандатушылық пиғылдағы әрекет деп бағалар едiм.
Даниядағы осы арандатушылық әрекеттi ұйымдастырушылар: «мiнеки - бiздiң газетiмiзде жарияланған өнер туындымызға, сөз бостандығына мұсылмандардың қарсылығы. Олар шетiнен ызақор да қатыгез» - деп, мұсылмандардың имиджiн бұзып көрсетудi көксейдi. Мақсаттары - Еуропада қарқынды таралып келе жатқан ислам дiнiнiң алдын алу, мұсылмандарды бақылауға алу, ислам дiнiнiң таралуына кедергi жасау. Осыдан үш жыл бұрын жоғарыда аталған газеттiң редакциясына Иса пайғамбардың да карикатурасын алып келген екен. Бiрақ сол кезде редакция мүшелерi жиналыс жасап, бұған христиан дiндарлардың наразылығы тууы мүмкiн деп шешiм қабылдап, жариялаудан бас тартқан.
Ендiгi әңгiме газетте жарияланған карикатураның берiлу уақыты жайлы. Бүгiнде ислам әлемi көп қиыншылықтарды бастан кешiруде. Айтайық, Ауғанстан, Ирак, Палестина, т.б. проблемалары асқынып тұр. Ирак турасында АҚШ Президентi Дж. Буш та, Британ Премьер-министрi Тони Блэр де қателескендерiн ресми түрде мойындады. Ол жағы өздерiңiзге мәлiм. Бiрақ нәтижесiнде АҚШ Иракқа бәрiбiр кiрiп, басып алды. Осының бәрiнiң астарында батыстың империалистiк саясаты жатыр. Ендi мiне, Америка мұсылман Иранмен айқасып отыр. Ол Иранның бейбiт мақсаттағы атом энергиясын өндiруiне қарсы. Есесiне Израильдiң ядролық қарулары туралы әңгiме атымен жоқ. Мұндағы АҚШ-тың мақсаты, Иран режимiн күшпен жою.
Сондықтан, бұл карикатуралардың да осы оқиғалармен тұспа-тұс келуi тегiннен-тегiн емес. Оның үстiне жақында Палестинадағы өткен сайлау барысында «Хамас» ұйымы билiкке келдi. Ал, оның батыстықтардың көңiлiне жақпайтыны айдан анық. Бұл ұйым билiкке келсе Америка немесе Израиль өз үстемдiгiн жүргiзе алмайды. Демек, осы тұрғыдан алғанда, жоғарыдағы оқиғаны арандатушылық пиғылдан туған дегенге әбден саяды. Осылайша ол дiнаралық қақтығыс тудырып, өзi ұпай жинамақ. Әрине, ыза болған мұсылман халқы шерулер жасап, бой көтерiп жатыр.
Мәселен, Сирия астанасы Дамасскiдегi Дания, Норвегия елшiлiктерi өртелдi. Бұндай оқиға Ливан астанасы Бейрутта да қайталанды. өстiп, саяси арандатушылық дiттеген жерiнен шыққан сыңайлы. Яғни, мұсылмандардың эмоциясын туғызып, санасын улау, қарулы қақтығысқа итермелеу. Олардың түпкi ойларын iске асырудағы таптырмас олжа болып отыр. Себебi, АҚШ Ливияны 1986 жылы бомбалап, 15 жыл бойы экономикалық санкция жасады. Сомалидi, Ауғанстанды басып алды, Суданға және Кипр мәселесi жөнiнде Түркияға экономикалық санкциялар жасады.
Иранмен тайталасқа түсiп, Қырғызстан, Тәжiкстан, өзбекстанда әскери базаларын ашты. Қырғызстан, Украина, Грузия және Сербияда билiктi ауыстыруға ықпал еттi. Ендi Сирияға ауыз салып отыр. Сөйтiп, Сирияны да екiншi Иракқа айналдыруды, яғни федерацияларға бөлiп жiберудi көздеуде. Карикатура жасаудың тағы бiр ұшы мұсылман мемлекетi Түркияда халықты көшеге шығаруға, түрлi әрекеттерге баруға итермелеу болып табылады. Мақсаты - Түркияның Еуропа одағындағы имиджiн түсiру.
Информация о работе Араб-Израиль қақтығысының пайда болу себептері мен тарихи алғышарттары