Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 20:57, курсовая работа
Зерттеудің пәні: Араб - Израиль қақтығысы.
Зерттеу мақсат міндеті. Араб - Израиль қақтығысының жалпы сипатын анықтап,ғылыми түрде талдау. Қақтығысты зерттеудің тарихи маңызын ашып көрсету, қақтыгысты зерттей отырып, шынайы түрде баға беру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі таңға дейін осы қақтығыс жайлы жазылған еңбектер мен шығармалар саны мыңнан асады. Соңғы уақытта шығыс
мұсыдмандарымен қоғамдық және саяси өміріне арналған бірқатар еңбектер жарыққа шықты. Бұл еңбектердің авторлары А.И. Ионова, З.И. Левина,Г.В.Милославски И.Р.Полонской,.Т.Степанянц,Л.Р.Сюкияйнена,
және т.б.
Яғни бұл еңбектерде қазіргі жаңа замандағы мұсылман әлеміндегі әлеумегтік - зкономикалық және саяси қайшылықтар қамтылған.
Израильдің бүгінгі территориясы 20,7 мың км2 дейін жетті, солтүстіктен оңтүстікке 470 км–ге созылып жатыр. Солтүстігінде Ливанмен, солтүстік шығысында Сириямен, шығысында Иорданиямен, оңтүстік – батысында Египетпен шекаралас, ал Батысында Жерорта теңізімен шайылады. Астанасы және үкімет резиденциясы Иерусалим болып танылғанымен, көп мемлекеттер оны мойындамайды. Олардың елшілігі Тель-Авивте орналасқан. Израиль көппартиялы парламенттік республика. 1998 жылдың ортасында елдегі халыќтың саны 6,1 млн. – ға өсті, соның 81% еврейлер және 17 % арабтар. Израиль урбандалған мемлекет, халқының 90% қалада тұрады. Израильдегі еврейлердің өзі екі негізгі топқа бөлінеді: ашкеназы және сефарды болып. Израиль бүгінде экономикасы дамыған елдердің қатарына жатады. Елде машина жасау, электроника, радиотехника, әскери өнеркәсіпте жоғары дамыған. АҚШ – тың қолдауымен Израильде әскери кешен де дамуда. Израиль сонымен қатар әлемдегі алмаз өңдейтін және саудалайтын елге айналды. Израильде сыртқа бриллиантты экспорттау соңғы он жылда тез өсті. КСРО бірінші болып Израильдің тәуелсіздігін мойындаған ел. Израильдің сыртқы саясатындағы негізгі “стратегиялыќ одақтасы” АҚШ болып табылады. Израильдегі арабтар мен еврейлер арасында қақтығыстар, жиі – жиі болып тұрады.
Араб – мұсылмандары мен еврейлер арасындағы қақтығыстың тереңдеуі жағдайды одан әрі шиеленістірді. Ағылшындар екі жаққа да жеңілдіктер бере отырып, делдалдық саясат жүргізді. Мұсылмандардың жаппай көтерілуінен сескенген ағылшын үкіметі мұсылман діндарларымен келісімге келді. Дәл осы бағыттың жүзеге асуы мандаттық биліктің алғашқы жылдары күшіне енді. 20 - жылдардың басында «Ислам жоғары кеңесі» құрылды, ол барлық мұсылмандар қауымының басқару органы ретінде қалыптасты. Оны “Ұлы муфти” басқарды, және бұл лауазым Осман империясы кезеңінде жоқ еді. Ислам жоғары кеңесінің төрағасы жєне “Ұлы муфти” болып Мухаммед Амин ал – Хусейн тағайындалды. Амин ал – Хусейн палестиндік мұсылмандардың көсемі ретінде өзінің қызметін “исламның қасиетті мекендерін қорғау” деген бағытпен бастады. Палестинада және басқа араб елдерінде өзінің беделін өсіруге тырысты. Бальфур декларациясы шыққанда, сионистер мұсылмандар мен христиандардың әрекетіне бейтараптық жүргізе отырып, Иерусалимде еврей иммиграциясын өсірді. Сионистер Ал – Акса мешітінің орнына Соломон храмын орналастыруға тырысты, бұл араб – еврей қатынасын одан әрі шиеленістірді. Амин ал- Хусейн діни қызметімен ғана емес, сонымен қатар Араб конгрессімен саяси байланысты да орнатты. Ағылшындар Араб Шығысын отарлай отырып көпшілік мұсылмандардың да талабын орындады. Осман империясының еуропалық державалар тарапынан бөлінуі, ислам халифатшылдарының ашу ызасын тудырды. Бальфур декларациясының пайда болуы Үндістандағы мұсылмандар мен халифатшылдарға қарсы Ұлыбританияның діни соғысы деп бағаланды
2 Шығыстағы жанжалдың басты себебі
Христиан және мұсылман әлемі екі өркениет ретінде он төрт ғасырдай бір-бірімен өзара қарым-қатынаста өмір сүріп келеді. Бұл уақыт зорлық пен түсінбеушілікке де, парасаттылық пен ынтымақтастыққа да толы. Сондай күрделі қарым-қатынас әлі де жалғасып, соңғы жылдары тіпті жиіленді. Ислам, иудаизм және христиан діндерінің ортақ тұстары көп, олар бір Құдайға табынады, Алла тарапынан жіберілген пайғамбарлары да ортақ. Дегенмен, олардың арасындағы бәсекелестік ғасырлар бойы жалғасып, талай-талай соғыстар мен қуғын-сүргіндерге соқтырды, бүгін де күрделі жағдай сақталып отыр [6].
Ислам ең жас дін болғандықтан, оған христиан дініндегілердің көзқарасы өте маңызды еді. Исламда Иса Мұхаммедке дейінгі пайғамбарлардың ішінде ерекше құрметке ие. Құранда ол “Мариямның ұлы”, “Алланың құлы”, “Алланың еншісі” деп аталады. Бірақ оның Құдайдан жаратылмағандығы анық айтылады. Осы жерде ислам мен христиан діндерінің ұқсастығымен қатар қайшылықтары да көріне бастайды.
Ислам өркениеті әлемге ғылым мен мәдениет саласындағы жетістіктерін паш етті. Кең көшелері, бай кітапханалары бар сәнді қалалар бой түзеп, әлемге үлгі көрсетті. Дегенмен де христиандар үшін мұсылмандар саяси, соғыс қарсыластары болып қала берді. Исламмен пікірталас бірнеше бағыттарда жүріп жатты. Алғашқыда ислам ілімін күпірлікке, болмаса әшейін бос сөзге балады. Тіпті ислам деген сөзден гөрі “сарациндер”, “түріктер”, “татарлар” дегенді жиі қолданды.
Мұсылмандар ұстанып отырған демократиялық үрдіс, ислам әлеміндегі адам құқы, әйел құқы туралы түсінік батыстық үлгіден өзгеше. Сондықтан Батыстың демократияны мұсылман елдеріне күшпен енгізуге тырысуын ислам дінін жоюға арналған әрекет деп қабылдады. Батыс болса ислам дінімен емес, экстремизммен күресеміз деп ақталады.
Ислам дінінің тарауы басқа елдерді жаулап алудың арқасында болғанымен, исламға дінге мәжбүрлеу жат.
Батысты, әсіресе Испанияны мұсылмандар бұғауынан азат ету, арабтар жаулап алған қасиетті жерлерді қайтару мақсатында еуропалықтар ХІ-ХІІІ ғасырларда, тарихшылардың жазуынша, 8 рет ірі айқыш (крест) жорығын ұйымдастырған. Соғысқа қатынасқандар салықтан босатылып, оларды жер бетіндегі жұмақта өмір сүресіңдер, шексіз байлыққа кенелесіңдер деп те сендірген [7].
Дін мүддесінен гөрі ислам мен христиандар арасындағы соғыстар жер, байлық үшін болған еді, сондықтан өз діндеріне мәжбүрлеу ешуақытта басты мақсат болмаған. Жаулап алушылар қай дінде болмасын елді қанға бояп, байлығын тонаған, қалаларын өртеп, халқын құл еткен. Айқыш жорықтары мұсылмандардың VІІ ғасырда бастаған соғыстарына жауап еді. Екі жақ та өзіне қысым жасалды деп есептеп, әділдікті соғыс жолымен қайтаруды көздеген. Ешкім де жеңілген халықты жеңгендердің дініне күшпен бағындырмады, бірақ “бөтендерге”, жеңілгендерге салық салуды, солардың есебінен пайда табуды басты мақсат етті. Дегенмен, айқыш жорығы да Батыстың мұсылман әлемін танып білуіне жағдай жасап, көзін ашты.
Испандық саяхатшы Риколдо де Монте-Кроче Таяу Шығысты жиырма жыл аралады. Мұсылмандардың бір-бірімен сыйластығы оны таң қалдырған. Шынайы ізгілік пен рақымшылықты мұсылмандардан таптым деп мойындайды автор, мұсылмандар зорлық жасамайтынын, адам өлтірмейтінін, өздеріне де, қонақтарға да үлкен қошамет көрсететінін айтады. Айқыш жорығына арналған тарихи еңбектерде де мұсылмандардың христиандарға қарағанда тұтқындарға мейірімді екендігі айтылған. Доминикандық Вильгельм Трипольский әскери басшы Бейбарыс туралы ХІІІ ғасырда былай деген: “Он ненавидел вино и продажных женщин. Он приказал своим подчиненным жить праведно и в мире и защищал христиан, которые были подвластны ему, особенно монахов горы Санай”. Мұсылмандарды жоғары бағалай келе автор олар христиан болуға дайын тұр деген. Осылай келе-келе еуропалықтар мұсылмандарды өркениет иесі ретінде қабылдай бастаған [8].
Қайта өрлеу заманы христиандар мен мұсылмандардың қарым-қатынастарына маңызды өзгерістер әкелді. Ғалым, священник Иоанн Сеговия мұсылмандар мен христиандар арасындағы қайшылықтар соғыс жолымен шешілмеуі тиіс: соғыс зорлық пен қастандық туғызады деп санады. Сондықтан ол миссионерлік қызметті басты мақсатқа айналдыруды көздеді. И.Сеговия мұсылман және христиан ең жоғары дінбасыларының кездесуі соғыстың алдын алуы мүмкін деп сенді [9].
Оның ойын жалғастырған белгілі философ-неоплатоншыл Николай Кузанский “О межрелигиозной гармонии” атты еңбегінде И.Сеговия армандаған кездесуді көз алдына қиял бейнесінде елестетеді. Барлық діндер өкілі ортақ мәселелердің төңірегінде топтасқан екен дейді. Ортақ Құдайдың әмірімен барлық зорлық-зомбылық шектеліп, әлемді негізгі діндер мен этностық топтардың өкілі Жоғары күштің алдында әртүрлі діни дәстүрлерге тән ортақ, жалпыға бірдей құндылықтар төңірегінде сыр бөліседі.
Араб елдерінің әскери жолмен Израильді жою әрекеті сәтсіз аяқталды. Израиль армиясы 181 (II) резолюция бойынша құрылуы тиіс, Палестина территориясының едәуір бөлігін жаулап алды. Солтүстік Палестинада (Галилея) және оңтүстік – батыс аймақтарында өз аумағын кеңейтті. Шығыс Палестина Трансиордания армиясының бақылауында болып, 1950 жылы Иорданияның құрамына ресми түрде кірді. Иерусалим қаласы екіге бөлінді: бір бөлігі Израильдіктерге, екінші бөлігі Иорданияға тиесілі болды. Газа қаласы египеттіктердің бақылауында болды. Соғыстың зардабын негізінен палестиндік арабтар көрді, олар үшін өз мемелекетін құру адам қолы жетпес арманға айналды. Аймақтағы жағдайға “қырғиқабақ соғыстың” ықпалы басым болды. Сонымен қатар ол араб елдерінің арасында қайшылық тудырды. 1950-жылдары Сауд Арабиясы мұсылман елдері ішінде жетекшi болу үшін белсенді күрес жүргізді. 1950 – 1960 жылдары Сауд Арибиясы мен Египет арасында бірқатар қайшылықтар туындады. Насерлік Египет “Араб елдерінің бірігуі” үшін күрес жүргізсе, Сауд Арабиясы оларға қарсы саясат жүргізді. Сауд Арабия басшылығы Египеттің үкіметін “Израильге қарсы жеңіл саясат ұстауда” деп айыптады. Өзінің ықпалын өсіру үшін Сауд Арабиясы мұсылман елдерін, жақтастарын тарта бастады. 1965 – 1966 жылдары корол Фейсал ислам пактісін құру туралы жобаны ұсынды. Египет және бірқатар араб елдері өздерінің қарсылығын көрсеттi
Бұл – жалпы әлемдік діндерді жақындастыру туралы талаптанған алғашқы еңбектердің бірі. Ол қиялдаған кездесуге еуропалықтармен қатар арабтар, еврейлер қатысады. Әулиелер Петр мен Павел христиандар атынан айтқан уағыздарында: “Адамзаттың ортақ келісімімен бөлінген діндерді Құдай бейбіт жолмен бір дінге біріксін!” деп бұйырды” деген ұсынысына мұсылмандар “қисапсыз алуан түрлі діндердің ағымдарын қалай біріктіруге болады?” – деп сауал қояды. Әулие Петр мен Павел мәселе сенімде деп жауап береді. Әртүрлі салт-дәстүрлер сенімнің көрінісі, олар өзгеріп жатса да, олармен бірге діни сенім өзгермейді. Николай Кузанский өзінің ойын былайша бір сөзбен қорытындылайды: “ортақ сенім негізінде әртүрлі әдет-ғұрыптар” (“единая вера в разнобразии обрядов”). Ойдан шығарған пікір алысуда христиан діні ортақ дінге дайын деген де ой тасталған.
Н.Кузанскийдің айтуынша, адамзатты Құдай тұтас бір сеніммен жаратқанмен, әлем түрлі-түрлі діндері бар ұлттарға бөлінді. Құдайдың жердегі елшілері – пайғамбарлар мен патшалардың сөзін Құдай сөзі деп адамдар қателеседі, олар Құдайдың атынан сөйлейтін адамдар ғана. Тек өз діндері ғана ақиқат, Құдайға өздерінше сенеді деп адамдар басқаларды айыптауға тырысады. Бірақ Құдай барлық адам баласына ортақ, пенденің шектеулі көзқарасынан жоғары. Діни сенімдердің бір-біріне қарама-қарсылығы бірін-бірі жоққа шығармайды. Құдай алдында діндер бірі-бірімен үйлесім табады: Адамзат бөлінгенмен, құдіретті Құдай бөлінбейді. Ол жалғыз. Н.Кузанскийдің бұл тұжырымымен христиан дінінің басқа діндерде ақиқат жоқ деген қағидасын теріске шығарады. Сонымен бірге, ол ислам мен христиан діндерінің ортақ қағидалары, элементтері барлығын, монотеистік діндер екенін алға тартады. Әрбір мұсылманның жүрегіне Иса пайғамбардың жақындығын айта келіп, Н.Кузанский қиял әңгімесінде мұсылмандарды христиан дінін қабылдауға шақырады. Н.Кузанскийдің еңбегі – өз заманы тудырған әртүрлі қайшылықтарына қарамастан, діндердің ортақ қасиеттері оларды ізгілікке жетелейді деген ой айтқан құнды еңбек [10].
ХV ғасырдан бастап жаңа теңіз жолдары еуропалықтарға бүкіл әлемнің есігін айқара ашты. Капитализмнің жаңа техникасы қоғамды алға сүйреді. Енді мұсылмандар түгелге жақын еуропалықтардың отар елдеріне айналды. Құрлықта да, теңіз бен мұхиттарда да Батыс өз үстемдігін жүргізді. Ең соны қарулармен жетілген теңіз кемелерін меңгерген Батыс ғылым мен мәдениет саласында мұсылман елдерінің алдына шықты. Осылай күшіне сенген Батыстың ел билеушілері батыс отаршылдығын әкелді. Азия мен Африка елдеріне Батыстан әскерлер, саудагерлер, миссионерлер мен мұғалімдер ағылды. Бірінен соң бірі отаршыл империялар пайда болды. Соның бір – Британ империясы еді. Оның бағындырған аумақтарының кеңдігі соншалықты, тіпті онда күн батпайды деген әңгіме тарады.
Тарихта Англия королінің қол астындағы мұсылмандардың санына ешбір халифат тең келмеген. Қомағай, ашкөз капитализм шикізатқа қаншалықты мұқтаж болса, мұсылман, басқа да отарланған елдердің халқы жаңа экономикаға, идеяларға, шынайы ақиқатқа, заңдарға соншалықты зәру еді дейді батыс тарихшылары. Осылайша отарлау екі жаққа да тиімді болды дегілері келеді. Кейінірек Махатма Ганди “өзіміздің нашар басқарғанымыз еуропалықтардың жақсы басқарғанынан артығырақ”, деп түйді. Отаршылар салған ауыр жараның орны әлі жазылған жоқ. “Ақ адамның” “ақ ниеті” ақталмады. Адасқандардың көзін ашып, рухын емдеу деген пиғыл іске аспады. Дінаралық қатынастар одан әрі шиеленіспесе, бейбіт жолға түспеді.
Бірақ ислам дінін ғылыми тұрғыдан зерттей бастаған батыс ғалымдарын оның терең пәлсапалық және мәдени астары таңдандырды. Ислам дінін енді тек жоққа шығару қиын бола берді [11].
Дінаралық түсіністікке алғашқы ірі қадамдардың бірі 1965 жылы Ватиканның ІІ жиылысында (Соборда) “Шіркеудің христиан емес діндермен қарым-қатынасы жөніндегі Декларациясы” болды. Онда мұсылмандардың бір Құдайдың құдіретіне ғана құлшылық ететінін, Иса пайғамбарды Құдай деп мойындамаса да, оны анасы Мариямен бірге құрметтейтінін, мұсылмандардың Ақірет талқысы күнін күтетінін жоғары бағалады. Мұсылмандар мен христиандар арасындағы тарихта орын алған алауыздық пен араздықты Қасиетті Жиылыс ұмытуға, түсіністікке шақырды, тұтас адамзат үшін әлеуметтік әділдік, имандылық, бейбіт өмір мен еркіндікті бірігіп сақтауға шақырды. Бұл дін өкілдеріне диалогқа жол ашты. Католик шіркеуі мұсылман дінбасыларымен қатынас жүргізетін ресми бөлімдер ашты [12].
АҚШ протестанттарының 1985 жылы бас ассамблеясы да мұсылмандармен түсінісуге, қарым-қатынасқа шақырды. Протестанттар да дінаралық қатынастармен айналысатын мекеме құрды. Айта кетелік, дінтанушы ғалымдар протестант шіркеуінің исламға деген үш амалына көңіл аударады: ымырашыл бағыт, миссионерлік қызмет және қоңыр-салқын қатынас, оның астарында мұсылмандарды, әсіресе посткеңестік кеңістегі мұсылмандарды протестант шіркеуіне тартудың ашық мақсат-ниеті жатыр. Евангелистер де осы бағытта қызу жұмыс жасауда.
Ислам әлемі де сақтықпен болса да христиандармен тіл табысуға ұдайы жол іздеуде. Дүниежүзілік мұсылман конгресі, Бүкіләлемдік лигасы және басқа да халықаралық ұйымдары христиан дін өкілдерімен қарым-қатынасқа дайындығын жария етті. Жаһандану үдерісіне басқа да “әлемдер” сияқты мұсылмандар да екіұдай үн қосты. Біріншісі – бастапқы исламға оралу, оның әлеуметтік дәстүрлерін жаңартып, басқа әлемнен аулақта болу, тіпті қарсы тұру, жаһандануды қабыл алмау, онымен күресу болды. Екіншісі – жаһандануды қабыл алу, оның жаңа, әділ модельдерін табу, оны халықаралық қауымдастықтың бақылауына алу деп түсінді. Жаһандану біз қалайық, не қаламайық жалғаса береді, әр ұлт, дін бұл үдеріске қай қырымен ілесетінін анықтауға ерікті болуға тиісті, оның жетегіне толықтай ену қауіпті екенін ескеру орынды [13].
Информация о работе Араб-Израиль қақтығысының пайда болу себептері мен тарихи алғышарттары