Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 08:44, реферат
«Өз ісімнің білгірі Һәм шебері атану үшін, жақсы жұмыс істеп жетік білуге ұмтылу керек. Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да игілігін көріп, рахатына бөленуді мақсат тұтқан жөн», - деп атақты ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай мен өз мамандығымның шебері болғым келеді. Сондықтан да ол шеберлікті бүгінен бастағанды жөн көрдім. Менің бүгінгі сіздерге ұсынғалы отырған ғылыми жұмысым, медицина саласымен тікелей байланысты болмақ. Менің таңдаған ғылыми жұмысымның тақырыбы «Вирустардың көзі табиғатта».