Вирустардың көзі табиғатта

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 08:44, реферат

Краткое описание

«Өз ісімнің білгірі Һәм шебері атану үшін, жақсы жұмыс істеп жетік білуге ұмтылу керек. Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да игілігін көріп, рахатына бөленуді мақсат тұтқан жөн», - деп атақты ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай мен өз мамандығымның шебері болғым келеді. Сондықтан да ол шеберлікті бүгінен бастағанды жөн көрдім. Менің бүгінгі сіздерге ұсынғалы отырған ғылыми жұмысым, медицина саласымен тікелей байланысты болмақ. Менің таңдаған ғылыми жұмысымның тақырыбы «Вирустардың көзі табиғатта».

Файлы: 1 файл

Вирустардың көзі табиғатта.doc

— 559.00 Кб (Скачать)

Вирустардың көзі табиғатта

Орындаған: Өмірзақова Б.Н.

Жетекшісі: Садвакасова С.К., Кудиярова А.М.

ОҚО, Сарыағаш қ, «Абу Али Ибн Сина медициналық колледжі», avicenna_1999@mail.ru

 

Саламатсыздар ма жиналған қауым!!! Мен «Абу Али Ибн Сина медициналық колледжінің» 1-курс студенті Өмірзақова Бақтыгүл.

«Өз ісімнің білгірі Һәм шебері атану үшін, жақсы жұмыс істеп жетік білуге ұмтылу керек. Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да игілігін көріп, рахатына бөленуді мақсат тұтқан жөн», - деп атақты ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай мен өз мамандығымның шебері болғым келеді. Сондықтан да ол шеберлікті бүгінен бастағанды жөн көрдім. Менің бүгінгі сіздерге ұсынғалы отырған ғылыми жұмысым, медицина саласымен тікелей байланысты болмақ. Менің таңдаған ғылыми жұмысымның тақырыбы «Вирустардың көзі табиғатта».

Табиғатта вирустар, бірнеше жағдайда тіршілік етеді, вирус латынша «У» деген сөз. Вирустар тек қана жасуша ішінде өсіп жетілетін арам тамақтар және бір иеден екінші иеге ауысып отырады. Вирустар тек жасуша ішінде ғана өсіп өнеді, Вирустардың тек жасушада ғана өсетін себебі не, себебі, вирустардың құрамы өте қарапайым: нуклейн қышқылы, ақуыз, қант, және май тек кейбір күрделі вирустардың ғана ферменттері болады. Осындай құрамы қарапайым вирустар көбеюі үшін жасушаның материалдарын пайдалануға мәжбүр болады. Олар: рибасомалар, жасуша мембранасы, ферменттер, энергия тудыратын жүйелер. Вирустарда ядрода жасушаға да тән заттар жоқ дегенімен вирустардың көбеюіне әсер ететін, жасушаның заттары қажет. Бұл жағдай қарақшылар басып алған кеме секілді. Өйткені, вирустар өз дегенін істету үшін байланыс органдарын қолына алып, өз үкімін жүргізеді. Демек, вирустар өздеріне қоректі заттарды өздері құрамай тек қана нұсқау арқылы торшаны өзіне бағындырып, жұқмыс істетеді. Ол нұсқауды вирустың нуклеин қышқылы береді. Вирустар табиғаттағы барлық жаны бар заттардан ерекше болады.

Вирустардың негізгі ерекшеліктері.

Вирустардың құрамында тек бір нуклеин қышқылы ғана бар: рибонуклеин қышқылы дезоксирибонуклеин қышқылы. Сондықтан да вирустар құрамында рибонуклеин қышқылы немесе дезоксирибонуклеин қышқылы бар вирустар болып бөлінеді. Ең негізгісі рибонуклеин қышқылы бар вирустардың барлық генетикалық ақпараты осы рибонуклейн қышқылында мұндай жағдай биологияда тіпті де кездеспейді. Вирустар жасуша ішінде болады да жоғалып кетеді. Себебі, вирус бөлшектерін серологиялық не микроскоп әдістері арқылы жасуша ішінен кездестіре алмаймыз. Жасуша ішінде белок пен нуклеин қышқылына бөлініп кетеді. Вирустар жасанды ортада өспейді себебі оларда ассемилияция, диссемилияция, тыныс алу деген жоқ, қоректенбейді, ештеңе бөлмейді. Вирустардың көбеюі үшін тек қана тірі жасуша керек, тек жасушаның ішінде ғана жасуша материалдарын пайдаланып қана көбейе алады екен. Вирустар өзінің геномымен жасуша геномына асер етіп, белгілі бір байланысқа түседі, осылайша жасуша бірге жұмыс істейтін күйге түседі, мысалы, рак ауруының вирустары. Осының салдарынан торшаның өлуі де мүмкін, себебі торша геномы зақымдалады, сондықтан торшалық рибонуклеин қышқылы құралмай, вирус геномы рибосомаға еніп, оны жеңіп шығуы мүмкін, осындай зақымға ұшыраған жасушаға вирустар көбейе бастайды.

Вирустар қоздыратын өсімдіктер, жануарлар және адамдар ауруының көбейуіне байланысты вирусология ғылымының маңызы өте зор деп есептеймін. Кейбір жұқпалы ауруларды емдеу сақтану жағдайлары шешілгенімен ішінде вирус тарататын ішек аурулары, респираторлы аурулары әлі көп тіпті кейбір жағдайларда, малдың жұқпалы ауруы онша білінбей өтеді екен. Немесе бір ғана вирус әрбір ауырған малды әр түрлі күйге душар етеді. Мысал ретінде адамдардың аденовирус жұқтыратын ауруын айтсақ осы күнде аденовирус жұқтыратын ауру ірі қарада да, шошқада да, қой мен құста да бар екені белгілі болды. Немесе тұмау ауруын алайық, барлығымызға белгілі тұмау барлық жастағы ересектер мен балаларды зақымдайтын ауыр вирусты жұқпалы ауру. Жыл сайын дүние жүзі бойынша 500 млн.-ға жуық адам тұмауға шалдығып, ал оның 2 млн.-ға жуығы аталмыш ауру түрінен қайтыс болады екен. Тұмау мен ЖРВИ біртіндеп адам денсаулығына кері әсерін тигізе отырып орташа өмір сүру ұзақтығын бірнеше жылға қысқартады екен. Сырқаттың ауыр ағымды түрлері кезінде жүрек-қан тамыр, тыныс алу мен орталық жүйке жүйесінде қайтымсыз өзгерістер туындап, жүрек пен тамырлар, сонымен қатар пневмония, трахеобронхиттер, менингоэнцефалиттер тәрізді аурулардың пайда болуына бірден бір оң әсерін тигізеді.

Кең таралған асқынуларына: ринеттер, синусидтер, бронхиттер, отиттер, созылмалы аурулардың асқынулары мен бактериалды суперинфекция жатады. Тұмау кезінде әлсіреген ағзаға бактериалды инфекциялардың енуі жоғарлай түседі. Тұмау кезінде өлім жағдайы – улану, бас миына қан құюлу, өкпе асқынулары, жүрек және өкпе жетіспеушілігі себебінен болады. Тіпті жеңіл желпі тұмаудың өзі асқынып адам өміріне қауіп төндіріп ағзада вирус бар екендігін дәлелдейді екен, яғни бұл имуниттеттің төмендеуі. Сонымен қатар бұл вирусты тұмаумен тек адамдар ғана ауырады деп келгенбіз. Қазір тұмау ауруымен құстың да жануарлардың да ауыратыны белгілі болды. Құстардың тек құс тұмауының вирусын ғана емес адам тұмауының да вирустарын тарататыны белгілі болды. Және сіздер бәріңіз де өзімізге белгілі «ХХ ғасырдың індеті» атанған СПИД төңірегіндегі қорқыныш әлі де сейілер емес. СПИД-тің вирусы ағзаға қандай себеппен енуіне келетін болсақ, ол вирус ағзаға енгеннен бастап, Т- лимфоциттерінің құрылысын бұзып өзгертіп жаңадан вирус өзінің жасушаларын көбейте бастайды. Соның салдарынан Т-лимфоциттерінің саны жойыла бастайды. Т-лимфациттерінің жойылу әсерінен ағза кез-келген инфекцияға бейім болады және имунитеттің төмендеуіне алып келеді. Емі табылуы былай тұрсын жыл сайын тажалдың торына миллион адам шырмалу үстінде. Қорытындылай келе мен мынаны айтқым келеді. Бүгінгі менің ғылыми жұмысым өз көңілімнен шықты. Келешекте өз білім деңгейімді одан да әрі дамытсам деймін, ол үшін әрине орта біліммен шектеліп қана қоймай, білікті маман болуым үшін жоғары оқу орнында жалғастыратын ойым да жоқ емес. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет.


Информация о работе Вирустардың көзі табиғатта