Жылнама-тарихи дерек көзі

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2013 в 12:45, курсовая работа

Краткое описание

Русьте жылнамалармен қатар, дүниежүзілік тарихқа баса көңіл бөлінген, соның негізінде орыс тарихының оқиғалары баяндалған тарихи шығармалар – хронографтар да тараған. Русьтің тарихын дүниежүзілік тарих қойнауында түсіндіруге ұмтылуышлық «Бағзы замандар хикаясының» авторы Несторда да болған. Егер оған дейінгі авторлар баяндауды орыс князьдарының істерінен бастаса, Нестор орыс жерінің тарихын славяндар тарихынан, ал славяндардың өздерін, библияның айтуына сай, дүниежүзілік топан су қаптағаннан кейінгі Жер бетін мекендеген халықтар қатарында айтады.

Оглавление

Кіріспе
І Тарау. Жылнама-тарихи дерек көзі.
1.1.Хронографтар
1.2.Ортағасырлық деректер арасындағы жылнамалардың маңызы мен орны.
ІІ Тарау. Жылнаматану ғылыми проблема ретінде.
2.1. Жылнамаларды жариялау.
2.2. Жылнамаларды ғылыми зерттеу.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

хронографтар.doc

— 69.00 Кб (Скачать)

Жоспар

Кіріспе

І Тарау. Жылнама-тарихи дерек көзі.

1.1.Хронографтар

1.2.Ортағасырлық деректер арасындағы жылнамалардың маңызы мен орны.

ІІ Тарау. Жылнаматану  ғылыми проблема ретінде.

2.1. Жылнамаларды жариялау.

2.2. Жылнамаларды ғылыми  зерттеу.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Тақырыптың  өзектлігі: Ортағасырлар тарихының аса маңызды жазба деректерінің бір тобын оқиғаны болған жылы бойынша баяндайтын жылнамалар құрайды. Әр халықтың даму ерекшеліктеріне қарай олардың тарихи дерек көздерінің де өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, қазақ халқының өткен тарихы, негізінен, ауыз әдебиеті туындылары – аңыз-әңгіме, жыр-дастандар, шежіре, т.б. арқылы ауыздан-ауызға тарап, баяндалса, орыс халқының тарихы ұзақ жылдар бойы жылнамаларда айтылып, жылнамаларда бейнеленген. Сондықтан, орыс тарихы үшін жылнамалар негізгі дерек көздерінің бірі болып табылады.

Русьте жылнамалармен  қатар, дүниежүзілік тарихқа баса көңіл  бөлінген, соның негізінде орыс тарихының  оқиғалары баяндалған тарихи шығармалар – хронографтар да тараған. Русьтің  тарихын дүниежүзілік тарих қойнауында түсіндіруге ұмтылуышлық «Бағзы замандар хикаясының» авторы Несторда да болған. Егер оған дейінгі авторлар баяндауды орыс князьдарының істерінен бастаса, Нестор орыс жерінің тарихын славяндар тарихынан, ал  славяндардың өздерін, библияның айтуына сай, дүниежүзілік топан су қаптағаннан кейінгі Жер бетін мекендеген халықтар қатарында айтады.

Тарих ғылымында орыс жылнамалары 300 жылға жуық зерттелініп  келді. Осы уақыт аралығында жылнаматану негізінен қалыптасты. Жылнаматану- тарихи дерек ретінде жылнманың өзіндік ерекшелігімен тікелей байланысты зерттеу проблематикасы.

Жылнамалардың аса маңызды  өзіндік ерекшелігі ертеректегі  жылнамалық жазбалардың кейінгі  кездегі жинақтар мен тізімдерде сақталуында. Сондықтан, мәтіннің тарихын оқу – жылнамалық ескерткішті пайдаланудың міндетті шарты. Осыған байланысты ғылым үшін жылнамалардың мәтінін жариялаудың маңызы зор. Бұл - өзіндік тарихы бар ұзақ процесс.

 

Мақсаты: Жылнамалардың маңызы мен хронографтарды қарастыру.

Міндеті:

  • Хронографтарды жан-жақты талдау;
  • Ортағасырлық деректер арасындағы жылнамалардың маңызы мен орнын анықтау;
  • Жылнамаларды жариялаудың маңызын қарастыру;
  • Жылнамаларды ғылыми зерттеудің мәнін ашу;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І Тарау. Жылнама-тарихи дерек көзі.

1.1. Хронографтар

Жылнама - оқиғалардың болған жылы, күні бойынша баяндайтын аса маңызды жазба деректер. Ерте заманда абыздар, тарихшылар, дін қызметкерлері, патша хатшылары жыл ішінде болған елеулі тарихи оқиғалар мен тарихи құбылыстарды рет-ретімен тіркеп, кітапқа жазып отырған. Жылнамалар жазу дәстүрі ежелгі Мысыр, Үндістан, Қытай, Иран, Арабия, тағы басқа елдерден басталған. Ертедегі жылнамашылар, көбінесе, патшалардың іс-әрекеттерін дәріптеп, солардың беделі мен үстемдігін нығайтуды көздеген. Қазақстан тарихына байланысты Жылнамалар, негізінен, парсы және түркі тілдерінде жазылған. Бұлардың көрнектілері "Шайбанинама", "Тарихи Әбілхайырхани", "Тарих-и-Рашиди", "Бабырнама", "Шежіре - и турк", тағы басқа. Бізге жеткен Жылнаманың бірі - "Өткен уақыт хикаясы" ("Повесть временных лет"). Бұл хикая 10 ғасырдың 2-жартысындағы оқиғалардан баяндап, 1110 жылмен аяқталады. Жылнамалар энциклопедиялық сипаттағы дерек көзі. Олардан ғылымның әр түрлі салалары үшін, медициналық, астрономия, тағы басқа бойынша көптеген ақпараттар алуға болады. Көне Русте II ғасырда Георгий Амортола, Малалдың Византия жылнамалары аударылды. Осы жылнамалар негізінде орыс авторлары "Еллин және Рим жылнамашысын" құрастырды. 15 ғасырда Иоанна Зонардың, Константин Манассидің 12 ғасыр жылнамасы белгілі болды. Кейбір жылнамалар ерекше көркемделді. Осындай Жылнаманың бірі - 15 ғасырдағы К.Манассидің "Үлкен француз жылнамасы". Орыс әдебиетінде жылнама летопись деген атпен белгілі болды. Орыс Жылнамалары қазақ халқының тарихы үшін маңызды дерек көзі болып табылады. Оны О.Сүлейменовтың "АЗ и Я" кітабынан көруге болады. Қазақтар туралы деректер Сібір Жылнамаларында, тағы басқа. Жылнамаларда көптеп кездеседі. Мысалы, Ш.Уәлиханов Никон жылнамасынан Ер Көкше батыр туралы мағлұматтар тапқан. Орыс Жылнамаларында жиі айтылатын "көшпелілер", "далалықтар", "түркілер", тағы басқа біздің ата-бабаларымыз болып табылады. Қазақ тарихы үшін Қадырғали би Қосымүлының "Жылнамалар жинағының" маңызы ерекше. Бұл еңбек 1602 жылы жазылып, бізге толық емес екі тізім және бір үзінді түрінде жеткен. Көшірмесі 1854 жылы Қазан қаласында жарияланған. Ол туралы Ш.Уәлиханов "Осы басылым қазақтардың откені туралы ең қүнды, ең алғашқы жазба ескерткіш деп жазды.

Русьте жылнамалармен  қатар, дүниежүзілік тарихқа баса көңіл  бөлінген, соның негізінде орыс тарихының оқиғалары баяндалған тарихи шығармалар – хронографтар да тараған. Русьтің тарихын дүниежүзілік тарих қойнауында түсіндіруге ұмтылуышлық «Бағзы замандар хикаясының» авторы Несторда да болған. Егер оған дейінгі авторлар баяндауды орыс князьдарының істерінен бастаса, Нестор орыс жерінің тарихын славяндар тарихынан, ал  славяндардың өздерін, библияның айтуына сай, дүниежүзілік топан су қаптағаннан кейінгі Жер бетін мекендеген халықтар қатарында айтады.

Дүниежүзілік тарих  туралы мәліметтер византиялық хронографтар – Георгий Амартола, Иоан Малалы, Георгий Синкеллалардың ХІ ғасырда аударма арқылы белгілі болған еңбектерінен алынған. Бізге жеткен ең көне хронограф ХVІ ғасырдың басында (1512 жылы) жасалған. Хронографқа деген қызығушылық, әсіресе, ХVІ – ХVІІ ғасырда артты. Жылнамалық жинақтар хронологиялық кіріспелермен басталатын болды, ал хронографтардан алынған көлемді көшірмелер жылнамалар құрамына енгізілген.

ХVІІ ғасырда – ХVІІІ  ғасырдың басында  хронограф одан әрі кеңінен тараған. Сол кезден бастап 150-ден астам тізім сақталған. Хронографтардың жаңа редакцияларын жасау ХVІІІ ғасырдың ортасына дейін жалғасқан.

Сонымен, кезінде өте  жоғары бағаланған (дүниежүзілік тарихтың, философияның, діннің және мәдениеттің  өзіндік энциклопедиясы болған) хронографтар жылнамалар жинағын жасауда аса маңызды деректер болды және дүниежүзілік тарихпен орыс тарихының бірлігін дәріптеді.

 

1.2. Ортағасырлық деректер арасындағы жылнамалардың маңызы мен орны.

Ортағасырлық тарихи деректер арасында орыс жылнамалары негізігі орын алады. Ол ресейлік  жылнамалардың өмір сүру уақытының ұзақтығымен де, деректегі ақпараттың молдығыменде байланысты.

Жылнамлар – жазба деректердің  өзіндік түрі, оның сипатты белгілері  мыналар:

А) «...жылы» болған оқиғалар туралы жылдық жазбаның қарапайымдылығы;

Ә) көлемі жағынан  ауқымды және құрамы жағынан күрделі шығармалар жасауға мүмкіндік туғызатын  компилятивтік сипаты (бірнеше жылнамалрдан, хронографтардан, повестерден тұруы.

Жылнамалардың маңызы бірнеше факторлармен анықталады:

1. Жылнамалар – аса көп (сан жағынан) деректер; қолжазбалардың жоғалғандығына, өртенгеніне, сатылғанына және ұрланғанына қарамастан, ХІХ ғасырдың аяғында жылнамалар тізімі 200-ге жуық болған, ал қазіргі кезде екі мыңнан асып отыр.

2.  Ортағасырлық Русьте жылнамалар тарихи баяндаудың негізгі түрі болды. Сондықтан, оларда ХІ- ХVІІ ғасырларда орыс тарихында болған барлық маңызды оқиғалар мен құбылыстар бейнеленді.

3. Жылнамалар – тарихи  білімнің қорлану процесін зерттеуге мүмкіндік беретін аса маңызды тарихнамалық дерек. Жылнамаларда тарихи баяндау тәсілдерінің көріністері, тіпті деректерді сынау әрекеттері кездеседі.

4. Жылнамалар – жоғарғы  шеберлікпен ерекшеленген, әдеби  ескерткіштер, көптеген  жағдайда  жылнамалар мәтіні, оған енген повестер мен әңгімелер өзінің көркемдігімен оқырманды таңдандырады.

5. Жылнамалар – ғылымның  әртүрлі саласындағы мамандар үшін таусылмас  мәліметтердің қайнар көзі. Мысалы, олардан мемлекет пен құқық тарихы бойынша, медицина, астрономия саласы бойынша мол ақпараттар алуға болады. Сонымен, жылнамалар – энциклопедиялық сипаттағы дерек деп айтуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Тарау. Жылнаматану  ғылыми проблема ретінде.

2.1. Жылнамаларды  жариялау.

Тарих ғылымында орыс жылнамалары 300 жылға жуық зерттелініп келді. Осы уақыт аралығында жылнаматану негізінен қалыптасты. Жылнаматану- тарихи дерек ретінде жылнманың өзіндік ерекшелігімен тікелей байланысты зерттеу проблематикасы.

Жылнамалардың аса маңызды  өзіндік ерекшелігі ертеректегі  жылнамалық жазбалардың кейінгі кездегі жинақтар мен тізімдерде сақталуында. Сондықтан, мәтіннің тарихын оқу – жылнамалық ескерткішті пайдаланудың міндетті шарты. Осыған байланысты ғылым үшін жылнамалардың мәтінін жариялаудың маңызы зор. Бұл - өзіндік тарихы бар ұзақ процесс.

Жылнамалар ХVІІІ ғасырдан бастап-ақ Ресейде жариялана бастады, дегенмен оларды жүйелі түрде жариялауды жолға қойған 1834 жылы Петербургте  құрылған Археографиялық комиссия болды.

«Орыс жылнамаларының толық  жинағының» жариялануы тікелей осы  комиссияның қызметімен байланысты.

Жылнамаларды жариялау әртүрлі қиындықтарға байланысты өте  баяу жүрді. 1841 жылы Новгород жылнамасының үш томы, 1843 жылы Ипатьев жылнамасының екі томы, 1846 жылы Лаврентьев жылнамасының бір томы, т.б. жарық көрді. Қазан  төңкерісіне дейін, жеке басылымдарды қоспағанда , «Орыс жылнамаларының толық жинағының» 23 томы жарияланды. Бұл іс кеңес кезінде одан әрі жалғастырылды. 1921 жылы Типографиялық жылнама жарияланды.

Одан кейінгі жылдары  негізгі орыс жылнамаларын қайта  жариялау ісі қолға алынды. Өйткені олардың көбі ХІХ ғасырдың ортасында аз таралыммен  шыққан және оларды жариялау тәсілі ескірген еді. 20-шы жылдары ондаған ірі жылнамалар қайта басылып шықты.  30-шы жылдары « Орыс жылнамаларының толық жинағын» жариялау уақытша тоқтатылды. Тек 1949 жылы ғана қайта қолға алынып, сол жылы ХV ғасырдың соңында Москва жинағы жарияланды. 50-80-ші жылдары «ОЖТЖ»-ның ХХVІІ-ХХХІХ томдары жарияланды. Сонымен қатар, жылнамалар басқа сериялар мен баспаларда да жарияланды.

Жылнамаларды жариялау аса күрделі зерттеу жұмыстарын жүргізуді, көптеген ғылыми-зерттеу мекемелері мен зерттеушілердің қатысуын қажет етті. Өйткені, көптеген жылнамалар мәтіндерін қайта қалпына келтіру қажет болды. Мысалы, 1812 жылғы Москвадағы өрт кезіндегі Москва университетінің жанындағы Ресейдің тарихы мен көне ескерткіштер қоғамның кітап қоймасы өртеніп, ондағы көптеген жылнамалық қолжазбалар жойылды. Соларды қалпына келтіру ісі күні бүгінге дейін жалғасуда. Мысалы, ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап ғылыми айналымға түскен аса бағалы жылнамалардың бірі Троицк жылнамасы (Троицкі жылнамасы деп атау себебі оның Сергиев монастырындағы Троицкі кітапханасында сақталуына байланысты) сол өрттің салдарынан жойылған. Оның мәтіні Н.М.Карамзин еңбектерінде  жасалған көлемді сілтемелерге , т.б. еңбектерге сүйеніп, қалпына келтіріліп, қайта жарияланды.

 

2.2. Жылнамаларды  ғылыми зерттеу.

Орыстың тарих ғылымы жылнамаларды зерттеуден басталды деп  айтуға болады. В.Н.Татищев жылнама  зерттеудің негізін қалаушылардың  бірі болды. Оның еңбегінде жылнамалардан көптеген мәліметтер алынып, көлемді сілтемелер жасалып қана қойған жоқ, сонымен қатар, оларды алғаш рет сыныптау, мәтінді талдау, жылнамашылар мәліметтерін сынау әрекеттері жасалған. Татищев еңбектерінде бізге жетпеген жылнамалардан үзінділер бар. Олар жылнамаларды толық қалпына келтіруге көмектеседі.

Татищевтен кейінгі  көрнекті орыс тарихшыларының бәрі дерлік жылнамалар туралы жазды, не ондағы мәліметтерді өз еңбектерінде пайдаланды.

ХVІІ ғасырдың өзінде-ақ жылнамалардың ғылыми құндылығын бағалауда екі көзқарас пайда болды:

Князь М.М.Щербатов жылнамашылар туралы «каждый прилежно старался описывать  бывшие приключения.....что вся российская история сочинена современными писательями  тех времен.....великой вероятности  достойна»,-деп жазды. Яғни, жылнамашыға, жылнамаға толық сенім білдірді.

Оның замандасы И.Н.Болтин өзінің «Критическая примечание генерал-майора Болтина на І том «История князя  Щербатова» деген еңбегінде «.....что  летописи изобилуют премножеством  чудес и прибавлений невместных, изъявляющих мрачное невежество и пустосвятство ее сочинителя»,- деп жазды. Демек, жылнамашыға, жылнамаға деген толық сенімсіздікті көрсету.

Өз кезінде ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басында жылнамаларды зерттеуде жаңа туындылардың пайда болуына «Бағзы замандар хикаясын» зерттеген Август Шлецердің еңбектері өз әсерін тигізді. Бұған дейінгі  библияның мәтінін зерттеген тәжрибелі ғалым жылнаманың бастапқы мәтінін көшірмешілердің бұрмалағандығы және жылнаманың түпнұсқалығын толық қалпына келтіру қажеттігі туралы болжам айтты.

Шлецердің теориясы алғашқы  жылнамаларды жариялаудың методикалық  негізіне алынды. Көптеген жылнамалар осыдан соң бұрмалаудан тазартылды. Одан кейінгі кезеңдердегі жылнамалар қатарының кеңеюі, жылнамалар мәтінінің  тереңірек зерттелуі, оларды басқа деректермен салыстыру зерттеушілерге оны талдауға нақты-тарихи тұрғыдан келу керектігін көрсетті.

В.О.Ключевский жылнамаларды зерттей отырып, мынадай қорытындыға  келді: «У летописцев есть....свой определенный взгляд на события», т.е. «летописный  угол зрения». Бұл көзқарасты, өз сөзімен айтқанда, ол «церковна-исторический» деп атады. Дегенмен, Ключевский бұл көзқарасты барлық жылнамашыларға тән деп есептеді. Жылнаманы талдаудағы мұндай бір-жақтылықтан ғылым кейіннен тазарды.

Информация о работе Жылнама-тарихи дерек көзі