Математиканы терендетип окыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 11:51, курсовая работа

Краткое описание

Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, егемендік алған тұста осы елдің келешегін жалғастырар, экономикасын, мәдениетін көтерер ұрпақ тәрбиелеу - бүгінгі күннің талабы. Бүгінгі қоғамның дамуы оның мүшелерінің білімімен өлшенетін кезі келді. Өйткені, қазіргі өркениетке жеткізетін құрал- тек қана білім. Білімді ұрпақ қана қоғамның болашақ иесі бола алады.
«Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында» былай делінген:

Оглавление

КІРІСПЕ .......................................................................................................................3
І. ТЕРЕҢДЕТІЛГЕН МАТЕМАТИКА САБАҒЫНЫҢ РОЛІ................................8
1.1 Математика арқылы оқушылардың ізденімпаздығын дамыту........................8
1.2 Математиканы оқытудағы модульдік технологияның маңызы.....................15
1.3 Математиканы тереңдетіп оқыту мәселелері ..................................................21
1.4 Математиканы дифференциалдап оқыту әдісі.................................................26
ІІ. МАТЕМАТИКАНЫ ТЕРЕҢДЕТІП ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ..........29
2.1 Математиканы тереңдете оқытудағы факультативтік сабақтар.....................29
2.2 Математиканы тереңдетіп оқыту жағдайында оқушыны субьект ретінде дамытудағы әртүрлі технологиялар.........................................................................36
2.3 Тереңдетілген алгебра сабағында оқушылардың зерттеушілік қызметін қалыптастыру.............................................................................................................40
2.4 Тереңдетілген математика сабағы арқылы оқушылардың терең ойлау қабілетін дамыту........................................................................................................48
ҚОРЫТЫНДЫ….......................................................................................................57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................................60

Файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.doc

— 211.50 Кб (Скачать)

 

КІРІСПЕ .......................................................................................................................3

І.  ТЕРЕҢДЕТІЛГЕН МАТЕМАТИКА САБАҒЫНЫҢ РОЛІ................................8

1.1 Математика арқылы оқушылардың  ізденімпаздығын дамыту........................8

1.2 Математиканы оқытудағы  модульдік технологияның маңызы.....................15

1.3 Математиканы  тереңдетіп оқыту мәселелері ..................................................21

1.4 Математиканы дифференциалдап  оқыту әдісі.................................................26

ІІ. МАТЕМАТИКАНЫ ТЕРЕҢДЕТІП  ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ..........29

2.1 Математиканы тереңдете  оқытудағы факультативтік сабақтар.....................29

2.2 Математиканы тереңдетіп оқыту жағдайында оқушыны субьект ретінде дамытудағы әртүрлі технологиялар.........................................................................36

2.3 Тереңдетілген алгебра  сабағында оқушылардың зерттеушілік  қызметін қалыптастыру.............................................................................................................40

2.4 Тереңдетілген математика  сабағы арқылы оқушылардың терең  ойлау қабілетін дамыту........................................................................................................48

ҚОРЫТЫНДЫ….......................................................................................................57

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................................60

КІРІСПЕ

Еліміздің өркениетті  елдер қатарына қосылып, егемендік алған тұста осы елдің келешегін жалғастырар, экономикасын, мәдениетін көтерер ұрпақ тәрбиелеу - бүгінгі күннің талабы. Бүгінгі қоғамның дамуы оның мүшелерінің білімімен өлшенетін кезі келді. Өйткені, қазіргі өркениетке жеткізетін құрал- тек қана білім. Білімді ұрпақ қана  қоғамның болашақ иесі бола алады.

«Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында»  былай делінген:

«ХХІ ғасырда білімін  дамыта алмаған елдің тығырыққа  тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда, жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз иновациялық экономика құра алмаймыз. Барлық деңгейдегі технологиялық және кәсіптік білім беруді дамытуға  бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт»- деп «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты президент жолдауында атап көрсетілгендей бүгінгі күн мектептегі білім бері бағытында жаңаша көзқарасты талап етіп отыр.

Бүкіл дүниежүзілік білім  беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі  кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педогогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты  өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беріу қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Елбасымыз білім саласына қойылған талаптары ерекше.Біз тәрбиелеп отырған ұрпақ дүниенің кез-келген жерінде білім алуға, қызмет атқаруға қабілетті,  ғылым мен техниканың кез-келген саласын меңгере отырып, тіл меңгеру қабілеті жоғары, бәсекесестікке қабілетті болуы тиіс.

Келер ұрпаққа қоғам  талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетніңің ғылыми – педогогикалық негіздерін меңгеруі- маңызды мәселелердің бірі.

Қазіргі дамыған қоғам  деңгейінде еліміздің ертеңі үшін мектеп қабырғасынан шығармашылық қабілеті дамыған, әлеуметтік белсенділігі жоғары тұлғаларды тәрбиелеп шығару қажеттілік деп санасақ, оның негізі осы математика пәнің оқытуда жатыр.

Математика - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілетінің  көзін ашу  және оның үздіксіз дамуы мен жетілуін қамтамасыз ететін пәннің бірі.

Математиканы оқушыларға қалай түсіндіру керектігін, оның әдіс-тәсілдерін, жаңа технологияларды дұрыс меңгеруін қадағалайтын осы- математиканы оқыту әдістемесі пәні.

Математиканы оқыту  әдстемесі соңғы жылдары қарқынды дамып, мазмұны жағынан да, кемелденіп, әр алуан методикалық әдебиеттер совет-шетел методистерінің , әсіресе Ф.В. Шаталовтың, П.М. Эрдниевтің және т.б. озат тәжірибелерімен қорлана түсті.

Болашақ математика мұғалімі математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаттары мен мазмұның, әдіс-тәсілдерін, методикалық

зерттеулерді, есеп  шығарудың  және оларды оқушыларға түсіндірудің жолдарын, оқытудың техникалық және көрнекі  құралдарын  оқу процесінде пайдалану  методикасын, оқушыларды оқу ісіне  жұмылдыру тәсілдерін, педогогика ғылымы мен озат тәжірибе жетістіктерін мектеп практикасына батыл енгізу  тәсілдерін жоғары мектеп қабырғасында жүргенде –ақ игеруі тиіс.

Бүгінгі студент ертеңгі  мұғалімнің педогогикалық білімі мен  кәсіби шеберлігін қалыптастыруда «Математиканы  оқыту әдістемесі» ерекше орын алады. Бұл пәннің басты міндеттерінің  бірі - оларды ағартушылық қызметке тағайындау және педогогикалық іскерлігін шыңдау.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей  математиканы оқыту әдістемесі болашақ  мұғалімдерге арналған,яғни жоғарғы  оқу орындарында оқытылады. Бұл  дегеніміз математиканы оқыту әдістемесінің алдында тұрған басты мақсат елімізге саналы да білімді ұрпақ тәрбиелеп беретін мұғалімдерді дайындау. Сонда біз математиканы оқыту әдістемесі  пәнің оқи отырып, болашаққа қажетті мәліметтер ала  аламыз. Олар :

Математиканы  оқыту әдістері:

  1. Математиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері;
  2. Эвристикалық әдіс;
  3. Оқытудың дәстүрлі әдістері;
  4. Бағдарламалық оқыту әдістері;
  5. Практикалық және зертханалық жұмыстар;
  6. Проблемалап оқыту;
  7. Оқушылардың өздік жұмыстары.

Математиканы  оқыту әдстемесінің ғылыми таным әдістері:

  1. Бақылау және эксперимент;
  2. Салыстыру;
  3. Анализ және синтез;
  4. Жалпылау және нақтылау;
  5. Аналогия және модельдеу;
  6. Индукция және дедукция;
  7. Абстракциялау.

 

Елбасы Н. Назарбаев  «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінін терең білгірі болу емес, тарихи танымдык, педагогикалық-психологиялық сауаттылық саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ақпараттық мәдениет- бұл әңгімелесе білу, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігіңді шектей білу.

Математика  сабағында жаңа педогогикалық технологияларды  қолдану:

  1. Проблемалық оқыту әдісі;
  2. Шадриковтың жеке оқыту әдісі;
  3. Шадриковтың тірек – сызба, нұсқа және өзара байланыстыру  әдісі.

              а) сыныпқа тақтаға сызылған  сызба нұсқа арқылы сабақ 

            түсіндіру;

                    б) сурет немесе плакат арқылы  түсіндіру;

       4. Қараевтың  деңгейлік әдісі :

а) Оқушының деңгейі;

б) Алгоритмдік деңгей;

в) Эвристикалық деңгей;

г) Шығармашылық деңгей.

       5. Дьяченконың жұптап оқыту әдісі.Баланы бір-біріне

        үйрету, бірінің білім деңгейін  біріне бағалату.

  6. Саралап  оқыту - жаңа педагогика технологияның өзін-өзі ақтаған    

  жаңа  әдістерінің бірі.

  7. Жаңа педагогика технологияның XX ғ 60ж пайда болған

    модельдік  блокпен оқыту.

  8. Дифференциялды оқыту түрі. Материялды блок түрінде

    жеткізу.

  9. Ойын элементтері. Сабақ үстінде оқушының өзін еркін

ұстауы, ойын еркін жеткізу, өз бетімен жұмыс істеу.

 

Математиканы оқыту  әдістемесі мына сұрақтарға жауап беретіні белгілі:

    • Оқыту мақсаты – не үшін оқытамыз?
    • Оқыту объектісі – кімді оқытамыз?
    • Оқыту мазмұны – нені оқытамыз?
    • Оқыту әдістері – қалай оқытамыз?

Осы сұрақтарға дұрыс  жауап бере келе біз болашақта  елімізге еңбек сіңірер білімді де саналы ұрпақ аларымыз анық.

 

Тақырыптың  өзектілігі:

Математиканы оқыту  әдістемесін толық қарастыру  арқылы математиканы оқытудың өзекті мәселелерін, тереңдете оқыту мәселелерін, оқыту әдістерін, жаңа технологияны меңгеру әдістерін  нақты ашып көрсету.

 

Практикалық маңыздылығы: Оқушыларға математиканы оқыта отырып, оларға математиканы оқыту әдіс-тәсілдерін, жаңа технологияны меңгеру жолдарын, сабақта көрнекі құрал жабдықтарды қолдану тәсілдерін меңгерту.

Қазіргі ахуалы: Қазіргі таңда Жоғарғы оқу орындарында, мектептерде осы математиканы оқыту әдістемесін оқыту басты мәселелердің бірі болып отыр, өйткені тек осы пәнді оқи отырып қана біз болашақта жақсы ұстаз ала аламыз. Бұл пәннің негізі міндеттерінің бірі  оқушыларға математиканы оқыту әдсітерін, жаңа технологияны меңгеру жолдарын, көрнекіліктерді қолдану тиәсілдерін үйрету болып табылады.Осы пәнді дұрыстап оқыта отырып қана біз білімді де саналы ұрпақ ала аламыз.

 Дипломдық жұмыстың мақсаты:

- Математиканы оқыту  әдістемесінің жалпы мәселерімен таныстыру (Математиканы оқытудың әдістері,ғылыми таным әдістері,математиканың оқыту әдістемесінің маңызы,міндеттері және мақсаты,пәнаралық байланыс).

- Математиканы оқыту  әдістемесінің өзекті мәселелерімен  таныстыру (Жаңа технологиялардың қолдану мүмкіндігі, тереңдетіп оқыту мәселелері, математиканы оқытуда есептің рөлі, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту). 

Дипломдық жұмыстың міндеті:

  • Әлемдік білім теңсіздігіне шығуда техникалық бағыттағы ғылым салаларын дамыту, әсіресе математиканың оқыту сапасын көтеру кезек күттірмейтін міндет болып табылады;
  • Математиканы оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін

          қалыптастырып, ізденпаздыққа баулу.

     -    Математиканы оқытуда оқушыларды  жан-жақты дамыту тұрғысынан 

          қалыптастыру.

     -    Математиканы оқыту әдістерін  айқындау.

     -    Математика сабағында жаңа технологияларды  меңгеру жолдарын 

   көрсету.

  • Оқушылардың   инновациялық технологияларды қолдануы;
  • Сабақ уақытын тиімді пайдалану;
  • Мұғалім мен оқушылардың еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастыру.

Зерттеу обьектісі:  Математиканы оқыту әдістемесінің шығу тарихы, өзекті мәселелері, тереңдете оқыту мәселелері, қолданатын әдістер.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Кіріспе, І-бөлім: Математиканы оқытудың  маңызы мен міндеттері, ІІ-Бөлім: Математиканы оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер.

Практикалық  базасы: Қалалық кітапхана мен АрқМПИ кітапханасының тақырыпқа қатысты кітапшалары, оқулықтары, баспасөз материалдары мен мақалалар жинағы.

 

 

І.  ТЕРЕҢДЕТІЛГЕН МАТЕМАТИКА САБАҒЫНЫҢ  РОЛІ

 

1.1 Математика арқылы  оқушылардың ізденімпаздығын дамыту

 

 

Адамзат баласы өзі әр түрлі қиыр жолдармен келіп жеткен ХХІ ғасырды атом энергетикасы ғасыры, жаһандану ғасыры, математикаландыру  ғасыры (және тағы басқа) деген сияқты әр түрлі атауда. Белгілі бір көзқараспен қарағанда мұның ешқайсысын да «олай емес», - деуге болмайды. Бірақ қазіргі ғасыр – ақпараттар тасқыны ғасыры екендігіне де күмән жоқ: сарапшылар барлық кездерде жазылған кітаптарға қарағанда, ақпараттардың 2006 жылы жаһандық ауқымда 3 миллион есе көп шығарылғанын есептеген. Болжам бойынша 2010 жылы ақпараттың бұл көлемі тағы да алты есе ұлғаймақ.

Бұл жағдайға байланысты қазір әлемнің көптеген дамыған  елдеріндегідей біздің елімізде ауқымды  шаралар қолға алынуда. Соның бірі ғана емес бірегейі, ол – бұл күнде ХХ ғасырдың еншісінде қалып бара жатқан белгілі бір уақыт кезеңінде ғана білім алу жағдайынан - бүкіл өмір бойы білім алу жағдайына көшу, яғни адамның бүкіл өмір бойы тұрақты түрде жаңа білім мен  дағдыларды игерулеріне жағдай туғызу.

Сондықтан да қазіргі  таңда білім беру жүйелерінің  алдында тұрған негізгі міндет адамның  бүкіл өмір бойы тұрақты түрде  жаңа білімдерді ала алуларына және соған сәйкес оларды қолдана алу  іскерліктерін игерулеріне, яғни шығармашылық тұлға ретінде қалыптасуына негіз қалау болып табылады. Бұл міндетті жүзеге асыру орта білім беру жүйесінде оқушыларды өз бетімен білім алуға ынталы ету, оларға жаңа білімді тек репродуктивтік қана емес ізденіс жүргізу және зерттеушілік қызметтерін дамыту арқылы игерту мәселелерінің практикада нақты шешімін табумен тығыз байланысты. Зерттеушілік қызмет оқушыларды жаңа білімді игеруге ғана бағыттап қоймай, жаңа ақыл-ой қызметінің қалыптасуына көмектеседі. Ал, бұл оқушылардың арнайы шығармашылық қабілетінің ғана емес, жалпы алғанда теориялық ой-пікірлерінің дамуына да зор ықпал етеді.

Информация о работе Математиканы терендетип окыту