Басқару ғылымының мәні мен әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 09:40, доклад

Краткое описание

Басқару ісі қарым-қатынастың көптеген жағын(саяси, әлеуметтік, экономикалық, этикалық және т.б) қамтиды. Егер өндірістік процестер мен қатынастардың мазмұны өндірісте материалдық игіліктерді тікелей өндірудің еңбегін ұйымдастыруды бейнелейтін байланыстарды құрайтын болса, онда басқарушылық процестер мен қатынастардың мазмұны- бұл өндірісті басқару ісіне қатысушылардың ортақ еңбегін көрсететін байланыс.

Файлы: 1 файл

апу.docx

— 103.82 Кб (Скачать)

 

Басшы әуелі жанжал себебін  анықтауы, содан кейін кез келген тәсілдің біреуін қолдануы тиіс.

     Жанжалды  шешудің құрылымдық тәсіліне  жататыны: жұмыс талабын түсіндіру, үйлестіру және интеграциялық механизмдер, жалпы ұйымдық комплексті мақсаттарды орнату және көтермелеу жүйесін қолдану.

     Жанжалға жол  бермеудің ең қолайлы тәсілдерінң  бірі – әрбір қызметкер мен  бөлімшелерден қандай нәтижелер  болатындығын түсіндіру. Басшы  алынған нәтиже деңгейін анықтауы, мәліметті кім беріп, кімнің  алатындығын, өкілеттілік пен  жауапкершілікті көрсетіп отыруы  тиіс.

     Үйлестіру  және интеграциялық механизмдерде  өкілеттілік дәрежесі көзделіп, адамдар арасындағы қарым қатынас,  шешім қабылдау мен мәлімет  тасқындары ретке келтірілді.

     Жалпы ұйымдық  комплексті мақсаттарды жүзеге  асыру үшін жекелеген немесе  тұтастай қызметкерлерді, топты  немесе бөлімшені жұмылдыруға  тура келеді.

     Мадақтау, көтермелеу, жақсы істі көпке үлгі ету  арқылы адамдар арасындағы салқын  көзқарасты сейілту болады. Жалпы  ұйымдық мақсатқа өзінің сүбелі  үлесін қосқан басқа ұйымдарға,  топтарға қол ұшын беріп жәрдемдескен  адамдарға алғыс айту, сыйлық  беру немесе қызметін жоғарылату  түрінде мадақталып отыруы тиіс. Мұның өзі адамдар арасындағы  наразылықты білдіруге басшының  талаптары мен бұйрықтарын мүлтіксіз  орындауға ықпал етеді. 

      Тұлғааралық жанжал жанжалдың негізгі типтерінің бірі болып табылады. Бұл жанжалдың ең көп тараған түрі. Ұйымдарда ол әртүрлі нысандарда кездеседі. Көп жағдайда басшылардың шектелген ресурстарға капитал еңбек күшіне және жобаны мақұлдауға байланысты талас түрінде кездеседі. Түрлі мінез құлықты көзқарастарымен құндылықтары әртүрлі болып келетін тұлғалар арасында да туындайды.


Информация о работе Басқару ғылымының мәні мен әдістері