Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің ролі

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 13:52, курсовая работа

Краткое описание

Менің тақырыбының аты “Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттеріндегі Шағын кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері”.

Бұл тақырыптың таңдау себебім: дамыған елдердегі Шағын кәсіпкерліктің ұйымдастыруы, оның нысандары, қызмет ерекшеліктері; Қазақстан жеріндегі Шағын Шағын кәсіпкерліктің маңызы мен мәні туралы, менің курстық жұмыстың бастапқы мақсаты болып еді.

Қазақстан Республикасында Шағын кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің Шағын кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.

Оглавление

Кіріспе.....................................................................................................8

1. Шағын кәсіпкерліктің түсінігі және оның негізгі түрлері..............9
Шағын кәсіпкерліктің мәні, мақсаты, ерекшеліктері................................9
Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы орны............................................14

1.3. Шағын кәсіпкерлік қызмет түрлері..........................................................16

2. “Рахат” Акционерлік Қоғамындағы маркетингті пайдалану...............20

2.1. Қазақстан Республикасындағы тамақ өнімдерін өндіру жөнінде............20

2.2 “Рахат” Акционерлік Қоғамының технико-экономикалық талдау...........23

2.3. “Рахат” АҚ-ның маркетингтік қызметін талдау........................................27

3. Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары..................................................................................30

3.1. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамытудың

мемлекеттік саясаты..............................................................................................30

3.2. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қалыптастыру

жүйесі және оны дамыту перспективалары........................................................33

Қорытынды ...........................................................................................................36

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................37

Файлы: 1 файл

Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің ролі.doc

— 271.50 Кб (Скачать)

      3. Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы  шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру  нысандары 

      3.1.    Қазақстан Республикасындағы Шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясаты. 

   Шағын Шағын кәсіпкерліктің мынадай “әлсіз” жақтары бар:

  • Ұзақ мерзімді міндеттерді жасаудағы басшының білімсіздігіне байланысты әлсіз стратегиялық басқару;
  • Өзін өзі ақпаратпен жеткіліксіз қамтамасыз ету;
  • Меншікті және несие қаржы ресурстарының жетіспеушілігі;
  • Тәуекелдің жоғарылығы және қызметтің тұрақсыздығы;
  • Сыртқы ортадан-банктерден, басқарудың мемлекеттік ұйымдарынан, ірі кәсіпорындардан, ғылыми ұйымдардан күшті тәуелділік.

   Соңғы уақыттарда республика шағын кәсіпорындар әлеуметтік қызметтерден көбірек босатылуда. Стратегиялық жоспардағы әлеуметсіздендіру  процесі шағын кәсіпорындардың  қоғам алдында өз қызметкерлерінің әлеуметтік-экономиклық жағдайына  жауапкершілігінің төмендеуінен және олардың жалпы мемлекеттік, муниципальды және әлеуметтік міндеттерді шешуге енжар қатысуынан көрінеді.

   Кәсіпкерік  еркіндігі мен әлеуметтік жауапкершіліктерінің принциптерін тек нарықтық механизм арқылы үйлестіру мүмкін емес. Бұл  үшін сәйкес мемлекеттік саясат қажет.

   Мемлекттің  Шағын кәсіпкерлік атынасындағы екі негізгі қызметін бөліп көрсетуге болады: реттеу және қолдау.

   Біріншісінің  мәні Шағын Шағын кәсіпкерліктің құқықтық ортасын қалыптастыруды ұйымдастыру, әкімшілік сұрақтарды шешуде және сәйкес міндеттердің орындалуын бақылауда.

   Қолдану қызметтері шағын кәсіпорындарға материалдық, ақша, ақпараттық ресурстарды, мемлекеттік  тапсырыстарды, оларға қызмет көрсетуді  және т.б. жеткізу.

   Шағын кәсіпкерлік “төменнен” бастамасы бойынша тіршілікке қабілетті.

   Мемлекеттің міндеті шағын кәсіпкрлікті көбейту  емес, оның қалыптасуы мен табысты  қызмет етуі үшін қолайлы экономикалық орта жасау.

   Шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясатында іскерлік белсенділікті ынталандыруға заңдық және нормативтік негіз жасау және жетілдіру, сонымен қатар Шағын кәсіпкерлік қызметті қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылым қалыптастыру қарастырылады.

   Шағын кәсіпкерлік ерекше тәсілді және оны қолдау шараларының арнайы кешенін жасауды талап етеді.

   Қазақстан Республикасының “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” заңында қарастырылады:

  • Өндіріспен айналысатын Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу кезеңінен бастап алғашқы үш жыл ішінде қозғалмайтын мүлікке тіркеу құқығына ақыдан босату;
  • Өндірістік қызметпен айналысатын шағын субъектілеріне жер учаскелерін жерді пайдалану актісін беруге ақы алмай беру;
  • Электроэнергиясы, жылу, сумен жабдықтау және канализацияның қуатына қосылу, мемлекеттің қатысуымен екінші деңгейдегі актта есепшот ашу бойынша ақыдан босату;
  • Шағын субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне жылына бір реттен көп емес тексеруді белгілеу.

   Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендіру үшін 2001-2002 жылдарға Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданған, ІЖӨ 22 % арттыру қарастырылған.

   Шағын кәсіпкерлікті жеткіліксіз несиелеудің маңызды мәселелерінің бірі көптеген кәсіпекрлердің кепіл затпен қамтамасыз етілмеуі. Сондықтан коммуналдық меншік объектілерінен аймақтық өтімді кепіл қорлары құрылады. Олар Ақтөбеде, Қызылордада, Маңғыстауда, Павлодарда құрылған.

   Шағын Шағын кәсіпкерліктің дамыту қорының қызметіне жәрдемдесуге облыс әкімдері тартылады. Олардың көмегі кәсіпкерлерге пайдалануға (жалдау, өтеусіз беру және т.б.) бос әкімшілік үйлердің алаңдарын беруде.

   Шағын кәсіпкерлікті қолдау қорына және оның аймақтық өкілдеріне шағын кәсіпорындарға мемлекеттік тапсырыстарды таратуға көмек көрсету қажет. Осы мақсатта қор мемлекеттік тапсырыс алуға өтініш беруге, келісім-шарт жасауға, сатып алумен айналысатын мемлекеттік қызметтерге шағын кәсіпорындардың мекен жайын таратуға, мемлекеттік тапсырысты алу үшін маркетинг саясатын жүргізуге көмектесуі қажет.

   2001-2002 жылдарға Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасында Қазақстанда Шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарда шығарылатын ұқсас импорттық тауарларды бюджеттік ұйымдардың сатып алуына тыйым салу қарастырылады.

   Ірі компанияларға оларға ұсынылған  мемлекеттік тапсырыстардың бір  бөлігін бәсеке негізінде шағын  кіспорындарға беруге міндеттеу  керек.

   Шағын кәсіперлік субъектілерінің инвестициялық қызметін мемлекеттік реттеу келесілер арқылы қамтамасыз етіледі:

  • Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекттік инвестиция бағдарламасына қатысуы;
  • Халықтың салымдарын құнды қағаздар арқылы инвестицияға өзгерту механизмін жасау;
  • Бюджеттен тыс көздерді тарту саласына Шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша қорлар қызметін және басқа арнайы институттарды белсендіру;
  • Шағын кәсіпкерлікпен жұмыс істейтін коммерциялық банктер және басқа қаржы институттары үшін жеңілдіктер жүйесін дамыту;
  • Жоғары тиімділігі бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне үлестік шартпен тікелей қаржылық қолдау көрсету.

   Шағын көлік кәсіпорындары халықаралық  транзиттік сауданың дамуына ойдағыдай  қатыса алады. Негізгі жүк ағындарының  түйіскен Евразия орталығындағы елеулі экспорттық әлеует және қолайлы көлік-географиялық жағдай Қазақстанда халықаралық транзиттік сауданы дамыту үшін қолайлы алғашқы шарттар жасайды:

  1. Қазақстан Республикасының территориясы бойынша шетел көліктерінің және жолаушыларының транзиті және оларға жүру жолдары бойынша қызмет көрсету;
  2. Шетел тауарларын жеткізу және оларды әрі қарай үшінші елдерге (реэкспорттау) кері экспорттау;
  3. Шетел тауарларын жеткізу және олардың экспорттық өнімдер өндірісіне технологиялық қатысуы, әрі қарай экспортқа шығару. 

   Қазақстанның  жеңіл өнеркәсібі терең дағдарыста тұр, одан шығуды жағымды нәтижелерге  жеткен бірнеше кәсіпорындардың  табысты қызмет көрсетуде. Олар барлық тауар, өткізу, инвестициялық, баға саясатын тұтынушыға қарай бұрып, нарықтағы  өз тауаршасын (ниша) тапты.

   Біріншіден  бұған кәсіпорындарды ірілендіру, шағын  еншілес құрылымдарды құру есебінен жетті.

   Екіншіден, шетел тәжірибесін, технологиясын  тарту және пайдалану.

   Өндірісті сегменттеу қайта құрылған  кәсіпорындарға шығарылатын өнім, оны өткізу көлемдерін өз еркімен салықтарды төлеуге және өнімнің өзіндік құнын есептеуге, сонымен қатар меншікті айналым қаржыларын толықтыру үшін тәуелсіз несиелерді алуға мүмкіндік берді.

   Бір үлкен тапсырыс алғаннан бірнеше  кішігірім тапсырыс алған жеңілірек.

   Тұтыну  нарығын қалыптастыру кезінде Қазақстан  сияқты шикізат базасы, қажетті жабдықтары мен дайын кадрлары бар ел, өзінің ішкі нарығында жеңіл өнеркәсіп  өнімдерінің ең кем дегенде 70% алуы тиіс.

   Ауылшаруашылық  өндірісінің экономикалық дағдарысы, оның өнімдері өнеркәсіптік өңдеу деңгейінің төмендеуі, нарықтық қатынас жағдайларына бейімделуге қабілетті жаңа ұйымдастыру нысандарын іздеу қажеттілігін анықтайды.

   Ұйымдастыру – экономикалық шаралар ауылшаруашылық кәсіпорындары арасындағы барлық кезеңдерде: өндіру - өңдеу - өткізу тығыс технологиялық және экономикалық өзара қатынас орнатуға бағытталуы тиіс.

   Агроөнеркәсіптік  өндірістегі мұңдай мәселелерді  шешу жолына кооперациялауды дамыту жатады.

   Қазіргі кезде жекешелендіруді жүргізу  нәтижесінде ауыл шаруашылықтағы негізгі көлемін шағын ауыл шаруашылық кәсіпорындар, шаруа қожалығы, жеке қосалқы шаруашылық құрайды, яғни сөз негізінен шағын ауылшаруашылық Шағын кәсіпкерлік деп аталатын кәсіпорындар арасындағы кооперациялау туралы болып отыр.

   Ет, жүн, сүт кешендері ішінде кооперациялауды дамыту әрі қарай өңдеу үшін жекелеген қосалқы шаруашылықтардан малды, сүтті сатып алуды ұйымдастырудыға өткізу кооперативтерін құру жолымен жүруі мүмкін. Кооперацияға жеке қосалқышаруашылықты тартумен өңдеу кәсіпорындардың қуатын пайдалану деңгейі артады. [1. 50 – 54 беттер] 
 

3.2.     Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қалыптастыру жүйесі және оны дамыту перспективалары 

   Инфляция  жағдайында қаржы тұрғысынан оң нәтижелерге  айтарлықтай тез жетуге болғандықтан, негізінен қаржы айналымы саласында басталған Қазақстанның шағын және орта бизнесінің даму тәжірибесі бүгіндері бірте-бірте көміскілене бастады. Реформалардың негізгі мақсаты – макроэкономикалық тұрақтылық Шағын кәсіпкерлік қызметтің, ұсақ және орташа тауар өндірушілерге айналғанға дейін кеңейтілуін қалайды. Олар өздерінің арасында ішкі бәсекелестік ортаны қалыптастыруы қажет. Бұндай жағдайда мемлекет Шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолдау жасау жолына түсуі тиіс.

   Үкімет  өзінің осындай бағдарламалары туралы талай мәрте жариялады. Енді осы ыңғайдағы саясат сорабына талдау жасауға да болады. Министр Кабинетінің Қазақстанның Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту орталығын құру туралы 1994 жылғы 11 қазандағы қаулысымен танысу, бұл құжатты Қазақстан кәсіпкерлері конгресі әзірленген, оның республикадағы кәсіпкерлердің бәрінің бірдей көңілінен шығады деуге келмейтінің көрсетеді. Айта кетейік, қаулы оны қосар орындаушылардың да келісімімен қабылдануы тиіс еді, бірақ олай болмаған. Бұл да аталған үкімет шешімінің жарты кештігін көрсетсе керек. Атап айтқанда, ол Шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі ғылыми орталық атқаруға тиісті міндеттерді толық атап көрсетпейді. Оның қызметінің негізгі бағыттырамен міндеттерін жүзеге асырудың механизмдерін, оны қаржыландырудың тәртібі мен көздері анықталмаған.

   Бұған қоса бюджет тапшылығы жағдайында орталықты  ұстау үшін үстіміздегі жылдың өзінде 5 миллион теңге, сондай-ақ шетелдік техникалық көмек шеңберінде қаржы  және ғимарат бөлу көзделген. Осы  қаулымен, Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі ережеге сәйкес, орталықтың ғылыми-практикалық кеңесі құрылған. Оның бір қатар мүшелері бір мезгілде Шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік комиссияның да мүшелері. Мұны орынды деуге бола қояр ма екен?

   Қалыптасқан жағдайда Ғылыми және Жаңа технологиялар министрлігі жанындағы Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпараттар институты базасында Шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі Ғылыми-ақпараттық орталық құрылған қолайлырақ секілді. Бұлай еткенде осы бағдардағы ұйымдық құрылымдарды, кадрларды, ақпараттық және материлдық-техникалық ресурстарды барынша тиімді пайдалануға болатын еді.

   Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың Шағын кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту қоры ұсынған екінші нұсқасы шағын бизнес орталықтарының республикалық жүйесі арқылы жұмыс жүргізуді көздейді. Бұл жүйенің элементтеріне мыналар саналады: бизнес дамытудың ұлттық орталығы, нарықтық инфрақұрылымдар элементтері, кәсіпкерлер бірлестігі, аймақтық шағын бизнес орталығы, сауда жүйесі, лизинг. Сонымен бірге көзделіп отырған жүйенің орталық буыны аймақтық орталықтар болады деп жобалауда. Олар бизнес-инкубаторлар, бизнес орталықтары, технопарктер үлгісінде жұмыс істеуі мүмкін.

   Осындай ШБО желісін құру бастамасын қолдай отырып, бірқатар ескертпелер мен толықтырулар айтқымыз келеді. ШБО-лар ұсақ және орташа тауар өндірушілер тобының құрылу процесіне мемлекет тарапынан ықпал етудің нақты құралы бола алады. Алайда барлық орталықты бір қалыптан шыққандай ұқсастырып қою дұрыс емес. Бұған басқа елдердің тәжірибесімен танысу барысында көз жеткіздік. Әрбір нақты жағдайда ерекше назар аударуды қажет етеді. Әйтседе, әдістемелік нұсқаулар беру мен кері байланыстың жұмысты жолға қою үшін зор маңызы бар.

   Бүгінге дейін облыс орталықтарында құрылған ШБО-ларды акционерлендіру жолы қаржыдан қиналуды, бұл олардың орнығуына кедергі келтіруде. Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры ұсынған ШБО-ларды акционерлендіру жолы қажеттілік және қызмет етудің тиімді үлгісі секілді көрінеді. Солай еткенде орталықтар бір жағынан – жергілікті жерлерде Шағын кәсіпкерлікті қолдау жөнінде мемлекеттік саясатты жүргізуші, ал екінші жағынан – кәсіпкерлердің аймақтық мәселелерді шешу үшін, мысалы, шағын индустрия саласында, бірігуінің үлесі бола алады.

Информация о работе Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің ролі