Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің ролі

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 13:52, курсовая работа

Краткое описание

Менің тақырыбының аты “Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттеріндегі Шағын кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері”.

Бұл тақырыптың таңдау себебім: дамыған елдердегі Шағын кәсіпкерліктің ұйымдастыруы, оның нысандары, қызмет ерекшеліктері; Қазақстан жеріндегі Шағын Шағын кәсіпкерліктің маңызы мен мәні туралы, менің курстық жұмыстың бастапқы мақсаты болып еді.

Қазақстан Республикасында Шағын кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің Шағын кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.

Оглавление

Кіріспе.....................................................................................................8

1. Шағын кәсіпкерліктің түсінігі және оның негізгі түрлері..............9
Шағын кәсіпкерліктің мәні, мақсаты, ерекшеліктері................................9
Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы орны............................................14

1.3. Шағын кәсіпкерлік қызмет түрлері..........................................................16

2. “Рахат” Акционерлік Қоғамындағы маркетингті пайдалану...............20

2.1. Қазақстан Республикасындағы тамақ өнімдерін өндіру жөнінде............20

2.2 “Рахат” Акционерлік Қоғамының технико-экономикалық талдау...........23

2.3. “Рахат” АҚ-ның маркетингтік қызметін талдау........................................27

3. Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары..................................................................................30

3.1. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамытудың

мемлекеттік саясаты..............................................................................................30

3.2. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қалыптастыру

жүйесі және оны дамыту перспективалары........................................................33

Қорытынды ...........................................................................................................36

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................37

Файлы: 1 файл

Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің ролі.doc

— 271.50 Кб (Скачать)
 

       Осы кестеден біз мынандай қорытындыға  келе аламыз:

       Осы есптеулерден көріп отырғанымыздай  өнімді өткізуден түскен табыс 273604 мың теңгеге немесе 20,36 %-ға өскенін байқаймыз. Бұндай табыс өсуі  өткізілген  өнімнің өзіндік құнымен тікелей байланысты.Ал бұл өткен жылмен салыстырғанда 206899 мың теңге немеес 17 пайызды құрап отыр. Ал осы екі көрсеткіштің айырмасы бізге кәсіпорынның  жалпы табысын береді. Ол өз кезегінде 66705 мың теңге немесе 60,72 пайызды құрап отыр. Егер осы көрсеткіш сақтала беретін болса, онда кәсіпорын өткізілген өнімнен түскен пайда темптерін төмендетпей, керісінше осындай қарқында жұмыс істеуді жалғастырады. Сөзсіз табыс көлемінің өсуі компания басшылары мен коллективтің бірігіп жұмыс істеуінің жемісі. Ал егер осындай қарқынмен кәсіпорын өзінің жұмысын ары қарай жалғастыра беретін болса, онда оған өнім көлемін көбейту үшін қосымша еңбек күші қажет болады. Сол себептен кәсіпорын жұмысшылар санының 500 адамға немесе 20 пайызға өсіруге шешім қабылдайды. Бірақ бұл жерде  еңбек өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда 9,5208 пайызға кемиді. Кәсіпорынның  табысы өскен сайын компания басшылары өз жұмысшыларын ынталандыру мақсатында жалақыны өсіруді жөн санап отыр және жалақының өсімі 261 теңге  немесе өткен жылмен салыстырғанда 2.1 пайызды құрағандығын байқаймыз және  осы фактор  негізінде  еңбекақы қорының мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 80274000 мың теңге немесе 36.15 пайызға өскендігін көреміз. Сонымен қатар маркетингтің бөлімнің оң жұмысының нәтижесінде компания 2009 жылы 2008 жылға қарағанда көбірек өнім өткізген болатын, ал бұл өз кезегінде компанияның елеулі жетістіктерге жеткендігінің бірден-бір көрстекіші. 24626 мың теңгеге өскен салық салғанға дейінгі табыс, өз кезегінде копоративті салықтың 7282 мың теңгеге өскендігін көрсетеді. Егер корпоративті салық өскен болса, онда ол  салық салғаннан кейінгі табыстың ұлғайғандығы көрсетеді. Ол 2009 жылы кестеден көріп отырғанымыздай ол  17344 маың теңге немесе 78.42 пайызды құрап отыр.

       Компанияның таза табысы өткен жылға қарағанда 17344 мың теңгеге өскендігіне немесе 78.42 пайызды құрап және осыған байланысты, өткізілген өнімнің түскен пайдасының ұлғаюына байланысты кәсіпорынның өнім рентабельділігі де өсіп отыр. Ол  2002 жылға қарағанда 0,007 немесе 47,89 пайызды құраса; Өткізілген өнімнің  өзіндік құнының  206899 мың теңгеге өскендігіне және таза пайданың ұлғайғандығына байлансты  стау рентабельділігі 0,009 немесе 52,47 пайызды құрап отыр. Осы көрсеткіштерді қарастыра келіп, қорытындылайтын болсақ, онда біз ,,Рахат”  Акционерлік Қоғамының қаржылық жағдайы тұрақты деп айтуға болады.

        

       ,,Рахат”  АҚ-ның технико-экономикалық көрсеткіштері  қарастырып кеткеннен кейін бұл  жерже осы кәсіпорынның негізі қорларының да көрсеткіштерін  қарстырып кеткенді жөн санап отырмын. Төменде ,,Рахат” АҚ-ның негігі қорларының көрсеткіштері келтіріледі.

Кесте 3.  Негізгі қорлардың көрсеткіштері 

 
       №№ Көрсеткіштер өлшем бірлігі    2008      2009                %
       1

1

негізгі қорлардың  жылдық

    орташа бағасы

мың теңге    538058    558091   20033   3,723
       3 қор қайтарымдылығы            2,4638013    2,8656115   0,40181   16,309
       1 қор сыйымдылығы            0,4058769    0,3489657   -0,05691   14,002
 

       Қор қайтарылымының 2009 жылы 0,4  немесе 16,30 пайызға өсуі өткізілген өнімнен түскен пайда және негізгі қорлардың орташа жылдық бағасының өткен жылмен салыстырғанда, яғни 20033 мың теңге немесе 3,72 пайызға өскендігімен тікелей байланысты.  Қор сыйымдылығы қор қайтарылымына кері көрсеткіш екенін ескеруіміз қажет сол себептен ол әрдайым кеміп отырады. Қор сыйымдылығы мен қор қайтарылымының арасындағы айырма 0,569 –ды немесе 14 пайызды құрап отыр.

         Жалпы бүгінгі таңда “Рахат”  АҚ Қазақстандағы тамақ  өнеркәсібінің  алдыңғы қатарлы табысты кәсіпорыны болып саналады. Оған дәлел ретінде оның әлемдік стандартқа сай дәмді де сапалы және басқа қабілетті өнім түрлерін өндірумен байланысты деуге болады. Ал ол кәсіпорынның қызметінің табыстылығы мен  тиімділігін көрсетеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       2.3. “Рахат” АҚ-ның маркетингтік қызметін талдау. 

 Отандық  кәсіпорынды басқару жүйесіндегі  маркетингті енгізу ерекшеліктері 1990-шы жылдар басында пайда болды, бүгінгі күні ол сыртқы орта фактормен  байланысты. Олардың әсері маркетинг  іс-әрекетін бірталай қиындатып, осы жүйенің нақты проблемаларына әкеледі. Қазақстан Республикасының қазіргі шаруашылық жағдайын, біздің ойымызша, дамыған елдерге тән нарықтық экономика моделіне қарай өтпелі экономикалық кезең ретінде сипаттауға болады. Экономикалық реформалар басталғаннан бері өткен жылдар нарықтық әрекет етуінің негізгі алғы шарттарының қалыптасуы жайлы айтуға мүмкіндік береді. Өтпелі кезеңде экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру процестері, ескі шаруашылық байланыстардың үзілуі және жаңа нарықтық қатынастардың құрылуымен байланысты әр түрлі меншік түріндегі шаруашылық субьектілер жаңа экономикалық қатынастары пайда болады. Маркетингтің даму деңгейі осы қатынастар, жалпы экономика және жекелей ішкі жүйелердің даму деңгейлерімен тығыз байланысты.

       Қазіргі кезде Отандық ірі тамақ кәсіпорындарында маркетинг қызметін ұйымдастырудың функционалды түрі көп тараған.

       Сонымен, нарық экономикасының әлемдік тәжрибесі  халық шаруашылығы салаларын  басқарудың тиімділігін арттыру  үшін кәсіпорынның өз өміршеңдігін сақтап қалу және күшейту мақсатында оның  жұмысының екі негізгі кезеңі - өндіру мен өнімді өткізуді ұйымдастырудың жаңа әдісін,  яғни маркетинг іс-әрекетін  пайдалану қажеттілігі тудырады.

       Мәселен жоғарыда қарастырылып кеткен “Рахат”  АҚ-ның маркетингтік технологияларына шолу жасайық. 

       Кәсіпорын өз өндірісін ары қарай жалғастыруға ерекше көңіл бөліп, маркетингтің  функциялы қызметінің бөлім құрылымын  құруды ойластырып 1997 жылы наурыз айында кәсіпорынның маркетинг бөлімі құрылды.

       Кәсіпорын мақсатына жетуі көбінесе факторлар мен функционалды ұйымдастыруларына байланысты болды. Яғни, кәсіпорын маркетинг қызметін функционалды сипатымен ұйымдастырса, мұнда әрбірі сол  қызметті  функционалды мақсатты жеке тұлғасы, немесе тұлғалар тобы белгілі жауапкершілікті өзіне артуын белгілейді.

       Маркетинг қызметін функционалды сипатына таңдалып алынған тауар түрлері және рынок  саны ең алдымен фабриканың өзіне  тиімді болуы тиіс. Бұл ұйымдастыру  түрінде тауарлар рыноктары бірқалыпты болады.

       4-ші  кестеде көрсетілгендей  маркетинг бөлімшелері олардың  атқаратын  қызметтеріне сай құрылған. Бірақ бұл құрылымда өндіретін өнімдер ассортименті көбейген сайын өндіріс икемділігі төмендейді, себебі сыртқы ортадағы өзгерістерге икемделу және оған жауап беру уақыты азаяды. Маркетингті ұйымдастырудың бұл түрі ағымдағы тиісімділікке бағытталған және оның стратегиясына икемділігі жоғары жаңалықтарды енгізу мен қатар жаңа технологияларды пайдаланып, тұтынушылардың жеке  топтың  қажеттері  мен талғамдарын қалыптастырып отыр. Маман мен бөлім басшысы қызметіне нарықты кешенді жүйелі түрде зертеу, фабрика ассортиментін талдау және жетілдіру, технологтармен бірге жаңа тауарларды құру, сұранымды қалыптастыру мен өткізуді ынталандыру бойынша шараларды орындау кіреді.

  • Маркетингті зерттеу бөлімі- мұнда ең бастысы ол әлуетті тұтынушыларды анықталуы тиіс, олардың қажеттерін зерттеу, нысаналы рынокты таңдап алу үшін тауарларға бүгінгі және болашақтағы сұранысты белгілеу, әсіресе рынокқа жаңа тауарларды дайындау, оны өңдеп, шығаруда маңызды орын алады.
  • Баға бөлімінде- тұтынушының, тауардың, сату орнының ерекшелігіне қарай, түрткі бағаны белгілеп, оның деңгейін маркетингтік ортаның факторларына қарай анықтайды. Сонымен қатар тұтынушыларға баға арқылы жеңілдіктер жасайды т.б.
  • Өткізу бөлімінде- өндірістің дамуына және тұтынушылардың қажеттеріне байланыстты, өткізу кезінде  тұтынушының талғамы мен қалауына да көңіл бөледі. Сонымен қатар көзделген табысқа жету үшін қанша өткізу каналдарын ұйымдастырады. Мысалы: көтерме сауда, бөлшек сауда т.б.
  • Жарнама бөлімінде- өндірісті өткізу, тауарды сатып алушыларға қарай жылжыту, тауарды тартымды көрсету барысында, жарнама тарату құралдарын пайдалану. Оған көп көңіл бөлуде. Өнімдер туралы  тұтынушыларға ақпараттар тарату үшін баспа, электронды ақпарат тарату құралдарын, сыртқы жарнама түрлерін қолданады.
  • Маркетингті бақылау бөлімінде- бұл әдіс арқылы өз мақсаттарына жету үшін маркетингтік іс-әрекеттердің барлығын бақылайды. Бұл бақылау үшін үш жағдай жүргізіледі: жылдық жоспардың орындалуы, пайда деңгейі және стратегиялық бақылауларды жүргізеді.

 “Рахат” АҚ–ның өндіретін тауарларының тұтыну сипаттамалары оның рынокқа ұсынған  тауарына, рынок  жағдайына байланысты. Неғұрлым кәсіпорын жұмысы күрделі болса соғұрлым құрамы да көп болып, тұтынушылардың қанағатын қанағатандыру мен бірге тауар ассортиментін қалыптасады.

       Тауар ассортименті- кәсіпорын өндірген белгілі тауардың барлық  түрлерінің жиынтығы. Оған әр түрлі тауар түрлері кіреді, мысалы (ирис, шоколад, вафли және т.б.) функционалды айырмашылықтарына, сапасына, бағасына қарай әр түрлі сұранысқа ие болады.

       Соңғы жылы“Рахат” шығаратын өнімді көркемдеу  жағынан ынталана жұмыс істеуде. Кондитер тағамдарының барлығы тәжірибе жүзінде ауыстырылады.

       Қазіргі кезде дайын конфеттері ғана емес, көтерме  және сауда технологиялары бойынша бәсекеге қабілетті өнім өндірісі тәжірибие жүзінде жетілген. Сонымен қатар, тауарды нарықта өткізу үшін “Рахат”АҚ-ның жарнама іс-әрекетінің құрылымы келесі  бағыттарды енгізді:

       * “Рахат” АҚ-ның бейнесін қалыптастыру, тауарлық жарнама, нарық ақпараттану  деңгейін дамыту;

       * “Рахат” АҚ-ның бейнесін қалыптастыру  баспасөз басылымдары мен теледидарда  жарнама шараларын енгізді. 

       Баспасөзде  бейнелеу үшін төмендегідей  ақпараттарды қолданды:

       Тауарлық  жарнама келесі бағыттарда белсенділікті  енгізеді:

  1. “Рахат” АҚ өнімі ассортиметі, бағалары, сату шарттары жәйлы аудиториясы үшін ең көп мөлшердегі сұраным кезінде үш басылымда айына  төрт рет жарияланады. Жаз айларында өнім туралы кең түрдегі ақпарат айына бір рет шығады.
  2. Жалпы сипаттағы ақпарат модульдері түрінде тауарлық жарнама; Алматы қаласы үшін айына 4-5 рет; Республикалық газеттерде айына екі рет жариялым, Облыс орталықтарының жергілікті басылымдарында айына бір реттен жарияланады.
  3. Өнімнің жеке түрлерін  жылжыту бойынша тауарлық жарнама; Баспасөзде арнайы модульдік жарнама шығарылым, сонымен қатар қосымша құралдар пайдаланады. Оларға визуалды жарнаманың стационарлық объектілері, үнпарақтар, плакаттар, коммуналдық қызметтерге төлем квитанциялары жатады.

       “Рахат”  АҚ туралы  ақпараттану  мақсатында иландыру, еске түсіру сипаттағы жарнама орындалады. Оны жүргізу бейне және аудиороликтер арқылы кондитер  тағамдарына ең көп мөлшердегі сұраным кезінде жоспарланып отыр. Теледидарда жеке хабарлармен қоспалар арқылы, мұндай жарнаманы жыл бойы негізінен демеушілік іс-әрекет бойынша орындау керек. Осындай жарнаманың мақсаттарына жету үшін визуалды жарнаманың стационарлық объектілері тиімді. Сонымен, тауарды жылжыту жөніндегі кәсіпорын іс-әрекетін талдау нарықтағы белсенділігін қамтамасыз ететін ынталандыру, насихаттау, жеке сатулар, делдалдармен өзара әрекет және басқа да құрамдастарын енгізетін  маркетингтік кәсіпорындардың күрделі жүйесін басқарып отыр. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің ролі