Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 13:52, курсовая работа
Менің тақырыбының аты “Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттеріндегі Шағын кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері”.
Бұл тақырыптың таңдау себебім: дамыған елдердегі Шағын кәсіпкерліктің ұйымдастыруы, оның нысандары, қызмет ерекшеліктері; Қазақстан жеріндегі Шағын Шағын кәсіпкерліктің маңызы мен мәні туралы, менің курстық жұмыстың бастапқы мақсаты болып еді.
Қазақстан Республикасында Шағын кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің Шағын кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.
Кіріспе.....................................................................................................8
1. Шағын кәсіпкерліктің түсінігі және оның негізгі түрлері..............9
Шағын кәсіпкерліктің мәні, мақсаты, ерекшеліктері................................9
Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы орны............................................14
1.3. Шағын кәсіпкерлік қызмет түрлері..........................................................16
2. “Рахат” Акционерлік Қоғамындағы маркетингті пайдалану...............20
2.1. Қазақстан Республикасындағы тамақ өнімдерін өндіру жөнінде............20
2.2 “Рахат” Акционерлік Қоғамының технико-экономикалық талдау...........23
2.3. “Рахат” АҚ-ның маркетингтік қызметін талдау........................................27
3. Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары..................................................................................30
3.1. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамытудың
мемлекеттік саясаты..............................................................................................30
3.2. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қалыптастыру
жүйесі және оны дамыту перспективалары........................................................33
Қорытынды ...........................................................................................................36
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................37
Шағын кәсіпкерлікті кейде өндірістің төртінші факторы деп те атайды. Өндірістің үш басты факторы: жер, еңбек, капитал екендігі белгілі.
Австриядан шыққан, жұмыс орны американдық ғалым экономист Иозеф Шумпетер өндірістің төртінші факторы ретінде – Шағын кәсіпкерлікті көрсетті.
Экономикалық қызметтің өндірістік факторы ретінде Шағын кәсіпкерлік туралы айта отырып, экономикалық қызметке қатысушылардың Шағын кәсіпкерлік мүмкіндігін, іскерлік, Шағын кәсіпкерлік белсенділігін айтады. Бұл екінші фактордың, яғни еңбектің, еңбек қорларының сапасы.
Шағын кәсіпкерлікті барлық үш негізгі факторлар әсерін күшейтетін белсендіруге қабілетті қозғаушы күш көзқарасы тұрғысынан жеке фактор деп санауға болады.
Кәсіпкерлер мен шағын кәсіпкерліктің маңызды қасиеттері ұтқырлық, қимылға бай, бастамалық, ізденіс болып табылады.
Шағын кәсіпкерлікке ұйқышылдық, тыныштық тоқырау жат. “Шағын кәсіпкерлік” атауына толық сәйкес ол жүзеге асыратын істің табысын қамтамасыз етуге бағытталған, ойдағы мақсатқа жетуге, пайдалануға күші мен шараларын кәсіп етеді.
Ол шығындардың және пайданы жоғалтудың алдын алуды қарастырады. Осылайша Шағын кәсіпкерлік – бұл тірі, үнемі жаңарып отыратын, тұрақты жұмыс көзі.
Шағын кәсіпкерліктің жүздеген анықтамасы бар. Кәсіпкердің энциклопедиялық анықтамасында “Шағын кәсіпкерлікке” мынадай анықтама беріледі.
“Шағын кәсіпкерлік” – пайда немесе жеке табыс алуға бағытталған азаматтардың бастамалық еркін қызметі, өзінің атынан өзінің мүліктік жауапкершілігімен немесе заңды тұлғалардың атынан, заңды тұлғанын жауапкершілігімен жүзеге асады. Кәсіпкер – заңмен тыйым салынбаған кез келген шаруашылық қызмет түрлерімен: коммерциялық; делдалдық, сату-сатып алу, кеңестік және басқа қызметпен, құнды қағаздармен жасалатын операциялармен айналыса алады.
Шағын кәсіпкерлік теориясының негіздерін 18-19-ғасырда Ф. Кенэ, А. Смит, Ж.Б. Сэй, одан кейін Шумпетер, Ф. Хайек, А. Чаянов және т.б. салған.
Кәсіпкердің жеке мәртебесі (меншік иесі немесе оның тапсырмасы бойынша қызмет етуші адам), қызмет мақсаты – әлеуметтік тиіммен бірге пайда немесе табыс алу және атқаратын қызметтері – шығармашылық (шаруашылық тәуекелге байланысты коммерциялық идеяларды ойлап шығару және іске асыру), ресурстық (ақпарат, қаржы, еңбек және материал ресурстарын орналастыру), ұйымдастыру (ресурстарды қолайлы түрде біріктіру және олардың қолданылуын бақылау).
А. Смит кәсіпкер ролі туралы былай жазады: “Ол өз қызығушылығын ойлайды, өзінің жеке табысын іздейді, бірақ бұл жағдайда ол еріксіз, өзінің ойына мүлдем кірмеген мақсаттарға бағытталады. өзінің қызығушылығының артына түсіп, қоғамға саналы қызмет етуге ұмтылмаса да қоғам қызығушылығына қызмет етеді”.
“Кәсіпкер” түсінігі белгілі эволюциялық кезеңнен өтті. Мысалы 1725 ж. Р. Контильон мынадай ой айтты, кәсіпкер тәуекел жағдайында әрекет етеді. А Бодо (1797 ж.) кәсіпкер – қабылдаған ісіне жауапкершілік алатын адам, яғни жоспарлайды, бақылайды, ұйымдастырады және кәсіпорынды басқарады. 1876 ж. Ф. Уокер кімнің капиталды ұсынатынын, оған пайыз алатын және кімнің өзінің ұйымдастыру қабілетінің арқасында пайда алатынын бөліп көрсетуді ұсынды. 1934 ж. И. Шумпетер кәсіпкер – жаңашыл, жаңа технологияны жасайды деді. Д. Маклелланд бойынша кәсіпкер – қуатты адам, тәуекел жағдайында жұмыс істейді.
Г. Друкер (1964 ж.) кәсіпкер – бұл кез келген мүмкіндікті ең жоғары тиіммен қолданады.
А. Шапиро (1975 ж.) кәсіпкер – бұл бастама көтеруші адам деп санайды.
Тәуекел жағдайында жұмыс істей отырып, ол туындаған сәтсіздікке толық жауапкершілік алады. Р. Хизрич (1985 ж.) Шағын кәсіпкерлік – құны бар жаңа бірдеңені жасау процесі, ал кәсіпкер - өзіне қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекел алып, қажетті уақыты мен күшін жұмсап, ақысына ақша алады және жетістігіне қанағаттанады.
Сонымен, Шағын кәсіпкерлік – пайда алу мақсатында қаржы салу, жеке тиімді қоғамдық көмекпен үйлестіру негізіндегі қызмет болып табылады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке тұлғалар немесе әріптестердің бірігуі болуы мүмкін. Шағын кәсіпкерлік субъектілер ретінде жеке тұлғалар және жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру жолымен шығады. Мұндай кәсіпорындар өз еңбектерінің шығындарымен шектелуі немесе жалдамалы еңбекті қолдануы мүмкін.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері ретінде әріптестерді біріктіру әртүрлі шаруашылық ассоциациялар, жалдамалы ұжымдар, ашық және жабық түрдегі акционерлік қоғамдар, әртүрлі серіктестіктер т.б. түрінде шығады. Кәсіпкердің бастапқы шешімі дегеніміз негізін қалаушы, ұзақ мерзімді шешімдер. Бұл бір-ақ рет қабылданатын шешімдер, әрі қарай оны түзеуге болмайды, өйткені бұл біршама құқықтық мәселелер мен материалдық шығындармен байланысты. Мұндай шешімдерге жатады:
А) ұзақ мерзімді шағын кәсіпкерлік шешімдерді анықтау;
Б) өндірісті орналастыру үшін орын таңдау.
Шағын кәсіпкерлік мақсат – бұл белгілі уақыт ішінде жету, қажет қалайтын жағдай.
Мақсатты қалыптастыру кезінде келесі үш элементті дәл анықтау қажет:
А) мақсаттың мазмұны, қандай жағдайға жету қажет және мақсатқа жету деңгейін анықтау, белгілеу.
Б) қалаған мақсат көлемі, мақсат шексіз немесе шекті қалыптаса ма?
В) мақсаттың уақыт факторы. Әрбір мақсат үшін сұрақ анқтау қажет, қойылған мақсат қандай кезеңге дейін немесе қандай уақыт ішінде жету керек.
өндірісті орналастыру орнын таңдау туралы шешімді, тек жаңа ұйымдастырылатын кәсіпорын үшін емес, жекелеген өндірісті кеңейту кезінде қабылдау қажет. өндірісті орналастыру орнын таңдау кәсіпорынды құру кезіндегі негізгі шешімдерге жатады. Орынды дұрыс таңдамаса болашақта орынды ауыстырып жөндеу де қиын, шаруасы көп және үлкен шығындармен байланысты. Орналастыру орынын таңдау кезінде кәсіпорын басшылығы өндірісті орналастыруға болатын әртүрлі орындардағы шығындар мен пайданы салыстыру кезіндегі рентабельдіктің жалпы принципы шешуші болып табылады.
Шағын кәсіпкерліктің маңызды белгілері.
Кәсіпкердің көрсетілген маңызды белгілері өзара байланысты және бір уақытта әрекет етеді. Шағын кәсіпкерлік үнемі жаңалықтармен байланысты. Экономикалық қызметтің бұл жағына И. Шумпетер және А. Маршал назар аударды. Егер И. Шумпетер Шағын кәсіпкерлік пен жаңашылдықтың теңдігін көрсетті, ал А. Маршал қоғамдағы кәсіпкердің нақты ролі, олар өздерінің жаңалықтарымен тек жаңа тәртіп құрып қана қоймайды. Қоғамдағы конструкциялық жетілген процестерді жылдамдатуын да, - деді.
Кәсіпкер - өндірістің және қоғамның өмірін ұйымдастырудың бұрыңғы нысандарын табанды түрде бұзады. Экономикадағы революционер әлеуметтік және саяси революцияның бастаушысы. Кәсіпкер қоғамның экономикалық дамуындағы басты тұлға бола отырып, үнемі “бүлінгенді қалпына келтіруді” жүзеге асырады. Қоғамда Шағын кәсіпкерлік пен жаңашылдық өзара бір тұтасты құрайды деп қорытынды жасауға болады.
Шағын кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі жағадайлар қажет:
Экономикалық жағдай ең алдымен тұтынушылар сатып ала алатын тауар түрлері, тауарды ұсыну және оларға сұраным, ақша қаржыларының көлемі, жұмыс орындарының көп болуы немесе жетіспеуі, жұмысшы күші, қызметкерлердің еңбек ақы деңгейі.
Шағын кәсіпкерлікті қалыптастырудың әлеуметтік жағдайлары экономикалықпен тығыз қосылады. Алдымен тұтынушылардың белгілі талғам мен сәнге сәйкес тауарларды алуға ұмтылуы. Әртүрлі кезеңдерде бұл қажеттіліктер өзгеруі мүмкін.
Әлеуметтік-мәдени ортаға тәуелді адамгершілік және діни нормалар біршама роль атқарады.
Әлеуметтік жағдайлар жеке тұлғаның жұмысқа қатынасына әсер етеді. Ол өз кезегінде оның бизнестің ұсынған еңбек ақы шамасына, еңбек жағдайларына қатынасына әсер етеді.
Кез келген Шағын кәсіпкерлік қызмет сәйкес құқықтық орта шеңберінде қызмет атқарады. Сондықтан қажетті құқықтық жағдайды жасаудың маңызы зор. Бірінші орында шағын кәсіпкерлік қызметті реттейтін, Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін ең қолайлы жағдай жасайтын заңдардың болуы:
Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформа Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа болашақты ашты.
Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық маңызы:
Шағын кәсіпкерлікті қалыптастыру және кәсіпкерді тәрбиелеу нарықтық экономиканың даму негізі.
Бұл міндетті шешуде біршама қиыншылықтар мен психологиялық бөгеулерді жеңу оңайға түспейді.
Қазақстан Республикасында Шағын кәсіпкерлік қызметті дамытудың барлық алғы шарттары жасалған, соның ішінде меншікті жекешелендіру бойынша үлкен жұмыс жүзеге асты. Сол арқылы Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін мықты экономикалық негіз жасалды.
Қазақстанда меншік иесіне өз мүлкін иелену, пайдалану және басқару құқығын берілген, заңмен бекітілген (ҚР азаматтық кодексі).
Меншіктің үш құқығы бар.
Бірінші құқық мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыру мүмкіндігін заңдақ қамтамасыз ету.
Екінші құқық пайдалы қасиеттерді алу, сонымен қатар одан пайда алу мүмкіндігін береді.
Үшінші құқық мүліктің заңдық тағдырын анықтау мүмкіндігін заңмен қамтамасыз етеді.
Меншік құқығы мен экономикалық тиімділік арасында нақты байланыс бар. Экономикалық ғалымдар төрт маңызды тиімді бөліп көрсетеді:
Заңдар жүйесі меншікті ең жоғары өнімді пайдалану үшін ынтамен қамтамасыз ету қажет. Меншікті жеткілікті қорғау кезінде, табыстың қандай-да бір бөлігі міндетті түрде жинау мақсатына арналады. Меншік иелеріне ресурстарды қолданудағы икемділік әрбір жекелеген жағдайда олардың қызығушылықтарына максималды сәйкес ресурстарды алуға мүмкіндік береді.
Меншікті иелену және басқару меншік иесінің өз жетістіктеріне, өзінің шағын кәсіпкерлік қызметінің тиімділігіне мақтаныш тудырады.
Өзіндік жеке меншік меншіктік немесе (жалға алынған) өндіріс құралдарын қолданып, жеке (жанұялық) еңбекпен жасалған материалдық және рухани құндылықтар болып табылады.
Жеке меншік өркениетті қызметтің басты факторы. Ол өзінің осы тарихи миссиясын орындауы қажет. Жеке меншік біздің экономикалық процестерге ең қолайлы ықпалын көрсетеді.
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік қызметтің заңдық негіздері 90 жылдарда жасала бастады. Осы бизнес түрінің дамуы және қалыптасу сұрақтарын реттеуге бағытталған заңдар, заңдық және басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданған және қызмет етуде.
Информация о работе Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің ролі