Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 13:52, курсовая работа
Менің тақырыбының аты “Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттеріндегі Шағын кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері”.
Бұл тақырыптың таңдау себебім: дамыған елдердегі Шағын кәсіпкерліктің ұйымдастыруы, оның нысандары, қызмет ерекшеліктері; Қазақстан жеріндегі Шағын Шағын кәсіпкерліктің маңызы мен мәні туралы, менің курстық жұмыстың бастапқы мақсаты болып еді.
Қазақстан Республикасында Шағын кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің Шағын кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.
Кіріспе.....................................................................................................8
1. Шағын кәсіпкерліктің түсінігі және оның негізгі түрлері..............9
Шағын кәсіпкерліктің мәні, мақсаты, ерекшеліктері................................9
Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы орны............................................14
1.3. Шағын кәсіпкерлік қызмет түрлері..........................................................16
2. “Рахат” Акционерлік Қоғамындағы маркетингті пайдалану...............20
2.1. Қазақстан Республикасындағы тамақ өнімдерін өндіру жөнінде............20
2.2 “Рахат” Акционерлік Қоғамының технико-экономикалық талдау...........23
2.3. “Рахат” АҚ-ның маркетингтік қызметін талдау........................................27
3. Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары..................................................................................30
3.1. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамытудың
мемлекеттік саясаты..............................................................................................30
3.2. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қалыптастыру
жүйесі және оны дамыту перспективалары........................................................33
Қорытынды ...........................................................................................................36
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................37
Сол жылы өндірілген тамақ өнімдері ішінде өндіріс едәуір өскен шұжық бұйымдары - 32,9 пайызға, жеміс-жидек пен көкөніс шырыны – 6,3 есе, маргарин өнімі - 46,5 пайызға, сары май - 11,0 есе, йогурт пен ашыған сүт өнімі - 2,0 есе, печенье мен ұзақ сақталатын кондитерлік бұйымдар – 76,4 пайызға, арақ - 47,4 пайызға, шампан - 49,7 пайызға, минералды су - 2,2 есе, шай - 76,4 пайызға өскен.
Сонымен бірге, бірқатар азық-түлік пен сусындар өндірісінің елеулі құлдырағаны байқалуда. Яғни, 2007 жылғы деңгейден сүт пен кілегей өндірісі - 45,9, ұн - 43,5, ликер-арақ бұйымдары - 81,3, жүзім шарабы - 80,2, алкогольсіз сусындар өндірісі – 66,6 пайызға төмендеген. Өндіріс құлдырауының негізгі себептері шикізат алуға қаражат айналымының жетіспеуі және өнім өткізу рыногындағы бәсекеге байланысты қиындықтар.
Қала кәсіпорындары бірқатар азық-түлік шығарудағы республикалық көлемнің басым бөлігін өндіреді. Ал шай шампан мен нан ашытқысы тек қалада шығарылады. Республика бойынша өндірілген өнімдерден – 48,9 пайыз шұжық бұйымдары, 95,8 пайыз жеміс-жидек пен көкөніс шырын, 32,0 пайыз өсімдік майы, 36,6 пайыз маргатин өнімі, 32,2 пайыз жаңа піскен нан, 21,1 пайыз құймақ пен жаңа піскен кондитерлік бұйымдары, 26,8 пайыз печенье мен ұзақ сақталатын кондитерлік бұйымдары, 47,5 пайыз шоколадтан және қанттан жасалған кондитерлік бұйымдары, 73,6 пайыз майонез, 94, 8 пайыз коньяк, 36,8 пайыз сыра, 52,6 пайыз алкогольсіз сусындар қалада өндірілген.
Тамақ өнімдерін өндіретін жаңа кәсіпорындардың құрылуы және акционерлік қоғамдар: «Рахат», «Бахус», «Маргарин зауыты», «№1 сыра зауыты», «Алматы шайы», «Ақсай нан-тоқаш комбинаты» ЖШС, «Бөлке нан – кондитерлік комбинаты» ЕЖШС тәрізді қазір жұмыс істейтін кәсіпорындар өндірісінің тұрақты дамуы - өндіріс көлемінің өсуіне ықпал етті. Аталмыш кәсіпорындар шығарған бұйымдарының ассортиментін сақтап, ары қарай көбейткен. Өнім дизайнын көркемделіп, оралуын жақсартқан. Бұл себептер өнімнің тұтыну қасиеттерін арттырды. Осы кәсіпорындардың тамақ тағамдарындағы тауар белгісі – жоғары сапа кепілі болып табылады.
Азық-түлік өндіру инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін тиімді. Соңғы екі –үш жылда қала ішінде тамақ өнімдерін шығаратын бірталай жаңа кәсіпорын құрылды. Олар алкогольді сусын шығаратын кәсіпорындар – жауапкершілігі шектелген серіктестіктер «Ралко», «Жан және К», «Марс», сыра өндіретін – «Ирбис» БК, «Динал» ЖШС, «Ақ – Нар» компаниясы, кондитерлік бұйымдар мен жартылай фабрикат шығаратын «Хильсан» ЖШС, «Брот Мастер» БК; шырындар шығаратын – «Raimbec Bottlers» ЖШС, «Агропак ПS Line» БК; сүт өнімдерін өндіретін – «Агроөнім Оңтүстік» ЖШС; шұжық бұйымдарын шығаратын – «Беккер және К» БК; жеміс-жидек консервілерін өндіретін –«Нигара» ЖШС; алкогольсіз сусын шығаратын – «Юлос» ЖАҚ, «Обис» ЖШС және басқалар. Бұл кәсіпорындардың өнімі тек қала тұрғындарына ғана емес, республиканың басқа да аймақтарында танымал болды.
Мереке қарсаңында тәттісіз өмір сүре алмайтыныңды шынымен түсінесің. .. Ең тәтті сый-бір қорап кәмпит. Кәмпитті сүйіктіңе, ата-анаңа, мұғалімдерге, дәрігерлерге де, танысыңа да, бейтанысыңа да сыйға тартып, бір сәттік қуанышқа куә боласыз. Қонаққа барғанда да балаларға шоколад апару үрдіске айналып барады. Үйге қонақ келсе де, дастархан кәмпитсіз жайылмайды.
Мейрам алдындағы мерекелік кәмпиттер ең үлкен кондитерлік фабрика – Алматыдағы «Рахат» бірлестігі бар. Иісі алыстан аңқыған мәмпәсилерді кондитерлер сұранысты қамтамасыз ету үшін жанталаса жұмыс істеп жатады. Кәсіпорынның алты цехы бар. Олардың конвейерлерден суша ағып келе жатқан балалық шақтан таныс «Грильяж», «Белочка», «Қарақұм», «Буревестник», «Золотой ключик» тәттілерінен басқа жаңа кәмпиттері де бар. Кәмпит жасаудың шебері бұрын-соңды елімізде болмаған технологиямен кірпіш шоколад шығаратын жаңа құралды іске қосты. Жүзім немесе жаңғақ қосылған «Рахат-Престиж» шоколадының екі түрі сатылып та жатыр. Алдағы апталарда жүзім қосылған және жержаңғақ пен жүзімді араластыра қосқан тағы бір жаңа шоколад шығарылмақшы. Таяу болашақта бадам, кешью және фундук сияқты жаңғақтың қымбатырақ түрлері қосылған кәмпиттерді шығару жоспарда бар екен. Мұндай қоспалар бір жағынан шоколадтың дәмін түрлендірсе, екіншіден кәмпитке жаңғақ пен құрғақ тағамдарда болатын түрлі витаминдер, амин қышқылын, микроэлементтер қосады.
Осындай
жаңа құрал-жабдықтар негізінде
«Almaty» деген атпен
«Рахаттың» шоколадтары басқаларынан ерекшеленіп тұрады. Тек қана жергілікті емес, шетелдің бұйымдарын да дәм жағынан бұл фабриканың өнімдері ығыстырғаны рас. «Рахатта» какаоның бұршақтарын сатып алып, өздері өңдеп, қуырып және түйіп, какао ұнтағын, какао майын өздері әзірлейді.
Сондықтан шоколадтың қоспалары жаңа, жоғары сапалы және табиғи болып келеді. Қарапайым глазурлі кәмпит глазурінің өзі таза шоколадтан істелінеді.
Ал, сізге жұмбақ: «Мишка», «Красная шапочкадан» несімен айрықша? «Тек қана бағасымен» деп ойлауға болады. Бірақ, бұлай ойлау «Рахат» фабрикасының кәмпиттерін білмеу деген сөз. «Рахат» әр бұйымның жасалу технологиясына қатты мән береді. Мәселен, «Мишка на севере» кешью жаңғағы (қайырылған ақ түсті жаңғақ), «Мишка косолапыйға» бадам, «Красная шапочкаға» жержаңғақ қосылады. Осыған байланысты әр кәмпиттің дәмінде білінер-білінбес ерекшелік бар және бағалары да әр түрлі. Кейбір кәмпит өндірушілер өндіріске арзан жержаңғақ қосқанына қарамай, бағасын мың құбылтады. Кейде тұтынушылар «Рахаттың» өнімдері басқаларынікіне қарағанда неге арзан?-деп сұрап жатады. Себебі, «Рахат» фабрикасы сапаға асқан жауапкершілікпен қарайды. Жаңғақтың да, сүттің де, қанттың да, басқа қоспалардың да ең таңдаулысын қолданады. Ойлаңызшы, қара өріктің өзін Германиядан сатып алады. Жергілікті өнімнің сапасы технологияға сай келмейді. Құрамында ұсақ ағзалар шамадан тыс көп екен. «Рахатта» шикізат та, дайын өнім де қатаң тексеруден өтеді. Өнім фабрика зертханасынан бөлек санэпидстансаның, ұлттық экспертиза және сертификация орталығының зертханасында тексеріледі. Үлкен өнеркәсіптер үлкен көлемде тексерілетіні жасырын емес. Сөйтсе де, «Рахаттың» өнімдерінен денсаулыққа келіп-кетер зиян жоқ екеніне титтей де күмәніңіз болмасын.
Көпшілік
алматылық кондитерлерге
Әрине, қазір ешкімді таңқалдыра алмайсың. Дүкендерде Түркияның мармелады, Белгияның шоколады, тіпті, нақ Парижден
әкелінген
мәмпәси дейсің бе, бәрі-бәрі бар. Ресей
мен Украина кондитерлік
Қазақстанның «тәттілер» саласында «Рахат» сөз жоқ, көшбасшы. Бәсекелестіктерінен де қорықпайды.
-Біз
бәсекелестікті құшақ жайып
Айтпақшы, елімізде қандай кәмпит ең танымал екенін білесіз бе? «Рахаттың» барбаристері. Бұл мұздақ карамель – ең көп шығатын және сатылып кететін кәмпит. «Барбаристі» жеп талай ұрпақ өсіп шықты. Алматылық кондитерлер тұтынушыларды көзбояушылықпен шығарылатын кәмпиттерден құтқару үшін түр-түсін өзгертті. Қазір көпшілік «Рахаттың» фирмалық дүкендерінен кәмпит сатып алуды үрдіске айналдырды. Онда адам көп болғанымен, жалған кәмпиттер жоқ әрі өнімнің түрі көп. Тұтынушыға тікелей қызмет көрсету үшін «Рахаттың» дүкендері мен өкілдіктері 14 облыс орталығында және Бішкекте ашылды.
Халықтың қызметіне бөленген бұйымдар ресми атаққа да арқау болуда. «Рахат» ААҚ сапаның алтын белгісімен марапатталса, «Қазақстан» шоколады «Жыл таңдауы» байқауында «2001 жылдың шоколады» атағын жеңіп алды. 2002 жылы дәл осындай атаққа «Рахат» атты ащы шоколад ие болды. 2003 жылы Қазақстан Республикасының Үкімет ұйымдастырған «Қазақстанның үздік тауары» байқауында «Рахат» ААҚ «Тамақ өнеркәсібі саласындағы сапалы тауар өндіретін ең үздік кәсіпорын» атанды. «Тәттілер - 2007» көрмесінде тұтынушылардың ұнатқан тауарына беретін бәйгесінің құрмет кубогын және дипломын жеңіп алды.
Бір
сөзбен айтқанда, қазақстандықтардың
тәтті өмірін қамтамасыз етуге «Рахат»
көмектеседі
2.2 “Рахат” Акционерлік Қоғамының технико-экономикалық
талдауы
Алматы кондитер фабрикасы ең алғашқы өнімін 1942 жылы шығарды [4]. Москва және Харьковте ескіден сақталған кондитер кәсіпорындарының Алматыға көшіп келген технолог-мамандары көп жылдық өндіріс мәдениетінің салт-дәстүрлерін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып қалыптасқан дағдыларын, тәтті тағам дайындайтын мамандардың шеберлік құпияларын өздерімен бірге ала келді. Жарты ғасырлық уақыт ішінде осындай берік те, сенімді тұғырдың арқасында фабрика ұжымы кондитерлік өнімдер тұтынушыларының саналуан сұраныстарын қанағаттандыра алатын қазіргі заманға сай өндіріс орнын қалыптастырды.
,,Рахат”
АҚ бұрынғы кондитер
Ал 1994-1995 жылдары кәсіпорын жаңа және жаңартылған құралдар мен техникалық қайта жабдықтау жүргізілді. Кәсіпорын орналасқан өндіріс көлемі 5,3 гектардан тұрады. Ал 1996 жылы мемлекет экономикалық реттейтін заңдылық жүйеде көптеген алға жылжулар басталып, кәсіпорынның жұмысына жақсы әсерін тигізді. Сонымен қатар, кәсіпорын ішінде де антикризистік шаралар қабылдады. Соның нәтижесінде 1996 жылдың алғашқы айларында-ақ сату көлемі бұрынғы жылдармен салыстырғанда 2,5 есе өсті және бұл қарқын қазіргі уақатта да байқалуда. Кәсіпорынның қызметінің негізі- кондитерлік өнімдер өндіру және оларды сату болып табылады.
Кәсіпорында 2000-нан астам адам жұмыс істейді. Соның ішінде 300-ден аса мамандар мен инженер-техникалық жұмыскерлер істейді. “Рахат”АҚ кондитерлік тағамдардың шамамен барлық түрлерін шағарады. Қазіргі уақытта “Рахат” АҚ-мы-170-тен астам тауар түрін өндіреді.
Сонымен қатар дәстүрлі тағам- тәттілер шағарады: Шоколад, Карамель, Печенье, Вафли, Мармелад, Зефир, Ирис, Драже және сондай-ақ тамақ өнеркәсібіне қажетті әртүрлі жартылай фабрикаттар ұсынады.т.б. Қазіргі кезде кәсіпорынның алты цехы жұмыс істейді мысалы: бисквит, карамель, ирис, шоколад кәмпиттері, зефир, драже цехтары. Өзінің өнімінің тең жартысын Алматы қаласы мен Алматы облыстарына өткізумен айналысады.
Бұдан
басқа, фабрика мамандары шырындары,
подварка, майлы глазурьді шебер
дайындаудың сырына әбден жетік.
Кесте
2. “Рахат” АҚ бойынша 2008-2009 жылдар
арасындағы технико-экономикалық көрсеткіштер
[6]
№ | Көрсеткіштер | өлшем бірлігі | 2008 | 2009 | % | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | өткізілген
өнімнен
түскен пайда |
мың теңге | 1325668 | 1599272 | 273604 | 20,639 |
2 | өткізілген
өнімнің
өзіндік құны |
мың теңге | 1215814 | 1422713 | 206899 | 17,0173 |
3 | жалпы табыс | мың теңге | 109854 | 176559 | 66705 | 60,7215 |
4 | кезендік шығындар | мың теңге | 68875 | 123958 | 55083 | 79,9753 |
5 | негізгі қызметтен
түскен табыс |
мың теңге | 40979 | 52601 | 11622 | 28,3609 |
6 | негізгі емес қызметтен
түскен табыс |
мың теңге | 1015 | 14019 | 13004 | 1281,18 |
7 | салық салғанға дейінгі табыс | мың теңге | 41994 | 66620 | 24626 | 58,6417 |
8 | корпоративті салық | мың теңге | 19878 | 27160 | 7282 | 36,6335 |
9 | салық салғаннан
кейінгі
табыс |
мың теңге | 22116 | 39460 | 17344 | 78,4229 |
10 | ТЖ табыс немесе шығын | мың теңге | _ | |||
11 | таза табыс | мың теңге | 22116 | 39460 | 17344 | 78,4229 |
12 | жұмысшылар саны | адам | 1500 | 2000 | 500 | 33,3333 |
13 | еңбекақы қоры | мың теңге | 222030000 | 302304000 | 80274000 | 36,1546 |
14 | еңбек өнімділігі | 883,77867 | 799,636 | -84,1427 | -9,5208 | |
15 | бір жұмысшының
еңбекақысы |
мың теңге | 12335 | 12596 | 261 | 2,11593 |
16 | сату рентабельділігі | 0,0181903 | 0,0277357 | 0,009545 | 52,4756 | |
17 | өнім рентабельділігі | 0,0166829 | 0,0246737 | 0,007991 | 47,8982 |
Информация о работе Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің ролі