Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 06:45, реферат
Қазақтың атақты әншісі, актер әрі музыканты. Туған жері Абыралы ауданына қарасты Дегелең тауының алабы.
Шыққан тегі Орта жүз ішіндегі Тарақты руы. Кедей шаруа отбасында туып өскен. Әміре 12 жасқа толғанда әкесі Семей қаласына көшіп келген. Жас Әміре Исабек деген байдың ат айдаушысы болып еңбекке ерте араласады. Исабек жас әншіні жанына ертіп жүріп, той-жиындарда ән салғызады. Көп ұзамай Әміренің атақ-даңқы бүкіл Семей өңіріне жайылады.
Әміре Қашаубаев
(1888 - 1934 жж.)
Қазақтың атақты әншісі, актер әрі музыканты.
Туған жері Абыралы ауданына қарасты Дегелең
тауының алабы.
Шыққан тегі Орта жүз ішіндегі Тарақты
руы. Кедей шаруа отбасында туып өскен.
Әміре 12 жасқа толғанда әкесі Семей қаласына
көшіп келген. Жас Әміре Исабек деген байдың
ат айдаушысы болып еңбекке ерте араласады.
Исабек жас әншіні жанына ертіп жүріп,
той-жиындарда ән салғызады. Көп ұзамай
Әміренің атақ-даңқы бүкіл Семей өңіріне
жайылады. Атақты Қоянды жәрмеңкесіне
барып, ел аралап ән салып, қараөткелдік
Сәтмағамбет, Ғазиз Айтбаев, баянауылдық
Жаяу Мұса, Қали Байжанов, керекулік Майра
Уалиқызы, қарқаралық Мәди Бәпиұлы сияқты
арқалы әншілермен танысып, өнерін одан
әрі шыңдай түседі. Әмір 1921-24 жылдары Семейде
құрылған казақ жастарының ағарту ұйымы
"Ес-аймаққа'' мүше болып, әншілік өнерін
шыңдай түседі. 1924 жылы Семейде өткен өнерпаздар
байқауында Қали Байжановпен бірге бас
жүлдеге ие болады. 1925 жылы Қызылордада
өткен Қазақстан Кеңестерінің V съезі
мен 1927 жылы Мәскеуде болған Кеңестердің
IV съезіне делегат ретінде қатысып, делегаттар
үшін ұйымдастырылған концертте өнер
көрсеткен. 1925 жылдың 26 маусымында осы
концерт жайында "Правда" газеті:
"Керемет концерт. Маусымның шыңы. Керек
болса башқұрт қурайшысы Исенбаев, қазақ
әншісі Әміре Қашаубаев, өзбек биші-әншісі
Тамара Ханум... шын мәнісіндегі халық
артистері" деп жазды. 1925 жылы Парижде
өткен Дүниежүзілік сән өнері көрмесінде
этнографиялық концертте ''Ағаш аяқ",
"Қанапия", «Үш дос», "Жалғыз арша",
"Қос балапан" т.б. әндерді орыңдап
екінші орын алып, күміс медаль иемденеді.
"Париж апталығы" газеті мен "Ле
мюзикль" журналы Әміре Қашаубаевтың
сирек кездесетін талант екенін жазса,
Сарбонна университетінің профессоры
Перно фонографқа Әміренің орындауында
бірнеше ән жазып алған. Осылайша Әміре
Қашаубаев шетелде өнер көрсетіп қазақ
елін танытқан тұңғыш әнші болды.
Парижде Әміре Мұстафа Шоқаймен кездескен.
Ең әуелі Мұстафа қазақтың әншісі келді
деп көруге барған. Әміре екеуі құшақтасып,
жылап көрісіпті. Мұстафа Әмірені үйіне
апарып, костюм-шалбар сатып әпереді. Сол
күні Мұстафа Шоқай әртістерді ресторанға
шақырады, біреу «соңдарыңнан КГБ-ның
адамдары аңдып жүр» деп ескертіп қойса
керек, ресторанға ешкім бармай, Әміре
жалғыз барады. Әнші саясатты қайдан түсінсін.
Мұстафа Әмірені Ромен Роллан, Андрей
Барюспен таныстырады.
1927 жылы Мәскеу консерваториясында қазақ
әндерін тамылжыта шырқады. Германияның
Майндағы Франкфурт қаласындағы концертке
қатысып, қазақтың халық әндерін тағы
да әлемге паш етті. Әміре Қашаубаевтың
әндері дүние жүзі мәдениетінің ірі өкілдері
Ромен Роллан, Анри Барбюс т.б. тарапынан
жоғары баға алған. А.В.Затаевич Әміренің
әншілік өнеріне тәнті болып, одан "Балқадиша",
"Дударай", "Бес қарагер", "Көк
көбелек" тағы да басқа әндерін жазып
алған. Оның әншілік өнерін, өнердің парқын
терең түсінетін мамандар А.В.Луначарский,
П.Любимовтер және қазақ әдебиеті мен
өнерінің көрнекті өкілдері М.Әуезов,
С.Сейфуллин, И.Байзақов, Ә.Марғұлан, Ж.Елебеков,
А.Жұбанов, Қ.Жандарбековтер жоғары бағалаған.
Парижден келгеннен кейін 1925 жыл мен 1934
жылдар аралығында «үш әріп» әйгілі әншіге
көрмеген қорлықты көрсетеді. М.Шоқаймен
кездескені үшін Әміре КГБ-ның тізімінде
болады. Ә.Қашаубаев 1926 жылы Қызылордада
ашылған жаңа театр труппасына қабылданды.
Дәл сол күні Әмірені КГБ-ның адамдары
өлімші қып сабап кетеді. М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек»
трагедиясы алғаш қойылған кезде Әміре
Жапал рөлін ойнады. Кейін М.Әуезовтың
«Қаракөз», «Бәйбіше-тоқал», «Айман-Шолпан»
спектакльдерінде Қоскелді, Қойшы, Жарас,
Ақын образдарын сомдаған. Өмірінің соңына
дейін театрдың әнші-әртісі болған. 1934
жылы қазіргі Абай атындағы Қазақ опера
және балет театрына ауысты. Ол мұнда қазақтың
алғашқы операсы «Қыз Жібекте» Бекежанның
ариясын орындауға тиіс болатын. 1934 жылғы
қарашаның 5-інен 6-сына қараған түнінде
Әмірені далада өлтіріп кетеді. Оның денесін
халық даладан тауып алған. Операның премьерасы
1934 жылдың 7-қарашасында өтеді. Әміренің
орнына Қанабек Байсейітов шығады.
1925 жылы Әміренің орындауында фонографқа
жазылып алынған "Жалғыз арша", "Үш
дос", ''Ағаш аяқ", "Смет", "Дударай",
''Бес қарагер" әндерін 1974 жылы музыка
зерттеушісі Ж.Шәкәрімов тауып, олар техникалық
өңдеуден өткеннен кейін қайтадан күйтабаққа
түсірілді.
Әміре орындаған қазақтың классикалық
әндері ол айтқан үлгі өнегемен орнығып,
кейінгі әншілердің репертуарларында
жалғасын тапты. Бұл ретте Ж.Елебеков,
М.Ержанов, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосынов, М.Ешекеев,
Б.Тілеуханов сияқты жез таңдай әншілердің
Әміре өнерін жалғастырушы лайықты ізбасарлар
болғанын атап айтқан жөн.
Ә.Қашаубаев туралы жазылған бірнеше зерттеулер,
көркем шығармалар жарыққа шықты.
Ә.Қашаубаев атындағы республикалық жас
әншілер байқауы өтіп тұрады. Семей қаласындағы
облыстық филормония Ә.Қашаубаев атымен
аталады.