Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 19:49, реферат
Исатай Тайманұлы (1791–1838 жж.) – 1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры.
Исатай Тайманұлы (1791–1838
жж.) – 1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры.
Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы.
Ел ісіне ерте араласқан Исатайдың кемелденуіне қайын
ағасы
Жабай Бегалиннің көп көмегі тиеді. Ол кісі орысша
оқыған, әжептәуір
сауаты бар адам болған, старшын қызметін атқарған. Ол өлгеннен кейін оның орнына
Бөкей
хан Жабайдың тәрбиесін көрген Исатайды старшын етіп
тағайындап,
оны Орынбор шекара комиссиясы бекітеді.
Күн санап ел арасында беделі
асып бара жатқанын көре алмаған хан төңірегіндегілер оның беделін
түсіру үшін,
түрлі
жала жауып, ханға шағыстырып бағады. Соның салдарынан бас-аяғы 4-5
жылдың
ішінде бірінде старшын Өтеміс Құлманиязовты тонады деген,
екіншісінде кісі өлтірді деген жаламен түрмеге қамалады.
Оның
алғашқысынан
ақша
беріп құтылса,
екіншісінен Орынборға конвоймен айдалап бара
жатқан
жерінде есебін тауып, қашып кетеді.
Бұл кезде Қазақ хандығының ішкі ісіне тікелей араласа
бастаған
Ресей отаршылары қазақтардың құнарлы жерлерін тартып алып, өздерін
сыртқа қуады.
Орал казак орыстары Жайық бойын иемденіп алады. Мұндай қысымшылықты Исатай
старшыны болып жүрген беріш руы да көреді.
Осы кезде Жәңгір ханның Жайық бойындағы руларды екіге бөліп,
бірін қайын
атасына, екіншісін жұртқа зорлық-зомбылығымен аты шыққан саудагер Қарауылқожаға басқартып қоюы жоқшылықтан ашынған шаруалардың ашу ызасын тудырады. Исатай
ханнан Қарауылқожаның озбыр
билігіне тыйым салуын талап етеді. Оған жауап
ретінде хан бес жүздей әскермен Қарауылқожаны аттандырып, оған Исатайды ұстап әкелуді
тапсырады. Бұдан хабарланған Исатай 200 жігітпен оған қарсы
шығады.
Бетпе-бет келгенде Исатайдың батыр жігіттеріне шамасы
келмейтінін біліп, Қарауылқожа кейін қайтады.
Осыдан кейін Каспий
жағалауындағы халық Қарауылқожа
мен Балқы
биге бағынудан қашып,
Исатай мен Махамбеттің төңірегіне тұс-тұстан келіп жинала бастайды.
Мұның аяғы тарихтан
белгілі 1836-1837 жылдардағы шаруалардың феодалдық қанау мен патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы
көтерілісіне ұласады.
Көтеріліске
Исатай мен Махамбет басшылық жасайды. Көтеріліс бүкіл халықты қамтиды. 1837 жылдың қазан айында Исатай 2000 жауынгермен
келіп, хан ордасын қоршап алады. Бірақ көтерілісшілерге қосылғанымен,
ханнан қол үзгісі
келмеген билердің ықпалымен Исатай орданы бірден
басып алмай, хан мен орыс полковнигі Геккемен
пайдасыз келіссөз жүргізіп уақытты өткізіп алады. Осы уақытта
ханға
көмекке
жіберген казак-орыс отрядтары ордаға жетіп үлгереді.
Қараша
айында Тастөбе деген жерде шешуші шайқас болады. Қанша
ерлікпен шайқасқанымен, көтерілісшілер орыстың отты қаруына
төтеп
бере алмай, жеңіліске ұшырайды. Тұтқындарға 500-ден 2000-ға дейін дүре соғып, Сібірге айдайды.
Аман қалған жігіттермен Исатай 1938
жылы Баймұхамед
сұлтанның ордасына
шабуыл жасайды. Осы шайқаста Исатай жау қоршауында қалып, қаза табады.