СЫРЫМ ДАТҰЛЫ
СЫРЫМ ДАТҰЛЫ (1723-1802) - қолбасшы батыр, би,
шешен, 1783-1797 жылдардағы Кіші жүз руларының
орыс отаршыларына қарсы ұлт-азаттық
көтерілісінің жетекшісі.
Батыс Қазақстан
облысының Сырым ауданында дүниеге
келген. Тегі - 12 ата Байұлына жататын байбақты
руынан. Сырым Датұлының атасы Шолан байбақты
руының белгілі батыры болған. Ол батырлығымен,
бірбеткейлігімен дараланып, төрелердің
қолынан қаза табады. Шоланды төрелер
кескілеп өлтіріп кеткенде, төртінші баласы
Дат шешесінің құрсағында қалған екен.
Шешесі аман-есен босанған соң, төрелермен
арадағы зіл ұмыт болмас үшін баланың
атын Дат қояды. Ел аузында сақталған әңгіме-аңыздарда
Сырым Датұлы тана руының Малайсары, беріш
руының Алдар, есентемір руының Есет секілді
билерінен бата алған көрінеді. Мұның
өзі Сырым Датұлының Кіші жүз қазақтарының
арасында өзіндік беделге ие болғанын
аңғартады. Асқан ақылдылығы арқасында
өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен
«Бала би» атанды. Сондықтан да Нұралы
хан батырды бауырына тартып, оның беделіне
арқа сүйеуге тырысты. Ол әуелі Сырымның
әпкесіне үйленіп, оған жезде болады, кейін
«ақсүйек тұқымы қара халыққа қыз бермейді»
деген ата дәстүрін бұзып, Орын деген әйелінен
туған қызы - Айғараны батырға қосып, оны
күйеу бала етеді. Бірақ патшалық Ресейдің
далалық өлкеде әкімшілік-саяси реформа
жүргізіп, хандық билікті күшейту арқылы
қалың бұқараның Жайық өзенінен өтуіне
тыйым салып, шұрайлы жайылым мен өрісінен
айырып табиғи құқыларын шектеуі, жергілікті
билік органдары арқылы алынатын салық
көлемін көбейтуі Сырым Датұлы мен орыс
патшасы тағайындаған Нұралы ханның арасын
ашып жіберді. Патша әкімшілігінің озбырлығына,
хан-сұлтандардың дәрменсіз халіне ашынған
батыр рубасыларының қалауымен қолына
қару алып, қалыптасқан саяси жүйеге қарсы
шықты. Ол өзінің Орынбордың генерал-губернаторы
Игельстромға жазған бір хатында: «Сіздердің
түрлі әдістермен алдап, қолға түсірген
ноғай, башқұрттар сияқты бізге де бұғалық
салып, езбекші екендігіңіз белгілі» деп
жазады. Бұдан Сырым батырдың қолына қару
алып, көтеріліске шығып, басын бәйгіге
тігудегі мақсатының айқындығы, халқының
мойнына түскелі тұрған сол бұғауды үзуге
ұмтылғаны анық аңғарылады. С.Датұлы Е.Пугачев
бастаған шаруалар көтерілісіне қатысты.
Орал казак-орысы Ф.Куричын 1774 жылы Пугачев
әскерінің құрамындағы қазақ жасағын
Сырым батыр бастағанын мәлімдейді. Е.Пугачев
өлтірілгеннен кейін де ол патша үкіметінің
жазалаушы отрядына қарсы күресін жалғастыра
берді. Оған генерал Ф.Суворовтың 1775 жылы
граф П.Панинге: «Сырым батыр бастаған
қырғыздарды қай жерде кез келсе де, қандайлық
алысқа қууға тура келсе де оның өзін ұстап
алып, тамырына біржола балта шауып немесе
сол жерде өлтір дедім, оның басты жолдастарына
да осыны істеңдер, әскерлік ант бойынша
өздеріңнің күштеріңді де, өз бастарыңды
да аямаңдар деп тапсырдым» - деген мазмұнда
жолдаған баянхаты дәлел. Дегенмен батыр
араға уақыт салып Ресей әкімшілігімен
келісімге келді. Бұған белгілі дәрежеде
1775 жылы қарашаның 7-інде Ресей Сыртқы
істер алқасының Сырымның Еділ-Жайық арасына,
Каспий теңізінің жағалауына, Жем-Сағыз
атырабына қоныстануына рұқсат берген
жарлығы ықпал етті. Бірақ Ресейдің жасаған
«кеңшілігі» ұзаққа созылмады, әсіресе,
Орал казак-орыс әскерлері қазақтардың
жер-су иелену құқыларын кеңейтуге үзілді-кесілді
қарсы шықты. Осыған орай 1782 жылы желтоқсанның
27-інде патша үкіметі қазақтардың мал
жаюына рұқсат еткен аудандарын енді тек
жалға беру туралы жарлық шығарды. Бұл
өз кезегінде ұлт-азаттық қозғалыстың
қайта өрістеуіне алып келді. 1783 жылы Сырым
бейқам жатқан қазақ ауылдарын шауып,
кезекті тонауға келген казак-орыс атаманы
Чагановтың отрядымен шайқасып, оны ойсырата
жеңді. Атаманның өзін тұтқындап, Хиуаға
құлдыққа сатып жіберді. Бұл патша әкімшілігіне
үлкен соққы еді. Соған орай Орал қаласындағы
патша әскері түгел аттанып, сол жылдың
күзінде Cырымды қолға түсірді. Бірақ оны
Нұралы хан қыруар мал беріп, бірер айдан
кейін босатып алды. Түрмеден босағаннан
кейін Сырым Табын руының старшыны Тіленші
Бөкенбайұлының қолдауымен Oрал казак-орыс
әскерімен күресін әрі жалғастырды. Бірақ
Нұралы хан бұл жолы Сырымды қолдамайды,
қайта оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен
көтерілісшілерді басу үшін арнайы әскер
жіберуін талап етті. Сөйтіп ол былайғы
жерде Сырымға қарсы күресте шекара әкімшілігімен
бір болды. Міне, осы кезден, яғни 1784 жылдан
бастап патшаның отарлау саясатына қарсы
күресте ханының да, қарашасының да ортақ
ниеттестігіне ие болып келген көтерілісшілер
арасына жік түсіп, Сырым бастаған халық
қозғалысының күресі енді Әбілқайыр әулетінен
шыққан хан мен сұлтандарға қарсы бағытталды.
Кіші жүздің көптеген рулары Нұралы ханға
бағынбай көтерілісшілер жағына шықты.
1785 жылдың күзінде болған старшындар жиналысы
Нұралыны хан деп танудан бас тартты. Келесі
жылдың көктемі қарсаңында көтерілісшілердің
қысымына шыдамаған Нұралы шекаралық
шептегі қамалға қашуға мәжбүр болды.
Оның ақыры сол жылы Екатерина ІІ-нің Нұралыны
хандықтан түсіру жөніндегі жарлыққа
қол қоюына әкеп соқты. Хан тағынан Нұралы
кетіп, Ералы отырғанымен де жағдай түзелмеді.
Халықтың наразылығы одан сайын күшейе
түсті. Сырым бастаған көтерілісшілер
енді ашық соғыс қимылдарына көшіп, патша
қамалдарына шабуыл жасай бастады. Бірақ
олар пәлендей нәтижеге жете алмады. Елек
қамалына жасаған шабуылдың сәтсіздігінен
кейін Сырым соғыс тәсілін өзгертіп, партизандық
әрекеттер жасауға көшті. Шекаралық бекіністерге,
сұлтандар мен оларды қолдаушылардың
ауылына тұтқиылдан шабуылдап, адамдарын
тұтқынға алды. 1797 жылы көтерілісшілердің
үлкен бір тобы Ералыдан кейін хан тағына
отырған Есімнің ауылына тұтқиылдан шабуыл
жасап, ханды өлтіреді. Есім ханның өлтірілуі
Сырымға тілектес билер мен старшындардың
одан ірге ашуына себепші болды. Есімнің
орнына Айшуақ хан сайлағаннан кейін,
ол Eсімнің кегін алмақ болып, арнайы отряд
жасақтап, Сырымға қарсы аттанды. Соңынан
індете қуып, маза бермеген патша экспедициясынан
ығысып, Сырым Хиуа хандығының жеріне
өтіп кетті. Ел арасына атағы кеңінен тараған
батырдан қауіптенген Хиуа ханы оның көзін
жоюдың амалын жасады. Ақыры оның есебін
тауып улап өлтірді. Бұл жөнінде халық
ауызында түрлі әңгімелер айтылады. 1803
жылы Сырым Датұлына арналып ас берілді.
Бұл астың өзіндік маңызды оқиға ретінде
аталып өткендігін сол кезде Бұхарға сапар
шегіп бара жатқан Ресей елшісі поручик
Я.Гавердовский өз күнделігінде жазып
қалдырған. Батыс Қазақстан облысында
Сырым Датұлы атындағы аудан бар.
Махабамбет
пен Исатай
Көтерілістің
себептері. XIX ғасырдың екінші жартысынан
бастап Бөкей хандығында (1801 жылы 11
наурызде қүрылды) ауылдардың еңбекші
халқына жасалған экономикалық қысым
күшейіп, ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық
укладтың бірқатар маңызды жақтары күрт
күйреді. Астрахань губернаторының үйінде
тәрбиеленген Жәңгір хан қырға хандықтағы
қоғамдық тұрмыс пен саяси құрылымді кейбір
әдет-ғұрыптық институттардан бастап
жер жөніндегі қатынастарға салық саясатына
және хан сарайына дейінгінің бәрін қайта
құрамын деген «аристократтық өркениеттік»
жоспарлармен оралды. Артта қалған жартылай
көшпелі қазақ қоғамы негізінде ол хан
өкіметіне де патша тағының саясатына
да, бірдей дәрежеде құлақ асқыш өзінше
бір үлгідегі регионалдық хандық құрмақ
болды. Алайда көшпелі және жартылай көшпелі
ұжымдар ханның бұл «еңгізбекші жаңалықтарын»
қабылдауға дайын емес еді.
Хан өкіметінің
патша әкімшілігінің органдарына
және ірі жергілікті феодалдық шонжарларға
арқа сүйеп барынша күш сала жүргізген
саясаты феодалдық және отаршылдық езгінің
күрт күшеюіне, шонжарлардың ауылдық-қауымдық
жерлерді жаппай тартып алуына әкеліп
соқтырды. Осының салдары ретінде бұл
саясат шаруашылық өмірдің берекесін
кетірді, ауыл ұжымдарының экономикалық
күш-қуатын құлдыратты, кедейленген және
кедей шаруашылықтар санын көбейтті, халықтың
арасында сенімсіздікті күшейтіп, хан
өкіметінің беделін күрт түсірді, орныққан
тәртіпті өзгертпекші ниеттерді туындатты.
Осындай жағдайда
әсіресе 1836-1837 жылдары хандықтың
іргесін шайқалтқан қазақ малшы
шаруа бұқарасының көтерілісі болды.
Көтерілістің
негізгі себептері:
- Ақшалай салықтың
өсуі;
- Күз сайын
әр шаңырақтың хан сарайының
мұқтажына құны 70 сомдық жылқы
беруге міндеттенуі;
- Көшіп-қонғаны,
шөп жинағаны , орыс помещиктерінің
шабындығын басып өткені үшін
салық төлеуі;
- Жәңгір ханның
әділетсіздігі мен рақымсыздығы.
1833 жылы Жәңгір
ханның қайын атасы Қарауылқожа
Бабажанұлын Каспий теңізі өңіріндегі
қазақ руларына билеуші етіп тағайындауы-көтеріліске
түрткі болды.
Көтерілістің
негізгі қозғаушы күші-шаруалар, сонымен
бірге оған старшын, билер де қатысты.
Көтеріліс басшылары Исатай Тайманұлы,
Махамбет Өтемісұлы.
Ел ауызындағы
әңгімеде Исатай Тайманұлы Атырау облысы,
Қызылқожа ауданы, Жанкелдин совхозы Тайман
жолы деген жерде 1791 жылы көшпелі шаруа
отбасында дүниеге келген.
Истайдың жастық
шағында оған өте үлкен ықпал
жасаған адамның бірі немере ағасы
Жабал Бегәліұлы болған. Ол Истайдың
өсіп, азаматтық көзқарасының қалыптасуына,
жетілуіне ықпал жасап, тәрбиелеген.
Бөкей хан Исатайды
1812 жылы 21 жасында Беріш руының Жайық
бөлімінің старшины етіп тағайындап,
1814 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы
старшындыққа бекітті. 1817 жылдан бастап,
батырдың патша чиновниктерімен байланысы
салқындай бастады. 1817, 1823 жылдары Орынбор
генерал-губернаторының нұсқауымен сотқа
тартылды. Исатайдың ең жақын серігі –ақын,
Беріш руының старшины Махамбет Өтемісұлы
(1804-1846 жж.).
1829 жылы 15 шілде
- 1830 жылы қыркүйек аралығында
Махамбет Калмыков түрмесіне қамалды.
Оған халық арасында хан иелігінен кетуге
және жайықтын сол жағасына өтуге үгіт
жүргізді деген айып тағылды. Махамбет
орыс жазушысы әрі этнограф Р.И.Дальмен
және оқымысты саяхатшы Г.С. Карелинмен
тызыз қарым-қатынаста болды. Оның өлеңдерінен
Кіші жүзді қамтыған көтерілістің мақсаттарын,
басты талаптарын айқындауға болады.
Көтерілістің
басты мақсаты:
1. Хан озбырлығына
шек қою.
2.
3. Шаруалар жағдайын жақсарту.
4.
5. Жер мәселесіндегі патша үкіметінің
отаршылдық саясатын өзгерту.
6.
7. Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.
8.
Көтерілістің сипаты: Антифеодалдық отаршылдыққа
қарсы.
Көтерілістің
барысы. Көтерілістің кезеңдері- үш кезеңге
бөлінді.
Бірінші кезең:
1833-1836 жылдырға келеді және қарулы көтеріліске
әзірлік кезеңі ретіңде сипатталады.
Екінші кезең:
көтерілісшілердің ханға қарсы
аттануынан бастап олардың жеңіліске
ұшырауына дейінгі-1837 ж. қарашаның
орта шеніне дейінгі кезең.
Үшінші кезең:
Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің
шағын тобының Жайықтық сол жағалауына
өтуінен (1837 жылдын желтоқсанынан 1838 жылдың
шілдесіне дейін көтерілістің жеңілуі).
1836 жылы ақпан
айында Исатай Тайманұлы, Махамбет
Өтемісұлы басқарған халық азаттық
сипаттағы көтеріліс басталады.
1836 жылы 17 наурызда Жәңгір хан
қайын атасы Қарауылқожаға бүлік шығарған
старшындарды тұтқындауға бұйрық береді.
Қарауылқожаның Исатайға күресті тоқтатып,
хан сарайна барып бас июді талап етүі
қозғалыстың кең арнаға түсуін тездетті.
1836 жылы қазан айында Исатайдың қарамағына
20-дай ауыл көшіп келеді. Исатай қол астындағылармен
бірге Жәңгір ханның ешбір талаптарын
орындамай, оның билігін де мойындамады.
Бұдан соң 1836 жылы 13 желтоқсанда Жәңгір
ханның сыбайластары Махамбет пен Тінімнің
ауылын ойрандап, малдарын айдап әкетеді.
1836 жылдың аяғында көтеріліс патша сарайындағыларды
алаңдата бастайды.
1837 жылғы 30 наурыз
- Шекаралық комиссия Исатай мен
Махамбетті ұстап, сотқа тартуды
талп етті. 1837 жылы 2 қазанда атаман
Покатилов басқарған жазалаушы
(200 адам) қазақ отрядтарының Исатайды
ұстау әрекеттер босқа кетеді.
1837 жылы 15 қазанда
Исатай мен Махамбет бастаған
көтерілісшілер Теректіқұмда Балқы
би ауылын шабады. Бұл жеңіс
сарбаздар қатарының өсуіне әсер
етті.
1837 жылы 24 қазанда
Исатай 2000-ға жуық көтерісшілермен
хан ордасын қоршайды. Бірақ Жәңгір
ханға бір жағынан подполковник Гекке,
екінші жағынан подполковник Меркулов
басқарған қол көмекке келуге үлгереді.
9 қарашада 400 адамдық ханның әскері және
зеңбіректермен қаруланған Гекке мен
Меркулов топтары бірікті.
1837 жылы 15 қарашада
Исатай бастаған көтерілісшілер Тастөбе
деген жерде күші басым, зеңбірекпен қаруланған
Гекке, Меркулов басқарған қазак отрядтарымен
шайқасты. Бұл шайқаста көтерілісшілер
жеңіледі. Осыдан кейін жазалаушы отрядтар
көтерілісішілердің соңына түсе бастайды.
Истомин, Трофимов басқарған жазалаушы
отрядтар Исатайды жақтаған қазақ ауылдарын
ойрандайды. Орынбор губернаторы Перовский
Исатайды тірідей ұстағандарға 1000 сом,
басын алғанға 500 сом сый ақы тағайындады.
1837 жылы 13 желтоқсанда
көтерілісшілер Жайықтың шығысына
қарай өтеді. Кіші жүзге өткенде Исатайдың
жанында 40 адам болды. Сұлтан Айшуақұлының
жазалаушы тобы Исатайдан ажыраған 12 адамдық
топты (ұлы Досмұхамбет, әйелі Дінбаян)
ұстап, Оралдағы түрмеге жапты. Бұл кезде
қазақ жерінде Кенесары Қасымұлы басқарған
көтеріліс жайыла бастаған еді.
1838 жылы қаңтарда
қатары 100 ге жеткен Исатай жасағы
Терек бекінісіне жақындап, Орал
әскери шебіне қауіп төңдірді.
Исатайдың ендігі
мақсаты:
1. Ішкі Ордаға
қайта оралып, Жәңгір тобына күтпеген
жерден соққы беру.
2. Көтерілісті бүкіл
Ішкі Ордаға тарату.
3. Нарын құмында
бекініп, Жәңгірден кек алу.
4. Орыс помещиктері
басып алған жерлерді шаруаларға
қайтару.
Көтерілістің
жеңілуі:
Исатай басқарған
көтерілісті тез талқандау үшін,
Орынбор губернаторы В.А.Перовский
барлық күштерді жұмылдыра бастады. В.А.
Перовский бұл көтерілістің Кенесары
Қасымұлы басқарған ұлт азаттық көтеріліспен
бірігуінен сескенді. Подполковник Гекке
басқарған жазалаушы отрядтар Исатай
қолын талқандау үшін аттанды. Исатай
500 сарбазымен сұлтан Айшуақұлына соққы
беру үшін, Қайыпқали тобынан бөлінді.
Айшуақұлы тобының Гекке тобымен қосылып,
үлгергенін батыр байқамады.
1838 жылы шілденің
12-сінде Ақбұлақ деген жерде
көтерілісшілер Гекке мен Айшуақұлы
басқарған отрядтан жеңілді. Ауыр
жараланған Исатайды казактар қылышпен
шауып, атып өлтіреді.
Көтерілісшілерден
70–80 сарбаз өліп, Қожахмет, Балабек
бастаған алты адам тұтқынға түседі. Бас
сауғалап қашқан көтерілісшілер, Ақбұлақ
шайқасында Исатайға көмекке келмеген
сұлтан Қайыпқали тобына қосылудан
бас тартты. Қалғандары күресті одан
әрі жалғастырды. 1838 жылы шілденің 23–інде
Махамбет бастаған көтерілісшілер хан
ауылына шабады. Махамбет 1846 жылы қазанда
хан жендеттерінің қолынан қаза болды.
Қолға түскен көтерілісшілерді Гекке
жазалады. Қожахмет Өтемісұлы, Балабек
Нұржанұлы, Бекен Сарыұлы 8 жылға Ригаға,
Ұса Төлегенұлы мен Жәнібекұлы Сібірге
жер аударылды. Көтерілісті қанға бояған
қазақ феодалдары және казак офицерлері,
солдаттары марапатталды. Көтерілістен
кейінгі жылдарда шаруалардың ауыр жағдайы
өзгермеді.
1836 – 1838 жылдардағы
көтерілістің негізгі мақсаттары
орындалмады.
Көтерілістің
жеңілу себептері.
• Үстем тап
өкілдерінің опаздығы.
•
• Көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі
және Ішкі Ордадағы көтерілістерді біріктіре
алмады.
•
• Қару – жарақтың теңсіздігі.
•
• Стихиялығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі.
•
• Патша үкіметінің жазалау отрядтарының
күші басым болуы.
•
• Көтерілісшілердің бір бөлігінің өз
ісіне сенімсіз болуы.
•
• Көтеріліс жергілікті (локальдық) сипатта
болды.
•
Нәтижесі:
• Салық мөлшеріне
шек қойылды.
•
• Патша үкіметі қазақ старшиндарымен
санасатын болды.
•
• Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегендігін
дәлелдеді.
•
• Қазақ феодалдарының отаршылдық басқару
мен байланыста екенін көрсітті.
•
• Әртүрлі халықтардың қанаушыларға қарсы
бірігіп күресуінің негізі қаланды.
Көтерілістің тарихи маңызы.
1836 – 1838 жылдардағы
көтерілістің тарихи маңызы зор
болды.
1. Жәңгір хан
және оның маңайындағылрдың озбырлығына
белгілі дәрежеде шек қойылды.
2. Патша үкіметі
аз болса да, көтеріліске қатысқан
қазақ ауылдарының мүдделерімен санаса
бастады.
3. Көтеріліс
қазақ үстем тап – феодалдарының
опасыздығын дәлелдеді.