Природные ресурсы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 15:18, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі тарихи кезеңде қоғамның дамуының табиғатпен үйлесімділігі өте өзекті мәселеге айналды. Табиғатпен үйлесімсіз экономиканың өсуі болмай – тындығын дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Табиғат ресурстарын сарқылтып және қоршаған ортаны ластап ешқандай экономикалық өсу болмай-тынына әлемдік қауымдастықтың көзі жетті. Сондықтан табиғатқа және таби-ғатты пайдалануға жаңа көзқарас қалыптасуы керек.

Оглавление

Кіріспе 3
Табиғат ресурстарының ұдайы өндірісі және оларды пайдалану
тиімділігі 5
Табиғатты пайдалану экономикасының міндеттері мен проблема -
лары 8
Табиғатты пайдалану мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен ұйым- дық - методологиялық негіздері 11
Табиғатты пайдалануды ұйымдастырушылық - құқықтық және эконо -микалық реттеу 13
2 Табиғи ресурстардың экономикалық құндылығын анықтау 16
Табиғат ресурстарын қалпына келтіру ұстанымдары және эконо - микалық бағалау 19
Табиғат байлығын кешенді пайдалану және кешенді бағалау 21
3 Тұрақты дамудың міндеттерін шешуде табиғатты пайдаланудың
механизмінің тиімділігін арттыру жолдары 23
Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 27

Файлы: 1 файл

Природные ресурсы.doc

— 153.00 Кб (Скачать)

Қоршаған ортаның мемлекеттік мониторингі тиісті табиғи ортаны пайда - ланылуы мен қорғалуын бақылайтын арнайы уәкілдік алған органдар тарапы - нан атқарылатын табиғаттың жай-күйіне байқау және оны бағалап, болжам жасап отыратын қызмет.

Оның мақсаты – табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау үшін тиісті мағлұматтар алып отыр. Ондай мағұлы - маттарды тек қана табиғи ортаны байқау, бағалау және болжау барысында алу - ға болады.

Байқау жүргізгенде табиғи ортаның шынайы жайы туралы ақпарат жина - лады.

Бағалау – табиғи немесе антропогендік әсерлердің салдарынан келетін зиянды немесе табиғат қорларының адамдардың мүддесі үшін қолданылуын және олардың қызметіне оңтайлылығын анықтайды.

Болжау – алынған ақпараттарға сүйені, табиғи орта өзгерісін және ол ти - гізетін әсерлерді шамалайды.

Қоршаған ортаны пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау өзінің алдында шаруашылық және өзге де қызметтің ықпалымен сол ортаның жайы мен өзгерістеріне бақылауды, оны қорғау және сауықтыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы заңдардың талаптары мен оның сапалық норматив - терін сақтау жөніндегі жоспарлар мен шаралардың орындалуын тексеруді міндет етіп қояды.

Осы міндеттерден табиғи ортаны пайдалануды және қорғауды бақылау – бұл құқықтық қорғауды іске асыратын өзіндік жүйесі бар, дербес мемлекеттік қызмет екені айқындалады. Оның объектілері жалпы айналадағы табиғи ортаны қорғауды бақылау міндеттерінен туындайды.

Қорыта келгенде, қоршаған табиғи ортаның тиімділігі мен сапасын сақ - тау – мемлекеттің және оның атқарушы органдарының істейтін шараларына байланысты болады. Біріншіден, мемлекет табиғи байлықтардың иесі және шаруашылықпен айналысатын субъект болып табылады. Бұл жағдайда мемле - кетке басқа тұлғалар иелеріне болмайтын экономикалық, материалдқ және құқ -ықтық құралдардың ара-қатынасын реттеу мүмкіндік береді. Табиғи байлық - тарды тиімді және кешенді түрде пайдалану үшін мемлекет экономикалық жағ - дайды ескере отырып, өзіне керекті құқықтарды иеленеді. Билік жүргізуші органдары мен басқару органдары мемлекет атынан табиғи байлықтарды игеру үшін жоспарлау мен қаржыландыруды ұйыдастырады, олардың пайдалану қарқыны мен мерзімін анықтайды. Ол табиғи байлықтарды пайдалану түрлері мен тәсілдерін таңдауға ерікті.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Қоршаған табиғи ортаны қорғау маңызды міндеттердің бірі болып сана - лады. Қоршаған ортаға жағымсыз антропогендік ықпалын азайтуға және жоюға бағытталған іс-шаралар жасалынып, оларды орындауға ат салысу керек. Табиғатты қорғау – бұл табиғаттың өзіндік жағдайын сақтау немесе бұр - ынғы сипатын қайтадан қалпына келтіру арқылы табиғи ресурстарды ысырап - сыз пайдалану үшін мемлекеттік жүйедегі қоғамдық шара. Табиғатты қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың, ереже -лердің жиынтығы табиғат қорғау құқығы болып табылады.

Экологиялық қауіпсіздіктен қорғаудың тиімді жүйесі, сонымен бірге ол адамдардың және жалпы қоғамның қазіргі кездегі бірден-бір аса қажеттілігі болып саналады. Табиғи ортаның тіршілікке қолайлы болуы – қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуына әсер ететін қажетті шарт. Эколог - иялық ақуалдың төмендеуі адамдардың тұрмыс деңгейін анағұрлым нашар - латады. Бүгінде экологиялық дағдарыстың қауіп-қатерінен құтылу, барлық елдер мен халықтардың жан-жақты күш салуымен ғана мүмкін болады. Табиғи ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігі бірқатар саяси, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және басқа да факторлардың іс-әрекеттеріне әділ сүйенеді.

Қазіргі кезде экономикалық және экологиялық жағдайдың ушығып тұрған сәтінде экологиялық апаттан өтудің жалғыз ғана жолы бар. Ол экономикалық даму процесін экологияның мүддесіне сай үлестіре есепке алып жүргізу, яғни экономиканы экологияландыру деген сөз.

Бүгінде экологиялық қауіпсіздікке және оны тұрақты дамытуға өту Қазақстанның стратегиялық дамуының бірден-бір басты бағыттары болып саналады. Негізгі ойы мен мақсаты – қоғам мен қоршаған ортаның бір-бірімен келісілген әрекеттеріне қол жеткізу, сол сияқты қолайлы экологиялық ортаны тұрақтандыру болып табылады.

Экологиямызды жақсарту еліміздің қауіпсіздігін қорғау және болашақ - тағы жететін жетістігіміздің кепілі болмақ. Қазақстан мемлекеті әлемнің дамы - ған елдеріндегідей өзінің экономика салаларын нарықтық қатынастың сұра - нысы мен талабына сай күрделі қиын өзгерістерге бағыттай отырып дамытып жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

1. Закон Республики Казахстан  «Об охране окружающей среды» от 15 мая 1997г.

2.Байділдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының  экологиялық құқығы. Оқу құралы  – Алматы: Қазақстандағы СҚЗҚҚ  «Интерлигал» баспа орталығы, 2005. – 396 бет.

3. Голуб А.А., Струкова Е.Б. Экономика природопользования. М., 1995 г.

4. Гофман К., Лемешев М., Реймерс  Н. Экономика природопользования / Наука  и жизнь, 1974, № 6 –С. 12-17.

5. Диксон Д. Скура Л. Экономический  анализ воздействий на окружаю - щую среду. –М., 2000. – 270 с.

6. Каражанов З.К. и др. Платежи за пользование природными ресурсами – Алма-Ата: КазГУ , 1997. – 62 с.

7 Мамыров Н.Қ., Тонкопий М.С., Үпішев  Е.М. Табиғатты пайдалану экономикасы: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005.- 368 бет.

8. Методика определения платежей за загрязнение окружающей природ - ной среды. – Алматы: Изд. Минэкологии, 1994. – 24 с.

9. Мирзаев Г.Г., Иванов Б.А. Экология  и рациональное использование  природных ресурсов. – Л., 1983. – 100 с.

10. Новиков Ю.В. Экология, окружающая  среда и человек. – М., 1998. – 317. с.

11. Охрана окружающей среды / Под. Ред. С. В. Белова. – М., 1991. – 320 с.

12. Упушев Е.М. Экономика природопользования  и охрана окружающей среды. –  Алматы: Экономика, 1999. – 328 с.

13. Үпішев Е.М., Мұқаұлы С. Табиғатты  пайдалану экономикасы. Алма - Аты, 1999. – 280 бет.

14. Фурсов В.И. Экологические проблемы  окружающей среды. – Алма-Ата, 1991. – 192 с.

15. Шимова О.С., Соколовский Н.К. Основы  экологии и экономика при - родопользования. – Минск, 2001 г. – 320 с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 



Информация о работе Природные ресурсы