Природные ресурсы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 15:18, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі тарихи кезеңде қоғамның дамуының табиғатпен үйлесімділігі өте өзекті мәселеге айналды. Табиғатпен үйлесімсіз экономиканың өсуі болмай – тындығын дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Табиғат ресурстарын сарқылтып және қоршаған ортаны ластап ешқандай экономикалық өсу болмай-тынына әлемдік қауымдастықтың көзі жетті. Сондықтан табиғатқа және таби-ғатты пайдалануға жаңа көзқарас қалыптасуы керек.

Оглавление

Кіріспе 3
Табиғат ресурстарының ұдайы өндірісі және оларды пайдалану
тиімділігі 5
Табиғатты пайдалану экономикасының міндеттері мен проблема -
лары 8
Табиғатты пайдалану мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен ұйым- дық - методологиялық негіздері 11
Табиғатты пайдалануды ұйымдастырушылық - құқықтық және эконо -микалық реттеу 13
2 Табиғи ресурстардың экономикалық құндылығын анықтау 16
Табиғат ресурстарын қалпына келтіру ұстанымдары және эконо - микалық бағалау 19
Табиғат байлығын кешенді пайдалану және кешенді бағалау 21
3 Тұрақты дамудың міндеттерін шешуде табиғатты пайдаланудың
механизмінің тиімділігін арттыру жолдары 23
Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 27

Файлы: 1 файл

Природные ресурсы.doc

— 153.00 Кб (Скачать)

Көрсеткіштер

Кен

орындары

 

А

В

Пайдалы қазбалар қоры, млн т

20

100

1 т шикізат өндіруге үлестік  шығын, теңге

800

900

Шикізаттың осы түріне қоғамдық қажетті (шеткі) үлестік шығын, теңге

1000

1000

1 т қорға үлестік рента, теңге 

200

100

Барлық қорға рента млн тг

4000

10000


 

Кестеден үлестік шығын және рента бойынша А кен орнының тәуір екен-ін көреміз, бірақ қоры аз болғандықтан жалпы рента аз. Осы жағдайда қай кен орны тиімдірек? Салыстыратын кен орындарының қоры бірдей болмағандық - тан, А кен орнына өтемақы шығындарымен 80 млн т қосамыз. Сонда А нұсқада жалпы шығын (800х20)+(100-20)х1000=96000 млн теңге. В нұсқада жалпы шығын (900х100)=90000. А нұсқа В-дан нашар шығыны 96000:90000=1,06 есе артық. Өтемақы шығындарын есептемегенде жалпы пайда В нұсқада А нұсқаға қарағанда 10000:4000=2,5 есе артық, ал үлестік шығындары 900:800=1,12 есе артық, ал өтемақы шығындарын есептегенде үлестік шығындары 1,06 есе кем. В кен орнын игеру тиімдірек болады.

Сонымен, қорының шамасы әр түрлі кен орындарын салыстырғанда ал-дын ала өтемақы шығындарын қолданып, олардың қорын теңестіріп аламыз. Яғни, қоры аз кен орнын көбімен теңестіреміз және ондағы жетіспеген шама - сын өтемақылық шығындермен толтырамыз деп есептейміз. Содан кейін бірдей өнім алуға болатын ресурстың қайсысын пайдаланғанымыз тиімді болатынын анықтаймыз.

Әдетте, нұсқалар үлестік шығындар шамасымен салыстырылады, ресурс қоры одан алынатын өнім мөлшерімен қарастырылмайды. Сол сияқты өнімнің шамасы теңестірілгендешығындар бастапқы шығындарға сәйкес (пропорцио - налды) алынады. Бұл екі әдісте де өнімнің жетіспеген шамасына үлестік шығ-ындар бастапқы өндірілетін шамасына үлестік шығындармен тең болады деп есептеледі. Нақты жағдайда шығындар басқаша болады. Өнімді арттыруға иге-рілген шығындар емес, қоғамдық қажетті шеткі шығындар жұмсалады.

Осы мәселеге кеңінен қарау нәтижесінде шеткі шығын ұғымы пайда бол-ды. Шеткі шығын ұғымы белгілі мерзімде ресурсты игеруге, пайдалануға жұм-салатын қоғамдық қажетті шығындардың тиімділігі бар. Ал, одан асқанда тиім-ділігі жоқ, яғни қажеттілігі де жоқ, оған жол беруге болмайды. Шеткі шығын ұғымы алғаш макроэкономикалық деңгейде отын – энергетика кешенін оңтай-ландыру кезінде пайда болды. Одан кейін басқа мақсаттарда кен орындар-ының қорын, жеке бөліктерін экономикалық бағалауға қолданылды.

Шеткі шығындар қағидасы бойынша шикізаттың ысырабының жаңа кен орындарын игеруден алынатын ресурспен толықтырамыз. Ол, әдетте игерілме-гендердің ішінде тәуірі, бірақ бұрын игерілгендерден нашар болады. Егер ыс-ыраптың орны басқа ұтымды әдістермен, ресурс үнемдеу есебінен толтырыла-тын болса, өтемақы шығындары қолданылмайды.

Игерілетін және пайдаланудағы кен орындарының салыстырмалы тиім-ділігі анықталады. Сондай-ақ салыстырылатын көрсеткіштер: келтірілген шығ-ындар, кен орнын кешенді пайдалану дәрежесі, әр түрлі нормаларға сәйкестігі, табиғи ортаға әсерлері және т.с.с.

Әр кен орнын экономикалық тұрғыдан бағалау болжамдық кезеңдегі шамамен бағалаудан басталады және нақты пайдалану кезіндегі өндірістік баға-лаумен аяқталады. Ол белгілі  мақсаттарға құрылады және өзіне тән қызметтер атқарады. Негізінен, алғашқы бағалаулар кен орнын барлау мен игерудің бір сатысынан екінші сатысына көшудің, оған қаржы жұмсаудың экономикалық тиімділігін дәлелдеу үшін қажет.

Нақты кен орнын бағалағанда оны игеру барлық кезеңдердегі шығындар, оның ішінде, табиғат қорғау шығындары және белгілі мерзімдегі өнімдерге сұраныс ескерілуі тиіс. Осыған байланысты геологиялық барлау, құрылыс салу және кенішті пайдалану мерзімдерінің ұзақтығы экономикалық бағалауда уақыт факторын есептеуді талап етеді.

 

 

 

 

 

 

 

2.2  Табиғат байлығын  кешенді пайдалану және кешенді  бағалау

 

 

Табиғат байлығын тиімді пайдаланудың ең негізгі бағыты – кешенділік. Табиғат қорғау шаралары да кешенділікті талап етеді.

Кешенді пайдалану деп – табиғат байлығының барлық тиімді қасиеттерін табиғи ортаға зиян келтірмей пайдалануды айтамыз.

Кешенді пайдалану ұғымына өндіріс және тұтыным қалдықтарын пайда-лану деп аймақтағы барлық ресурстарды пайдалануды айтады. Бұл ұғымға, минералдық шикізаттарды кешенді барлау, мейлінше толық өндіру, өндірілген қорды кешенді пайдалану, шикізаттың жеке түрлерін кешенді ұқсату ұғымдары кіреді.

Минералдық шикізатты кешенді пайдалану - өндірілген кешендегі пайда-лы негізгі және қосымша элементтерді және өндіріс қалдықтарын пайдалану. Минералды шикізат қорын кешенді пайдалану – кен қорын және оны өндірген-де қосымша өнім болып табылатын тау жыныстарын, жер асты суларын, газ-дарды толық ұқсату.

Аймақтағы кен көздерін кешенді пайдалану деп жақын орналасқан кен - дерді бір-бірімен байланысты ортақ игеруді айтады. Жеке-дара игеруге тиімсіз ұсақ кеніштерді бірге пайдаланғанда тиімді болу мүмкін. Өйткені ортақ байыту фабрикалары, ортақ өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар салынады. Соның нәтижесінде шығындарды үнемдеуге мүмкіндік туады.

Минералдық шикізатты кешенді пайдалануды бірнеше натуралдық және құндық көрсеткіштермен сипаттауға болады. Кешенді пайдалану дәрежесі: тау-арға алынған элементтерді айырып алу дәрежесі; тауарға алынған элементтер мен компоненттер құны; экономикалық тиім және тиімділік және т.б.

Минералдық шикізатты кешенді пайдалану көрсеткіштері: кешенді пай - далану дәрежесі – тауарға алынған элементтер саны; минералдық шикізат қорын толық пайдалану - кеннің құрамындағы элементтерді айырып алу; жалпы көрсеткіш – тауарға алынған элементтер құнының кеннің құрамындағы элементтер құнына қатынасы, кешенді пайдалану тиімділігі – экономикалық тиімдер сомасының шығынға қатынасы.

Шикізат қорын толық пайдалану жәрежесі жіберілген (жоғалтылған) қал-дықтың шамасын өлшеу арқылы анықталуы мүмкін, немесе алынған өнім мен есептелген өнім шамасын салыстырады.

Қазіргі ғылыми-техникалық жетістіктер кендегі барлық элементтерді ал-уға мүмкіндік береді, бірақ соның ішінде тиімділері ғана алынады. Міне, осы тиімді кешенділікті анықтау ерекше экономикалық мәселе болып табылады. Сонымен, шикізатты кешенді пайдалану мәселесі нұсқалардың тиімдісіне айна-лады.

Кешенді пайдалану нұсқалардың экономикалық тиімділігін анықтаудың түпкі мақсаты – халық шаруашылық қажетін шикізаттан алынатын өнімдермен неғұрлым аз шығын жұмсап қанағаттандыру. Бұл тұрғыдан шикізатты кешенді пайдалану нұсқасын анықтау өндірістің, қолданылатын технологияның тиім-дісін таңдау болып табылады. Осыған сәйкес шикізатты кешенді пайдаланудың тиімді нұсқасын таңдау әдісі өндірістің халық шаруашылық тиімділігін анық - тау әдістерінен туындайды.

Тиімді өндірістің ең басты белгісі – нақты және еткен еңбектің, табиғат ресурстарының үнемделуі, табиғи ортаға нұқсан келтірмеу. Осы белгіні табиғат ресурстарын кшенді пайдалануды бағалауға қолдануымызға болады. Нұсқалар-ды салыстыру үшін баланстық есептеулер жүргізу қажет болады. Бірақ, бұлай істеу көп қиындықтармен байланысты. Мысалы, минералды шикізатты пайда-ланудың тиімді нұсқасын таңдау үшін әр кезде кәсіпорындарда, аймақ бойын-ша немесе республика көлемінде шикізаттан алынатын барлық өнімдердің бал-анстық есептеулерін жүргізіп және оларды басқа балама нұсқалармен салыс - тыру қажет. Нұсқалар өте көп болуы мүмкін, сондықтан оларды есептеу элек-тронды есептеу машинасының (ЭВМ) өзіне де қиынға соғады, шығыны көп, нәтижесі мардымсыз. Өйткені, баланстарға қатыстырылған бір цифр өзгер-генде, есептеулерді қайтадан қайталауға тура келеді.

Қазіргі кезде тиімді нұсқаны таңдау үшін көп қолданылатын әдіс – келті-рілген шығындарды салыстыру. Мұнда тиімді нұсқаны таңдау белгісі – шығын-ның ең азы. Бұл әдісті қолданудың басты шарты – нұсқалар бір – бірімен сал-ыстырылатын болуы немесе сол жағдайға келтірілуі керек. Нұсқаларды өнімнің шамасы бойынша салыстыру үшін «компенсация» (орнын толтыру) әдісі қолда-нылады.

Минералдық шикізат қалдық шығарылмай кешенді пайдаланылатын бол-са, табиғи ортаны ластамайды, сауықтыруға әсерін тигізеді. Соның салдарынан өсімдіктердің, жануарлардың өсіміне, адамдардың денсаулығына зиян келмей-ді, судың, ауаның, топырақтың тазалығы сақталады, негізгі қордың, басқа да мүліктердің тозуы тездетілмейді, пайдаланылатын табиғат ресурстары артады және т.б.

Кешенді пайдаланудың мұндай нәтижелерінің біршамасын экономика - лық көрсеткіштермен айқындауға болады: нақты шығындар, жол берілмеген шығын немесе орнын толтыру шығындары бойынша. Әйткенмен табиғат ресур -старын кешенді пайдаланудың толық нәтижелері нақты көрсеткіштермен есеп -теуге келмейді. Сондықтан кейбір нәтижелерді арнаулы әдістер қолданып есептеуге тура келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3  Тұрақты дамудың міндеттерін  шешуде табиғатты пайдаланудың

               механизмінің тиімділігін арттыру жолдары

 

 

Қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  мемлекеттік  реттеу:

    • қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті лицензиялауды;
    • экологиялық нормалауды;
    • қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеуді;
    • мемлекеттік экологиялық сараптаманы;
    • экологиялық рұқсаттар беруді;
    • мемлекеттік экологиялық бақылауды;
    • қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу жүйесін, неғұрлым экологиялық таза технологияларды енгізуді ынталандыруды, табиғат қорғау іс-шараларын қаржыландыру жүйесін;
    • мемлекеттік экологиялық мониторингті,
    • табиғат пайдаланушыларды, қоршаған ортаны ластау көздері мен учаскелерін мемлекеттік есепке алуды;
    • экологиялық білім беру мен ағарту ісін қамтиды.

Жалпы экологиялық басқару мына мәселелерді жүзеге асырады:

Экологиялық заң талаптарының орындалуын тексерумен қатар қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды өткеру әдістерін айқындау;

Қоршаған ортаның сапалық нормативтері мен зиянды әрекеттердің лим - иттерін анықтау;

    • экологиялық зиянды іс-әрекеттерді тоқтату;
    • кінәлі адамдарға әкімшілік жолмен шаралар қолдану.

Табиғи ресурстарды қорғау мен пайдалану саласындағы мемлекеттік бас

– қару дегеніміз – мемлекеттік табиғи байлықтарға меншік құқығынан, аумақ - ты билеушілік құқығынан туындайтын табиғат қорғау қызметін жүзеге асыру - дағы мемлекет органдарының атқарушы – билік қызметі.

Табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бас - қару үш негізгі деңгейде бөлек қарауға болады:

    • табиғи ортаның сапасын мемлекеттік басқару;
    • табиғатты ұтымды пайдалануды мемлекеттік басқару;
    • табиғат байлықтарының жекелеген түрлерін ұтымды пайдалануды мемлекеттік басқару.

Басқарудың негізгі мақсаты – бүгінгі және келешек ұрпақтың мүддесіне

сай олардың минералды шикізатқа, су және орман ресурстарына, таза ауаға т.б. мұқтаждықтарын өтеу үшін, осы байлықты ұтымды пайдалану мен қорғау бол - ып табылады.

Қоршаған отаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалануды басқару - ды қоғамдық құрылымдар, заңды тұлғалар және мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Осыған сәйкес мемлекеттік басқарудан басқа қоғамдық, өндірістік, ведомстволық басқаруды бөліп қарауға болады.

Табиғатта қорғауда мемлекеттік басқарудың тәжірибелік, ұйымдастыру - шылық қызметі белгілі бір іс-әрекет кешенінен тұрады. Ол – басқару қызметі белгілі бір іс-әрекет кешенінен тұрады. Ол – басқару қызметі деп аталады. Қыз -меттің мазмұны табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйым - дастырудың талабына байланысты болады. Табиғи байлықтардың ерекшелігін ескере отырып, мемлекеттік басқарудың мынадай қызметтерін бөлек қарасты - руға болады: табиғи объектілерді қорғауды және пайдалануды жоспарлау, мем -лекеттік жер кадастрларын жасау,табиғат объектілерін зерттеу, олардың пайда -ланылуы мен қорғалуына бақылау жүргізу, табиғи объектілерді пайдалануда туындайтын даулы мәселелерді шешу.

Басқарудың мазмұны басқару қызметтерінен (функцияларынан) құрала - ды. Басқару қызметі қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты қызметтің тұрақты бағытын білдір -еді. Бұндай қызметтерге:

    • қоғам мен табиғаттың өзара арақатынасы аясында басқару органдары жүйесін құру;
    • заңға сәйкес актілер шығару;
    • қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану - ды басқару қызметін үйлестіру;
    • табиғи ресурстарды басқару;
    • табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғауды жоспарлау және қорша - ған ортаның жағдайын жақсарту;
    • экологиялық нормалау;
    • экологиялық сараптама;
    • экологиялық лицензиялау;
    • экологиялық сертификаттау;
    • экологиялық аудит;
    • қоршаған ортанң жағдайын бақылау;
    • жеелеген табиғи объектілердің жағдайы мен пайдаланылуын есепке алу;
    • экологиялық тәрбие және білім беру;
    • табиғи объектілердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау;
    • қоршаға ортаны қорғау мен табиғат пайдалану құқығы туралы даулар

-ды  әкімшілік тәртіппен шешу жатады.

Экология саласындағы мемлекеттік қатынастарды басқаруға негіз болатын үш жағдай бар.

Бірінші – Қазақстан Республикасы – табиғат ресурстардың меншік иесі.

Екінші – Қазақстан Республикасы- халықтың ресми өкілі.

Үшінші – қоршаған ортаны қорғау, оның адамның өмірі мен денсаулы - ғына қолайлы болуын қамтамасыз ету қызметін атқаратын мемлекет, оның орг -андары мен лауазымды адамдары заң жүзінде белгіленген өкілеттіктері шегін - де жүзеге асыру құқына ие болады.

Қоршаған ортаны қорғау саласында өз құзыреті шегінде қабылданған шешімдерді, барлық министрліктердің, ведомстволардың, ведомстволық бағ - ыныштылығына және мешік нысанларына қарамастан кәсіпорындардың, меке - мелер мен ұйымдардың, сондай-ақ азаматтардың орындауы міндетті болады.

Информация о работе Природные ресурсы