Природные ресурсы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 15:18, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі тарихи кезеңде қоғамның дамуының табиғатпен үйлесімділігі өте өзекті мәселеге айналды. Табиғатпен үйлесімсіз экономиканың өсуі болмай – тындығын дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Табиғат ресурстарын сарқылтып және қоршаған ортаны ластап ешқандай экономикалық өсу болмай-тынына әлемдік қауымдастықтың көзі жетті. Сондықтан табиғатқа және таби-ғатты пайдалануға жаңа көзқарас қалыптасуы керек.

Оглавление

Кіріспе 3
Табиғат ресурстарының ұдайы өндірісі және оларды пайдалану
тиімділігі 5
Табиғатты пайдалану экономикасының міндеттері мен проблема -
лары 8
Табиғатты пайдалану мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен ұйым- дық - методологиялық негіздері 11
Табиғатты пайдалануды ұйымдастырушылық - құқықтық және эконо -микалық реттеу 13
2 Табиғи ресурстардың экономикалық құндылығын анықтау 16
Табиғат ресурстарын қалпына келтіру ұстанымдары және эконо - микалық бағалау 19
Табиғат байлығын кешенді пайдалану және кешенді бағалау 21
3 Тұрақты дамудың міндеттерін шешуде табиғатты пайдаланудың
механизмінің тиімділігін арттыру жолдары 23
Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 27

Файлы: 1 файл

Природные ресурсы.doc

— 153.00 Кб (Скачать)

Суды, жер қойнауын, жануарлар дүниесін, басқа да табиғи ресурстарды арнайы пайдалану болады.

Табиғатты арнайы пайдалану құқығы:

    • тұрақты (мерзімсіз) немесе уақытша пайдалану (белгілі бір мерзімін көрсете отырып);
    • иеліктен айырып пайдалану (табиғат пайдалану құқығы басқа адамға берілуі мүмкін) немесе иеліктен айырмай пайдалану (табиғат пайда - лану құқығы басқа адамға берілмеуі мүмкін);
    • ақысын төлеп немесе өтеусіз алып пайдалану;
    • бастапқы  пайдалану  (табиғат  пайдалану құқығы мемлекеттен не осы 

құқыққа иеліктен айыру тәртібінде басқа бастапқы табиғат пайдаланушыдан алған) немесе қайталама пайдалану (уақытша табиғат пайдалану құқығы бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негізінде алынған, өзінде осы мәртебені сақтап қалатын) болуы мүмкін.

Су Кодексінің 66-бабына сәйкес халықтың ауыз су және коммуналдық – тұрмыстық қажеттерін, ауыл шаруашылығының өнеркәсіптің, энергетиканың, балық шруашылығының және көліктің суға деген қажеттерін қанағаттандыру үшін, сондай-ақ өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да ағынды суларды жер үсті объектілеріне ағызу үшін құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды су объектісінен алып немесе алмай қолдана отырып  су объектісінен жер үсті және жер асты су ресурстарын тікелей пайдалану арнайы су пайдалануға жатады.

Жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалану құқығы лицензияда немесе рұқсатта белгіленген мақсаттар үшін ғана пайдаланылады және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға және қоршағанортаға зиян келтірмеуге тиіс.

Арнайы су пайдалануды жеке жене заңды тұлғалар лицензия негізінде жүзеге асырады. Алайда, осы баптың 4 және 5-баптарын қоспағанда, өнеркәсіп -тік, коммуналдық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да ағынды суларды жер үстіндегі су объектілеріне ағызу, сондай-ақ жер қойнауы бөлігінен алу лимиті тәулігіне елуден екі мың текше метрге дейінгі шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық жер асты суларын пайдалануға рұқсаты негізінде жүзеге асырылады. Арнайы су пайдалануға рұқсатты Ауыл шаруашылығы министр - лігінің су ресурстары жөніндегі комитеті береді.

Жануарлар дүниесін арнайы пайдалануға:

-   аңшылық және (немесе) балық  шаруашылығын жүргізу кезінде - биологиялық-экономикалық  тексерудің, аңшылық алқаптар мен  балық шаруа - шылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беруге арналған конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарының, аңшылық шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдарын дамыту жоспарларының негізінде конкурстық комиссия айқындайтынаңшылық алқаптар мен балық шаруашы - лығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру кезеңіне қарай он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі;

-   қалған түрлеріне – бір  жылдан аспайтын мерзімдер белгіленеді.

Сондай-ақ, басқа да табиғат объектілерін (жер қойнауын, орманды, атмосфералық ауаны) және т.б. пайдалануға құқық арнайы рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады, оны ортақ пайдалану үшін берілетін табиғат объектілерін қоспағанда, бұл жөнінде осының алдындағы параграфта айтылған болатын, құзыретті мемлекеттік органдар береді.

Қолданыстағы заңда жекелеген табиғи ресурстарға қатысты табиғат пайдалану құқығының қосымша негіздері көзделуі мүмкін:

    • экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болуы;
    • табиғат ресурстары лицензиясын алу;
    • табиғи ресурстарға лимиттер мен квоталар белгілеу;
    • табиғат пайдалануға шарт жасасу немесе табиғат пайдалануға рұқсат алу.

Табиғат  пайдалануға  рұқсат  дегеніміз  мүдделі адамның барлық қажетті

сатылардан және шарттардан өтуінің нәтижесі.

Табиғат пайдалануға рұқсат алудың сатылары:

    • тиісті мемлекеттік органға өтініш беру;
    • ұсынылған құжаттарды алдын ала қарау;
    • құжаттарды қарау;
    • табиғи ресурстарды беру туралы шешім шығару;
    • заттай түріндегі табиғи ресурсқа қарсылық білдіру (бұл қажет болған жағдайларда – жер учаскесі, су объектісі және т.б.
    • табиғат пайдалану құқығы әр түрлі негіздер бойынша және өзінің ерекшелігіне қарай тоқтатылады.

Табиғат пайдалану құқығын тоқтатудың жалпы негіздері болады:

    • табиғат пайдалану құқығынан ерікті түрде бас тарту;
    • заңды тұлғаны тарату немесе жеке тұлғаның қайтыс болуы;
    • табиғат пайдалану шарты мерзімінің өтіп кетуі;
    • табиғат пайдалану шарты бойынша төлем жасамау;
    • табиғи ресурсты мақсатына қрай пайдаланбау;
    • табиғат қорғау заңының бұзылуы;
    • мемлекеттің немесе қоғамның мұқтаждары үшін табиғи ресурсты алып қою.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  Табиғи ресурстардың экономикалық  құндылығын анықтау

 

 

Табиғатты қорғау мен ұтымды пайдаланудың аса маңызды мәселесі – табиғат ресурстары мен қызметінің құндылығын дұрыс анықтай білу.

Табиғат адамдар үшін негізгі үш қызметімен құнды:

    • табиғат ресурстарымен (шикізатпен) қамтамасыз ету;
    • реттеуші экожүйелік қызметі, оның ішінде ластауларды, қалдықтарды сіңіру, табиғи ортаның, оның ресурстарының өздігінен қалпына келуі, өсуі, табиғи зат және қуат айналымы;
    • адамдарды рекреациялық, эстетикалық, рухани қызметтерімен қамта-масыз ету.

Табиғаттың осы үш қызметін тіршіліктің қажетті құраушы бөліктері рет –

інде біртұтас қарастыру керек. Олар табиғаттың біртұтас қасиетінің бөліктері, бір-бірімен тығыз байланысты.

Табиғат пайдаланудың экономикалық мағынасы оны адамның белгілі бір тұтыну қажетін өтеуге жарату болып табылады. Ал жалпы кең мағнада, таби-ғатты пайдалану арқылы ғана тіршілік етеміз, өмір сүреміз. Өндіргіш күштер-дің белгілі даму дәрежесінде игеруге болатын және экономикалық мәні бар, өндіріс қатынастарында тікелей қолданылатын немесе пайдалануы мүмкін таби-ғи заттар мен күштерді табиғат ресурстары дейміз. Ал, табиғаттың қалған бөліктерін табиғи орта дейміз. Адамдар үшін барлығы да құнды. Олардың қажеттілгі тек тұтыну таурларымен шектелмейді, биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек. Жоғарыда көрсетілген табиғаттың үш қызметін пайдаланады.

Айтылғандардан екі негізгі қорытынды шығаруға болады. Бірінші – таби-ғатсыз тіршілік жоқ, онсыз өндіріс те жоқ, табиғат ресурстары - өндірістің негізгі элементтерінің бірі. Екінші табиғат пайдаланудың алғашқы сатысынан бастап белгілі дәрежеде бағалаулар басталады. Сезіну түрінде ме, сапалы, ғылыми немесе іс қажеттілігінен бе, әйтеуір бір бағалау болады.

Табиғатты пайдалану қандай қажеттігімізді қанағаттандырады, оның тиімділігі қанша деген сұрақтар әрқашанда да туындайды. Бағалаулар нәтиже-сінде табиғаттың нақты ресурсы, жағдайын қалай қолдануға болатынын, олар-ды пайдалану әдістерін, құралдарын анықтаймыз, тиімдігін есептейміз. Басты мақсат – табиғат ресурстарын пайдалану тұрғысынан зерттеу, құндылығын, әл-еуметтік-экономикалық қажеттілігін анықтау.

Бүгінгі күні табиғат ресурстарын және қызметін бағалау қажеттігі ерекше артып отыр және экономикада әлі толық зерттелмеген мәселе. Жоспарлы эко - номикада табиғатты тегін пайдалану ұстанымы үстемдік етті. Теегін болған соң оны бағалаудың да қажеті болмады. Дегенмен, белгілі бір мақаттар үшін (оң - тайлы болжамдар, жлбалау жоспарлау және т.б.) үшін бағалаудың теория-лық негіздері, әдістемелері зерттеліп келді. Бірақ, экономикалық бағалау іс-тәжіри-беде қолданбағандықтан, теориядан қолданысқа жеткізілмеді.

Нарықтық экономикада экономикалық бағалауларды іс-тәжірибеде қол - дануға сұраныс артты. Бірақ, ол да табиғи ортаның құндылығын толық бағалау -ға барабар құнын анықтауға мүмкіндік бермейді. Нақты экономикада есептел - меген құндылық болмау керек, құндылықтар есептелмесе, шешім қабылдағанда ескерілмейді. Қазіргі экономиканың осындай кемшіліктерін көптеген экономис -тер мойындайды. Мысалы, Р. Констанцаның басшылығымен Мэриленд унив ерситетінде жүргізіген сарапшылар тобының зерттеулерін атауға болады. 16 экологиялық жүйе (мұхит, теңіз, қайрақ, орман, батпақ, жайылым және т.б.) қарастырылған. Олардың әрқайсысының 17 санат қызметтері, оның ішінде: климатты, атмосфераның газ құрамын, су ресурстарын реттеу, топырақ түзу, қалдықтарды сіңіру, рекреациялық қызметтері бағаланған ғалымдардың есептеулері табиғаттың бір жылдық қызметінің құндылығы орташа есеппен 33 трлн долл. адамдар өндіретін ЖҰӨ екі есеге жуық артық екенін көрсетті.

Табиғат ресурстарының құндылығын анықтау – экономикалық бағалау нарық механизмінің ұтымды тетігі болады. Табиғат ресурстары ұтымсыз пайда-ланғанда немесе ысырап болғанда өндіріс шығындарын арттырып, пайдасын кемітеді. Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау макро мен микро деңгей-де жүзеге асырылып, экономикалық дамудың бағытын, тиімді нұсқасын таң-дауға, болжамдарға, жобаларды бағалауға қызмет етуі тиіс. Табиғат ресурстары экономикалық бағаланып, еліміздің ұлттық байлығының құрамында есептелуі қажет. Табиғат ресурстарының ақшалай құндылығы әлі күнге дейін статистика-лық есепте жоқ. Олар тек натуралдық көрсеткіштермен есептеледі.

Сонымен табиғат байлығын экономикалық бағалау не үшін қажет дейтін болсақ, төмендегі негізгі бағыттарды атау керек:

    • ұлттық байлығымызды толық есептеу үшін. Табиғат ресурстарының, тіпті, табиғаттың қолайлы жағдайларының құндылығы ұлттық байлық ретінде бағаланып, есептелуі тиіс. Статистикалық көрсеткіштерде та - биғат байлығын барабар есептеу;
    • табиғат байлығын игерудің оңтайлы шамасын, мерзімін, кезегін, қай түрін, қандай кезекпен, қанша мерзімде игеру қажеттігін анықтау;
    • ренталық табыстарды (пайданы) және төлемдерді анықтау;
    • өндіруші кәсіпорындардың, салалар өнімдерінің өзіндік құнын, баға - сын дұрыс есептеу;
    • табиғат пайдаланушы кәсіпорындардың шаруашылық мүмкіндігін ан - ықтау;
    • жеке аймақтардың, салалардың, еліміздің экономикалық мүмкіндігін болжау;
    • табиғат пайдалануды болжау, жоспарлау, жобалау, сараптау және ұй - ымдастыру;
    • табиғат пайдалану төлемдерін анықтау;
    • табиғатты қорғауға және ұтымды пайдалануға экономикалық ынталан-дыру;
    • табиғат пайдалану үрдістерінде табиғи ортаға келтірілген зиянды есеп-теу және табиғат қорғау шараларының экономикалық тиімділігін баға-лау.

 

Осы келтірілген табиғат байлығын экономикалық бағалау негізінде шеш – ілетін мәселелер оның қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Нарық жағ - дайында табиғаттың ресурстары және қызметтері тауарға айналады және құн - дылығы барабар анықталуы тиіс.

Нарық қатынасында қандай да болмасын шаруашылық мәселелерін, әсір -есе өндіруші салаларда табиғатты пайдалану құндылығын анықтамай шешуге болмайды. Өйткені, барлық кәсіпорын табиғатты пайдаланады, қоршаған ортаға ықпал етеді. Біреулері табиғат байлығын зерттейді, қорғайды, екіншілері – барлау жұмыстарын жүргізеді, үшіншілері - өндіреді, төртіншілері - өңдеп, өндіріске немесе тұтынуға әзірлейді, олардың барлығы табиғатқа ластаушы зат-тар (қалдықтар) шығарып ауаға, суға, жерге, оның өсімдіктері мен жануарлары-на, адамдарға әсер етеді, табиғаттың ассимиляциялық, рекреациялық потенциа-лын пайдаланады.

Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау оның әлеуметтік-экономика-лық құндылығын анықтау, яғни нақты ресурстың адам қажетін өтеуге қосқан үлесін есептеу (кең мағынада). Ал, экономикалық мағынада ол табиғат ресурс-тарын (қызметін) нақты пайдаланудан түсетін тиімнің ақшалай өлшемін анық-тау. Экономикалық бағалауда табиғатты пайдаланудың табиғи ортаға әсері, қойылатын экологиялық талаптар, шектер, нормалары ескерілуі тиіс.

Табиғат ресурстарының экономикалық бағасы – оның халық шаруашы - лық құндылығының табиғат қорғау, байлығын өсіру, қалпына келтіру, игеру, пайдалану, және ұқсату тиімдері арқылы анықталған шамасы.

Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау негізгі екі қызмет атқарады:

Есептеу және ынталандыру. Табиғат ресурстары – ұлттық байлық, қоғамдық еңбекті үнемдеуші фактор, өндіріс ресурстары ретінде бағаланады. Бағалау арқылы табиғат ресурстарын (қызметін) ұлттық байлықтың құрамында есептеу мүмкіндігін аламыз. Табиғат ресурстарының табиғи сапасы, орналасу тиімділігі оны игеру, пайдалану шығындарын үнемдеуге, оған жұмсалатын қоғамдық еңбекті үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, табиғат ресурстары өндірістің негізгі факторының бірі болып табылады, әрбір кәсіпорынның баланысында есептеледі және құндылығы барабар анықталғанда пайдалану тиімділігін арттырудың алғышарты болады.

Экономикалық бағалаулардың қолдану мақсатына қарай жалпы халық шаруашылық, кәсіпкерлік деп бөлеміз. Бірінші жағдайда бағалаулар қоғамдық қажетті шығындарға немесе әлемдік, республикалық бағаларға сүйеніп жүргіз-іледі, ал екінші жағдайда қолданыстағы бағалармен анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Табиғат  ресурстарын  қалпына  келтіру  ұстанымдары  және 

       экономикалық  бағалау

 

 

Минералдық қорларды экономикалық бағалау әдістемесі оларды пайдаланғанда алынатын халық шаруашылық тиім, немесе,, сондай-ақ ресурс жоғалтылғанда болатын халық шаруашылық зиянының ақшалаай өлшемі шамасына негізделген. Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау қоғамдық өндірістің жалпы тиімділігі теориясының бөлігі табылады. Бұл теорияның негізгі талаптарының бірі кез келген нұсқаларды салыстырғанда олардың салыстырмалылығы өнімдердің өндіру шамасы мерзімі бойынша қамтамасыз етілуі тиіс.

Тиімділік теориясы бойынша нұсқалар салыстырылмас бұрын оларды өн-імнің шамасын өндіру мерзімі бойынша «орнын толтыру» (компенсация) шығ-ындарымен арнайы есептеулер қажет. Оның қоры әр түрлі екі кен орындары-ның экономикалық көрсеткіштерімен қарастырайық.

 

1-кесте  Кен орындарының салыстырмалы тиімділігі

 

Информация о работе Природные ресурсы