Природные ресурсы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 15:18, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі тарихи кезеңде қоғамның дамуының табиғатпен үйлесімділігі өте өзекті мәселеге айналды. Табиғатпен үйлесімсіз экономиканың өсуі болмай – тындығын дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Табиғат ресурстарын сарқылтып және қоршаған ортаны ластап ешқандай экономикалық өсу болмай-тынына әлемдік қауымдастықтың көзі жетті. Сондықтан табиғатқа және таби-ғатты пайдалануға жаңа көзқарас қалыптасуы керек.

Оглавление

Кіріспе 3
Табиғат ресурстарының ұдайы өндірісі және оларды пайдалану
тиімділігі 5
Табиғатты пайдалану экономикасының міндеттері мен проблема -
лары 8
Табиғатты пайдалану мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен ұйым- дық - методологиялық негіздері 11
Табиғатты пайдалануды ұйымдастырушылық - құқықтық және эконо -микалық реттеу 13
2 Табиғи ресурстардың экономикалық құндылығын анықтау 16
Табиғат ресурстарын қалпына келтіру ұстанымдары және эконо - микалық бағалау 19
Табиғат байлығын кешенді пайдалану және кешенді бағалау 21
3 Тұрақты дамудың міндеттерін шешуде табиғатты пайдаланудың
механизмінің тиімділігін арттыру жолдары 23
Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 27

Файлы: 1 файл

Природные ресурсы.doc

— 153.00 Кб (Скачать)

 

 

Әлемдік экономиканың тоқтаусыз дамуы ғаламдық экологиялық көкей-тесті проблемаларының туындауына себеп болып отыр. Жердің шөлге айналуы, орманның құрып кетуі, табиғи қордың сарқылуы, озон қабатының бұзылуы, жылыжай буының әсері, (парник), тұзды жауын, ауыз судың тапшылығы, мұхиттардың ластануы, өсімдік пен жануарлар түрлерінің жойылуына және жердің азуына әкелуде.

Тұтастай алғанда табиғат экологиялық проблемаларды білмейді. Егерде, олар кейбір организм топтарында туындай қалса, әдеттегідей эволюциялық баяу жолымен, біршама уақыт аралығында бір түрдің екінші түрге ауысуымен табиғатта білінбестен өте береді. Оларға қарағанда адамдардың экологиялық проблемалары жер шарындағы бар табиғаттың өзекті проблемаларына айналып отыр.

- табиғат пен қоршаған ортаға  адамның ХХ ғасырдағы антропогендік  әсер етуінің шамасы үлкен  болды. Қалыпты биосфераның шегіне  жақындап қалды, тіпті кейбір  параметрі бойынша асып кетіп  жатыр. Әрине, мұның көріністері әр түрлі.

- бұзылмаған жер көлемінің күрт  азайып кетуі, олардың тозуы, биоло-гиялық  түрлердің азаюы, биосфераның сандық  және сапалық жағынан да кедейленуі (азуы);

- тұщы су, топырақ гумусын, биомассаны  және өсімдік өнімдерінің орнын толтыруға «мұрша» бермей бәрін алып, тұтынып жатыр;

- ХХ ғ, орны толмайтын минералдық  және отындық қорлардың тез  азайып, сарқылуға жақындауы өз  кезегінде қиын экономикалық  проблема -ларды тудырып отыр;

- құрамындағы заттар мен материалдар  табиғат айналымында еш пайдаға аспайтын шаруашылықтағы қалдықтар ортаны ластайды, экожүйенің бұзыл -уына әкеліп, адам денсаулығына қауіп төндіреді;

- ортаны реттеп тұратын биосфераның  қызметі әлсізденіп, экологиялық  тепе-теңдіктің бұзылуына әкеледі.

Жердің геологиялық тарихында өсімдік жабындысының құрғақтығында, құрылықтың ландшафт құрылымында, климат пен атмосфераның химиялық құрамында айтарлықтай өзгерістер бұрындары болып тұрған.

Сондай-ақ, адамның табиғатқа жағымсыз әсер етуінің де ұзақ тарихы бар. Бірақ, осылардың барлығы біздің заманымыздағы жағымсыз әрекеттің жылдам -дығындай болған емес. Бұл ғаламдық экологиялық дағдарыстың есіктен «сығалауы» деген сөз.

Өсіп отырған антропогендік қысымға табиғат бұрын соңды көрмеген экологиялық қауіпті өзгерістермен жауап беруде;

-ортаның химиялық және радиациялық  ластануының әсерінен мутацияны  тездетіп және жаңа биологиялық  түрлердің пайда болуына әкеліп  отыр. Олар -дың бейімделуі мен  тұрақтылығы өте жоғары, ал кей  жағдайда адамға қауіпті қасиеттерге  де ие;

- микроорганизмдердің, өсімдіктердің немесе жануарлардың жеке түр -леріне таңдап жүріп әсер етуі, олардың табиғи бірлестіктен жойылуы көптеген түрлерді жанап өтетін, экожүйелердің тұрақтылығын бұзып және олардың ішінен көбін бүлінуге әкелетін бақылауға еш келмейтін тізбекті реакцияларға жол ашады.

- ландшафтардың антроаогендік  тұрғыдағы қайта құрылуы ме  ортаның ластануы экологиялық  апаттар мен экономикалық шығындарға, экологиялық қауіп-қатері жоғары  зоналардың пайда болуына әкелетін  бақылауға еш келмейтін салдарлары да жоқ емес. Табиғат жауаптерының адам табиғатына тікелей қатысы бар.

Адам өзінің консервативті биологиялық мәнінің және табиғаттан күн санап өсе түскен өгейсінудің арасындағы қайшылықтардың торында шырмал -ғандай күй кешуде. Өздері ойлап тапқан технологияны жақсы өмір сүру үшін тұрмыс құралдарын пайдалана отырып, табиғи сұрыптау мен түр аралық бәсекелестіктің қысымынан үлкен дәрежеде құтылып отыр. Ол биологиялық түрлер санынан бірнеше есе асып, биологиялық тұтынуды қанағаттандыру үшін заттар мен қуат (энергия) көздерін пайдалану көлемін ондаған есеге арттырды.

- адам санының өсуі олардың  биологиялық сапасының артуымен  байла - нысты емес. Керісінше, тұқым  қуалайтын аурулардың жұқпалы  ауруларға бейімділігі, сондай-ақ  егде адамдардың созылмалы аурулары  да кең етек алып отыр. Адам экологиясының проблемалары денсаулықтың проблмаларына көп ұқсап келеді.

- адамзат ХХ ғ. өзінің тұтыну  өркениетінің шегінде отыр. Экономика  екінші қажеттіліктің үлкен санына  жабысуының арқасында тұр. Осылардың  бәрін қанағаттандыру қоршаған орта мен табиғатымызға артық техногенді салмақ түсіреді.

Адамзаттың экологиялық проблемалары әлеуметтік және экономикалық проблемалармен өте тығыз байланысты. Аймақтық экологияның проблемалары әлеуметтік мүлік теңіздіктері мен геосаяси сілкіністердің тікелей ошағы болып табылады. Осы проблеманың көпшілігін тек қана экологиялық себептерге ғана емес, сонымен қатар экономика мен қоғамдық идеологиялық саясатқа да байланысты. Қазіргі таңдағы экология оларды кешенді түрде зерттеп және шешудің маңызды ғылымыи негіздерін енгізуде.

Ғылым ретінде қазіргі таңдағы экологиялық міндеті: көптеген нақты материалдардың бірегей теориялық платформаға өзара қатынасын барлық қырынан көрсетіп, осы мәліметтерді бір жүйеге келтіріп, біріктіруі керек.

Қазіргі кезде ғаламшардың экологиялық проблемасын түсіну үшін, экологиялық жаңа идеологиясы мен әдіснамасын жасау үшін, табиғатты пайдаланудағы тәжірибелік істерді, экологиялық білімді дұрыс ұйымдастыра білу қажет. Осы күнгі экологияның жалпы міндеттерін ғылыми іс-тәжірибелік жоспарда ауқымды түсінік бойынша төмендегідей қалыптастыруға болады:

- ғаламшар табиғаты жағдайының  және оның ресурстарының жан-жақты  диогностикасы, ортаның ластануы  мен адамзат әрекетінен биологиялық  қорлардың алынуына себеп адамның  ісінен, антропогендік қысымға қатынасы бойынша биосфераның шыдамдылық шамасын анықтау;

- биосферасы ең маңызды өнім  әлеуметінің табиғатын кешенді  түрде толығымен қалыпты өзгеруінің, сонымен қатар қоршаған ортаның  аймақтық және ғаламдық жай-күйін, аймақтың және адамзаттың толық әлеуметтік дамуының әр түрлі елдердің түрлі негізінде болжауын жасау;

- табиғатты күштеп бағындыру  идеологиясынан алшақтау, эксцентризм  әдіснамасы мен жаңа идеологияны  қалыптастыру, өнеркәсіп өркениетіне  өтуге байланысты білімді, саясатты, техниканы, өндірісті, экономиканы экологиялан -дыруға бағытталған шаралар;

- оңтайландыру критерийлерін орындау  – экологиялық өктемдік пен  анағұрлым келісімді таңдау мен  қоғамның әлеуметтік-экономикалық  дамуының экологияға қарай бет  түзеуі (бағдары);

- адамзат қоғамының стратегиялық әрекетінің экономикасы мен техноло -гиясы, табиғат шыдамдылығы шегінің экологиясына сәйкес шаруашылық қызметінің сипаты мен көлемін қалыптастыру ғаламдық экологиялық дағдар -ысты болдырмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Табиғатты пайдалану мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен

        ұйымдық-методологиялық  негіздері

 

 

Экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамта - масыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық - құқықтық негізде араласуын білдіреді.

Мынадай сұрақ туындайды: мұндай араласу-объективті қажеттілік пе, әлде ол әрдайым субъективті сипатта бола ма?

Бұл сұраққа дұрыс жауап, әрине, нарықтық қатынастардың өріс алған не оның өрістей қоймаған жағдайындағы әлемдік шаруашылық дамуының барлық тәжірибесін талдау мен жинақтауға негізделуі керек. Бұл тәжірибенің нарық - тық экономикасы дамыған елдердің білгір мамандары жасап, дайындаған  ғылыми талдауы әдеуметтік-экономикалық үрдістерді реттеу жөніндегі мемле-кеттің жүзеге асыратын іс-шараларының объективтілігі туралы тұжырымды жеткілікті түрде негіздеуге мүмкіндік береді. Тиімді экономиканың шведтік моделін жасаушы және көрнекті маман Класс Эклунд «таза күйінде мүлдем реттелмейтін нарық ешбір елде жоқ және нақтылы айтқанда, ешқашан болған емес» - деп тұжырым жасай келіп, ұжымдық шаруашылықтардың сыртқы-ішкі әсерлерін ескеру және табыстарды әділетті болуды қамтамасыз ету мақсатын - дағы мемлекеттік реттеу қажеттілігін көпшілік танып-білгендігін атап көрсе - теді.

Мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігін анықтайтын факторлар - дың мәнісін қарастыруға кіріспестен бұрын оларды, былайша айтқанда, ұғым - дық түрде анықтап алу керек. Ең алдымен мәселе «таза қоғамдық тауарлар», яғни нарықтық қатынастар механизмдерінің әсерін қабылдамайтын тауарлар жөнінде болмақ.

Адамзат тарихы мемлекеттердің пайд болуы мен даму барысы, сондай-ақ, олардың арақатынасы бейбіт іс-әрекеттермен қатар, күштеу жолымен де анық - талатындығын айқын көрсетіп отыр. Соңғы жағдай, яғни күштеу іс-әрекеттері объективті түрде белгілі бір материалдық-техникалық және иетеллектуалдық қорларды елдің қорғаныс қабілетін қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін бөлуіне мемлекетті мәжбүр етті. Оған қоғамның барлық мүшесі де мүдделі. Сондықтан олар мемлекет тарапынан шетелдік қол сұғушылықтан қорғау жөніндегі шараларға бірыңғай ие бола отырып, жоғарыда аталған қорларды жасауға (пайдалануға) арналған мәжбүрлі салықты төлеуге түсіністікпен қарайды. Өйткені бұл қорларды тұтыну, жекелеген сұраныс жиынтығын анықтау арқылы емес, ұжымдық түрде жүзеге асырылады, ал бұл нарықтық механизмді шектейді және қоғамдық тауар (қызмет) көрсеткіштерін қалыптас - тырады. Мұндай тауарлар қатарына мемлекетті басқару ісін, азаматтардың заң - ды құқын қорғау мен қоғамдық тәртіпті сақтауды, күрделі ғылыми зерттеу - лер жүргізу мен нәтижелерін қолдануды ұйымдастыруды, тұтастай энергети - калық жүйені құру мен пайдалануды, экономикалық жүйені құру мен пайда - лануды, жалпы-мемлекеттік табиғатты қорғау шараларының әсерін, төтенше жағдайларды алдын ала ескертуді және т.б. жатқызуға болады.

Бүкіл әлемдік тәжірибе нарықтық механизмдерді қолданудың тиімділік коэффициенті қоғамдық тауарлар қозғалысын мемлекеттік реттеуді ескермеу - дің дәрежесіне қарай төмендейтіндігін сөзсіз дәлелдеген. Немесе, керісінше, егер, мұндай реттеудің объективтілігі ескерілген болса, әлгі тиімділік коэффи - циентінің мөлшері жоғарылайды.

Осылайша, бұл қажеттілік тауарлар мен қызметтердің барлық түрін өнді - ру мен тұтынуды мелекеттік және нарықтық реттеудің диалектикалық бірлігі - нен туындайды. Мысалы,күрделі ғылыми зерттеулер жүргізуді және нәтиже - лерін пайдалануды алайық.Алғашқысын жүзеге асыруда бірінші кезекте жалпы мемлекет деңгейіндегі реттеу тұратыны сөзсіз. Ал олардың нәтижелерін пайдалануды ұйымдастыруда нарықтық механизмм шешуші рөл атқарады, өйткені өнімді шығаруға жұмсалған шығындарды азайту және оның сапасын арттыру (оған нарықтық қатынастардың субъектілері де мүдделі) барысын ғылыми-техникалық жетістіктер деңгейі анықтайды. Мұндай мысалдарды қоғамдық тауарлардың басқа да түрлері бойынша келтіруге болар еді.

Кәсіпкердің мүддесі нақтылы тауар өндірісінің тиімділігімен шектеле – тіндігі, ал сыртқы нәтиже оның ой өрісінен тыс қалатындығы әбден қисынды да, түсінікті. Бұл нарықтық механизм құрылымына байланысты жүзеге асады. Ал сыртқы нәтиже қоршаған табиғи ортның ластануымен, шикізаттардың қайта өндірілмйтін және басқа да қорларын орынсыз пайдаланумен, сондай-ақ қалдықсыз технологияны ұйымдастырудың жеткіліксіздігімен сипатталады. Мемлекет сыртқы бақылаушы қалпында бола алмайды, сондықтан келесідей үш бағыт бойынша белсенді шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болады:

-   ағымдағы және болашақтағы  табиғатты қорғау шараларын қаржылан  – дырудың орталықтандырылған  көздері есебінен жүргізу;

-   шаруашылық жүргізуші субъектілер  іс-әрекетінің сыртқы нәтижесі  ал-дын ала бекітілген ережелер  мен мөлшерден артық кететін  болса, оларға әкім-шілік-құқықтық  шектеулерді бекіту;

-   табиғатты тиімді  пайдалануды ынталандыратын механизмді  жасап – дайындау және бақылау.

Мемлекеттік реттеудің рөлі қарастырып отырған салада адамның тіршілік әрекетінің табиғи ортасын сақтау барынша келелі, күрделі мәселе болып отырғандығына байланысты үздіксіз артатындығын ерекше атап өту керек. Біздің жағдайымызда оның рөлінің артуы шаруашылық жүйесінің нарықтық үлгісіне өтудің алғашқы кезеңінде ерікті кәсіпкерлікке қатысушылардың өндірістік қызметінің сртқы нәтижесін төмендету мүмкіндігіне үміт арта алмайтындығымызбен де түсіндіріледі. Оның үстіне экологияның кең ауқымды мәселелерін шешу көптеген мемлекеттер күш-жігерін біріктіру негізінде мүмкін болатындығын атап өтуге тура келеді. Ал бұл - әрбір мемлекеттің, олардың экономикалық интеграциясына да жауап беретін орталық басқару органдарының міндеті.

 

 

1.3  Табиғатты пайдалануды ұйымдастырушылық - құқықтық және

                 экономикалық реттеу

 

 

Табиғатты арнайы пайдалану – қоғамның, заңды және жеке тұлғалардың эконо -микалық мүдделерін қанағаттандыру үшін табиғат объектілерін пайдалану. Табиғатты арнайы пайдалану мемлекеттік органдар беретін арнайы рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады және табиғи ресурстардың белгілі бір бөлігін заңды және жеке тұлғалардың оқшау пайдалануына бөлуді талап етеді.

ҚР-ның «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңының 16-бабына сәйкес табиғат пайдаланушыға берілетін рұқсат қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнайы уәкілетті мемлекеттік орган табиғат пайдаланушыға беретін және табиғат пайдаланушының табиғи ресурстарды пайдалануға (алып қоюға), қоршаған ортаға ластайтын заттарды шығару мен тастауға, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыруға, табиғат пайдаланудың нақты мерзімі мен көлемін, нормаларын, ережелері мен қолданылатын технологиясын көрсете отырып, құқығын куәландыратын құжат болып табылады.

Жалпы ережелер бойынша табиғатты пайдалануға рұқсатта:

    • табиғатты пайдалануға рұқсат алған адамның деректері;
    • табиғи ресурсты пайдалану мақсаты;
    • табиғи ресурстың сипаттамасы;
    • рұқсаттың қолданылу мерзімі;
    • ақы төлеудің шарттары мен тәртібі;
    • заң актілерімен белгіленген өзге де мағұлматтар мазмұндалуға тиіс.

Информация о работе Природные ресурсы