Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 17:55, реферат
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына Жолдауында өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану. Әрине Қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз – Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін қамтиды.
Кіріспе
1 Инвестицияның мәні және қызметі
2 Экономиканы тұрақтандырудағы инвестициялық қызмет және орны
3 Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларын тартудың
жолдары мен және перспективасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша А
Қосымша Б
Қосымша В
Экономикалық өзара іс-қимылда инвестициялар маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта бұл ресурстар 31 еуропалық елден, сондай-ақ Кипрдан және британдық 4 аумақтан (Виргиния, Бермуд, Кайман аралдарынан, Гибралтардан) тартылуда. Қазақстан экономикасына еуропалық инвестициялар көлемі 2000 жылғы 1,1 миллиард доллардан 2008 жылғы 12,5 миллиард долларға дейін өсті. Олардың үлесіне Қазақстанға тартылған барлық инвестициялардың 62,9 пайызы келеді. Барлық көлемнің 79,8 пайызы үлестеріне тиетін Нидерланды, Ұлыбритания, Виргиния аралдары, Франция ірі инвесторлар болып табылады. Кайман аралдарынан, Ресейден, Италиядан, Германиядан мол инвестициялар (22,8 пайыз) тартылуда. 11 елдің инвестициялары көлемі жағынан (6 пайыз) орташа болып табылады. Қалған 14 елден келетіні шағын.
Шетелдік саясат мемлекеттің экономикалық стратегиясының маңызды элементі және оның мақсаттарымен анықталады. Шетел капиталын тарту саясаты өндірістің құрылымдық қайтақұрылуына максималды түрде көмек көрсету, инвесторлардың инвестициялық белсенділігін маңызды көлемде көтеруге қол ұшын беру қажеттілігінен туындайды.
Жоғарыда айтылған шаралар, мемлекеттің шетел капиталын тарту саласындағы саясатын жүргізуге жол ашады. Ол шетел инвесторлары мүддесімен ұлттық мүдделердің байланыста болуына көмек береді.
Жалпы, инвестиция мәселесі ел дамуы үшін үлкен маңызды мәселе. Ресми мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның тәуелсіздіктен бері қарай өз экономикасы үшін тікелей тартқан инвестициясы 108 миллиард долларды құрайды. Орталық Азиядағы барлық шетелдік инвестицияның 80 пайызы да Қазақстанның еншісіне бұйырған. Жан басына шаққан көрсеткіште бұл өте қомақты деңгейді білдіреді. Яғни, бір сөзбен айтқанда, Қазақстан инвестиция мәселесінде табысты мемлекеттердің біріне айналып отыр. Расында, дағдарыс кезеңінде де бұл салаға қаржының жол табуы Қазақстан экономикасының салмағын білдіретіндей. Бұл ғаламдық дағдарыс жағдайындағы Қазақстан үшін аса жағымды көрсеткіштердің бірі болып табылады.Ал ағымдағы жылдан бастап, қолға алынған жедел индустрияландырудың бесжылдық жоспарын орындауда инвестициялардың ағылуына септігін тигізеді. Яғни, ел әлеуетіне, болашақ экономикалық қадамдарға қарағанда әлі де сырттан қаржы тартуға мүмкіндіктер жоғары. Дегенмен де, бұған дейінгі қол жеткен нәтижелерді сараласақ, Қазақстан негізінен шикізатқа бай мемлекет ретінде инвесторлардың назарына көбірек іліккен. Инвестицияның негізгі көзі де сол секторға жолданғаны анық көрінеді. Ендігі мақсат шикізаттық емес секторға тікелей инвестициялар тарту болып табылады. Бұл ретте сарапшылар көбінесе қазақстандық индустрияландыру жобасына, сондай-ақ жаңадан іске кірісіп отырған Кеден одағының әлеуетіне назар аудартып келеді. Өйткені, шикізаттық емес секторды дамытып, оған инвестиция тарту үшін ең әуелі тұтыну рыногының қаншалықты ауқымды қамтитындығына назар аударылатыны сөзсіз.
Инвестиция тарту қаншалықты әлеуетті мәселе болса, қолда бар қаражатты дұрыс салаға бағыттай білу одан да әлеуетті шара. Ал, елдің бәсекелестігін дамытуда білім-ғылым саласына басымдық беру - бұл болашаққа ақыл-ой инвестициясын салумен бірдей. Яғни, келешектің қамын адами капитал арқылы белсендіре түсу. Жалпы алғанда, білім-ғылым сапасы кез-келген мемлекет үшін тұрақты әрі орнықты дамудың негізгі факторы болып табылады. Соның ішінде білім саласындағы адами капитал ілгерішіл өзгерістердің, инновацияның және елдің өнімділігін арттыратын басты қозғалтқышы екені даусыз. Расында, жаһандану заманында әрі ұлттар мен мемлекеттердің өзара бәсекелестігі мен ықпалдастығы артып отырған жағдайда, ең бірінші кезекте, адамның «ақыл-ойына», оның біліміне көп күш салынатыны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда Мемлекет басшысы соңғы жылдардағы халыққа жолдауларында білім саласын реформалауға қатысты мәселелерді дүркін-дүркін алдыға қойғаны мәлім. Оның үстіне саналы түрде басқарылатын дамудың ұзақ мерзімді көрінісін қамту үшін де бүгінгі ұрпақтың заман ағысынан кейін қалмай, сапалы білім нәрімен сусындай түсуі қай кезде де өзекті мәселенің бірі болып қала бермек.
Инвестициялық қызметті жүзеге асыру арқылы мемлекет иновациялық жетістіктерге жете алады. Ескере кететін болсақ ұзақ мерзімді қаржыландырудың бірден бір қайнар көзі болып табылатын инвестициялар, лизингтер, бағалы қағаздар болып табылады. Бүгінгі күні біздің елімізде осы инвестициялық саясат, лизингтік келісім және қор биржасындағы бағалы қағаздардың қарқынды дамуы күннен күнге өз мәресіне жетуде.
Инвестиция – экономикалық дамудың жоғары және тұрақты қарқынын қалыптастыруды, ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін еңгізуді, инфра – құрылымды дамытуды көздейді.
Сонымен, курстық жұмысты аяқтай келе, ұсынысым: экономиканы инвестициялауда банктердің инвестициялық қызметі өте маңызды. Қазақстанда банктер тарапынан экономикаға қаражаттарды бөлу көбінесе несиелер түрінде болып отыр. Банктердің қаржылық инвестицияларға қызығушылығын арттыру жолдарын қарастыру керек. Сондай – ақ, шағын және орта бизнеске инвестицияларды бөлу шарттарын жеңілдету жолдарын іздестіру қажет. Жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін нақты экономиканы қаржыландыруға жұмсалу жағдайларын қарастырған жөн.
Шетелдік тікелей инвестицияның өсу себептері және күтілетін үрдістері түралы мыналарды айтуға болады.
Халықаралық капитал жылжуының негізгі қатысушылары жеңілдікті инвестициялы режиммен ерекшелінетін елдерге емес,нарықтық үдерістер белсенді дамыған елдерге жатады. Бұл себептерге келесілер жатады: бәсекенің қысымы, жаңа технологиялар , жекешелендіру , үкіметтің қолдауы. Сонымен қатар инвестициялар келуіне белсенді әсер ететін аймақтық елдер тобын атауға болады : ЕО, НАФТА, АСЕАН, АТЭС,МЕРКОСУР. Себебі, олар бизнестің ғаламдануына,барлық деңгейде салыстырмалы инвестициялық режим әзірлеу және қолдануға жағдай жасайды.
2000-2010 жылдары елімізге тікелей инвестиция тарту бағдарламасына сәйкес, «1999-2000» жылдардағы Қазақстанға шетелдік инвестицияны тарту бағдарламасының « орындалу нәтижелерін сараптай келе, еліміз экономикалық секторға шетелдік инвестицияны тартудың тиімді аймағы атанды деуге негіз бар. Бұл пікірді шетелдік экономика сарапшылары да қуаттайды.
Шетел қаражатының Қазақстанның « тайқазанына» келіп түсуі және оның көлемінің көбеюі еліміздің әлемдік компанияларға ұнай бастағанын көрсетеді. Қазақстанда инвестициялық ағымның жылдан- жылға көбеюінің басты себебін жаңа мұнай- газ кеніштерінің ашылуымен түсіндіруге болады . Жыл сайын елімізге келетін шетел инвестициясының 70 пайызы тау-кен өндірісіне , оның ішінде мұнай – газ секторына жұмсалса, 10 пайызға жуығы ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібінде игеріледі екен.
Бүгінгі таңда өндірістік инфрақұрылым саласында 27 келісім – шарт негізінде шетел инвесторларды жұмыс істеп жатыр. Олар бюджетімізге 689 миллион АҚШ доллары көлемінде « көк қағазын» сала отырып , 3.1 мың жаңа жұмыс орындарының 60 пайызын шетелдіктер иемденеді екен .
Үкіметіміз шетелдік инвесторлармен ауылшаруашылығы саласына қатысты жалпы саны 14 келісім – шартқа отырып, 27 миллион АҚШ долларын қолма – қол иемденіп , 1.6 мың жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік жасады.
Президент соңғы жылдары Астананың әлеуметтік – экономикалық жағынан гүлденуіне баса назар аударып жүр. Сондықтан болар, Астананың құрылыс – сәулет және өзге де экономикалық салаларында 20миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып.
Еліміздегі негізгі капитал көздерінің ең қомақты инвестициялық жобалары деп мыналарды айтуға болады :
Нидерланды – 580 миллион АҚШ доллары «Испат Кармет» ААҚ;
Корея – 25.1 миллион АҚШ доллары «LG ELECTRONICS»компаниясының ірі жобасы;
Түркия – 39 миллион АҚШ доллары «Эфес – Қарағанды сыра жасау зауытының» ірі жобасы;
Лихтенштейн – 17 миллион АҚШ доллары «АБС орталығы» ААҚ;
Ұлыбритания – 11.7 миллион
АҚШ доллары «Лосан – Мардон» ЖШС-нің
ірі жобасы
Алайда , шетелдік инвестицияны тарту барысында да көп кедергілер бар көрінеді . Олар мыналар :
Инвестициялық саясаттың ұтымды жүйесін қалыптастыру үшін мемлекет Даму бюджеті , Ұлттық мұнай – газ қоры , мемлекеттік несие ұйымы сияқты қаржылық институттар мен механизмдерге мән беруі шарт.
Қосымша А
Қазақстандағы еуропалық
2000ж. |
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
Барлығы: 19809,6 |
1336,2 |
4607,6 |
8272,7 |
6618,7 |
10623,6 |
18453,7 |
19865,7 |
Еуропа 1134,3 |
2736,2 |
4092,9 |
3748 |
5824,6 |
11417,3 |
12461,4 |
17689,4 |
Нидерланды 4349,4 |
109,9 |
612,2 |
1768,2 |
1549,2 |
2886 |
3147,9 |
5869,3 |
Ұлыбритания 1797,2 |
464,2 |
592,56 |
924,6 |
62,4 |
860,5 |
909,3 |
2065,9 |
Виргиня аралы 1590,9 |
15,9 |
135,8 |
268,8 |
503,9 |
2465 |
- |
- |
Франция 1203,8 |
34,1 |
161,26 |
275,67 |
774,7 |
801,6 |
1022,6 |
4 млрд |
Кайман аралдары 976,5 |
34,1 |
28,35 |
12,27 |
147,6 |
10 |
9,3 |
11,6 |
Ресей |
197,56 |
200,6 |
223 |
487,5 |
760,1 |
851,4 |
36,3 млрд |
Италия 351 |
375,72 |
312,8 |
306,6 |
376,1 |
517,3 |
693,1 |
14 млрд |
Германия 321,7 |
68,8 |
37,81 |
65,2 |
74,2 |
721,4 |
181,3 |
3,5 млрд |
Швейцария 143,9 |
18,2 |
630,49 |
235,6 |
103,4 |
234,6 |
633,2 |
700,9 |
Румыния 142,9 |
- |
27,26 |
22,5 |
27,5 |
56,6 |
87,6 |
878 |
Австрия 133,2
Кипр 5,9 |
0,4 23,97 |
2,07
7,4 |
17,4
39,9 |
59,8
58,2 |
74,9
77,5 |
2344,7 124,9 |
2565,3
210,6 |
Чехия 4,7 |
2,44 |
3,2 |
1,7 |
7,3 |
1,3 |
47,1 |
52,1 |
Бельгия 7,6 |
0,13 - |
7,82 |
1,1 |
5,1 |
5,2 |
40,9 |
42,65 |
Бермуд аралдары |
0,14 |
80,29 |
67,2 |
96,7 |
21,7 |
36,1 |
38,5 |
Испания |
2,59 |
11,94 |
6,1 |
6,6 |
9,8 |
23,5 |
1млрд |
Португалия |
- |
- |
4,6 |
6,2 |
12,2 |
21,9 |
22,6 |
Польша |
1,77 |
3,61 |
6,7 |
12 |
25,2 |
17,9 |
30 млрд |
Беларусь |
1,26 |
1,53 |
1,3 |
0,0 |
4,7 |
14,4 |
1,3 млрд |
Украина |
2,47 |
0,07 |
0,8 |
1,0 |
1,6 |
9,6 |
10,2 |
Латвия |
0,04 |
0,37 |
1,5 |
3,9 |
14,1 |
8,7 |
9,3 |
Венгрия |
3,2 6,8 |
5,45 |
8,1 |
6 |
5,3 |
2,5 |
4,2 |
Гибралтар |
53,4 |
6,6 |
0,68 |
- |
16,7 |
29,9 |
30,1 |
Финляндия |
2,15 |
1,16 |
2,1 |
2,2 |
3,9 |
6,3 |
7,2 |
Лихтенштейг 3,1 |
5,2 |
7,92 |
4,9 |
12 |
8,5 |
37,6 |
38,6 |
Эстония |
0,52 |
0,8 |
1,9 |
0,5 |
6 |
3,7 |
2,1 |
Молдова |
7,37 |
5,5 |
0,4 |
0,5 |
1,0 |
3,5 |
2,3 |
Литва |
0,22 |
1,21 |
1,9 |
1,3 |
1,0 |
3,1 |
4,6 |
Дания |
0,38 |
0,53 |
0,8 |
2,5 |
8,2 |
2,4 |
2,8 |
Норвегия |
9,5 |
0,3 |
0,3 |
1,1 |
1,3 |
1,4 | |
Словакия |
2,7 |
2,43 |
9,73 |
11,2 |
0,3 |
0,4 |
1 |
Сербия |
- |
- |
- |
- |
0,7 |
- |
1 |
Болгария |
0,04 |
0,06 |
0,7 |
0,3 |
0,5 |
0,0 |
1 |
Швеция 1,0 |
6,79 |
1,92 |
16,6 |
7,6 |
4,6 |
-0,1 |
5 |
Люксембург |
2,19 |
2,88 |
12,8 |
2,6 |
60,3 |
33,5 |
34,5 |