Инвестицияның мәні және қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 17:55, реферат

Краткое описание

Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына Жолдауында өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану. Әрине Қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз – Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін қамтиды.

Оглавление

Кіріспе
1 Инвестицияның мәні және қызметі
2 Экономиканы тұрақтандырудағы инвестициялық қызмет және орны
3 Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларын тартудың
жолдары мен және перспективасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша А
Қосымша Б
Қосымша В

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жағдай.docx

— 97.20 Кб (Скачать)

  Салықтық жеңілдіктер мен ұмтылыстар кең ауқымда қолдануда. Мысалы, ссудаларды беру бойынша операцияларды қосымша құн салығынан босату ынталандырушы рөлге ие. Инвестициялық банктер мен несиелік мекемелерден түскен шетел валютасындағы несиелер сомасы бұл жағдайда қосымша құн салығынан босатылуы тиіс.

  Табыс салығынан бас тарту мақсатында, “салықтық демалыстар” кезеңінде құрылатын заңсыз бірлескен кәсіпорындардың құрылуына жол бермеу үшін, салық Кодексіне арнайы толықтыру енгізу қажет: мұндай кәсіпорынның салықты төлеуден босатылу кезеңінде, жабылу жағдайында кәсіпорын өз қызметінің барлық кезеңінде алынған пайдасына салық төлеуге міндетті.

  Салықтық және қаржылық - несиелік жеңілдіктерді беру, автоматты түрде емес, дифференциалды түрде, яғни жүзеге асырылатын жобаның мемлекеттік маңыздылығына, кәсіпорынның жарғылық қорындағы қатысу үлесіне, капитал салымы саласына, оның айналымы жылдамдығына байланысты жүзеге асырылуы тиіс.

   Шетел компанияларында өндірістік қызметпен айналысуға және өз табыстарын қайта инвестициялауға рұқсат беретін ережелерді жеңілдету керек. Бұл саладағы маңызды шара инвестор мен инвестициялар жөніндегі Комитет арасында жасалатын келісім шарт болып табылады. Барлық жеңілдіктер мен преференциялар осы келісімде толық және нақты көрсетілген. Келісім жасаудың бекітілген ережесі инвесторларды көптеген бюрократиялық процедуралардан босатады. Сонымен қатар, шетел компанияларының табыстарын қайта инвестициялау бойынша ұмтылысты күшейту керек.

   Жекешелендіру процесі шеңберінде әрекет етуші шетел капиталын тартуды ынталандыратын механизмді құру үшін шетелдік портфельдік инвестициялардың валюталық айырбас принципін қайта қарастыру қажет, әлемдік сауда үшін жекешелендірілетін объектілер шеңберін анықтау және шетел инветорларымен мүліктік құқыққа ие болуы үшін алғашқы және екінші ретті бағалы қағаздар нарығын дамыту керек.

    Шетел капиталын тартуда ұйымдастырушылық шаралар қатарына келесілер қажет:

1) инвестицияларды өзара  қорғау мен қолдау туралы келісім  шарттар жасауға қызығушылық  танытқан мемлекеттермен байланысты  жалғастыру;

2) “Кепілдік туралы”,  “Қозғалмайтын мүлік ипотекасы  туралы” заң жобаларын, шетел  капиталын тарту мақсатында, кепілдемелік  нысандарды қолдану механизмі  бойынша ұсыныстарды қарастырып  құру;

3) Қазақстан Республикасы  мен оның аймақтарында инвестициялық  ахуал мониторингі жүйесін қалыптастыру.

Шетел капиталын тарту  бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырумен байланысты қызметтерді орындау  үшін инвестициялар жөніндегі Комитет  шеңберінде келесілерді құру қажет:

1) жобалық қаржыландыру  және кеңес берушілік көмек  көрсету орталығы. Оның мақсаты  алдын - ала инвестициялық зерттеулер, жобаларға сараптама жасау, кеңес  берушілік - техникалық көмек  көрсетуді жүзеге асыруда қызметтің  бағытын анықтау;

2) шетел капиталы бар  кәсіпорындарды тіркеу және шетел  фирмалары мен компанияларын  аккредитациялау үшін тіркеу  палатасын құру;

3) нақты инвестициялық  бағдарламалар мен жобалар, заңнамалық  база, салықтық жүйе, инвестициялық  саясат бойынша мәліметтер банкін  құру және бұл мәліметтермен  потенциалды шетел инвесторларын  қамтамасыз ету мақсатында, шетел  капиталы бойынша ақпараттық  орталық құру.

    Инвестиция   тартуға байланысты  атқарылып жатқан  жұмыстар  да жеміссіз емес. Мемлекет  бойынша  бүгінде  әлемнің  52 елінің  серіктестерінің  қатысуымен құрылған 22986 біріккен және 8579 шетелдік кәсіпорындар жұмыс істейді. Атқарылған жұмыстың  нақты  көрсеткіші ретінде  - мемлекет  экономикасындаға  инвестициялардың көлемі 108 миллиардтан астам АҚШ долларын құрады.

    Статистикалық  деректерге  сүйенсек, Астана  инвестиция  тарту көрсеткіштерінде  республика  бойынша алғашқы   бестікте  келеді. Жаңа ғасырға қарыштаған  елордамызға келіп құйылар қаржы көзінің басым бөлігі  инвестицияның үлесінде. Сондықтан да  Астана қаласы бойынша инвестициялық жобалардың мәліметтер қорын құру  жөніндегі жұмыстар  сыртқы экономикалық  байланыстар желілері бойынша жүргізілуде. Аталмыш қорға инвестициялық жобаларды және  сенімді шетелдік  серіктестер іздеудегі бизнес – жоспарлар мен жобалардың  инвестициялық сауалдамалары дайындалып, ол таяу және  алыс  шет мемлекеттердің елшіліктеріне, индустрия және сауда министрлігінің  жанындағы «Қазинвест» ҰҚ – ға  жіберілуде.

        Астана  қаласында  шетелдік  компаниялар   ұсынықты жұмыс істеуде. «Ахсель  Холдинг» компаниясының  өз  қаражаты есебінен «Ахсель» бизнес  орталығы мен «Рамстор» сауда  үйі салынды. «Окан Холдинг»  компаниясымен салынған «Окан  – Интерконтиненталь - Астана»  бесжұлдызды  қонақүйі келушілерге   қызмет көрсетуде. «Испат - Кармет»  ашық акционерлік  қоғамы жалпы құны 2 миллион АҚШ долларын құрайтын «Аквапарк» ойын – сауық кешеннің құрылысын аяқтады. Ұлыбританияның  «Фитцпатрик Констракторс» компаниясы тарапынан 241 орынға  арналған қазіргі заманғы   аурухана салынды.

        Жапон  халықаралық  ынтымақтастық банкісі  заемының қаражаттарынан «Астананың  халықаралық  әуежайын  қайта   жаңғырту» жобасы қаржыландырылуда. Тұрмыстық  қалдықтарды жою  жүйесін жаңғырту  жобасы  Испан  үкіметінің заемы қаражаттарының  есебінен жүзеге асырылады.

      Мемлекет қазіргі таңда шетелдік капиталды кең көлемде тарта түсуге, осы үшін кешенді қолайлы факторларды орнатуға бағыт ұстап отыр. Қазақстандағы салымның іс-әрекет қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздерінің арқасында өндіру процесін жандандыруға бағытталған.

     Әлемдік банктің Қазақстанды салым үшін ең қолайлы әлемнің 20 елінің санатына ендіруі ел экономикасының дамуына берілген жақсы баға деуге болады. Осы орайда атап өтер болсак, тәуелсіздігімізді жариялағалы бергі жылдар аралығында ел экономикасына АҚШ-тың 21 миллиард долларынан астам қаржы тартылды.

      Қазақстанның бүгінгі күнде әлемдік қауымдастықта нарықтық экономикасы бар ел ретінде мойындалғанын атап кету қажет және еліміз ТМД елдерінің арасында бірінші болып инвестицияның рейтингке ие болды.

       Ел экономикасының приоритетті салалары мұнай мен табиғи газ өндіру (негізгі капиталдағы инвестицияның жалпы көлемінін 44%), көлік және байланыс (19%), козғалмайтын мүлікпен операция (9%), өндеу өнеркәсІбІ (8%) болып табылады .

      Зейнет ақы жүйесін реформалау негізінде зейнетақы қорлары сияқты мүмкіндігі мол инстуцоналды инвесторлар пайда болды. Қазіргі кезде олардың активтері 530 миллион АҚШ долларына тең көлемге жеткен. Қазақстан Республикасының орналастырған еуро  облигацияларының 45% дейін көлемі зейнетақы корларына тиесілі.

    Жапон Банкісінің  елордалық  инвестицияға  салған  қаржы көлемі 185 миллион АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде  «Астана қаласын сумен жабдықтау және су  шығару» жобасын жүзеге  асыруға бағытталған қаржы – 165 мың. долларға  жеткен.    

    Қазіргі Казақстан экономикасы дамуында жаңа сапалық дәрежедегі кезеңге келді. Экономикадағы тұрақтандыру процесі аяқталып, тұрақты өсу деңгейіне жетті. Осы жағдай инвестициялық саясатта өзгерістерді тудырды.

    Қазақстан тұңғыш президенті Н.Ә Назарбаев нарықтық қатынастары ерте қалыптасқан, нарықтық құрылымдары әбден дамыған Америка Құрама Штаттары, Европа, Азия жолбарыстары болып саналатын Оңтүстік Корея, Гонконг, Тайвань, Сингапур, Индонезия, Малайзия, Тайланд және Филипин елдерімен дипломатиялық достық қарым-қатынас орнатып, олардың әлемдегі ірі-ірі транс-ұлттық компанияларын Қазақстан экономикасына тартты.  Соның арқасында, әсіресе, шикізат саласына миллиардтаған доллар шетелдік қаражат ұзақ мерзімге әкелініп, Қазақстан экономикасына қан жүгіре бастады. Мысалы, Қазақстан экономикасына тартылған инвестицияның көлемі 28 миллиард долларды құрады.     Қазақстан шетелдік инвестиция тартудан ТМД елдері арасында бірінші орынға шықты. Ал 1993 жылдан 2004 жылға дейін 31 миллиард долларға инвестиция тартылды. Қазақстан нарығында инвестиция тартуда Америка Құрама Штаттың пайыздық көлемі, басқа мемлекеттермен салыстырғанда өте жоғары екен. Мәселен, Америка Құрама Штаты 30,7%, Англия 13,7%, Италия 7,0%, Швецария 5,7%. Алдағы 25 жылға сомасы 100 миллиард Америка Құрама Штат долларын құрайтын келісім шарт жасалып қойылды. Тағы бір қуатты жағдай Қазақстанда шетелдік қаражатпен 5500 бірлескен кәсіпорын ашылып, қазір тәп-тәуір жұмыс істеп отыр. Ресейде бірлескен кәсіпорынның 1042 жұмыс істесе, Қырғызстанда 99, Украинада 74 ғана жұмыс істеуде. Қазіргі экономикалық өрлеуіміз, жетістіктеріміз шетелдік инвесторлардың арқасы. Сол ағылып келіп жатқан инвестициялардың әсерінен ел еңсесі біршама көтеріліп қалды. Инвестиция тартудың ең маңызды жері – тәуелсіз еліміздің тұтастығын, шекарасын қорғайды. Америка Құрама Штаты, Европа мемлекеттері, еліміздің экономикасына миллиарттаған қаржы сала отырып, Қазақстанға басқа мемлекетің қоқон-лоқы жасалуына жол бермейді. Мәселен, Шеврон, басқа да транс-ұлттық шет мемлекеттік компанияларда Кондализа Райс секілді мемлекет қайраткерінің акциялары бар. Шетелдік ірі компаниялар Қазақстан нарығынан үлкен пайда тауып отырады, сыртқы жауға беріп қоймайтыны анық. Мысалы, кеңестік империя ыдыраған соң, Каспий теңізін бөлер кезде Тұран заманындағы қызылбас ағайындылар теңіздегі шекераны бұрынғысынша қалдырайық деп дипломатиялық  қарсылық көрсетіп бақты. «Миттал – Стил Темиртау» трансұлттық корпарациясын бүкіл әлем біледі. (Бұрынғы   аты   « Испат - Кармет»). Түсінікті болу үшін бұрынғы    атымен атай берейік. Оның қожайыны —Лакшами Миттал. Британия азаматы, ұлты индус. Лакшами Миттал әлемдегі ірі бай адамдардың бірімен саналады, оның жеке байлығының мөлшері 20 миллиард доллардан асып жығылады.  Лакшами Миттал Мексика, Оңтүстік Африка, Индонезия, Алжир, Польша,  Чехия, Франция және Германиядағы болат қарытатын ірі-ірі зауыттардың қожайыны.«Еconоlust Сrоuр» мәліметі бойынша, ол Қарағандыдағы болат қорытатын зауытты 400 миллион долларға сатып алған екен. Енді «Қазақстан кеңістігінде жұмыс істеп жатқан «Испат-Кармет» ел экономикасына не берді, қандай мөлшерде инвестиция құйды? деген сұрақтар туындайды. Бүгінгі «Испат-Кармет» әлемдегі ірі деген болат қорытататын зауыттың бірі. Жылына 5,5 миллион тонна болат береді. Өндірілген өнімнің 96% шетелге жіберіліп, әлемнің 65 мемлекетіне жөнелітіледі екен. Сыртқы Істер министрлігінің мәліметі бойынша, «Испат-Кармет» 1996 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстан мемлекетінің бюджетіне 552 миллион доллар төлеген. Ал, одан басқа 630 миллион доллар көлемінде зауытқа, әлеуметтік салаларға инвестиция салыныпты. Қаржыгерлердің есебі мен болжамы бойынша, «Испат-Кармет» Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 7-10% беретін көрінеді. (ЖІӨ — 37,5 миллиард доллар құраса, демек оның 10%  3 миллард 750 миллион доллар болады). Ал, 2007 жылы Лакшами Миттал 1 миллиард долларды зауыттың техналогиясын жаңалап модернизациялауға, яғни жаңартуды жоспарлап отыр екен. Енді «Испат-Кармет» 1 миллион 400 мыңдай халық тұратын ірі кәсіпорындары бар Қарағанды облысын

6-7 жылдың ішінде аяғынан  тік тұрғызып қана қоймай, республикалық  бюджетке де көп мөлшерде салық  төлеуде. 

Қазақстан қазіргі уақытта  көптеген мемлекеттерден инвестиция тартуда.Жалпы, инвестиция мәселесі ел дамуы үшін үлкен маңызды мәселе. Ресми мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның тәуелсіздіктен бері қарай өз экономикасы үшін тікелей тартқан инвестициясы 108 миллиард долларды құрайды. Орталық Азиядағы барлық шетелдік инвестицияның 80 пайызы да Қазақстанның еншісіне бұйырған. Жан басына шаққан көрсеткіште бұл өте қомақты деңгейді білдіреді. Яғни, бір сөзбен айтқанда, Қазақстан инвестиция мәселесінде табысты мемлекеттердің біріне айналып отыр. Расында, дағдарыс кезеңінде де бұл салаға қаржының жол табуы Қазақстан экономикасының салмағын білдіретіндей. Ресми мәліметтерге сүйенсек, еліміздің сыртқы қаражаттық қолдаулар үшін ұзақмерзімді инвестициялық тартымдылықты сақтап қалғанын аңғарамыз. Мәселен, 2009 жылғы қаңтар-қараша айларындағы негізгі капиталға салынған инвестиция ауқымы 3897,1 миллиард теңгені құраған. Бұл 2008 жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 2,3 пайызға артық көрсеткіш болып табылады. Есепті кезеңде басқа да капиталдандыру жұмыстарына және шығындарға қатысты инвестициялық салымдардың 42,4 пайызға артып отырғаны да байқалған. Бұл ғаламдық дағдарыс жағдайындағы Қазақстан үшін аса жағымды көрсеткіштердің бірі болып табылады.     Еуроодақ - Қазақстанның жетекші инвестициялық серіктесі. Шамамен 56 миллиард доллардай қаражат (шетелдік капиталдың жалпы мөлшерінің үштен бірінен астамы) Қазақстан экономикасында Еуроодақ мемлекеттерінің инвестициясына тиесілі. Өз кезегінде Қазақстан Еуроодақ елдерінің экономикасына 10 миллиард доллардан астам инвестиция салды.

    "Қазақстанның  Италиямен тауар айналымы Еуропалық  Одақпен тауар айналымының 30 пайызын құрайды, бұл 14 миллиард доллардан астам. Италияның Қазақстан экономикасына салған инвестициясы айтарлықтай, 6-7 миллиард доллар көлемінде. Бүгінгі күні 97 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

    Румыния Қазақстанның  орталық және шығыс Еуропадағы  жетекші серіктесі болып табылады. 2009 жылдың қорытындысы бойынша  өзара сауда көлемі 878 миллион  долларды құрады. Қазақстанда румыниялықтардың  қатысуымен геологиялық барлау, мұнай мен газ өңдеу, ЖЭК  үшін жабдықтар жеткізу, құрылыс  және сауда салаларымен айналысатын  35 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.. мәнге ие. Қазақстанның инвестициясының  көлемі 3,5 миллиард долларды құрайды.         Қытай Қазақстан экономикасының  ірі инвесторларының бірі атанып  отыр, оның біздің елге салып  отырған инвестициясының жалпы  жиынтығы 8,4 миллиардтан астам АҚШ  долларын құрайды.1992 жылдан бері  Қазақстан мен Қытайдың арасындағы  екіжақты сауда-саттықтың көлемі 25 есеге өсіп, 2008 жылы рекордтық  көрсеткішке - 17,5 миллиард долларға  жеткенін айтты.

 Қазақстанға Ресейден $2,3 миллиард көлемінде тікелей инвестиция, Беларусь Республикасынан $6 миллион көлемінде тікелей инвестиция тартылған. Өз кезегінде Қазақстанның Ресейге құйған инвестициясы $1,1 миллиард, Беларусь еліне $6,1 миллион көлемінде инвестиция салынды.

Қазақстандағы испан инвестициясының үлесі - $1 миллиард болды.

Кореяның инвестициясының  көлемі 4,5 миллиард долларды құрайды.

Біріккен Араб Әмірліктері  Қазақстан экономикасына өз инвестициясын  құйып келеді. Әмірлік компаниялары Каспий теңізіндегі "Блок Н" мұнай  кен орнын игеруге қатысуда. Бірлескен "Фаллах" тікелей инвестициялар  қорын құру туралы екі ел арасында келісімге қол жетті. Қазақстанда  елордадағы зәулім "Әбу Даби Плаза  Астана" құрылыс кешені және Кастий жағалауында "Ақтау Сити" біріккен жобалары жүзеге асырылуда. Қазақстан  мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ энергетика, инфрақұрылым, өнеркәсіп  салаларына араб инвестициясын тартуға  БАӘ-мен ынтымақтасудан мүдделі.ермания  ұзақ жылдар бойы Қазақстанның ірі  экономикалық әріптестерінің қатарында.

Қазақстанда Германия капиталының  қатысуымен 540-тан астам кәсіпорын  құрылған. ГФР-дың Қазақстан экономикасына  салған инвестициясының жалпы көлемі шамамен 3,5 миллиард долларды құрайды. Біздің рынокта жұмыс істейтін компаниялардың қатарында "Фольксваген", "Сименс", "Даймлер", "МАН", "РВЕ", "ЕАДС", "Байер", "БАСФ", "Бош" сияқты әлемге танымал концерндер бар.

 Қазақстан Бүгін" - Түркияның Қазақстанға салған  тікелей инвестициясы кейінгі 15 жылда $1,36 миллиард жетті.

 Люксембургтың Қазақстанға  салған жалпы инвестициясы $103 миллион болды.

 Қазақстан экономикасына  құйылған француз инвестициясының  көлемі 4 миллиард АҚШ долларын құраған. Франция Қазақстанның сауда-саттықта бесінші орындағы әріптесі болып табылады. Франция экономикасына Қазақстанның жұмсаған инвестициясы $260 миллион асады.

 Оңтүстік Кореяның  тікелей салған инвестициясы $262 миллион, Жапония - $405 миллион Қазақстанның экономикасына тартылған Болгария инвестициясының көлемі $12,5 миллион құрайды, оның $1 миллион ткелей инвестиция. Қазақстанда 26 бірлескен кәсіпорын және құрылыс, фармацевтика, косметика саласында 6 болгарлық сауда өкілдігі бар.

Польшаның Қазақстанға салған инвестициясының ауқымы 30 миллиард доллардың тікелей инвестициясын жұмсады.

Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстан экономикасына 264 милилон евро көлемінде инвестиция салды, бұл Орталық Азия аймағындағы инвестициясының жалпы үлесінің 89,5 процентін құрайды. 54 инвестициялық жобаға қол қойылды.

Информация о работе Инвестицияның мәні және қызметі