Инвестицияның мәні және қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 17:55, реферат

Краткое описание

Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына Жолдауында өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану. Әрине Қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз – Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін қамтиды.

Оглавление

Кіріспе
1 Инвестицияның мәні және қызметі
2 Экономиканы тұрақтандырудағы инвестициялық қызмет және орны
3 Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларын тартудың
жолдары мен және перспективасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша А
Қосымша Б
Қосымша В

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жағдай.docx

— 97.20 Кб (Скачать)

Орталықтандырылған капитал  салымдары есебінен әлеуметтік сала объектілерінің құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар шеңберінде жүзеге асыру қарастырылады.

Мемлекеттік инвестицияларды  басқару  4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:

1.Жоспарлау;                           3.Бюджетті дайындау;

2.Бағдарламалау;                   4.Орындау;

Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік – экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық  деңгейде, сондай-ақ ,әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл кзеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды тандау мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады. Бұл үшін салалық министрліктер жобаларды қаржылық- экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы қажет, жуықтағы бірнеше жылға арналған инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы керек.

Бағдарламалау кезеңіндегі  басты мақсат- жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік  бағдарламаларына өзгерту. Мемлекеттік  инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды  ұзарту бюджеттік процеске арналатын  таңданудың сол бәсекелестік қағидаларына негізделуі қажет.

Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынандай факторларды ескеруі қажет: 

- бюджет орындалатын , макроэкономикалық жағдай;

- инвестициялар бойынша  ұсыныстардың нақты аспектілері  , соның ішінде экономикалық аспектілер.

Егер инвестициялық жобаларды (кеңес беру мен сатып алуда  талдау) жүзеге асыру бюджеттік мекемелерінің  міндеті болып табылса, инвестициялық  жобаларды қауіпке жиі қойса, әсіресе қаражатты артық жұмсауда, мәселелерден аулақ болу үшін сақтықтың  қосымша шараларын қабылдау қажет.

Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік  инвестицияларды тиісті инстиутуционалдық  жүйесін құру мен жоғарыда аталған  функциялардың (жоспарлау, бағдарламалау, бюджетті дайындау және оны орындау) ұйымдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет. 

Тікелей инвестицияларды  мемлекеттік қолдау.

Қазақстанда “Тікелей инвестицияларды  мемлекеттік қолдау туралы” Заң (28 ақпан 1997 ж.)қабылданған. Онда инвестицияның  қызметі- инвестицияларды жүзеге асыру  процесімен байланысты кәсіпкерлік  қызмет деп көрсетілген.

Тікелей инвестицияларды  мемлекеттік қолдау ең алдымен келесілерден тұрады:

- инвестициялық қызметті  қамтамасыз етудің заң шығарушы  кепілдері;

- жеңілдіктер мен артықшылықтар  жүйесін белгілеу (мемлекетті сол  немесе басқа кәсіпорындар мен  ұйымдарға олардың қызметіне  қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен  жеңілдіктер мен артықшылықтар  беруі).

- Қазақстан Республикасының  мүддесін инвесторлар алдында  көрсетуге өкілетті,  бірыңғай  мемлекеттік органның болуы. 

Заңда тікелей инвестицияларды  мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген.

Бұл қолдаудың мақсаты- экономиканың басым секторларында тауар өндірісін, жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел  дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы  инвестициялық климат жасау болып  табылады.

Мемлекеттік тікелей қолдаудың  ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:

- жаңа технологияларды  , алдыңғы қатарлы техника мен  ноу- хау енгізу;

- жоғары сапалы тауарлар  мен қызмет көрсетуге ішкі  нарықтың қанығуы;

- отандық тауар өндірушілерді  мемлекеттік қолдау мен ынталандыру

- экспортқа бейімделген  және импортты алмастырушы өндірістерді  жетілдіру;

- Қазақстан Республикасының шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану;

- менеджмент пен маркетигтің  қазіргі әдістерін енгізу;

- жаңа жұмыс орындарын  құру;

- жергілікті кадрларды  үздіксіз оқытудың, олардың мамандық  деңгейін жоғарлатудың жүйесін  енгізу;

- өндірісті күшейтуді  қамтамасыз ету;

- қоршаған табиғи ортаны  жақсарту;

Басқару процесі үшін инвестициялық  жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар жүйесі басты мәнге ие. Соның ішінде, жеңілдіктер жүйесі : бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша Қазақстан Республикасының берген кепілдері, сондай-ақ , келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған.

Тікелей инвестицияларды  қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік  орган, инвестициялар бойынша Мемлекеттік  Комитет болып табылады. Ол  Қазақстан Республикасына тікелей инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру ; инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамасыз ету; инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады.

Қазақстан Республикасының  экономикасын тұрақтандырудағы инвестициялық қызметінде, ең алдымен аса маңызды екі мәселеге ерекше көңіл бөлу керек :

Біріншіден, халық шаруашылығының құрылымдық  өзгерістеріне нарықтық механизм  әсер ете алмайды; сондықтан бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет;

Екіншіден, өзгерістерді инвестициялық процестермен және шаруашылық жүргізуші субъектілердің иенвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ өндірістің  әлеуметтік – экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық  реттеу мәселесін шешу мүмкін емес. Сондай – ақ , болашақтағы ғылыми негізделген құрылымдық өзгерістердің қажеттілігі - әсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға қатысты мақсатты сипатта болады.

Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі мен  деңгейі  көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы  кезеңдерге белгіленген  мақсаттарға  қол жеткізу жөніндегі нақтылы  макроэкономикалық шараларға байланысты. Басқаша айтқанда , жалпы мемлекеттік  экономикалық саясат- макроэкономикалық  салық  және аймақтық деңгейлерде  құрылымдық саясатты қалыптастыру негізгі  болып табылады .

       Мемлекеттің  құрылымдық саясаты, ең алдымен  макроэкономикалық деңгейде инвестициялық  шешімдер қабылдап, жүзеге асыру  арқылы, яғни  құрылымдық және  инвестициялық саясаттарды тығыз  байланыстырғанда ғана шынайы  болатындығы айтылды.

Инвестициялық саясат маңызды  үш бағытта жүргізіледі:

  • мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы;
  • ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;
  • шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы; 

Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу және халық шаруашылығының барынша тиімді аймақтық- салалық  құрылымын қолдау мақсатында олардың  үйлесімін қамтамасыз  ету –  мемлекеттің инвестициялық саясатының негізін құрайды. Оны қалыптастыру барысында Қазақстан Республикасының  Президенті бекітетін күрделі ұлттық бағдарламаларды іске асыру қажеттігі  де ескеріледі.

Іс жүзінде , белгілі мақсатқа қол жеткізуді көздейтін мемлекеттің  құрылымдық- инвестициялық саясатының бағыттары мен көрсеткіштері  сандық жағынан айқындалып, атқарылатын  мерзімі бойынша анықталуы тиіс.

Ал бұл, өз кезегінде , мүдделер , ресурстық база , механизмдер ,объекті  мен осы саясатты жүзеге асыру  процесінің өзі де салалардың , аймақтар мен тұтастай халық  шаруашылығының орта және ұзақ мерзімдік даму жоспарларында  көрініс табатындығын  білдіреді. Мысалға, нарықтық қатынастар саласы дамыған  елдердің мемлекет қызметінде келесідей  өзара байланыс анық байқалады .

Қазіргі жағдайларда Қазақстан  Республикасының Үкіметінің құрылымдық саясаты біздің ойымызша келесідей  мәселелерді қамтуы тиіс:

- дайын өнім шығару  арқылы экспорттық әлуетті арттыратын  салалар дамуына басымдық беру;

- ішкі нарық талаптарын  қанағаттандыратын және импортты  алмастыратын өнім өндірісін  кеңейту ;

- негізінен отандық өндіріс  есебінен халық шаруашылығы барлық  салаларының өндірістік аппаратын  жаңарту;

- халық қажеттіліктерін  қанағаттандыруға бағытталған салалар  дамуын қамтамасыз ету ;

- экономиканың аграрлық  секторының дамуын тездетуге  бағытталған қаржы және несие  қорларын арттыру және т.б.

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.    Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайда тұрақтандару, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады. Қазіргі уақытта жүргізілген нарықтық экономиканың оң нәтижелерін айқын көруге болады. Мәселен, Халықаралық валюта қорының мәліметтері бойынша 2001 жылы Қазақстан жан басына инвестиция тару көрсеткіші бойынша ТМД елдері ішінде алғашқы орындардың бірін иеленді. Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдарын қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға отандық және шетелдік қаражаттарды келтіруге, тауар өндіру және қызмет көрсетуді үлкен тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс. Жеке инвесторлар Мемлекеттік инвесторларға қарағанда коммерциялық табысты көбейтуге өте құштар. Олар тауарларды және қызмет көрсетуді сұраныстарымен ұштастыра отырып арттыруға, өндірістің түрлі жобаларымен нағыз тиімділерін пайдалануға тырысады. Міне, сондықтан да, жеке инвесторлардың өндірісті дамыту белсенділігін қолдай отырып, мемлекет тарапынан оларға қолайлы жағдайлар жасауға, атап айтқанда, салық салу, несие беру, кедендік пошлиндер жағынан едәуір жеңілдіктер беруге тиіс.   Қазақстан үкіметі 1996 жылы 1996-1998 жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялық бағдарлама қабылдады. Бұл бағдарламаға қаржылық секторды, құқықтық реформаны, мұнай және газ өнеркәсібін, су ресурстарын, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығын, құрылысты, коммуналдық шаруашылықты, шұағын және орта бизнесті қолдауды дамытудың жобалары енгізілді.     

      Қазіргі кезде Казақстан Республикасының үкіметі басты назарды инвестицияның сапасына бөлу қажет деп санайды.

Тәртіпке сәйкес, жеңілдіктер  мен преференциялар беру жағдайына:

1) инвестициялық   жобаның    экономиканың басты секторларына қатысты болуы;

2) инвестициялық жобаны  жүзеге асыруында қазақстаңдық   заң   тұлғасының   негізгі   қорларына тікелей инвестицияларды  жүзеге асыру.

Инвестииялық жобаның тиімді жүзеге асырылуы үшін инвестиция бойынша Қазақстан Республика агентігін келесідей жеңілдіктермен преференциялар беруі мүмкін:

- натуралды мемлекеттік  гранттар;

- келісім-шарт жасасудан  5 жыл мерзімге жер мен мүлік  салығынан босату;

- салық алына бастайтын  табыс алу кезінен 5 жылға табыс  салығынан босату;

- инвестициялық жобаны  жүзеге асыруға қажетті құрам-жабдық, шикізат, материалдар импортты  кезііще кедендік баға салықтарынан  толықтай немесе бір бөлігінен  босату.

Мемлекеттік натуралды гранттарға:

1) негізгі қорлар —  жер учаскелері, ғимараттар, өндіріс   құрал-жабдықтары,   машиналар,   есептеуіш техника және басқалары.

2) бейматериалды активтер-ғимаратты,  жермен пайдалану құқығы мен  басқадай құқықтар.

3) өндірістік қорлар, аяқталмаған   құрылыс, салықтар, дайын өнім.

Реформалардың жүзеге асырылуы ғаламдық, жүйеаралық институтционалды-экономикалық өзгерістер қажеттілігінің дәлеллі.

Бұл жағдай инвестициялық  саясат аясында интеграция процестері мен әлемдік нарыққа шығумен  байланысты шараларды жүзеге асыруын  талап етелі. Машина жасау, жеңіл  өнеркәсіп пеп агроөндірістік кешенің  бір бөлігінің потенциалды толықтай қамтылмағандығымен сипатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3  Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларын тартудың жолдары мен және перспективасы

      Шетелдік инвестиция дегеніміз - қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі казіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді.

     Шетел инвестициялары- Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатысу формасындағы инвестициялар, сонымен қатар заңды тұлғаларға несие (займдар) ұсыну формасындағы инвестициялар

     Сыртқы экономикалық қызмет субъектісі- ол шетел инвесторы.

     Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары , шетел мемлекеттері , халықаралық ұйымдар , шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар Қазақстан Республикасының азаматтары , егер олар шаруашылық қызметін жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде тіркелген жағдайда.

Информация о работе Инвестицияның мәні және қызметі