Инвестицияның мәні және қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 17:55, реферат

Краткое описание

Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына Жолдауында өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану. Әрине Қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз – Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін қамтиды.

Оглавление

Кіріспе
1 Инвестицияның мәні және қызметі
2 Экономиканы тұрақтандырудағы инвестициялық қызмет және орны
3 Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларын тартудың
жолдары мен және перспективасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша А
Қосымша Б
Қосымша В

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жағдай.docx

— 97.20 Кб (Скачать)

Енді қаржыны кімдер салады ? Негізгі салымшылар кәсіпорындар, фирмалар, мемлекет және халық.

Инвестицияны жүзеге асырушы  заңды және жеке тұлғалар, бұлар коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге, саудагерлерге және  ойыншыларға бөлінеді

 Инвестор өз алдына  дербес екі топқа бөлінеді:

- жеке инвесторлар (жеке  адамдар).

- инстиуттандырылған инвесторлар  (банктер , инвестициялық қорлар , зейнетақы қорлары , тағы басқалары).

Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының  Заңды тұлғасы.

Инвестор - бұл капиталды  салған кезде, көбіне басқа біреудің ең алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің  аз болуы; инвестор – бұл күрделі  қаржыны қаржыландырудағы делдал. 

 Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекедділікпен өз капиталың салушы адам.

   Саудагер - бұл белгілі, алдын-ала есептелінген тәуекелділікке баруға дайын адам.

 Ойыншы - қандай да болмасын тәуекелдікке баруға дайын адам.

      Инвестициялау мақсаты - табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны бизнестің материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық - саудагерлік іс - әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.

Инвестициялық саясат дегеніміз  – халық шаруашылығының әр түрлі  салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін  ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі  қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар  арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі  қаржыны жаңа өндіріс орындарын  тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан  қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған  күрделі қаржының ара салмағын өсіре  беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға  көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс

Инвестициялық қызмет бұл  – инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша  тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.

Бұл тұрғыдан инвестициялық  іс - әрекетті екі құрамдас бөлікке  жіктеуге болады. Экономикалық құрылым  мынадай элементтерден және инвестициялық  іс-әрекеттің нәтижесінен тұрады:

  1. Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды: экономикалық, яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта өндіріске жұмсайды – реинвестирование және әлеуметтік, тапқан пайданының белгілі бір бөлігі инвестордың әлеуметтік қажеттілігіне жұмсалады.
  2. Жоғарыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлер де табыс тауып, соның негізінде өздерінің, жанұяларының әлеуметтік қажеттілігін өтейді.
  3. Пайдадан түскен салық пен өтелімдер мынадай мақсаттарға жұмсалады:
  • Міндетті медициналық қамсыздандыру қорына;
  • Мемлекеттік зейнетақы қорына;
  • Аймақтық бюджетке;
  • Республикалық бюджетке;

         4. Өнеркәсіптік әлеуметтік даму қорын құру.

Егер фирма салымдары  бойынша ең жоғары тиімділікке жетуге тырысса, онда олардың басшылары  инвестициялаудың базалық принциптерін есептеуі керек.

1. Инвестициялаудың шектеулі  тиімділігі

2. "Замазкалау" принципі.

Сылап, бітеу жұмысына келетіндей инвестиция жүргіз. Шешімді қабылдап алғаннан кейін,  инвестицияны іске асыру барысында ол еркіндікті енді оған бармау алмастырады, Мәселен, қандай станокты сатып алуға, не жалға алуға  немесе өзің өндіргің келеді де, бұл  операцияны жүргізу үшін қанша кредит аласың, оны қандай мерзімге және қанша  проценттік мөлшерде алуға шешім  жасауға еріктісіз. Ал, бұл операциялардың бәрін жасап болғаннан кейін, қайтадан қайту оңайға түспейді, өте  қыйын болады. Бұл станокты көп  жыл бойына пайдалану керек болады, алған кредит үшін проценттерді төлеу  керек болады. Сөйтіп, сылап-бітеу  процесінен шыға алмай, байланасың да қаласың, өйткені иңвестициялық  жоба күшіне еніп алғаннан кейін еркін  қимыл-әрекеттерге баруың шектеулі болып қалады.

Мұнан еркін шешімділікке және басқа әрекеттерге баруың мүлдем тиылды деуге болмайды. Әрине, сатып  алған станокті қайтадан сатып жіберуге де болады немесе акциялардан да құтылуға болады да, "дезинвестирование" деп  аталатынды жүргізуге болады. Көбінесе осыны жүргізеді. Қатені кейінге  қалдырудан гөрі, тезірек түзетуге тырысу керек. Бірақ қатені тузеу үшін уақыт та кетеді, ақша да жұмсалады, басқару қызметінде шәлгездік туады, іскер серіктестермен байланыс үзіледі.

Мысалға, әлгі сатып алынған  станокты алсақ, оны 1 жыл бойы пайдаланып келеген. Конъюнктура өзгеріп кетті  де, енді оны пайдалануға мүмкіндік  болмай қалды, оны 10 жыл бойы пайдаланбақ  болған. Осы 10 жылға есептеліп кредит алып, әкеліп беруші және сатып алушылармен  келісіп, амортизацияны да есептеп, тиісті ұзақ мерзімді келісім шарттарды  жасап қойған. Дезинвестирование  жүргізуге шешім қабылдап, қателіктерді жөндеуге бару керек болады, бірақ  қателіктерді жөндеуге ештене төлемейтін болды. Кредит үшін (10 жыл) төлеу керек, әкеліп берушіге шартты бұзғаны үшін айып пүл төлеу керек, өйткені  ол станоктың жетіспей қалған бөлшектерін  әкеліп берген болатын, олар да 10 жыл  бойы тиімді келісім бойынша пайда  алатынына сенген болатын. Өнімді сатып  алушыларға да 10 жыл бойы беріп тұру жөнінде шартқа отырғандықтан, оларға да төлеу керек. Өткізуші ұйымдарға  да осы тәртіп бойынша төлеу керек. Мұнан да сорақы жағдай, жабдықтарды  қайтадан сатқан кезде туады. Мұны рынокте  әлі қалай сата алады? Қандай бағаға? Диллер саудалық-делдалдық үшін қанша  алады?

Сөйтіп, қатені түзеу үшін қететін шығындар түгелімен кәсіпорын  қалтасынан шығады. Осындай батпаққа батқаннан шығу өте қиын болады. Ал, егер осында "байланып қалу" бір  уақытта 3-4 инвестициялық жоба бойынша  болғанда не болады? Капиталды сіңіру саласы үлкен болып қалғанда, іскерлік серіктестіктер де мықтылар болады да, қатені түзеу үшін көп шығынға  бататының анық болады. Міне, осыдан барып, инвестициялық жобаны іске қоспас бұрын, алдын-ала оның тиімділігін  есептеп алған жөн. Тіпті 100 беделді фирмалар ақыл бергенімен, қате жібермеймін деп ойлауға болмайды. Нарықтың аты нарық. Бәрібір тәуекелділіктің аз болғаны дұрыс. Кәсіпорын басшылары тиісті шешім қабылдаудан қорықпауы керек, олар өздерінің жоспарларын жөндеуде өте икемді болулары қажет, конъюнктураның уақытша өзгеруіне және басқадай фактордарды көре біліп, тиімді істерді бастай алулары қажет.

3. Күрделі қаржыны салуда  материалдық және тиімділіктерді  бағалау үйлесімділік принципі. Тиімділікті бағалаудың  үш  варианты  бар:

1) Шығындар мен шығарудың салыстырмалы бағаларын салыстыру арқылы, яғни тек қана құндылық, ақшалай таддау.

Бірақ әлемдік инвестиция жасау тәжірибесі тек қана тиімділіктің ақшалай бағалануы жеткіліксіз  екенін көрсетіп отыр. Әсіресе, мұндай тәсілдік инфляцияның ауыздықсыз кеткен жағдайында, су түбіне мүлдем батырады. Сондықтан ақшалай бағалауды техникалық есептеумен толықтыру керек болады.

2) Тиімділіктің ақшалай және техникалық белгілерінің үйлесімділігі. Бұл тәсіл сенімдірек болады.   Өйткені инвестициялық жобаға салынған технологияға көп жағдай байланысты. Өндірістік күш-қарқынның артуының өзі тікелей технологияға қарай болады да, осыдан барып, инвестициялық мақсаттардың жүзеге асуына себебін тигізеді.

3) Тиімділікті бағалаудағы таза түріндегі техникалық тәсіл. Бұл бизнестегі нарықтық бағалауды есепке алмайды, сондықтан оның қолданылуы: әзірше Қазақстан жағдайында басты орында болмай тұр.

4. Үйренушілік шығындар  принципі.

Үйренушілік шығындар деген  не? Бұл - жаңа инвестицяялық ортаға үйренуге байланысты болған барлық шығындар. Бұларды қайта құрудан және кадрларды  қайта даярлаудан жоғалтқан өнім шығарумен өлшенеді, жаңа жабдықтар  қойылғанда, оны конъюнктура өзгеруіне  қарай, қайтадан өзгертіп, құрастыру  керек болады.Уақытша жоғалту  деген - табысты да жоғалтумен бірдей деп есептелінеді.

Әрқашанда да жаңа инвестиция жөніндегі шешім мен оны іс жүзінде асыру, орнын толтыру  арасында уақытша қалып қоюшылық «лаг» бола береді. Бірден үйренушілік  болмайды. Қандай да болмасын үйренушіліктің өзінің шығындары болады: жаңа хабарлар керек, жаңа технология, кадрларды қайта  даярлауға қаржы керек болады. Бұлай болмағанда, тездету үшін төлеу  керек. Мысалы, жаңа заводты қайта  салу керек болады, оны жарты жыл  ішінде. Бірақ мұндай құрылыстың құны "алтынмен" тең болып кетеді.

Өндірістік инвестициялаудағы  үйренушілік шығындары одан да асып кетеді. Жабдықтарды орнаттық делік, технологиясы да дұрысталды. Бірақ  нарықтық конъюнктура өзгерді де, енді технологияны қайтадан өзгертіп, оған орай жабдықтарды да қайтадан жаңғырту керектігі туады.

Қол жұмыстарын машинамен  ауыстырғыңыз келді делік. Бұл да белгілі үйренушілік шығындарды керек етеді (тура және жанамалық). Солардың кейбіреулерін ғана атайық: кадрларды  қайта даярлау, ескі жабдықтарды  сатып, жаңаларын орнату, жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істемеген  уақыттары үшін төлеу керек (тиісті қысқартулар операцияларды), ескі келісім шарттардың орындалмай қалғандарына айыппұл төлеу.

Мұнан туындайтын қорытынды : үйренушілік шығындарды жаңадан өндірілген өнімдерді сататын бағаға қосып жіберу. Бұл баға өндіріске қажетті шикізат, материалдар, технологиялар, жабдықтарға кететін бағалардан жоғары болғанда ғана, бұл вариант бойынша капиталды салудың артықтығы айқын көрінеді. Сіздің өнімге сұраным көбейген сайын, үйренушілік шығынына да іркілмей бара беретін боласыз.

5. Мультипликаторлық (көбейткіш)  принципі.

Мультипликаторлық принцип  салалардың өзара байланыстылығына сүйенеді. Бұл дегенің, мәселен, автомобильге деген сұраным өзінен өзі келеді де оның технологиялық істеріне керек  тауарларға да сұранымды арттырады: металдар, пластмасса, резина және тағы басқалар. Өңдіріс технологиясын білу арқылы өзара қатынастық коэфффициенттерді есептеп шығаруға мүмкіндік туғызады. Мысалы, егер биржалық баға белгілеуде машина жасаудың құны көтерілетіні белгілі болса, машина жасаудың технологиялық байланыстылығы бізге белгілі болғандықтан (басқа    салалармен), алдын-ала  бұл байланыстылықтың мультипликациялық күшті әсерін есептеп шығара аламыз. Мәселен, фирма машина жасауға пластмаса шығарады делік.

Мультипликатордың күш әсерінің азаюы сіздің кәсіпорныңыздың саласының басқа саладағы - генераторлық сұраным мен кірісінен біртіндеп алыстай беруіне қарай болады. Кейіннен мультипликатордың күш әсері уақыты жеткен сайын әлсірей бастайды.

Қазақстандағы болашақ басты  міндеттердің бірі – XXI ғасырдың ортасына таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын бет бұрыс жасау. Мұны іске асырудағы алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Экономиканы тұрақтандырудағы инвестициялық қызмет және орны

       Экономиканы тұрақтандырудағы негізгі инвестициялық бағыттар:

Республиканың әлеуметтік –  экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің  басты мәселелерін анықтауға  себепші болады. Олардың бірі болып  инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде  заң шығаратын негіздер мен ұйымдық  құрлымдарды құру, сондай-ақ, республиканың  қаржылық ресурстарын пайдалану  мен шетел инвестицияларын тарту  жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды.

Қазақстандағы мемлекеттік  инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары  құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның  ішінде, “Шетел инвестициялары туралы ”Заң  (1991ж.);“Инвестициялық жекешелендіру  қорлары жөніндегі Ереже” (1993ж.) ;”Қазақстан Республикасының шетел  инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы ” Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж.); “Инвестициялар бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі ” Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы (қараша 1996ж.); “ Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы ”ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж.) және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды.

Бұл құжаттар елдегі инвестициялық  процесті басқарудың негізін қалады; жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту , елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциалын дамытудың өсу қарқыны  мен әртараптандыру саласында мемлекеттік  инвестициялық саясатты жүзеге асыру  мен көптеген экономикалық мәселелерді  шешудегі органдардың дұрыс жүйесін , олардың функциялары мен міндеттерін  анықтады.

2000 жылға дейінгі кезеңнің  индикативті жоспарының жорамалы  бойынша отандық пен шетел  инвесторларының жеке капиталын  салудың басым бағыттарына төмендегілерді  жатқызу мақсатқа сай болады: жеңіл өнеркәсіптің , агроөнеркәсіптік  кешеннің өңдеуші салаларының  , машина жасаудың , құрылыс материалдары  өнеркәсібі мен мұнай , химия  өнеркәсібінің  жаңа кәсіпорындарын  салу мен реформалар жүргізу.

Информация о работе Инвестицияның мәні және қызметі