Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 19:37, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары мен және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс атқаруы. Оның арқасында білім, іскерлік, дағдының қалыптасып, оқушының дүние танымдылығы мен қабылеттілігінің артуы.
І. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы және оны оқыту.
2.2 Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы және оны оқытудың
тиімді жолдары.
2.3 Практикалық бөлім.
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тақпақ, өлең айтудың тіл
дамыту кезіндегі өзіндік ерешеліктері
бар. Өйткені, өлең, тақпақ айтқан кезде
оқушы өлеңнін әр сөзін, мағынасын
түсіне білуі керек, өйтпеген жағдайда
ол өлеңді дұрыс айта алмайды, ойын
жеткізе алмайды. Аталған жұмыс
түрлері оқушыны қазақша
Оқушы білімі деңгейлік тапсырмаларды орындауда анық көрініп тұрады. Деңгейлік тапсырмалардың өзіндік ерешеліктері мен талаптары және бағалау нормалары бар. Осыған сәйкес оқушылардың жұмыстары бағаланады. Деңгейлік тапсырмаларды белгілі бір тақырып біткен кезде немесе бақылау жұмысын жүргізген кезде, қайталау сабақтарын өткізгенде пайдалану өте ұтымды. Бұл тәсілдің ең маңыздылығы – әр оқушы өз шамасына қарай тапсырманы орындай отырып өзінің нені білетін және білмейтінін толық сезінеді, жолдастарынан қалмау үшін келесі жолы білмегенін біліп алуға тырысады.
Тапсырмалар IV деңгейде ұсынылады.
І және ІІ деңгейді орындаған оқушы
«үш» алатынын, ІІІ деңгей – «төрт»,
IV деңгей – «бес» алатынын біледі.
Әр деңгей тапсырмасы сатылы түрде
ауырлай беруі керек. Деңгейлік
тапсырмаларды жүргізудегі
Қорытынды.
Қорыта келгенде, адам баласының барлық таным процестері тіл заңдылығын білуден, оқудан, ой сауатын ашудан басталады. Сондықтан сөздік қор мен сөздік құрамды оқытудың маңызы ерекше зор.
Мектепте оқушы сөз және оның мағыналарымен танысады, сөздердің түрленуі мен сөйлемдегі өзгерісін, олардың ғылыми жүйесімен әр алуан фактілерін зерттеп біледі. Соның нәтижесінде оқушылар өздерінің тілден алған білімдерін молайтады, жазу, сөйлеу тілін дамытады, дұрыс оқуға үйреніп, ұғу қабілеттілігін жетілдіреді, грамматикалық, орфографиялық ережелерді үйренеді, сауатты жазып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білудің тиімді дағдысын қалыптастырады. Оқушылар сөздік қор мен сөздік құрамды оқу арқылы қазақ халқының ана тіліндегі сөз байлығын меңгереді, сөздерді түрлендіріп, олардан алуан түрлі ұғым беретін мағыналарды туғызады, сөйлемдер құрап логикалық ойын дамытады, соның нәтижесінде сөз мағынасы мен оның жасалу жолдарын талдап білетін болады. Сондықтан сабақта саралап деңгейлеп оқыту технологиясының талаптарына сай құру жүргізіледі, 1. Тірек тапсырмалармен жұмыс, яғни жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті. 2. Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру. Бұл кезде екі танымдық қызметіндегі дербестікті дамытуға мүмкіндік туады.
Сынып ішінде дарынды оқушыларды анықтауда, қорытынды бақылау жұмыстарын жүргізуде мына төмендегі міндеттер алынады:
– сынып бағдарламасын қамтып, стандартқа сай болуы;
– алынған теориямен байланысы;
– оқушының қызығуын арттыруы;
– оқушылардың өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тексере білуге, бағалауға мүмкіндік беру.
Бірыңғай тапсырмалар оқушыны жалықтырып жіберуі мүмкін. Сондықтан оқушыны жалықтырмай, тапсырмаларды түрлендіріп отыру қажет. Оқушылардың жеке басының ерекшелігін ескере отырып таным белсенділігін арттыруға байланысты тапсырмалар болу тиісті.
Деңгейлік тапсырмалар тақырыпты меңгеруге бөлінген уақытқа толық сиятындай шамадағы тапсырмалар болу қажет.
Бірінші деңгейдегі, яғни міндетті деңгейдегі тапсырмаларға қойылатын талаптар:
1. Жеңіл, жаттап алуға лайықталған болуы керек;
2. Алдыңғы сабақта жаңадан
меңгерілген білімнің өңін
3. Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті болуы шарт.
Екінші деңгейдегі, яғни алгоритмдік деңгейдегі тапсырмаға қойылатын талаптар:
1. Өтіп кеткен материалдарды
реттеуге және жүйелеуге
2. Оқушының ойлау қабілетін
жетілдіруге берілген
Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмаларды төмендегідей топтастыруға болады:
1. Танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында
2. Ой қорытуға арналған,
дағды қалыптастыратын
Төртінші шығармашылық деңгейдегі
тапсырмаларға қойылатын
1. Оқушылардың жинаған
өмірлік тәжірбиесі мен
2. Берілген тақырыпқа қатысты әңгіме құрау.
Осы талаптарды ескере отырып төмендегідей деңгейлік тапсырмалар құрастыруға болады. Бұл талаптарға сай болу үшін, мұғалім қазақ тілін оқыту әдістемесін терең біле отырып, оларды бір түрлі әдіспен ғана түсіндірмей, әр түрлі әдістерді қолданып, ол жөнінде оқушылардың өздерін іздендіріп отырады. Жоғарыда айтылғандардан сөздік қор мен сөздік құрамның жасалу жолдарын жақсы білгізу оқушылардың ақыл-ойын дамытып, дұрыс сөйлей білуге және сауатты жазуға үйрену жағынан маңызы ерекше зор екендігін байқаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Ана тілі» бағдарлама – Алматы, 2003.
2. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы,1991.
3. Буратова И., Әбдіғалиева
Д. Бастауыш сынып
4. Кобдикова Ж.У. Оқыту процесін технологияландыру. А:2000 ж.61б.
5. Қараев. Ж.А,Кобдикова Ж.У. Актуальные проблемы модернизации педагогической системы
на основе технологического подхода. А: 2005.34 б.
6. Бақзыбекова.Н. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.-А: Қазақ тілі, №4, 2007.16б.
7.Қуанышбаева А.Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.А: Қазақ тілі: Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №2 ,2004. 47 б.
Информация о работе Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы және оны оқыту