Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы және оны оқыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 19:37, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары мен және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс атқаруы. Оның арқасында білім, іскерлік, дағдының қалыптасып, оқушының дүние танымдылығы мен қабылеттілігінің артуы.

Оглавление

І. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы және оны оқыту.
2.2 Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы және оны оқытудың
тиімді жолдары.
2.3 Практикалық бөлім.
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Бекхожина.docx

— 65.42 Кб (Скачать)

Жоспар

І. Кіріспе                                                                                                       

2. Негізгі бөлім                                                                                               

2.1 Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы және оны оқыту.

2.2  Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы және оны оқытудың

тиімді жолдары.

2.3 Практикалық бөлім.

4. Қорытынды  

5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары мен және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс атқаруы. Оның арқасында білім, іскерлік, дағдының қалыптасып, оқушының дүние танымдылығы мен қабылеттілігінің артуы.

Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай  әдіс – тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол – сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу, көрнекілік, кітап пен жұмыс, мәтінмен жұмыс  әдістері. Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер , сабақты көркемдеп отырса, оқушылардың сөздік қоры біршама толығады. Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтерді. Оқытудың қазіргі жаңа технологияларын меңгеру және оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне сай келтіріп,сабақ үрдісіне ендіру мол ізденушілікті талап етеді. Әрине, ұстаз әрбір сабағын мазмұнды құрып, жаңа технологиямен сабақ беріп отырса, оқушылардың терең әрі тиянақты білім алуына жол ашылады. Сондықтан да қазіргі ұрпақты білім нәрімен сусындатуда жаңа технологияның алатын орны ерекше. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,рухани,азаматтық және де басқа көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытуға көмектеседі. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс-тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын қолдануға болады. Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат-баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырылады.

1.Оқушылардың өздігінен  білімін толықтыра, жетілдіре  отырып, жаңа білім алуы.

2.Оқушылардың бір-бірімен  білім алмасуына дағдылануы.

3.Берілген білімді пысықтау.

4.Оқушының білімін тексеру,  бақылау. 

5.Шығармашылық қабілетін  арттыру. 

Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың тілін дамытып,сөздік қорын молайтуға мүмкіндік бар. Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі: оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында. Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетінін,нені меңгергенін, нені меңгермегенін біледі, соның нәтижесінде оқушыларда намыс оты оянып,басқалардан қалып қоймауды ойлап өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды,әрі тырысады. Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз – балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі. Деңгейлік әдістің маңыздылығы – оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, өткен грамматикалық, лексикалық тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу-танымдық құзіреттілігі қалыптасады.

Бұл технология бойынша оқушылардың  білімді өздігінен саналы түрде  меңгеруіне ерекеше мән берілген. Оқу іс-әрекетінің негізгі түрі оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы болып табылады.Мектеп бағдарламасында лексиканы оқыту мәселесіне тоқталар болсақ, лексика тіліміздегі сөз байлығын тексеретін ғылым саласы. Демек, лексиканың ішінде сөздік қор мен сөз құрамын оқытудың білімдік, танымдық маңызы тіл білімі туралы ұғымды терең меңгертумен қатар тілдің ең кіші бөлшігі – сөздің фонетикамен, морфологиямен, синтаксис және стилистикамен байланысын түсіне білуге, яғни, бүкіл тілдік жүйені меңгерумен орай оқушының ана тілі арқылы көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік жасайды.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Мақсаттары:- Қазақ тілі сөздік қор мен сөздік құрамды оқыту әдіс – тәсілдері туралы теориялық ұғым беру. -Оқушылардың сөздік қорын дамытуға арналған әдіс –тәсілдер туралы мәлімет беру.

- Әдіс – тәсілдер туралы  теориялық ұғым беру.

- Әдістерді тәжірибеде  қолдана білуге үйрету.

- Қазақтың байырғы сөздерін  білдіру. 

- Қазақша сөйлеу дағдысын  дамыту 

- Жазбаша тілін дамытып,  орфографиядан түсінік беру.

- Қазақ тілінің сөздік  қорындағы сөздер арқылы ұлтжандылыққа  тәрбиелеу.

Міндеттері :- Қазақ тілі сөздік қоры мен сөздік құрам мен оны талдауын оқыту арқылы білім қорын дамыту.

- Сөйлеу тілінің граматикасын  қалыптастыру.

- Сауатты жазуға дағдыландыру.

- Сөздің мағынасын дұрыс  түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану.

Курстық жұмыста көзделетін нәтижелері. Тіл-қатынас құралы ретінде ойлаудың тікелей шындығын, болмысын сөйлеу, жазу арқылы білдіреді. Тілдің ең кішкене бөлшегі — сөз болса, сөздердің өзара тіркесіп келуі арқылы ғана тілдік ұғым жасалады. Олай болса, тілдің заңдылығы, өз ішінде сала-салаға бөлінетін алуан түрлі тармақтары бар. «Сөздік қор мен сөздік құрам» деген бөлім тілдік материалдың қарастыратын мәселелеріне қазақ лексикасындағы сөздердің қандай амал-тәсілдер арқылы жасалатынын анықтайды. Морфология бөліміндегі сөз таптарының жасалуы, тұлғалық көрсеткіштері, сөздердің құранды бөлшектерінің бәрі сөздердің жасалу заңдылықтарымен ұштасып жатады. Сол себепті «Сөздік қор мен сөздік құрам» жеке тарау етіп танып, өз алдына категория етіп оқыту дұрыс ойластырылған. Сөздердің әрқилы жолдармен жасалу ереже-анықтамалары негізінен әр сөз табына қатысты, сондықтан сөздердің жаралуын орфография заңдылықтарымен ұштастыра оқыту оқушының сөйлеу, жазу тілін дамыту, сауаттылығын арттырудағы іскерлік дағдыларын қалыптастырады.

Курстық жұмыстың дереккөздері. Бұл курстық жұмыс барысына отандық ғалымдар мен озық педагогтардың еңбектері пайдаланылды.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

Қазақ тілінің  сөздік қоры және оны оқыту.

Тілдің негізгі өлшемі - сөздік қор. Ал сөздік қор дегеніміз - тілдің құрамының ең тұрақты, талай ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан, жалпы күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын халықа ортақ сөздер жиынтығы.

Тілдің негізгі сөздік қоры - тілдің сөздік құрамының ең тұрақты  бөлігі.Сөздік қор тілдегі сөздерді ғасырлар бойы сақтап отырып, тілдегі  жаңа, туынды сөздер мен жаңа мағынаның  жасалуына ұйытқы болады.

Біздің ана тіліміз, қасиетті қазақ тілі – өзінің мемлекеттік  мәртебесін абыроймен атқарып, міндет жүгін қиналмай көтере алатын аса  бай, оралымды да көркем тіл. Ресей ғалымдарының «Қазақтың жай сөзінің өзі  өлең боп құйылып жатады»(Радлов), «Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, бейнелі тіл- қазақ тілі»(Маслов) деп, тамсана таңырқағанын, бұл тілдің айтқыш та айшылықтығын, сұлу да сұғылалығын есімізден шығармауға тиіспіз. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудағы басты міндеттердің бірі- қазақ тілінің байлығын, көркемділігі мен бейнелілігін жас ұрпаққа таныта отырып, сөзге тапқыр, сөздік қоры мол, тіл байлығы жетілген жеке тұлға тәрбиелеу. Бала тілінің дамып қалыптасуы жоғарғы жүйке жүйесінің жетілуімен тығыз байланысты. Баланың айналасындағы дүниені танып, білудегі басты жәрдемшісі – тіл. Ал тілдің дамуы оның сана-сезімінің, ой-өрісінің, басқа да психологиялық үрдістің жетіле түсуіне негіз болады. Балалар жасының әр кезеңінде әр түрлі сөздер дамиды. Үш - жеті жасқа дейін - мың сөз, бастауыш сыныпты бітірген  оқушылар сегіз- он бес мыңға дейін  жаңа сөз үйренеді. Күніне орташа есеппен алғанда бес-сегіз жаңа сөз үйренеді, негізгі әдебиет жанрларымен танысады; өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер, фразеологиялық сөз тіркестерін қолдану арқылы байланыстыра сөйлеуге үйренеді. [1]

Оқушылардың тілін дамыту мақсатын шешуде:

- Біріншіден, оқушылардың меңгерген сөзі, сөз байлығы қаншалықты дәрежеде екендігін;

- Екіншіден, оқушыда сөз байлығын, сөз қорының аз болуының себебін, өзіндік ерекшелігін;

- Үшіншіден, тілін байыту мен дамытуда тиімді әдіс- тәсілдерін алдын-ала анықтап белгілеу керек;

Психологтардың айтуынша, оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында жүргізілген сөздік жұмысының  әдістемесіндегі басты талап  – сөзбен балалар санасындағы  бейнені түрлі жолдармен үнемі  ұштастырып отыру. Өйткені сөз бала санасындағы нақты елестің жеткілікті қорынсыз пайда болмайды. Сөздердің мағынасын ашып түсіндіру тәсілдері алуан түрлі. Оның ішіндегі бастылары:

- Затты табиғи жағдайда бақылау немесе оны сыныпта көрсету, саяхат ұйымдастыру;

- Заттың өзін немесе суретін көрсету арқылы сөздердің мағынасын ашып түсіндіру;

- Синоним сөздер қолдану: «Қандай сөздермен ауыстыруға болар еді? Басқаша қалай айтар едік?» сияқты сұрақтар қою арқылы синоним табуға оқушылардың өздерін қатыстырып отыру;

- Сөзді кейде морфологиялық құрамына қарай талдау арқылы түсіндірген жөн. Мысалы: тетелестері сөзінің түбірін табу;

- Сөздерге анықтама беру арқылы түсіндіру: аэродром - ұшақ ұшып, қонатын алаң;

- Абстракциялық ұғымдарды түсіндіру үшін тұрмыстан мысалдар, фактілер келтіріп, әңгіме айту. Мысалы: батырлық, қамқорлық, қайғы, адамгершілік т.с.с.

- Жаңа сөздің мағынасын түсіндіруде техникалық құралдарды қолдану;

Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын байытуда сөздерді үйретудегі ұстанымдары:

- Сөзді оқушылардың күнделікті өмірімен байланыстылығын ескеру;

- Үйретілген сөздердің жеңілділігі;

- Бастауыш сынып оқушыларының ұғымына сөз мағынасының сай келуі;

- Сөздерді оқылатын тақырыптарымен  байланысты таңдап алу;

- Сөздердің мағыналық ерекшеліктерін ескеру;

Сөздік жұмысын жүргізуге  төмендегідей талаптар қойылады: мазмұнды сөйлеу, жүйелі сөйлеу, мәнерлі сөйлеу және дәл сөйлеу.

Сөйлеу мәдениеті –  тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, грамматикалық заңдылықтар  мен нормаларды дұрыс қолдану.

Мазмұнды сөйлеу ойды айқын, сендіре,тыңдаушысына әсер ете, оны  толқыта білу шеберлігі. Мұнда тиісті сөздер таңдау, фразалар  құрастыру, жалпы әңгімедегі көңіл-күйді білдіре алушылық үлкен рөл атқарады.

Жүйелі сөйлеу оқушы ойының бір ретпен, жүйелі баяндау;

Мәнерлі сөйлеу  барысында  шығарманың идеялық, эмоциялық жағына баса көңіл бөлінуі қажет, өйткені  нағыз көркем шығарма ғана балалардың ой-сезімін қозғайды, әсемдікке үйретеді. Мәнерлеп оқу тілге деген талғамды, сөзге деген сезімді тәрбиелейді.

Баланың сөйлеу тіліне дәлдік қажет. Мәтіндегі әрбір сөз дұрыс дыбыстауды қажет етеді. Онсыз сөз мағынасы да, әсері де болмақ емес. Дәл сөйлеуді жетілдіру ұшін сөйлеу барысында айтылуы жағынан ұтымды сөздерді таңдай білу керек. [2]

Оқушының тілін байытуды сөйлеумен байланысты іске асыруда  төмендегідей қажеттіліктер туындайды:

- Сөйлемді дұрыс қолдану, құрастыру арқылы ойын жүйелі айта білуге дағдыландыру;

- Сөйлемдегі сөздерді белгілі бір  ойдың төңірегінде құрастырып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру;

Сөздік жұмысының ең маңызды  міндеті - оқушылардың ауызекі сөйлеуде қолданылатын сөздер қорын  толықтыратын сөздікті белсенді ету;

Жаңа сөздерді оқушылардың  есіне сақтаудың тәсілдері мен  тілін дамыту үшін жүргізілетін жаттығулар:

- Тақтаға жазып, оны буынға бөлу;

- Сөз мағыналарын анықтауда ұғымның белгілерін санайтындай жаттығулар (жаттығу жұмыстары);

- Жаңа сөзді кірістіре сөйлем құрастырып, мағынасын ашу;

- Жаңадан үйренген сөздерге байланысты шығармашылық жұмыстар;

- Әңгіме, мазмұндама, шығарма жүргізу;

- Орфографиялық жаттығуларға жаңа сөздер енгізу;

- Сөздік жасату (түсіндірмелі, алфавиттік немесе тақырыптық сөздіктер, оқушы сөздігі).

Балалар сөздігін  мынадай  жолдармен байытуға болады:

- Қоршаған ортаны байқату, аңғарту (табиғат пен адамдардың қоғамдық және өндірістік еңбегімен таныстыру, танымжорықтар ұйымдастыру)

- Арнаулы тілдік жаттығулар жүргізу;

- Сыныпта және сыныптан тыс (әңгіме мазмұнын талқылау және талдау) барысында.[3]

Халқымыздың тарихи асыл мұрасы - тілді болашақ ұрпаққа жеткізе, олардың сана-сезімін, дүние-танымын  кеңейтіп, ой дәлелдігіне, сөз жүйелігіне, тіл тазалығына төселдіру – аса игі іс. Сондықтан да тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттырудың бірден-бір тиімді жолы. Олай болса, тіл дамыту дегеніміздің өзі оқушылардың сөз байлығын арттырып, әр сөзді орынды қолдану.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілінің  сөздік құрамы және оны оқытудың тиімді жолдары.

Информация о работе Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы және оны оқыту