Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 19:37, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары мен және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс атқаруы. Оның арқасында білім, іскерлік, дағдының қалыптасып, оқушының дүние танымдылығы мен қабылеттілігінің артуы.
І. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы және оны оқыту.
2.2 Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы және оны оқытудың
тиімді жолдары.
2.3 Практикалық бөлім.
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Оқушылық (ученический)
2. Алгоритмдік (алгоритмический)
3. Эвристикалық (эвристический)
4. Шығармашылық (творческий).
Ғалым оқушылық деңгейден
бастап шығармашылық деңгейге дейінгі
даму кестесін былай көрсетеді. Оқушылық
деңгейде білімнің берілуі, деңгейлік
тапсырмалардың іске асырылуы бағдарлама
талабына сәйкестігіне байланысты. Алгоритмдік
деңгейде оқу материалдарының
Шығармашылық деңгейде баланың
дарындылығы, таланты, тапсырмаларды
орындаудағы ізденімпаздығы танымдық,
рухани интелектуалдық шеберлікке ұштасады.
Сонымен, оқыту технологиясы бұрыннан
келе жатқан классикалық педагогика
жетістіктерін пайдалана
Деңгейлік оқыту технологиясын
келесідей қылып қолданамыз. Оқушыларға
деңгейлік тапсырмалар
Деңгейлік тапсырмаларды құруға қойылаты талаптар мынадай:
Біріншіден, мұғалім деңгейлік тапсырма құрылатын сыныптың бағдарламасын, мемлекеттік, стандартты, базалық оқу жоспарын толық білуі тиіс.
Екіншіден, оқушының физио –психологиялық ерекшелігі, қабілеті, білім деңгейі назарға алынғаны жөн.
Үшіншіден, оқушылардың басқа
пәндерден алған білімдері
Төртіншіден, деңгейлік тапсырмалар қызықты, баланың ойлау қабілетін дамытатын, көркемдігі жоғары, тілі түсінікті болуы қажет.
Бесіншіден, тапсырмалар біртіндеп күрделене келіп, оқушының жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру мақсатына сай мазмұны терең, жан-жақты болғаны жөн.
Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз-
оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілетін
дамытатын, әлеуметтік көзқарасын қалыптастыратын,
ізденушілікке баулитын, жеңілден қиынға,
қарапайымнан күрделіге қарай сатылы
түрде орындалатын жұмыстар жүйесі.
Мұндай жұмыстар жүйесі төрт деңгейлік
тапсырмалардан тұрады. Бірінші деңгей
тапсырмалары білімнің минималдық шегі,
мемлекеттік стандарт талабына сәйкес,
бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының
жас ерекшеліктеріне сай
Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі. Оқушылар сынып бағдарламасына сай тақырыптарды меңгеру барысында жұмыстың барлық түрлерімен танысады. Оқушы өз бетімен ізденеді, жеке қабілетіне қарай еңбек етеді. Баланың ықыласы өседі. Оқушының сөйлеуі, хабарды түсінуі, қабылдауы, жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері міндетті деңгейден әлдеқайда жоғары болады. Осындай талаптарға байланысты оқушы сөздерді дұрыс құрастыру, сөйлемді толықтыру, сұраққа жауап, диалог құру сияқты тапсырмаларды еркін меңгере бастайды.
Үшінші деңгей тапсырмалары танымдық –іздену, алған білімді жинақтау, бекітуге бағытталады. Бұл тапсырмалар оқушылардың пәнге дәрежесінің жоғары болуымен, баланың өз жеке басының белсенділігімен өз ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға сай пайдалануымен сипатталады. Ол хабарлау; суреттеу; тілдік жағдайға, ортаға байланысты бейнелеу тапсырмаларын орындайды.
Ситуацияға байланысты әр түрлі нұсқада диалог құрады. Мәтін бойынша сұрақ қояды. Талдау, жинақтау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Танымдық –іздену түрдегі жұмыстарды іске асырып, өз бетімен орындайды. Оқушы үйренген сөздерінен, тіркестерден өзінше тұжырым жасауға ұмтылады.
Бірінші сатыда оқушы мұғалім көмегімен бағдарлама бойынша тиянақты білім алады, не оқыса, соны қайталап айтып береді, орындаушылық қызмет атқарады. Екінші сатыда осы алған білімін тереңдетіп, түрлендіріп, өзгертілген тапсырмалар орындау арқылы оқушы өз бетімен еңбек етеді. Үшінші сатыда танымдық-іздену жолындағы тапсырмалар орындап, бала өз тұжырымын жасайды.
Сонымен педагогика ілімінде
қолданылатын деңгейлік тапсырмалар
арқылы оқыту дегеніміз – оқыту
үрдісінің белгілі түрі және сапалы
оқытуды ұйымдастыру
Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту үшін жүргізілетін деңгейлік тапсырмалар – бір жағынан, оқушының білімін дамытушы, ал екінші жағынан, әдістемелік міндеттерді жүзеге асырушы.
ҚОСЫМША
І деңгейлік тапсырма
Мына мәтіннен сөздік қорға енетіндей сөздерді теріп жаз.
Түркілер жылдардың
әрқайсысында бір-бір қасиет
Ұлу жылы кірсе, жауын-шашын, су мол болады да, егін бітік шығады, өйткені ол-су хайуаны.
Доңыз жылы кірсе, қар қалың жауады, қатты суық болады. Халық тағы сол сияқты әр жылға әрқилы болжам жасайды.
ІІ деңгейлік тапсырма
Ырымға қатысты сөздерді, сөз тіркестерін атаңдар және оларды табумен байланыстырыңдар.
ІІІ деңгейлік тапсырма
«Менің анам», «Менің әжем», «Менің әкем», «Менің ағам» деген тақырыптардың біріне шығарма жаз.
І деңгейлік тапсырма
Берілген сөздерді қатыстырып көне сөздерді пайдаланып сөйлем құрастыр.
Ақын, алмас, сен, ерте, жұрт
Алатау, құмырсқа, жапырақ
ІІ деңгейлік тапсырма
Кестені толтыр
10 көнерген сөз, 10 жаңа сөз, 10 архаизм сөз жаз.
ІІІ деңгейлік тапсырма
Тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастыр.
І деңгейлік тапсырма
Дауысты дыбыстан басталған сөздерді теріп жаз.
Отан, таң, ыдыс, қызыл, халық, жауын, ірімшік, жел, сөз, дала, үй, өрік, ел, әріп
ІІ деңгейлік тапсырма
Жасыл, бала, үлгілі, мектеп, оқушы, үлкен, көк, нан, жалау, тәтті, сүйкімді, жақсы, қыз, шөп
ІІІ деңгейлік тапсырма
Сөздерді сөз таптарына ажыратып, тиісті бағанға жаз
Ән, екі, кіші, жүр, бар, жасыл, өзен, гүл, жиырма, ақ, ащы, отыр, сұлу, төрт, дәптер, домбары, бес, тұр, күл, үш
Практикалық бөлім.
Мектепте оқылатын қазақ тілі курсының бағдарламасында сөздік қор мен сөздік құрамды оны оқытудың мәні зор.
Сөздік қор мен сөздік құрам түрлерін оқыту - оқушының сөйлеу, жазу тілі дағдысының, мәнерлі оқуының, орфографиялық, пунктуациялық білім дағдыларының қалыптасуының, дамуының негізгі кілті болып табылады. Бұл тақырыпты оқыту арқылы оқушыларға сөздік қор мен сөздік құрам түрлері танытылады. Осы тақырыптан берілетін теориялық білімінің аясы кең. Атап айтқанда, оқушылар мынадай білім алады:
1. Сөздік қор мен сөздік құрам туралы жалпы түсінік;
2. Сөздік қор мен сөздік құрамды оқудағы мақсат;
3. Сөздік қор мен сөздік құрамның өзіндік белгілері мен ерекшеліктері.
Сөздік қор мен сөздік құрам тақырыбынан оқушыларға тиянақты білім мен дағды беру үшін, ең алдымен, материалды неше сағатта өтуге болады, әр сағатта өтілуге тиісті материал көлемі мен мазмұны және оқушыларға бұрыннан таныс, таныс еместігі, ең соңында оқушылардың қабылдай алу қабілеттілігі, өресі, дағдыларының бар-жоғы сияқты мәселелерді күн ілгері ойластыра, жоспарлап алу қажеттілігі туады.
Осылай өткізілетін материал көлемі анықталып алған соң, сол материалды толық меңгерту, әрбір минутты бос жібермеу, ол үшін оқушылардың өзіне жұмыс істеу, ой қорытындысын жасату сияқты мәселелер мақсат етіледі.
Сөздік қор мен сөздік құрам оқыту жолдарының принципі педагогиканың дидактикалық принциптеріне негізделіп оқытылады. Мәселен, дидактиканың берілетін сабақ тақырыбы өткен тақырыппен байланыстырылып отырылуы керек және өтілетін материалдар бірімен-бірі тығыз байланысты болсын деген ережесіне негізделіп отыратын болса, оқыту грамматикалық категориялармен байланысты өтіледі.
Мұғалім сөздік қор мен сөздік құрамды оқытуда оның мынадай екі жағына көңіл аударады:
Бірінші, сөздік қор мен сөздік құрам туралы жаңа тақырыпты бастамастан бұрын, оқушылардың бастауышта мектепте одан өткен материалдарын есіне түсіріп, соны Ү сынып көлемінде өтілетін материалды білгізуге жетек ете отырып түсіндіреді. Ол үшін бастауыш мектепте өтілетін сөз мағынасының бағдарламалық көлемін жақсы біліп, оны қандай жолдармен байланыстырудың тәсілдерін белгілеп қояды. Ондай тәсілдер әр түрлі болады:
Кейбір мұғалімдер бастауышта өтілген тақырыптардың негізгі ерекшеліктерін қамтитын сұрақтар қойып, сол сұрақтарға оқушылардың өздеріне жауап бергізіп, мысалдар келтіру жолымен қайталап барып, жаңа тақырыппен байланыстырады.
Кейбір мұғалімдер бастауышта
өтілген грамматикалық
Екіншіден, мұғалім Ү сынып
көлемінде оқылатын грамматикалық
категорияларының ерекшеліктерін оқушыларға
жүйелі және дәл түсіндіру үшін,
тіліміздегі сөздердің
Оқыту тек білім беру ғана емес, сонымен бірге балаларды жан-жақты жетілдіру және тәрбиелеу, шеберлік және дағдымен қаруландыра түсу болып саналады. Сондықтан да сөзжасамның жасалу жолдарын меңгерту үшін іріктеліп алынатын материалдар оқушыларға тәрбие беру жағынан да маңызды, бағалы болуға тиіс. Ал сабақ жүргізу процесінде қолданылатын методикалық әдіс-тәсілдер тақырыпты оқушылар түсіну үшін жағдай жасап қана қоймай, соған сәйкес балалардың жан-жақты дамуына әсер ететіндей болғаны жөн.
Сонымен оқушыларды сөздік қор мен сөздік құрамды оқытқанда сөзжасам тәсілдерінің тізбектерімен таныстырып, соларға сәйкес тапсырмалар топтамасын беру үлгісілерін ұсыну қажет.
Сөзжасамның тәсілдері:
1) Семантика-фонетика – кей дыбыстардың сәйкесуі нәтижесінде жаңа сөз жасау мүмкіндігі;
2) Семантикалық сөзжасамдық – сөз тұлғасы өзгермей-ақ, жаңа мағыналы туынды сөздің жасалуы;
3) Семантика-синтетикалық сөзжасамдық – негізге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы екіншілік мағынаның туындауы;
4) Семантика-аналитикалық – негіздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы арқылы ерекше мағыналы атау жасау қабілеті.
Бір-екі буынды сөздермен салыстырғанда, аналитикалық жолмен жасалған туынды атауларда (тұрақты тіркестерде) ұлттық танымның сипаты айқын көрінеді. Жалпы мағынаның жіктелуінен жеке мағына туындағанда, жалпының негізгі белгілік мәні жекеге көшеді де, атаудың номинативтік мағынасында сақталады. Атау заттың қасиет-белгісінің бар мәнін ашпайды, ерекше белгісін айқындайды. Жеке мағыналы атаулар өздерінің негізгі, өзек мағыналары арқылы жүйеленіп, бір семантикалық өрісті құрайды. Сөзжасамның жүйелілігі оның кешенді бірліктерінің болуымен байланысты болады.
Сабақтың тақырыбы: Сөздік құрам
Сабақтың мақсаты :
Информация о работе Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы және оны оқыту