Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 19:57, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі. Қарахан мемлекеті ІХ ғасырдың екінші жартысынан ХІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығы арасында өмір сүрген ең ірі ортағасырлық мемлекет. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның Шығыс жартысында Амударияға дейінгі аумақты алып жатқан бұл мемлекеттік құрылым тарихы өте қызықты әрі күрделі. Қарахан мемлекетінің құрылуы қазіргі Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихында маңызды орын алады. Қарахан мемлекетінің құрамына кірген қарлұқ, шігіл, яғма, тухси, т.б. тайпалар қазақ, өзбек, қырғыз т.б. халықтардың қалыптасу процесінде шешуші рольге ие болды десек қателеспейміз.
КІРІСПЕ............................................................................................3-6
1. Х–ХІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТӘН ҚАСИЕТТЕРІ……………………………………………………..7-30
1.1 Қарахандар мәдениетіндегі Ұлы Жібек жолының орны
1.2 Қарахан кезіндегі исламның таралуы
2. ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҒЫЛЫМЫ МЕН ӘДЕБИЕТІ………………………………………………………..31-56
2.1 Саманидтердің Қарахан мемлекетінің мәдениетіне ықпалы
2.2 Қарахандар кезеңіндегі рухани мәдениеттің ұлы тұлғалары: Жүсіп Баласағұни және Махмұд Қашғари
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................57-58
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ.............................................................................................59-60
“Құтадғу білік”поэмасы Батыстағы әлемге австриялық шығыстанушы фон Хаммер Пургшталь арқылы белгілі болды. Қолжазба 1796 жылы Стамбулда оның қолына түсіп, оны Вена кітапханасына сыйға тартты. Бірінші басылымы наміс тілінде басылып, оған белгілі шығыстанушы Г.Вамбери түсініктеме береді. Поэманы ғылыми негізінде В.В Радлов 1891-1910 жылдары түп- нұсқаны аудармамен салыстыра отырып, зерттеп шықты. [41].
Поэманың кейбір үзінділері орыс тіліне бірінші рет С.Е. Малов аударып шықты. Еркін аудармасы “Ғылым бағытқа ие” деген атпен 1971 жылы Н.Гребнев арқылы жүзеге асып, К.Каримов “Құтадғу білікті” 1896 жылы өзбек тіліне аударды. Р.Р. Арат осы үш қолжазбаның (Вена, Каир, Намаган) негізінде үлкен зерттеу жұмысын жүргізіп, 1947 жылы ғылыми жинақты жазып шықты. “Құтты ілім” атты “Құтадғу білігтің” толық мәтінін орыс тіліне С.Н. Иванов (М. 1983 ж.) аударып шықты. Жекеленген бәйіттердің басылымы академиялық дәрежеде акдемик А.Н. Кононов пен С.Н.Ивановтың редкциялық етуімен жүзеге асты. 1970 жылы Ленинградта “Құтадғу білігке” арналған IV-түркологиялық конференция өтіп, онда бұл ескерткішті терең зерттеудің ауқымын кеңейту қажеттілігі аталынып өтті.
Баласағұн шығармашылығын жалпы мәдени орта көлемінде алғашқы араб халифатының құрылуымен байланысты зерттеу керек екенін алғаш неміс ғалымы Отто Альберт ұсынды, ол Баласағұн көзқарасының әйгілі ғылым Ибн-Синамен байланысын, атап айтқанда, оның этика туралы көзқарастарының ұштасып жататыны туралы айқындамасын ұсынды. Сонымен қатар Альбертс Аритотель мен Жүсіптің этиксын салыстырып зерттеуге әрекет жасады.
Баласағұнның шығармашылығын зерттеуде орыстың шығыстанушы ғалымдары В.В. Бартольд пен С.Е. Малов, белгілі кеңес тарихшысы мен әдебиеттанушы ғалым Е.Э. Бертельс пен А.Н. Самойлович, А.Н. Кононов және басқалары ойдағыдай нәтижеге жетті. Бірақ бұл ескерткіш лингвистика, әдебиеттану және тарихи мәдениет саласында құнды бола тұрса да, шығыстың ойшыл ғалымының еңбектерін зерттеу көбнесе тарихи – филологиялық жоспарда жүрді. Ғалымдар еңбектің философиялық тұрғыдан зерттелуін ұлғайтудың қажеттілігі туғанын атап көрсетті. Баласағұнның «Құдатғу білігі» сол кездегі ресми әдеби тіл – араб тілінде емес, түркі халқының тіліндегі бірінші энциклопедиялық еңбек болып табылады. Мұны Баласағұнның ана тілге сүйіспеншілігі, халықтың төл перзенті, шынайы өкілі деп білуге болады. Сол кездегі әлі көшпенділіктен айрыла қоймаған ортаазиялық қараханидтер әулетіне дамыған отырықшы аймақтардағыдай (Мауреннахр, Шығыс Түркістан) билеу саясатын жүргізуге ұмтылу тән болды. Сондықтан да бұл еңбек көшпелі қараханидтерге түсінікті болу үшін түркі тілінде жазылды деп атап көрсетті А.А. Валитова. Бірақ «Құтадғу білік тек қана саяси трактат емес, ол сол ғасырдағы әртүрлі ғылым мен мәдениет салаларында дамуын да көрсетті. Бұл еңбек автордың өмірді көрсетудегі философиялық пайымдауының тереңділігін, адам хұқының сол замандағы дамуын көрсетеді. Жалпы алғанда, Баласағұн еңбегі кең көлемдегі философиялық мінез–құлықты, практикалық өмірдің эстетикалық көзқарасын көрсетеді.
Жүсіптің өмірге деген көзқарасының үш жақты түбірі бар: ол – философиялық, шамандық, исламдық. Ол екі мәдениеттің парсы-тәжік (Рудаки, Фирдоуси) пен түркі поэтикасынан жазбаша да ауызша да нәр алған. Біріншіден Жүсіп Шығыстағы Ренессанстың жалпы процесінен шықпаған, оның еңбегінде шығыс перипатетизмі көрініп тұрады. Бұл жерде Аристотельден басталатын, әл-Фараби мен Иби-Сина жалғастыратын құдретті мәдени-философиялық дәстүр тұр. Олардың «Құтадғу білік» авторына еткен зор ықпалы өте жоғары деп, жоғарыда көрсеткеніміздей неміс шығыстанушы О. Альбертс атап өткен болатын. Бірақ орта ғасырдағы шығыстың идеялық парадигмасы тек қана «Кәсіби» философтардың дәрежесінде ғана көрініп қойған жоқ. Ж. Баласағұнның «Құтадғу білік» поэмасы түрік тіліндегі мұсылман дінін үгіттейтін бірден- бір ежелгі еңбек болып есептеледі деп атап көрсетті А. Н. Кононов. Поэманың философиялық негізінде мұсылмандық элементтер қалыптасқан, деп есептейді ол. А.Н. Кононовтың айтуынша, Ж. Баласағұнның «Құтадғу білік» поэмасы әзірге, ертедегі түрік тілінде жазылған шығармалардың ішіндегі мұсылман идеологиясына негізделген және сол «идеологияны» уағыздаған бірінші шығарма [42].
Ж. Баласағұн Омар Хайям, Навои, Насими, Рудаки, Фирдоуси сияқты атақты ақындардың философиялық шығармаларынан нәр алған. Еңбегінде сол кездегі поэзия тіршілігінің өзіне тән белгілері білінеді: бір жағынан- ақындар шығармаларында ақыл-ой парасаттылығының көркемдігі мен білігі тұрғысынан көрінсе, екінші жағынан осы аталған философтар өзінің ақыл- ой парасаттылығымен сопылық белгілерін жеңілдетуге тырысты.
Әдебиет пен поэзия философиямен бірге әлемді тануда белгілі бір қызмет атқарады. Философия ұғымы поэзиямен бірге идеологиялық дамудағы өте ежелгі және ұзақ тіршілік ететін дәстүр болып табылады. Орта ғасырдағы Шығыстың ақындарын тек қана әдебиетші емес, философиялық ойшыл өкілдердің қатарына қосуға болады.
Жүсіп Баласағұнның әлемді танудағы көзқарасын анықтайтын екінші нәрсе, ол- исламға дейінгі әртүрлі сиынушылық зороастризм, манихейлік, буддизм, христиандық. Осылардың ішінде көшпелілер мен отырықшы халықтың арасында шамандық сенім басымырақ екенін «Құтадғу біліктен» көбірек байқаймыз.
Жүсіп Баласағұнның шығармасынан біз шаманизмдік, дұрысын айтқанда, түрік бастамаларын көріп отырмыз. Олар көне, исламға дейінгі зороастризмнің немесе тәңірліктің (Тәңір- құдай, жаратушы атымен аталған наным – сенімдік көзқарас болғанын дәлелдейді. Бұл көзқарас исламдық, патшалық, кеңестік қудалауға қарамастан сақталған. Біз исламды өмірге қайта келтірдік деп қуанышымыз қойнымызға сыймай отыр. Ал, ойлап қарасақ, исламға дейін де қазақ халқы өмір сүрген, отқа сыйынған, тәңірге бағынған. Қазақтың «Наурыз» деген үлкен мейрамы болған- ол жаңа жылды қарсы алып, табиғаттың жаңарғанын білдіретін күн болған. Біздің ертедегі ата-бабамыздан, күлтегін ескерткішінде жазылағн сөздерді, Жүсіпті, Шоқайды, Абайды байланыстыратын рухани байланыс бар. Тәңір жарылқасы.
Жүсіп Баласағұнның кітабындағы кішігірім тараулар авторлардың этикаға деген ой-пікір байлығын көрсете алмады. Сондықтан біздің алдымыздағы тұрған мақсат оның еңбегіне объективті түрде баға бере келіп, әдеби мұраның авторын көркем сөздің шешені деп тану.
Қазіргі уақытта Баласағұнның философиялық поэзиясын кең көлемде зерттеуге тура келеді. Өйткені оның шығармасында орта ғасырлық тарихтан қалдырған ойлары мен мұралары көп. Оның еңбектері қоғамды кең көлемде зерттеуге көмегін тигізеді. Тарихи мәдениетте “Құтты білік” еңбегі орта ғасырлық түрік халқының әдет-ғұрып көркемдік жағынан зерттеуге алдағы қоғамдағы тарихи ойдың даму кезендерін айқындауға септігін тигізері сөзсіз.
Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” атты тарихи-философиялық ғылыми шығармасын жан-жақты зерттеу қазіргі уақыттың келелі мәселесі. Ол орта ғасырлық халқымыздың мәдениетін Шығыс халықтары мәдениетімен салыстыра зерттеуге жол ашты.
Қарахан әулеті билік құрған тұсындағы мәдениеттің гүлденуінің тамаша ескерткіштерінің ахмұд Қашқаридың “Диуани лұғат ат-түрік” шығармасы. Қарахан дәуірі мәдениетінің зерттеуі жоғарыда айтып өткен тұлғалардың шығармашылығының зерттеулерімен тікелей байланысты.
Түрік тілдерін дүние жүзінде ең алғаш зерттеген – энциклопедист, ғұлама ғалым, белгілі саясатшы Махмұд. Ол–Хусайн ибн Мұхаметтің баласы. Әкесі Барысқанда туған, кейін қызмет бабымен Қашқарға барып тұрған да (әскери басшы қызметте істеген сияқты, болса Махмұдт, мүмкін сол қалада туған болуы керек осыдан барып пыснысы Қашқари аталған) Шамалап айтқанда, ол 1029-1038 жылдардың арасында дүниеге келген. Әкесі сол кездегі Орта Азияны билеген қаған тұқымдарынан, ақ сүйек әулиетінен шыққан.
Заманында алыс аймақтаға әйгілі болып, саяси- шаруашылық және қоғамдық- әкімшілік үлкен орталыққа айналған. Қашқарда оқып (әлде, жан- жақты дамып, ғарышқа құлаш ұрған сол тұстағы Орта Азияның не бір мықты басқада шаралары мен келтіретінде –Бұқара, Самқан, Мерві, т.б. тұрып) білім алған Махмұд өз дәуірінің тендесі жоқ атақты ғұламасы еді.
Классиклық араб тілі мен әдебиеттің тарихы мен мәдениетін, олардың жалпы зерттелу дәрежесін өте жетік білген. Шығңыс елдерінің (Қытай, Ирак, Түркістан, Орта Азия, Рим , Еділ бойы т.б.) әлеуметтік өмірі мен әдебиетін түбегейлі менгерген Махмұттын ана тілі – Қарахан мемлекетін қағандарының, яғни Шығыс Түркістан түркілеріннің тілі (ғалым оны “таза тіл” деп санайды). Ол тілде Іле бойы жайлайтын яғма, тухси, шығыл сияқты тайпалар сөйлеген.
М.Қашқардың өмірі мен қызметі жайында тиісті мәлеметтер жоқ. Бірлі-жарым деректерді оның дүние жүзіне белгілі бір-ақ еңбегінен алуға болады Еңбек “Диуан Лұғат – ат – түрік ” деп аталған. (1070-1074 ж. Бағдатта жазылған). Бұл ат орыс тіліне де, қазақ тіліне де (басқа түрік тілінде де) “Түркі тілдерінің жинағы” (“Диуан”- жинақ деген сөз), “Түркі тілдерінің сөздігі” (еңбектің мазмұны сондай- ақ), тағңы басқа аттарымен әрқилы аударылып жүр.
Махмұр ибн Хусайн бұдан бұрын “Түркі тілдері синтаксисінің асыл қазынасы жайындағыкітап” деген тағы да бір еңбек жазған сияқты (автор оны “Диуанда” атап өтеді), бірақ ол әзір табылған жоқ “Диуанның ” да түпнұсқасы жағалап кеткен, бізге жеткен жалғыз нұсқа – көшірмесі 1266 жылы жасалған, қазір Сталібұлда сақтаулы (“Диуан”1914 жылы сол жерден табылған болатын).
Өз еңбегін қалай жазғандығы туралы ғұлама былай дейді: “Мен түріктер, түркімендер, оғыздар, яғмалар, қырғыздардың қалаларын, қыстаулары мен жайлауларын көп жылдар бойы аралап шықтым, сөз жинадым, әралуан тіл ерекшеліктерін үйретіп, оларды оларды анықтап отырдым.
Мен
бұл істерді тіл
Шығармасын Махмұт классиканың араб тілінде жазған. Ол өзі “кітаптың жазу тәртібін Халил ибн Ахмадтың “Китабул айн” деген еңбегінің ізімен түздім” деп атап өтеді. Зерттеушілердің мәлеметтеріне қарағанда, Абу Абдур Рахман әл-Хамил бин Ахмед бин Аир Тамим әл-Азди әл-Фарагиди әл-Яхмади әл-Басри (717-791 ж.) талантты ақын, дарынды ғалам, араб метрикасының негізін салған әдебиетші болған. Тіл өнері мен өлең құрылысы жайында бірнеше кітап жазған. “Китабу- лайн” деген еңбегі арқылы ол өзінің үлкен лексиколог ғұламак екендігін танытқан. Кітаптың бұлай аталу себебі – ондағңы сөздік айн әркінен басталған. Осыдан барып М.Қашқаридың граматикалық (Фонетикалық, морфолагиялық) суреттемелері қазіргі біздің түсінікткрімізге қарағанда біршама өзгеше болып келеді. Бұл мәселе өз алдында ғңылыми зерттеулер жазуды қажет теед.
В.В.Бартольд М.Қашқари жөнінде “Орта Азия туралы жазба материлдар арқылы емес, сол елмен қолма- қол араласып, тікелей байланыстысу жолымен еңбек жазған жалғаз араб авторы еді.” Дегені – жаңсақ, ол – арабша жазғанмен, қайталап айтқанда, түркі тайпаларынан шыққан, Іле бойын жайлаған елдің перзенті. В.Радлов М.Қашқариды “түркі тілдерін салыстырмалы- тарихи әдіспен зерттеушілердің алғашқысы” болды деп көрсеткен еді. Осы оймен жалғасы мынадай бір жағдайды да айта кеткен орынды: “салыстырмалы – тарихи әдісі” дейтін саланың негізгі түп қызығы болып табылатын неміс ғалымы Франц Бопп (1791-01867 ж.) 1816 жылдан бастап еңбектер жаза бастаған еді. (Үнді- Еуропа тілдерінің салыстырма граматикасы”т.б.) Оның ісін жалғастырушылар көп болды. Соның ішіндегі аса көрнектісі – неміс Якоб Гримм (1785-1863 ж.). Ол “Неміс граматикасы” (1819 ж.) деген еңбегінде неміс тілін герман тіліне жататын басқа тілдермен салытырып зерттеген. Сол үшін Ф.Энгельс Я.Гриммді герман тілдері – салыстырма граматикасының негізін салушы данышпан ғылым деп бағалаған. Мәселенің ең бір өкінішті жері – осы салада тер төккен мамандар салыстырмалы тарихи әдісінің ХІ ғасырдың ортасында-ақ М.Қашқари сияқты данышпан алаптың қаламынан туғанын білмеген еді.
Қол жазба үш томнан тұрады. Оның ішінде 8 тарау бар, әр тарауды бір кітап деп атаған. 1-кітап әліп әрпімен басталынатын сөздерді талдап зерттеуге арналған 2-кітап дауысты дыбыстары (әлін, уау, йай әріптерімен берілетін дыбыстарды) жоқ сөздерді қарастырады. 3-кітап бір әріптің екі рет қайталанып келетін сөздерді зерттейді. 4-кітап йай әрпінен басталатын сөздер туралы баяндалады, 5-кітап үш әріптен тұратын сөздерд, 6-кітап төрт әріптен құралған сөздер, 7-кітап мұрын жолымен айтылатын дыбыстарды 8-кітап екі дауыссыз дыбысы бар сөздерді талдауды ниет еткен. Әр кітапты Махмұт ибн Хусайн “есім сөздер” және “егістік сөздер” деп екі топқа бөлген. Олардың әрқайсысы өзара тағы да талай жіктерге бөлініп отырған. “Әр адам оңай түсіну үшін – деп жазады, М.Қашқари, - мен араб тілінде қолданылып жүрген терминдерді пайдаландым” (1,455)