Қарахан мемлекетінің мәдени мұрасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 19:57, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қарахан мемлекеті ІХ ғасырдың екінші жартысынан ХІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығы арасында өмір сүрген ең ірі ортағасырлық мемлекет. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның Шығыс жартысында Амударияға дейінгі аумақты алып жатқан бұл мемлекеттік құрылым тарихы өте қызықты әрі күрделі. Қарахан мемлекетінің құрылуы қазіргі Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихында маңызды орын алады. Қарахан мемлекетінің құрамына кірген қарлұқ, шігіл, яғма, тухси, т.б. тайпалар қазақ, өзбек, қырғыз т.б. халықтардың қалыптасу процесінде шешуші рольге ие болды десек қателеспейміз.

Оглавление

КІРІСПЕ............................................................................................3-6
1. Х–ХІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТӘН ҚАСИЕТТЕРІ……………………………………………………..7-30
1.1 Қарахандар мәдениетіндегі Ұлы Жібек жолының орны
1.2 Қарахан кезіндегі исламның таралуы
2. ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҒЫЛЫМЫ МЕН ӘДЕБИЕТІ………………………………………………………..31-56
2.1 Саманидтердің Қарахан мемлекетінің мәдениетіне ықпалы
2.2 Қарахандар кезеңіндегі рухани мәдениеттің ұлы тұлғалары: Жүсіп Баласағұни және Махмұд Қашғари
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................57-58
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ.............................................................................................59-60

Файлы: 1 файл

Диплом 3.doc

— 311.50 Кб (Скачать)

    Қарахандар  әулеті тұсында ислам дінінің қазақ даласына таралуы мен оның ерекшеліктері Қожа Ахмет Йссауи есіміне байланысты. Яссауи мұрасының зерттеушілеріне жаңа жол еліміздің тәуелсіздік алуымен бірге ашылғандай болды. 1990 жылы 22-23 қазан айында Түркістан қаласында ЮНЕСКО бағдарламысы бойынша “Йассауи әлемі” атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Осы конференцияда Х.А.Йссауи әлемі- өмір сүрген уақыты, оның ілімінің ерекшелігі, исламның орта Азия мен Қазақстанда таралу ерекшелігі, өмірі, мәдени мұрасы туралы мәселелер талданды.

    Сонымен, Орталық Азия халықтары арасында VІІІ – ХІІІ ғасырларда ислам  діні таралып, орнықты. Түріктер арасында ислам көбіне бейбіт жолмен (сауда жолдары, бейбіт қоныстанушылар және дін уағыздаушылар арқылы) тарайды. Сондай–ақ исламның жергілікті халықтың діни дүниетанымы ретінде қалыптасып, орныққанын біз осы дәуірдегі түрік қалаларындағы мешіттердің көптеп салынуынан, қаза болған кісіні жерлеу салтының орнығуынан, түрік ақсүйектерінің мәйіті қойылған жерлерге мазарлар тұрғызу дәстүрінің орын алуынан, және бұл мазарларға мұсылмандық діни мазмұндағы мәтіндер жазылуынан, мұсылмандық мектептер мен медреселердің ашылуынан, т.б. көреміз.

      Түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуын 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады:

      1) 751 жылы Талас шайқасынан кейінгі  дәуірдегі исламның тарала бастауы.  Бұл кезде ислам, негізінен, қарлұқтар арсында ішінара таралған еді.

      2) Орта Азиядағы саманилер билігі  дәуіріндегі исламның таралуы. Бұл кезеңде Азияға, біріншіден, саманилер әулетінің ғазауаты арқылы, екіншіден, Мәуереннахр халқының бейбіт қоныстануы арқылы және үшіншіден, сауда жолдары арқылы таралды.

      3) Қарахандар дәуіріндегі исламның  мемлекеттік дінге айналып, барлық түркі халықтары арасында жаппай таралуы. Бұл кезеңнің аяғында Орталық Азияның солтүстік–батыс бөлігінде, яғни қыпшақтардың арасында мұсылман дінін таратуда Қожа Ахмет Йассауи бастаған сопылардың миссионерлік қызметі ретінде бейбіт қатар өмір сүрді. Орталық Азия жерінде жүргізген арбтардың жалғыз шайқасы – Талас түбіндегі шайқас түркілермен бірлесе отырып Қытайға қарсы бағытталды.

      746 жылы Жетісу жеріне Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанған еді. Ішкі күрес - тартыстан, сондай – ақ арабтармен болған ұзақ шайқастан түргеш қағандары бұрынғы құдірет – қуатынан айырылып қалған болатын, сол себепті де олар қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Осы аймақта белсенді саясат жүргізіп жатқан Қытай империясы бұл жағдайды өз пайдасына асыруға тырысты. Оның Шығыс Түркістандағы уәлиі Као Шиен – Чи 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алып, ойрандайды. Шаштың иесі дарға тартылады. Оның баласы көмек сұрап арабтарға барады. 751 жылы Талас жанынағы Атлах қаласы аббасилердің әскербасы Зияд ибн Салих пен Қытай қолбасшысы Као Шиен – Чи арасында зор арпалыс болады. Айқас бес күнге созылды. Шешуші сәтте қытайлықтардың ту сыртынан қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытай әскері толық күйретілді. Тарихшы Ибн әл – Асирдің мәліметтері бойынша: «Талас маңындағы шайқаста қытайлықтар оңбай жеңіліс тапты: 50 мың адам қаза тауып, 20 мыңы тұтқынға түсті».

      Талас алқабындағы шайқастың Орталық  Азия халықтарының тағдырында үлкен тарихи мәні болды. Ол «Таңдық Қытайдың Орта Азия істеріне қол сұғушылығына шек қойды» және түркі халықтарының мәдени бағдарын мұсылман өркениетінің пайдасына шешіп берді. Соңғы жылдары Талас маңындағы шайқас жаңаша тұрғыдан қарастырыла бастады. Бұл шайқаспен байланысты барлық нақты оқиғалардың астарында түркілер жерінде өткен исламның қиыршығыстық (Қытай) өркениетінен орасан зор қақтығысуының терең  мәдени – тарихи заңдылығын көре білу керек. Осы кезде Монғолия мен Алтайдан Жетісу жеріне келіп, бұл аймақта өз үстемдігін орнатуға тырысып жатқан қарлұқтардың Талас шайқасында арабтар жағына шығуы, олардың аймақтағы саяси ахуалды зерттеп біліп, түріктер үшін басты қауіп Қытайдан төніп тұрғанын  дұрыс түсінген болу керек. Бұл шара сонымен бірге халықтың Қиыр Шығыстық мәдениет емес, араб–мұсылман мәдениетін таңдауын да көрсеткен еді. Қытай өркениетімен салыстырғанда ислам өркениеті универсализмнің шын мәніндегі үлгісі болды, онда әрбір ұлт, әрбір кіші–гірім мәдениет өзінің дербестігін сақтады. Құран халықтарды рухани бірлікке шақырды.

      Исламды алғаш рет түркі тілді халықтардың ішінде қарлұқтардың қабылдағаны және жаңа өркениетке басқаларынан бұрын тартылғаны белгілі. В.В.Бартольд «қарлұқтар ислам дінін Халиф Махдидің (775–785 жж.) тұсында–ақ қабылдай бастады» - дейді. Сондай–ақ М.Бұлұтай да «775 – 785 жылдары аралығында қарлұқ қағандығы хақ дін исламды қабылдап, ел арасында мұсылманшылық сенім кең тарай бастады. Қалаларда мешіттер салынып, медреселер ашылды» - деп көрсетеді.

      Қарлұқ  мемлекеті 766–940 жылдары өмір сүріп, Х ғасырдың бірінші ширегінен бастап Яғма және Шігіл тайпаларының жиілеп кеткен одақтық шабуылдарынан күш – қуаты әлсірейді. 940 жылы Баласағұн қаласы одақтық күштердің қолына түсіп, қарлұқ қағандығы құлады.

      Қарлұқ  мемлекетін құлатып, оның территориясында  жаңа мемлекет орнатқан әулеттің, яғни Қарахан әулетінің атасы Сатұқ Боғрахан (915 – 955 жж.) болды және осы әулет алғашқы болып ислам дінін мемлекеттік дінге айналдырды.

      Араб  – мұсылман мәдениетінің негізгі  өзегі болған ислам дінінің пайда  болуы терең рухани - әлеуметтік алғышарттармен және ерте ортағасырлар дәуіріндегі Аравия тайпаларының және бүкіл адамзат қоғамының дамуының барысымен дайындалды. Ислам бәрімізге белгіл, мұсылмандық Шығыстың, Африканың айтарлықтай бөлігі мен Еуропаның бірқатар халықтарының мәдениеті мен тарихында аса зор мәдени – жасампаздық роль атқарған және әлі де атқарып отырған аса ірі әлемдік дін. Исламға, басқа да әлемдік діндер сияқты проземетизм, яғни өз ықпалын басқа дінді ұстаушылар арасында таратуға ұмтылу тән. Исламның тарихынан көретініміздей, араб халифаты Мұхаммед пайғамбардан және одан кейінгі тақуа халифтер - Әбу Бәкір (632 – 364 жж.), Омар (634 – 644 жж.), Осман (644 – 656 жж.) және Әлиден (656 – 661жж.) бастап өз шекарасын миссионерлік қызмет арқылы, сондай – ақ жаулаушылық соғыстар арқылы да кеңейтуге тырысып отырған. Осының нәтижесінде мұсылман әлемінің шекарасы ІХ ғасырдың басына қарай айтарлықтай ұлғайып, өзіне Солтүстік Африкадан Орталық Азияның межелеріне дейінгі ұлан–ғайыр территорияны басып алды. Араб халифатының территориясының геосаяси кеңейтілуі жаңа жерлер мен халықтарды жаулап алу жолымен жүрген болса (бұл ерте дүние мен ортағасырлар және жаңа заманның барлық мемлекеттеріне тән жағдай), ол жауланып алынған халықтардың іс жүзінде ислам дініне өтуін күштеу жолымен жүргізген жоқ. Көбіне арабтар өздеріне қаратқан жерлердің жергілікті халқы, бұл жерлерде ислам мемлекеттік дін болғанына қарамастан, өздерінің дәстүрлі діндерінде қала берген.

      Халифатқа кірген территориялардың исламдану  процесі баяу жүрді және оның өзіндік ерекшеліктері болды. Мысалы, Омея әулеті кезінде (661 – 750 жж.) мұсылмандар христиандар мен зороастрийліктердің діни ісіне араласпаған. Құранда исламға тек жаңа діннің басты жауы болып табылатын пұтқа табынушыларды өткізу қажеттілігі жөнінде айтылды. Мұсылмандықты таратуда күш қолданбау, дінді халықтың көпшілігінің өз еркімен қабылдауы турасында Г.Э. Фон Грюнебаум былай деп жазады: «Ислам әлемі көптеген әр түрлі діни қауымның бейбіт қатар өмір сүру мәселесінің шешімін таба білді. «Қасиетті жазбалары бар халықтардың», соның ішінде, ең алдымен, иудейлер мен христиандардың, ал олардан кейін зороастрийліктердің, егер олар билікке, әсіресе олардың атқару өкіметі органдарына қатысуға ұмтылса жеке ісіне қол сұғылмайтын болды».

      Ұлан–байтақ Орталық Азия аймағына исламның ықпалы VІІІ–ІХ  ғасырлардан бастап тарай бастайды. Исламның бұл аймаққа енуі тез арада бір мезгілде іске асқан акт болған жоқ, ол бірнеше ғасырларға созылған, ұзақ процесс болды.

      705 жылы арабтар Амудариядан шығысқа қарай жатқан жерлерді жүйелі түрде жаулауға көшті. Кутейба ибн Мүслим, ат–Табаридің мәліметі бойынша осы жылы Бсихтың бірқатар аудандарын басып алып, 706 жылы Пайкентке қарай жүрді. Түріктер мен соғдылықтардың біріккен күші араб әскеріне қарсы ойсырата соққы берді. Алайда Кутейба ибн Мүслим одақтастар арасындағы алауыздықты пайдаланып, ақырында қаланы басып алды, бұдан кейін ол Бұқара мен Самарқандты алады. 714 жылы Ферғана мен Испиджаб жауланып алынды. Хорасанның әмірі етіп тағайындалған Кутейба ибн Мүслим әл Бахили ақтық деміне дейінгі өмірін Мәуреннахрдың мұсылмандануы үшін жұмсаған.

      Мұсылман мәдениетінің ықпалы Орталық Азия аймағында 766 жылы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда саяси үстемдікке қол жеткізген қарлұқтар арасында ең алғаш тарай бастағанды. Олар исламды халиф Махдидтің тұсында–ақ (775–785 жж.) қабылдаған деген пікір бар. В.В.Бартольд: «бұл пікір қарлұқтардың тек бір бөлігіне ғана қатысты болса керек, өйткені қарлұқтар мемлекетінің көп бөлігін саманилер тек ІХ ғасырдың ортасынан бастап–ақ өздеріне қаратып, ислам дінін енгізген», - дейді.

      Алайда  В.В.Бартольд ислам дінінің түріктер арасында тек жаулап алу арқылы ғана емес, керісінше, көбіне бейбіт жолмен тарағанын ескермеген сияқты. Ислам дінінің қарлұқтар арасында бұл ерте тарауын 751 жылғы атақты шайқасымен байланыстыруға болады. Жоғарыда айтылып кеткендей, бұл шайқас Орталық Азия аймағы Қытай мен Аббаси халифаты өкіметінің қайсысына қарайды деген мәселені ғана емес, ол сондай–ақ бұл аймақ халықтары қиыршығыстық және араб–мұсылман өркениеттерінің қайсысының ықпалына түседі деген мәселені де шешіп берді. Талас шайқасында жеңіске жеткен арабтар бұл жерде тек бір горнизонын қалдырып, ол басым бөлігі Мәуереннахрға қайтып кеткені белгілі. Алайда еркіндік сүйгіш түріктер осы оқиғадан  кейін өздеріне қауіп төндіріп тұрған екі империяның ішінде араб халифатының қол астында болу анағұрлым тиімді екенін түсінді. Сондай–ақ Талас шайқасынан кейін, арабтармен жақын араласа бастаған түріктер олардың дінімен танысады, өйткені осы кезеңде Жетісу түріктері арасында ислам мәдениеті тез қарқынмен тарай бастаған еді. Бұл діннің өздерінің рухани сұраныстарына жауап беретіндігін ойлаған түріктер оны өз еріктерімен қабылдаған.

      Сондай–ақ, Талас өңірі мен Жетісуда ислам дінінің VІІІ ғасырда–ақ тарай бастауын, бұл аймақтың Ұлы Жібек жолындағы маңызды аймақ болғандығымен де түсіндіруге болады. Азияда ислам үстемдікке жетісімен – ақ мұсылмандар бұрынғы сауда жолдары мен сауда керуендерін жөнелте бастады. Қытай тарихынан біз мұсылман керуендері VІІІ ғасырларда–ақ қарлұқтар елі арқылы жоғары Енисей Қырғыздары еліне барып тұрған, мұсылман деректерінде де, Орхон жазбаларында да, осы сауда жолдары туралы мәліметтер кездеседі: Саян жотасы Орхон жазбаларында да, мұсылман деректерінде де Кегмен деп аталады. Сондай–ақ Ертіске баратын екі жол туралы да мәліметтер бар. Арабтар, әрине, көбіне сол дәуірдегі негізгі бәсекелесі, аса қуатты мемлекет – Қытайға баратын сауда жолдарын көп зерттеген, сондықтан да осы жол туралы және оның бойында тұратын түрік тайпалары туралы мәліметтер мұсылман деректерінде өте көп. Исламның басты артықшылығы, әрине, мұсылман әлемінің сол дәуірдегі негізгі өркениеті халықтар арасындағы мәдени бірікшілігіне байланысты еді. Дала халықтары әр кез отырықшы елдердің өнімдеріне, әсіресе, киім – кешек, тұрмыс бұйымдарына зәру болды. Отырықшы елдер мен далалықтар арасында болған саудада, ол қай жерде жүрмесін – Қытайда ма, мұсылман елдерінде ме, көшпенділер мен сауда отырықшы халықтарға да тиімді болған, олар көшпенділерден анағұрлым арзан бағаға мал шаруашылығы өнімдерін, әсіресе ет алып отырған. Орта Азиядағы түркілерге шекаралас жатқан мұсылман елдері үшінде өз кезегінде дала халықтарымен сауданың үлкен маңызы болды, Хорезм шеберханаларында дала халықтары үшін арнайы маталар шығарылып отырған. Түріктер арасында исламды таратуға ортаазиялық көпестер үлкен роль атқарды. Махмұт Қашғари өз “көпесі” бар адамды білдіретін “баста” деген терминді келтіреді “Баста” белгілі бір мұсылман көпесімен байланыста болады, оны жақсы біледі. Көпес үнемі соның үйіне тоқтайды, оған ислам елінен киім–кешек, әйеліне орамал, бұрыш, тары, жүзім және жаңғақ әкеліп тұрады.

      Таяу  Шығыс, Парсы елі және Орта Азиядан келген көпестер жай ғана көпестер емес еді, олар пайда табуды ғана көздеп қоймай, сондай–ақ дін мәдениетті таратушылар да болды.  Сауда мен дін ол дәуірде бір–біріне қайшы келмеді. Сауда керуендерімен немесе бейбіт қоныстанушылар дін уағыздаушы және саяхатшылар ретінде арабтар VIII ғасырдың өзінде–ақ Орталық Азияға – Ертіс бойындағы қимақтарға, Енисейдің жоғарғы ағысындағы қырғыздарға, шығысындағы – ұйғырларға, батыста – бұлғарлар мен Хазарларға дейін жетті. 
     
     

                            
     
     
     
     
     
     
     
     

      II. ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҒЫЛЫМЫ МЕН ӘДЕБИЕТІ

      2.1. Саманидтердің Қарахан мемлекетінің мәдениетіне ықпалы

      Қархандар мемлекеті кезінде ғылым мен әдебиеттің дамуына үлкен ықпал жасаған ирандық  династия – Саминидтер династиясы болады. Саманидтер мемлекеті екі көшпелі және отырықшы мәдениеттің синтезін құрметтеді.

      Самандтер дәуірі – бұл класикалық  фарсы тілінің поэзиясының дамыған кезі. Фарсы тілінде парсылық классик Рудаки поэзия жазды.

      Саманидтер  астанасы – Бұхара мұсылмандардың ең ірі орталығы болды. Бұл жерде  белгілі тұлға әл- Фараби Бағдатқа бармай тұрып білімін жетілдірген.

      Исламның  туындауы терең рухани-әлеуметтік алғышарттармен сипатталып, араб тайпаларының қоғамдық эволюциясының барысында даярланды. Ислам діні мәдениет тудыруға күшті энергия берді. “Арабтар Мұхаммед пайғамбардың уағыздарын қабылдап, санаулы онжылдықтар ішінде, әскерлері ойлай – да алмаған империя мен мәдениет құрды.

      Қазақстан Иран мен Орта Азияға қарағанда арабтардың әскери отарлау обьектісі болмады. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан халқының мұсылмандыққа өтуі қарахандар әулеті тұсына жатады.

     Х ғасырдан бастап мұсылмандық жерлеу ғұрпы біржолата басымдылыққа ие болды. Қалаларда мешіт міндетті құрылысқа айналды. Құйрықтөбе қалашығында ашылған ең алғашқы мешіт Х ғасырға жатқызылады. Әл – Максиди «Исфиджаб, Тараз, Мерке, Құлан, Атлах қалаларын мұсылман қалалары», деп суреттеп, ондағы мешіттің барлығын растайды. Сонымен қатар кітапта тарих, география, этнография, поэзия, фольклор, түркі тайпалары, түркі тілдерінің топтастырылуы, олардың тарихи фонетикасы мен грамматикасы т.б. жайында келтірілген материалдармен айтылған ойлар аз емес.

      Қарахан мемлекетінің түркілері өзінің тілі мен көне дәстүрін мақтан тұтты. Мұсылманша тамаша білім алған ғалым, ақсүйек Махмұд Қашғари өзінің энциклопедиялық еңбегі “Диуан луғат ат түрікті” түркі тайпаларының тілі мен этнографиясына арнаған. Қарахан әулеті өзін “Афрасиаб үйі” деп атаған, сонымен өздерінің түріктік шығу тегін басып көрсетіп отыр. Түркілер мекендеген Оңтүстік Қазақстанның, Жетісу мен Шығыс Түркістанның қалалары сауда – қолөнердің, мәдениттің дамыған орталықтарына айналды. Мысалы: бір Шаштың (Ташкент) өзінде, төрт мыңдай мешіт болған. Орта ғасырлардың бас кезінде Азияда дүниенің кең-байтақ аймақтары мен елдерді бейнелеген төрт патшалық тұжырымдамасы кеңінен таралды. Бұл «дүние патшалықтарының» әрқайсысы замандастарының көзіне тек өзіне ғана тән артықшылықтарымен көрінді. Суй (589-618жж.), ал содан соң Тан (618-907жж.) әулеттерінің билігімен біріккен Қытай, орталығы Гангадағы, Тынық мұхиттан Қара теңізге дейінгі түріктер бірлестігі, Персия мен Византия сияқты құдіретті мемлекеттердің құрылуы әлемнің төрт жағында орналасқан дүниежүзілік төрт монархия: оңтүстіктегі пілдер патшасының (Үндістан), батыстағы асыл заттар патшасының( Иран мен Византия), солтүстіктегі сәйгүліктер патшасының( түрік қағанаттары), шығыстағы адамдар патшасы ( Қытай) империялары идеясының негізі болды. Нақ сол идея мұсылман авторларына да ауысты: пілдер патшасы сонымен бірге үнді философиясы мен ғылымының дамуымен даналық патшасы, адамдар патшасы- мемлекеттік басқару және атақты қытай өнертабыстары себепті өнеркәсіп патшасы деп те аталады; сәйгүліктер патшасы жыртқыш аңдар патшасы делінді; ал батыс екі патшалыққа бөлінді: олардың біреуі (аңдар патшасы) Персияның, содан соң арабтардың патшасы, екіншісі (ерлер патшасы) халқының көріктілігі себепті Византияның патшасы болды.

Информация о работе Қарахан мемлекетінің мәдени мұрасы