Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 19:57, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі. Қарахан мемлекеті ІХ ғасырдың екінші жартысынан ХІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығы арасында өмір сүрген ең ірі ортағасырлық мемлекет. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның Шығыс жартысында Амударияға дейінгі аумақты алып жатқан бұл мемлекеттік құрылым тарихы өте қызықты әрі күрделі. Қарахан мемлекетінің құрылуы қазіргі Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихында маңызды орын алады. Қарахан мемлекетінің құрамына кірген қарлұқ, шігіл, яғма, тухси, т.б. тайпалар қазақ, өзбек, қырғыз т.б. халықтардың қалыптасу процесінде шешуші рольге ие болды десек қателеспейміз.
КІРІСПЕ............................................................................................3-6
1. Х–ХІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТӘН ҚАСИЕТТЕРІ……………………………………………………..7-30
1.1 Қарахандар мәдениетіндегі Ұлы Жібек жолының орны
1.2 Қарахан кезіндегі исламның таралуы
2. ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҒЫЛЫМЫ МЕН ӘДЕБИЕТІ………………………………………………………..31-56
2.1 Саманидтердің Қарахан мемлекетінің мәдениетіне ықпалы
2.2 Қарахандар кезеңіндегі рухани мәдениеттің ұлы тұлғалары: Жүсіп Баласағұни және Махмұд Қашғари
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................57-58
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ.............................................................................................59-60
Зерттеуші қарахандар мемлекетінің құрылуы мәселесіндегі талас пікірлердің басын ашып алу үшін әуелі «қара» атағы мен «қарахандар әулетінің» пайда болу және шығу себептерін ашып алу қажет деп есептейді /24/.
Қысқаша қорытындылай келе қарахандар әулетінің шығу тегі туралы мәселенің зерттелу тарихы әлі де болса басы ашық күйінде қалып тұрғанын көреміз.
Қарахан әулеті мемлекетінің құрылу мәселесі де қарахан әулетінің шығу тегі мәселесімен тығыз байланысты. Осы орайда бітіру жұмысымызда қарахан мемлекетінің құрылуы мен саяси билігінің күшейе түсуі мәселесіне тарихнамалық талдау жасау мәселені жаңа қырынан аша түседі.
Қарахан мемлекетінің құрылуы мен олардың алғашқы саяси жетістіктері жергілікті халық пен қарахан билеушілерінің ислам дінін қабылдауымен тікелей байланысты.
1.2.
ҚАРАХАН КЕЗЕҢІНДЕГІ
ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ
Х ғасырдан, яғни Қарахандар әулетінің билікке келуінен бастап қарлық бірлестігінде этникалық процестердің жаңа бір кезеңі басталды. Бір жағынан ислам дінінің қабылдануы, екінші жағынан, ХІ ғасырда шығыстан келген миграция толқыны қарахандар билік жүргізген мемлекет ішіндегі этникалық процестерді одан әрі күрделендіре түсті.
Қарахандар мұсылман дінінен тек өзінің идеологиялық қаруын ғана көрген жоқ, сонымен бірге қоғамды діни бірлік негізінде тұрақтандыруды көздеді: исламның бұл жағдайдағы қызметі қоғамда әлеуметтік интеграция мен құқықтық тәртіп орнатуға сайды [18]. Қарахандар қоғамы өзінің әлеуметтік – экономикалық дамуы Араб халифаты қоғамына ұқсас еді. Бұл ұқсастық тарихи дамудың жалпы заңдылықтарымен анықталады. Нақ осы қоғамның тарихи дамуы, - деп жазады Т.С.Саидбаев, - арабтарға тәуелсіз жүрсе де, бірақ оған ұқсас болғандықтан, исламды үстем идеология ретінде қабылдауға алып келді және оның топырағына исламды енгізудің негізгі себебі ретінде қызмет етті [19]. Орыс тарихшысы Н.П.Остроумовтың: «Көне арабтардың тұрмысы мен рухани даму дәрежесі Орта Азия халықтарының ішінде Түркістан көшпелілерін еске түсіреді», [20]. Деген сөздері де осы ойымызды дәлелдей түседі.
Сонымен
бірге, қарахандардың ислам дінін
мемлекеттік дін ретінде
VIII ғасырдың екінші жартысы Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың, соның ішінде тайпаларының да, арабтарға қарсы күресіне толы болды.
Исламның Орта Азияда орнығуы ІХ ғасырдың ортасы Х ғасырға жатқызылады. Бұл кезде араб – мұсылман әлемі Қытайдан Пиреней түбегіне дейін созылып жатты.
Түріктер арасына исламның таралуында сауда, миссионерлік насихат, экономикалық жәрдем беру, салықтан босату секілді т.б. бейбіт шаралар да кеңінен қолданылды. Ислам да жергілікті наным – сенімдерге бейімделе қанат жайды. Әулиелер культі, мола басына шырақ жағу, наурызды тойлау т.б. мұсылмандыққа дейінгі әдет – ғұрыптарды ислам өз бойына сіңіріп алды.
Мұсылман әлемінде түріктердің орны өз алдына жеке тақырыпқа арқау болатын мәселе. Мұсылмандар түріктермен жолығыса жүріп, олардың өз айналасындағы халықтармен ортақ тіл таба білетін ғажайып қасиетін атап өтеді. Олар бұл қасиетін жаңа елге жеңушілер есебінде ме, әлде мейман есебінде ме, жолдамалар немесе әскери тұтқын құл ретінде келе ме бәрібір, әйтеуір ұдайы көрсетіп, кез-келген жағдайда да олар басқа халықтардың өкілдеріне қарағанда іс - әрекеттің барша саласында табыспен алға жылжуы ойдағыдай жүзеге асырып отырған.
Мемлекеттік деңгейде түрік қағандарын мұсылмандыққа шақырған алғашқы елшіліктің бірі Әм әун әулетінен шыққан халиф һишам Әбдімәліұлы (723-742жж.) тарапынан жіберілген. Шам шаһарынан түргеш қағанының ордасына келген елшілерді Сұлық қаған салтанатты түрде қарсы алып, сый – сияпат көрсетіпті. Олардың Ислам діні туралы айтқан мәліметтерін жақсылап тыңдап, ұғынысқан қаған, келген елшілер тобын ренжітпей, риза етіп қайтарады. Он мыңдаған әскері шеру тартып, келген қонақтарға соғыс өнерін көрсетіп жатқанда, қаған мұсылмандықты қабылдау туралы ұсынысқа сыпайы түрде былай деп жауап береді (атқа мінген, қолында қылыш, найзаны, сауытты жауынгерлерін көрсете тұрып): “Мыналардың ешқайсысы да етікші, не тігінші, не емші емес! Жауынгерлік олардың күнкөріс кәсібі. Ендеше, олар мұсылман болып, Исламның шарттарын орындаса қайтіп күн көретұғын болмақ [Бартольд В.В. ІІ том].
Көпшілік шығыстанушы – зерттеушілер мынадай бір қызғылықты фактіні баса көрсетеді: қарахандар өздеріне көрші түркі тайпаларына, егер олар ислам дінін қабылдайтын болса, өз мемлекетіндегі жерден еркін түрде пайдалануға рұқсат беріп отырған. Сондай – ақ Махмұт Қашғаридің Арслан ханның «дінсіздермен» соғысы туралы мәліметтерін келтіруге болады: Арслан хан жағында 40 мың мұсылман әскері, ал олардың қарсыластары жағында 700 мың әскер болған делінеді. Бірақ соған қарамастан қарахандар жеңіске жетеді [21]. Махмұт Қашғаридің еңбегінде келтірілген аңызда дінсіздердің саны едәуір асырылып берілген болуы мүмкін. Алайда Қарахандардың әскери жорығы ғазауат формасында болуының өзі өте маңызды факт.
Сонымен, Қарахандардың саяси және әскери табыстары Орталық Азия территориясында исламның кеңінен тарауына ықпал етті. Қарахандар тұсындағы Шығыс Түркістандағы мұсылман иеліктерінің шекарасы туралы Махмұт Қашғари мәлімет береді. Шығыс Түркістанда отырықшы аудандар басты екі жолдың бойында – Гучен мен Турфанға апаратын солтүстік жол мен Хотаннан Тарим өзені құятын Лобнорға баратын жолдар бойында жатқаны белгілі. Махмұт Қашқариден біз осыған байланысты мынадай мәлімет аламыз: Усми-Тарим – Ислам жерлерінен ұйғырларға қарай ағатын және сонда құмға сіңіп кеткен үлкен өзеннің аты».
Х ғасырда исламды Сырдарияның төменгі ағысында мекен еткен оғыз халқының бір бөлігі қабылдады. Исламды қабылдаған оғыздардың қолбасшысы – Селжүқ өз әрекетін мұсылман қалаларын кәпірлерге (пұтқа табынушы оғыздар) төлеп тұрған алымынан босатудан бастайды. Оғыздардан шыққан селжүқ және осман әулеттерінің ислам өркениетіне қосқан үлесі жалпыға мәлім.
1043
жылдың күзінде Орталық Азия
даласында көшіп – қонып
Қазақ тарихындағы исламның рөлін барынша төмендетіп көрсетуге тырысуға байланысты, кеңес тарихнамасында қыпшақтар ХІІІ ғасырға дейін ислам өркениетінен тыс болды деген пікір үстем болды. Осыған байланысты кеңес идеологтары «пантүрікшіл» ғалымдарға ортағасырлық қыпшақтар тарихындағы ислам факторын асыра бағалағаны үшін алакөздік танытып отырды. «Тек «пантүрікшілдер» ғана емес, сондай – ақ беделді орыс – еуропа ғалымдары да қыпшақтар арасындағы исламның жетістіктерін атап көрсеткен болатын. Атап айтқанда, ХІХ ғасырдың атақты орыс тарихшысы Н.И.Веселовский «татар басқыншылығының алдында половецтердің басым бөлігі мұсылман дінін тұтынды» - деп жазады [24].
Батыс тарихнамасында ортағасырлық қыпшақтар көшпелі халықтар ретінде көрсетілген. Бұған А.Ю.Якубовский мен Б.Д.Греков ең алғаш рет қарсы пікір айта отырып, егіншілікпен айналысатын аудандармен шекаралас жерлерді мекен еткен қыпшақтар бірте – бірте отырықшылыққа өте бастады деп атап өткен еді. Мұндай фактілерді Жетісу мен Хорезм тарихынан да көруге болады. Мысалы, Жетісуда көшпенділікпен күн кешкен түргештердің, оғыздар мен қарлұқтардың және т.б. көшпелі халықтардың ІХ – ХІ ғасырларда жаппай отырықшылыққа өткені белгілі. Бұл процесс түріктермен көршілес соғдылықтар мен хорезмдіктердің елеулі түрде түріктенуіне алып келген болатын [25]. Келес даласын археологиялық және этнографиялық жағынан зерттеген Г.В.Григорьев те осындай қорытындыға келеді. Атап айтқанда ол: «Жалпы алғанда таза көшпенділер болмайды: барлық көшпенді халықтар белгілі дәрежеде егіншілікпен де айналысады», - деп жазса [26]. VI – ХІІ ғасырларда көшпенділер егіншілікпен және аңшылықпен де айналысып отырған... Біз, көшпенділердің кедейленіп кеткен бөлігінің жатақтарға айналып отырғанын тарихтан жақсы білеміз, - деп көрсетеді. Кедейленген көшпелілер жайлы Махмұт Қашғари: «басқа жерге көшпейтіндер мен соғысқа қатыспайтындар», деп жазыпты. Сондай–ақ, қыпшақтар қоныстанған аймақтарда, ерте ортағасырлардың өзінде–ақ ірі–ірі қалалар болғанын ескеру керек, бұл қалалардың халқы археологиялық деректерге сенсек, көшпенділер болмаған.
Шетел тарихнамасында алғашқы кезде жалпы араб-мұсылман дәуірінің әлемдік тарихтағы орнын барынша төмендетіп көрсетуге тырысу болды. Әлемдік тарихты еуроцентристік көзқарас тұрғысынан зерттеу салдарынан мұсылман әлемінің өткен тарихын зерттеу шығыстанушылардың аз ғана тобының міндеті болып қалды. Алайда ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда қалыптасқан бұл жаңа ғылымның өзі де нәсілшіл-еуроцентристік пиғылдың ықпалынан тысқары бола алмады. Еуропалық шығыстанушылар исламды семиттік рухтың тура баламасы ретінде көрсеткен тұжырымдама ұсына отырып, оны - рухқа қарама – қарсы фанатизімге бой ұшырап артта қалған, ғылыми білімге қарсы, әлемді бүтіндей емес бөлшектеп қарастыруға бейім деп айыптады. Көптеген зерттеушілер арабтар мен басқа да мұсылман халықтарын “екінші сортты” ұлттар ретінде қарастырды. Мәселен К. Яснарстің т.б., еңбектерінде орта ғасырлық араб – филасофиясы антика филасофиясын тек жай тасымалдаушы ретінде көрсетіледі. Дегенмен, ислам мен ортағасырлық араб-мұсылман мәдениетінің ортағасырлық әлем халықтарының мәдени дамуына ықпалын обьективті зерттеуге ұмтылу да жоқ емес [27]. Негізгінен зерттеушілерді араб- мұсылман мәдениеті және түркілер проблемасына деген ғылыми көзқарастарына байланысты топ-топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншілері түркілердің ислам әлемі тарихындағы орнын мүлде жоққа шығарады. Мұндай зерттеушілер қатарына батыс ғалымдары А.Мюллер, Г.Э Грюнбаум тағы басқаларды жатқызуға болады. Мысалы А.Мюллер “История ислама от основания до новейших времен” атты еңбегінде “түркілер ғазнауйлердің пайда болуы мен хорезм- шахтың өліміне дейінгі аралықтағы адамзат тарихында еш нәрсе жасаған жоқ. Ислам әлемінде қандай да бір бағалы мемлекеттік және заң шығарушы мекеме жаңа бір діни ағым, немесе діни түсінік, ешбір ғылыми еңбек әкелмеді. Өнер саласында да ешбір жаңалық жасалмады – олардың қолынан тек бас кесу мен атқа міну ғана келеді”,-деп жазды [28]. В. Бартольдтың айтуынша, түркілердін ислам тарихындағы маңызына күдікпен қарайды [29]. Ал кеңестік тарихнама исламды таптық тұрғыдан ортағасырлық Шығыс елдеріндегі үстем тап өкілдерінің еңбекші халықты қанауда жолындағы идеология құралы ретінде бағалады. Ислам тарихы көбіне бұрмалау мен коньюктуралы саясаттың объектісі болып келеді, басқа бір де бір дінге мұндай көзқарас болмаған. Ал тікелей ислам тарихындағы түркілердін ролі туралы пікірде кеңес тарихшылары В.А. Горлевский, Б.Н, Заходер, Л.А.Семеновалар да жоғарыда аталған шетелдік тарихшылардың түркілерге арналған бөлімінде түркілердін исламға жан-тәнімен қызмет етуінің мүмкін еместігін оларды исламды сырттай ғана қабылдауымен түсіндірді. Діни фанатизім оларға жат қозғалыстың негізгі себебі саяси- эканомикалық. болды дейді [30]. Осыған жақын пікірді Б.Н. Заходер, Л.А. Семенова білдіреді. Соңғысының айтуынша түркілер тобыры жеребе бойынша барған жерінің құдайын өздеріне танып алды. Басқаша айтқанда, дін тандау мәселесі әу бастан -ақ оғыздар үшін өзіндік болмады. Бұл олардың жетекшілерінің нақты саяси қажеттіліктеріне сәйкес орындалды [31].
Ал келесі пікірде түркілердің мұсылман тарихындағы орнына ерекше мән беріп, олардың шын мәніндегі исламға жасаған қызметтерін дұрыс бағалайды. Осы деңгейдегі зерттеушілердің қатарына Т.Лейзер, Дж.Гильберт, С. Лень- Пул, К.Босворт, Б.Шнулер жатады. С.Лень – Пул. “селжуктер жабайы жүрегі мен ынта-шынтасымен исламды қабылдап, іріп құлағалы тұрған мемлекетті қайта тірілтуге әкеліп, шынында да оған жаңа өмір әкелді ”, деген баға берді [32]. Шетелдік және кеңестік тарихнамада орын алған олқылықтарды кейінгі тәуелсіздік жылдары жазылған еңбектер біршама толықтыра түсті. Мәселен, зерттеуші ғалымдар Н.Д.Нұртазина [33]. К.М Байпаков, Ж.Ж. Жеңіс. Е.Т.Қартабаева, А.Қыраубаева т.б., ортағасырлық Қазақстан тарихындағы исламның орны, оның таралуы мен өзіндік ерекшеліктерін, ортағасырлық қалалық мәдениеттің дамуы, түрік билеушілері тұсындағы Иран тарихының саяси мәдени дамуының аспектілерін, араб- мұсылман мәдениетінің орталық Азия халықтарының өміріне тигізген әсері, осы дәуірдегі түркі әдебиеті тағы басқа проблемаларды жаңа тұрғыдан қарастырады. Олардың ішінде төмендегідей мәселелер бар: Орталық Азия аймағында мұсылман дәуірінде мәдени өрлеудің болуының басты факторы – ислам дінінің шаруалары мен араб-мұсылман мәдениетінің оң ықпалы және түркі халықтарынның мұсылман мәдениетін қабылдауға әзір болуы; Арабтардың келуіне дейін – ақ түркілердің бай мәдени дәстүрінің болуы, олардың жаңа дінді қабылдай отырып мәдени дамуында жаңа сапалы сатыға көтерілуі;
Қалалық мәдениет пен отырықшылдық өмір салты кең дами түсті. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өлкесінде қалалар саны өсіп, Іле аумағында жаңа отырықшы – қалалық мәдениет ауданы пайда балып, ол Орталық Қазақстан аумағына дейін созыла түсті.
Тәуелсіз Қазақстан кезінде дүниеге келген бұл еңбектердің көпшілігі қарахандар тұсындағы мәдени дамудың исламдық факторына назар аударады. Н. Д. Нұртазина жалпы ортағасырлық исламның Қазақстандағы ролі мен маңызы шеңберінде қарастырса. Е. Т. Қартабаева араб- мұсылман мәдениеті және Орталық Азия халықтарының өміріндегі өзгерістерге назар аударады. Соңғы аталған зерттеуші шығыстану ғылымында қалыптасқан Орта Азия мен Қазақстан халықтары тарихындағы “Шығыстық Ренессанс” құбылысы туралы еуроцентристік тұрғыдағы көзқарасты сынға алып, Шығыстық Ренессанстың Орта Азия мен Қазақстан аумағында толық көрініс алғанын көрсетіп береді. Автор оның дәлелі ретінде қарахан мемлекеті тұсындағы мәдени өрлеу мен гүлдену процесін атайды [34].
Қарахандар әулеті мемлекеті тұсындағы мәдени өрлеудін, жалпы қарахандар дәуіріндегі мәдениет тарихы толық зерттеліп біткен жоқ. Әрине, ислам дінінің таралуы, араб-мұсылман мәдениеті мен түрік мәдениетінің өзара әсері, осы кезенде өмір сүріп, шығармашылықпен айналысқан ұлы тұлғаларымыздың өмірі мен шығармашылығы, қала мәдениетінің, сәулет өнерінің гүлденуі сияқты мәселелер жеке-жеке проблемалар деңгейінде көтерілгендігіне қарамастан жалпы қарахандар мемлекетінің мәдениеті тарихын біртұтас ғылыми зерттеу объектісі ретінде қарастырған мәселе деуге әлі ертерек.