Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 15:51, дипломная работа
Қоғамның объективті тарих біліміне ынта-ықыласы мен қажеттері, Қазақстан тарихы үрдісінің үздіксіздігін, қазақ халқы тарихы мен мәдениетінің ежелден бастап қазіргі күнге дейінгі сабақтастығын жаңа айқындамалар тұрғысынан ашып көрсету үшін жаңа іргелі ғылыми еңбектер дайындалуы керек.
КІРІСПЕ............................................................................................3-6
1. Х–ХІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТӘН ҚАСИЕТТЕРІ……………………………………………………..7-30
1.1 Қарахандар мәдениетіндегі Ұлы Жібек жолының орны
1.2 Қарахан кезіндегі исламның таралуы
2. ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҒЫЛЫМЫ МЕН ӘДЕБИЕТІ………………………………………………………..31-56
2.1 Саманидтердің Қарахан мемлекетінің мәдениетіне ықпалы
2.2 Қарахандар кезеңіндегі рухани мәдениеттің ұлы тұлғалары: Жүсіп Баласағұни және Махмұд Қашғари
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................57-58
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ.............................................................................................59-60
Махмұт ибн әл-Хусайн сол кездегі (кейін өзі әңгіме ететін) түркі тілдерін жалпы бағдарлап шығу үшін оларды Румнан бастап шығысқа қарай санап өтеді: печенег, қыпшақ, оғыз, иемек, башқұрт, басмыл, қай, йабаку, татар, қырғыз. Орналасу тәртібі жағынан қырғыздар Шын мемлекетімен көрші отырған. Одан әрі (күншығысқа қарай) чығыл, тухси яғма, танут, қытай елдері орналасқан. Одан әрі тауғаштар тұрады – олар машын елі болып есептеледі, М. Қашғари еңбегінде сөз болатын тілдер, әрине, осы айтылған жиырма тілмен ғана шектелмейді. «Диуанның» өн бойында басқа түрлі халықтардың аты аталып, олардың тілдерінен мысалдар келтіріп отырады. Олар арагідік араб тілімен байланысты қаралады. Түркі тайпаларының орналасу тәртібін көрсету үшін М. Қашғари өзі қарта жасаған (Бұл – түркі халықтарының тарихындағы бірінші карта). Бірақ күні бүгінге дейін ол картаның сыры ашылмай келеді. М. Қашғари әкесінің туған жері «Барысхан» көрсетілген, дәл ортадағы ішкі төрт бұрыштың оң жағында жеке жазылған. Азды–көпті әңгіме болып жүрген еңбектерге қарағанда, ол картаның жүрек тұсы мен екі өкпесіне қазіргі Қазақстан аймағы түгел сиған, оның бір сыпыра қалалары мен өзен – сулары атап көрсетілген. [37].
Қарахан мемлекеті тұсында қала мәдениеті аса қарқынды дамиды. Қалалар – сауда, дін, ғылым, әдебиеттің орталығына айналды. Отырар қаласы, араб – парсы жазбаларындағы Фараб, өз кезінде аса бай кітапханасы бар ірі мәдени орталық болған. Отырардағы кітапхана, ел аузындағы аңызға қарағанда, кітабының саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан соң екінші орын алған.
Қарахан дәуірінде көшпелі халық көшпеліліктің үшінші кезеңіне өтті. Зерттеуші К.М.Байпақовтың пікірі бойынша бұл кезеңнің негізгі белгілері – жартылай отырықшылдық, феодализм, мемлекеттілік, дамыған мәдениет пен жазу, қалалардың өркендеуі еді.
Кітапты Махмұт классикалық араб филологиясының үлгісімен араб тілінде жазған. Ол өзі «кітаптың жазу тәртібін Халил ибн Ахмадтың «Китабу-л айн» деген еңбегінің ізімен түздім» деп атап өтеді. Зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда, Абу Абдур Рахман Әл-Халил бин Ахмед бин Аир Тамим әл-Азди әл-Фарагиди әл-Яхмади әл-басри (717-791 жж.) талантты ақын, дарынды ғалым, араб метрикасының негізін салған әдебиетші болған. Тіл өнері мен өлең құрылысы жайында бірнеше кітап жазған. «Китабу-лайн» деген еңбегі арқылы ол өзінің үлкен лексиколог ғұлама екендігін танытқан. Кітаптың былай аталу себебі – ондағы сөздік айн әрпінен басталған. Осыдан барып М. Қашғаридың грамматикалық (фонетикалық, морфологиялық) суреттемелері қазіргі біздің түсініктерімізге қарағанда біршама өзгеше болып келеді. Бұл мәселе өз алдына ғылыми зерттеулер жазуды қажет етеді. Көпшілік оқушыларға оны айтып түсіндіру өте қиын.
В.В.Бартольд М.Қашғари жөнінде «Орта Азия туралы жазба материалдар арқылы емес, сол елмен қолма-қол араласып, тікелей байланысу жолымен еңбек жазған жалғыз араб авторы еді» деп көрсеткен. Бұл – аса орынды айтылған сөз, бірақ оның «араб авторы еді» дегені – жаңсақ, ол – арабша жазғанымен, қайталап айтқанда, түркі тайпаларынан шыққан, Іле бойын жайлаған елдің перзенті. В. Радлов М. Қашғари «Түркі тілдерін салыстырмалы – тарихи әдіспен зерттеушілердің алғашқысы » болды деп көрсеткен еді. Осы оймен жалғас мынадай бір жағдайды да айта кеткен орынды: қазіргі жалпы тіл білімінің «салыстармалы-тарихи әдісі» дейтін саланың негізгі түп қазығы болып табылатын неміс ғалымы Франц Бопп (1791-1867 жж.) 1816 жылдан бастап еңбектер жаза бастаған еді («Үнді – еуропа тілдерінің салыстырма грамматикасы» т.б.) Оның ісін жалғастырушылар көп болды. Соның ішіндегі аса көрнектісі- неміс Якоб Гримм (1785-1863 жж.). Ол «Неміс грамматикасы» (1819 ж.) деген еңбегінде неміс тілін герман тіліне жататын басқа тілдермен салыстырып зерттеген. Сол үшін Ф. Энгельс Я. Гриммді герман тілдері – салыстырма грамматикасының негізін салушы данышпан ғалым деп бағалаған. Мәселенің ең бір өкінішті жері – осы салада тер төккен мамандар салыстырмалы – тарихи әдістің ХІ ғасырдың ортасында-ақ М.Қашғари сияқты данышпан алыптың қаламынан туғанын білмеген еді.
Қолжазба үш томнан тұрады. Оның ішінде 8 тарау бар, әр тарауды бір кітап деп атаған. 1-кітап әліп әрпінен басталатын сөздерді талдап зерттеуге арналғңан. 2-кітап дауысты дыбыстары (әліп, уау, йай әріптерімен берілетін дыбыстары) жоқ сөздерді қарастырады. 3-кітап бір әріптің екі рет қайталанып келетін сөздерді зерттейді. 4-кітап йай әріпінен басталынатын сөздер туралы баяндалады. 5-кітап үш әріптен тұратын сөздерді, 6-кітап төрт әріптен құралған сөздерді, 7-кітап мұрын жолымен айтылатын дыбыстарды, 8- кітап екі дауыссыз дыбысы бар сөздерді талдауды ниет етеді. Әр кітапты Махмұт ибн хусайн “есім сөздер” және “атістік сөздер” деп екі топқа бөлген. Олардың әрқайсысы өзара тағы да талай жіктерге бөліп отырған. “Әр адам оңай түсіну үшін – деп жазды М.Қашқари, - мен араб тілінде қолданылып жүрген терминдерді пайдаландым”6 “Түрік тілінің араб тілінен ешқандай кемдігі жоқ” деген пікірін де автор осы жерде айтып келді. [38].
Ғалымның айтуынша, кітаптағы сөздер әрбір буындағы әріптердің өзара тәртіптері бойынша түзілген. Әр сөз араб тіліне аударылып, сол сөздің жұмсалу жайында мысалдар келтірілген. Мысалдардың көбі-халық аузынан жиналған ақыл – кеңес беретін, насихат айтатын, ғибрат алатын, үлгі-өнеге көрсететін парасатты сөздер, мақалдар мен мәтелдер, қанатты да қанағаты тіркестер, тұрақты сөз орамдары, өлеңдер, әдеби үзінділер. Сонымен қатар кітапта тарих, география, этнография, поэзия, фольклор, түрік тайпалары, түрік тілдерінің топтастырылуы, олардың тарихи фонетикасы мен грамматикасы т.б. жайында келтірілген материалдар мен айтылған ойлар аз емес.
Немістің шығыс зерттеушісі Г.
Сол кездегі алапат заманның ағымына қарай М.Қашқари былай жазған еді: “Түркілердің оқтарынан сақтау үшін, олардың барлық іс-әрекеттерін берік ұстану әрбір ақылды кісіге ләзім және жөні де сол. Бұларға жақын болу үшін ең басты жол-олардың тілдерінде сөйлесе білу, сондықтан олар бұл тілде сөйлесушілерге ықыластана құлақ қояды, өздерін жарық ұстайды, оларға зарар бермейді. Тіпті, олар өз қол астында жүрген басқалардың күнәсі болса, hәм кешіріп жібереді” (1,43). “Сенімді бір бұқаралық ғалымнан және нишапурлық басқа бір сенімді ғалымнан мынадай бір сөз естіп едім – деп жазады М.Қашқари одан әрі. - Олар бұл сөзді Пайғамбар айтыпты- мыс дегендей қылып айтып еді... “түрік тілдерін үйрен, өйткені олардың билігі ұзақ уақыт үстемдік құрады” - деп еді”(1,44) Ұлы филолог Махмұттың жан- жүрегін тербеген арман осы түрік тілдерін үйрету болған. Оның сол кездегі Шығыс әлемінің, қала берді Батыстың қайсы бір түпкір-түпкіріне кең жайылып келе жатқан араб тілінде жазуы да тегін емес тәрізді.
Бұл қысқаша бір әңгімені
Зерттеліп отырған сөздің түр-тұлғасы мен мағыналық ерекшеліктері мен қолдану аясын ашу үшін М.Қашқари келтірген мысал өлеңдер тұтасымен алынған текст емес, үзінділер. Олар мағынасы мен құрылысы жағынан әрқилы. Үш том кітаптың ұзына бойына шашырап, әр жерде бір жазылған (бір жерде екі жол, екінші жерде төрт жол т.т. – одан артық емес)
Өлеңдер халық аузынан жиналған. “Диуанда” соның үзінділері ғана тұрады. Әр қос таған мен әр төрт тағанның айтайын деген ойы (мазмұн- мағынасы) әртүрлі. Тұтас оқып тұрганда кісі өзара тоқайласып жатқан әралуан ойдың үстінен шығады, оны бірден түсіну кейде оңай да емес. Әр тағанның айтар ойын (мәнісін) өз алдына жеке бағалау қажет сияқты.
Кейбір зерттеушілер осы өлендердің кейбір жолдарын жекеленген ақындар жазса керек деген де пікір айтады және Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” поэмасы туралы мәлеметтер өте аз. Ол туралы мәлеметтерді оның поэмаларының кейбір үзінділерінен және шығармаларының алғы сөзінде, екі жерінде, біреу- прозада, екіншісі – жырларында, кездестіруге болады. Бұл алғы сөз оның өз қолынан жазылғанына кейбір зерттеушілер күдік келтіреді.
Орталық Азияға исламның келуімен бұл аймақ халқының да, яғни негізінен көшпелі малшылардың психологиясында байқала бастайды. VII ғасырдың басында исламды қабылдауды ұсынған түріктер араларында бірде – бір қолөнерші, “шаштараз да, ұста да, тігінші де” жоқ халық, егер исламды қабылдап, оның барлық шарттарын орындайтын болса, қалай күн көрмек деп жауап берген еді. Алайда, VIII ғасырдың екінші жартысында – ақ көшпелі және жартылай көшпелі қарлұқтар, оғыздар және басқа да түрік тайпаларының арасында исламның таралғаны жөнінде жоғарыда айтып кеткен едік. Жаңа діннің ықпалымен аймақ халқы арасында отырықшы өмірге қолөнер мен саудаға деген оң көзқарас қалыптаса бастады. Бұған сол дәуірден бізге жеткен негізгі деректердің бірі, Қарахан мемлекетінің атақты идеологы Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” атты дастанын оқи отырып көз жеткіземіз.
Жүсіп Баласағұни өз заманының ең бір білімді адамы және өз елінің көреген сасаткері бола отырып қала мәдениеті мен отырықшы өмір салтын жақтады, ол көшпенділік өмір тек қана тұрақсыздық, берекесіздік тудырып отырады деп түсінді. Өз еңбегінде ол егінші мен қолөнерші көшпенді малшыға қарағанда қоғамға анағұолым пайдалаырақ деген ойды айқын түрде жеткізеді. Билеушіге халықтың әр түрлі топтарына қалай қарау керектігін үйрете отырып, ол көшпелілерге сенімсіздікпен қарауға ашық түрде шақырады. Жүсір қолөнершілер мен егіншілер мемлекетке анағұрлым сенімді деген көзқарасты сіңіреді, ал көшпенділерге барынша қырағы, қауіппен қарауға үйретеді. Жүсіп халықтың бірінші тобы екіншісіне қарағанда “өмір ережелерінде”, құлық пен адамгершілік жағынан басым түседі, - дейді. Автордың бұл көзқарасын назардан тыс қалдырыуға болмайды, өйткені ол іс жүзінде көшпелі мал шаруашылығымен салыстырғанда қоғамдық өнердің анағұрлым жоғарғы формаларына қарай беталысты көрсететін еді. [40].
Мемлекеттің экономикалық күш – қуатын нығайтуға тырыса отырып, Жүсіп Баласағұни, сондай – ақ, сауданың дамуына ерекше маңыз береді. Ол Иран мен Қытай арасындағы сауда жолдарының торабында орналасқан (Баласағұн мен Қашғар делодалдық керуендік сауданың ірі орталықтары болды, сауда Қарахан мемлекетіне аса зор пайда түсіріп отырды) мемлекет үшін сауданың аса маңыздылығын бар болмысымен түсінді. Дастанның басты кейіпкерінің бірі - Өгдүлміштің аузымен Баласағұни елік Күн – тоғдыға тек заң мен ізгі істерге иек артып қана қоймай, сондай – ақ биліктің мәңгі тірегі – ақша мен алтынның билігіне сүйенуді өсиет етеді және де, егер мемлекет тарапынан сауда керуендеріне мықты қолдау көрсетілетін болса, алтын мен күміс қазынаға саудай ағылып құйыла береді, деп үйретеді. Жүсір Баласағұнидің бұл ойлары тек арман – қиял емеседі, іс жүзінде бұл дәуірде Орталық Азияда сауда жанданғанын, соың нәтижесінде керуен жолдарының жаңа тармақтары салынғанын біз деректерден білеміз.
Қолдағы бар мәлеметтерге сүйенсек, Жүсіп Құз-Орда денген атпен белгілі, орналасқан жері әлі толық дәлелденбеген, Баласағұн қаласында дүнйеге келген. Яғни бұл қаланы Жетісудан, анығырақ айтқанда, Шу өңіріндегі Тоқмақ қаласының маңынан іздеу керек. Белгілі қазақ тарихшысы У.Х. Шалекеновтың пікірінше, бұл қала Жамбұл облысында Ақтөбе төбешігінде орналасқан.
Баласағұн қаласы Қараханидтер
мемлекетінің сауда, қолөнер орталығы
орналасқан ең ірі қалаларының бірі болған.
Бұл мемлекет этногеннетика жағынан түрік
руларының бірлестігінен