Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 15:51, дипломная работа
Қоғамның объективті тарих біліміне ынта-ықыласы мен қажеттері, Қазақстан тарихы үрдісінің үздіксіздігін, қазақ халқы тарихы мен мәдениетінің ежелден бастап қазіргі күнге дейінгі сабақтастығын жаңа айқындамалар тұрғысынан ашып көрсету үшін жаңа іргелі ғылыми еңбектер дайындалуы керек.
КІРІСПЕ............................................................................................3-6
1. Х–ХІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТӘН ҚАСИЕТТЕРІ……………………………………………………..7-30
1.1 Қарахандар мәдениетіндегі Ұлы Жібек жолының орны
1.2 Қарахан кезіндегі исламның таралуы
2. ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҒЫЛЫМЫ МЕН ӘДЕБИЕТІ………………………………………………………..31-56
2.1 Саманидтердің Қарахан мемлекетінің мәдениетіне ықпалы
2.2 Қарахандар кезеңіндегі рухани мәдениеттің ұлы тұлғалары: Жүсіп Баласағұни және Махмұд Қашғари
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................57-58
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ.............................................................................................59-60
Жібек жолының Орталық Азиядағы бөлігі Газгирдтен басталып, Испиджабқа, Таразға, одан соң Құланға, ары қарай Навакетке, Баласағұнға және Бедел мен Ақсу өткелдері арқылы Ферғана жазығына, ал Адахос және Дех Нуджикес қалалары арқылы қимақтарға баратын. Осы жерден сауда жолдары Енесейге, хакастарға әр үш жыл сайын жібек керуендері барып тұрған.
Испиджабтан керуендер Усбаникет, Кедер, Сығанақ арқылы Янкигентке бағыт алатын және Усбаникет, Кедер,Сығанақ керуен жолдары Қаратаудың солтүстік баурайындағы қалалар Балджа мен Созаққа, ол қалалардан бетпақдала арқылы Дешті Қыпшаққа барады. Янкигенттен қимақтарға қарай жол жатты. Ол Сарысуға Ұлытау бөктерлеріне және Есіл жағалауымен Ертіс жазығына апаратын. Х ғасырда Іле жазығы арқылы керуен жолдары салынды. Бұл жерге Шу жазығынан Қордай мен Қастек Санташ өткелдері арқылы өтуге болатын еді. Талхизде керуен жолдары бірнеше тармақтарға ажырады. Оңтүстік Іле жолы Есік, Шелек қалалары арқылы Кегенге, ары қарай Шығыс Түркістанға барды. Шелектен шығатын тағы бір жол қазіргі Жақсылық мекеніне, тамғалы – тас шатқалына, одан ары қарай Екі Өгіз және Қиялық арқылы Алакөл жағалауы мен Алмалыққа, Тарбағатай арқылы Ертіске, қимақтарға баратын.
Испиджаб, Кедер, Отырар, Янкикент, Тараз, Баласағұн, Талғар, Қиялық, Сығанақ сияқты қалалар орталықтары болды. Испиджабта базарлар және мата Отырар оазисі жайлы Х ғасырда араб деректерінде: “Фараб – бай аймақ, оның басты қаласы Кедер деп аталады. “Бұл көпестердің бас қосатын орны”, - деген мәліметтер бар. Кедерді (Құйрықтөбе) археологиялық жағынан зерттегенде сауда сәкілері – дүкендер көрсетілген.
Сырдарияның төменгі ағысында Янкигент (жаңа кент) белгілі сауда орталығы болды, онда Хорезм көпестерінің сауда қонысы болған.
Транзитті сауданың
ең ірі орталығы Тараз болды, ол жөнінде деректерде:
“мұсылмандардың түріктермен сауда жүргізу
Жәрмеңке түріндегі сауда көшпелілер дүниесімен шекаралас қалалар – Сауран, Янкигент, Дех – Нуджикесте барынша қарқынды жүрді. Дех – Нуджикес арқылы мал және мал шаруашылығы өнімдері Испиджабқа түсіп отырған.
Сауран оғыздармен сауданың басты орталығы болды. Ибн Хаукаль: “оғыздар саудамен Сауранға келіп тұрды” [12].деп көрсетеді. Сондай – ақ оғыздар Янкигет арқылы Хорезммен сауда жасайтын.
Оазистер мен қалалардың тұрғындары дала халықтарынан жылқы, жүн, иленбеген тері, киіз, текемет, сүт өнімдері және құлдар алып тұрған. Кейбір қалалар көшпелілерден алынған тауарларды өңдеп сыртқа шығарумен айналысып отырған. Әл – Микдиси: “Шаштан жоғары сапалы игерген (былғарлары) ер тоқымдар, жебе қорамсақтары және шатырлар шетке шығарылды. Түркілерден тері әкелініп, иленеді... Ферғана мен Испиджабтан – түркі құлдары мен ақ маталар, қару – жарақ, қылыш және темір әкелінеді, Тараздан – ешкі терісі, Шельджиден – күміс, Түркістаннан бұл жерлерге жылқы мен қошқарлар әкелінеді”, - деп жазады [13]. Әсіресе, түрік жылқылары жоғары бағаланды. Қимақтар жылқыларын әр түрлі қалаларға апарып соғып отырған. Түрік қойлары аса жоғары бағаланды.
Көшпелілер саудасының маңызды саласының бірі – муснус (хош иісті зат) пен ақ терілер және сондай – ақ құлдар болды. Дала халықтары қалаларға металл да әкеліп тұрды. Металл өндірудің орталықтарының бірі – Орталық Қазақстан еді. Әл – Идриси қимақтардың темір, күміс пен алтын өндіріп отырғаны жайында айтады [15]. Өз тауарларының орнына көшпелілер қала орталықтарынан киім, мата, астық, қолөнер заттары мен сән – салтанат бұйымдарын алып отыратын үйлер болған. Бірқатар үзілістермен ІХ ғасырдың бірінші жартысына дейін Испиджабта теңге шығып тұрды. Отырарда да теңге шығарды. 1967 жылы аршылған Самарқанд көмбесінен 222 – 232 жылдарға жататын Брабтық саманилік теңгелері табылған. Осындай теңгелер Отырар мен Құйрықтөбе қалаларын қазғанда да табылды [16]. Бұл қаладағы теңге үйі өз жұмысын қарахандар мен хорезмшахтар тұсында да тоқтатпаған. Сондай – ақ Фарабтан 1164 – 1173 жылдарға жататын қарахан теңгесі табылды, ол зерттеушілердің пікірі бойынша 1210 – 1211 жылдарға дейін шығарылып тұрған. Бұған қоса 1210 – 1217 жылдары Отырарда соғылған Мұхаммед ибн Текештің теңгелері белгілі. Сонымен қатар Ясыдан Хорезмшахтар мемлекетінің теңгесі табылды. Талғар қаласынан табылған Сүлейман ибн Даудың теңгесі ХІ ғасырда Жетісу, Орта Азия және Таяу Шығыс қалалары арасында кең сауда байланысарының болғанын дәлелдейді [17].
ІХ – ХІІ ғасырдарда Батыс пен Шығысты байланыстырған Ұлы Жібек жолы бұрынғысынша әрекет етті. Бірақ енді одан көптеген жаңа тармақтары – Сырдария, Талас, Шу, Іле бойында орналасқан қалалар мен солтүстік – көшпелі халықтарға қарай жолдар тартылатын болды.
Сонымен, мұсылман дәуірінде (VIII–XIIIғғ.) Орталық Азия халықтарының тұрмысында айтарлықтай өзгерістер болған. Бұл өзгерістер негізінен отырықшылықтың маңыздылығының артуы мен қалалық өмірдің өрістеуінен, қалалар түрінің өзгеруімен, қалаларда алғаш рет қоғамдық моншаның пайда болуынан, сондай – ақ, саудаға деген оң көзқарастың қалыптасуынан, сауда жолдарының кеңеюінен және тауар–ақша қатынастарының өсуінен көрініс тапты. Орталық Азия халықтарының тұрмысында орын алған бұл өзгерістер араб–мұсылман мәдениетінің ықпалымен байланысты болды деген қорытынды жасауға болады.
Қарахандар әулетінің шығу тегі туралы шетелдік және отандық тарихшылардың көзқарастарында ортақ шешімге келген пікір жоқ.
Қарахандар мемлекетінің құрылу тарихына қатысты мәселеге тарихнамалық шолуымызды қарахандар династиясының шығу тегіне арналған дискуссиялар негізінен бастамақпыз. Себебі бұл қарахандар тарихын зерттеу барысында ең күрделі, әрі көп талас тудырған мәселелердің бірі болды. Мұның өзіндік себептерінің бірі қарахан билеушілерінің қандай түркі тайпасынан шыққандығы туралы нақты жазба деректердің болмауы деп түсіндіре аламыз. Сондықтан да болар тарих ғылымында бұл мәселе бойынша әртүрлі пікірлер орын алды. Шетелдік ғалымдарда Ж. Дегинь /7/ , ал орыс шығыстанушыларының арасынан алғашқылардың бірі болып Х. Д. Френ /8/ қарахандар династиясын ұйғыр билеушілерінен шықты деп есептеді. Х. Д. Френ шығыс монеталарын сыныптаушы ірі маман еді. Ол Ресейде ең алғашқылардың бірі болып XII ғасырдың алғашқы ширегінде соғылған қарахандар теңгесін жариялады.
Қарахандар династиясының шығу тегін түрікмендермен байланыстыратын пікірді шетелдік бірқатар авторлар, мәселен И.Кмер-Пурешталь, М.Г. Вейло т.б. ұсынды /10/.
Жоғарыда аталған авторлардың барлығы дерлік өз пікірлерін шығыс авторларының қате мәліметтеріне сүйеніп негіздегендері белгілі. Олар келтірген мәліметтердің бүгінде тарихи дерек ретінде жарамсыздығын басқа тарихи дерек көздерінің мәліметтерімен салыстыру анықтап отыр.
Қазіргі кездегі белгілі түрколог ғалым С.Г. Кляшторный қарахан билеушілерінің қарлұқтардан шыққандығы туралы О.Прицактың дәйектемелерін қолдай отырып, қарахандар династиясының негізін қолдаушы ретінде Білге Күл-Қадыр қағанды атайды /16/.
Заки Валиди Тоғал қарахандарды көк түріктерден таратады /17/. Автордың ойынша Алтай түркілерінің бір бөлігі Орталық Тянь-Шаньда қаған билігінде болған. 766 жылы Жетісудағы билік қарлұқтар қолына көшеді, ал Қашғар мен Қарашар түргештер мен тоғыз-оғыздардың қолында қалады. Сонымен қатар зерттеуші Тумын-қағанды қарахандар династиясының арғы атасы деп санайды.
Ірі шығыстанушы ғалым В. В. Бартольд қараханидтер династиясын Яғма тайпасынан шықты деген гипотеза ұсынған. Автор бірқатар жазба деректердің мәліметтеріне сүйене отырып, ІХ-Х ғасырлар шегінде тоғыз-оғыздардың бір тармағы яғмалар Нарынның Оңтүстігінен Шығыс Түркістан мен Қашқарға дейінгі аумақты алып жатты, ал олардың билеушісі қарахандар билеушісі сияқты Боғра-хан деген титулды иеленді деп есептейді /18/. Алайда соңғы зерттеулерінде В.В.Бартольд қарахандар династиясы шығуы мүмкін үш халықты атайды: қарлық, яғма, шігіл. Автор қарахандар династиясының қарлұқтық тегі туралы тезисті жақтай түскенімен, бұл мәселе әлі де болса тереңірек зерттеуді талап ететінін ескерткен /19/. О. Прицак В. В. Бартольдтың «Он екі лекциясының» немісше аудармасына сілтеме жасай отырып, қарахандар династиясының шігіл тайпасынынан шыққандығы туралы гипотезаны В. В. Бартольдқа телиді. Алайда соңғы жылдары орысша түпнұсқасынан жарияланған бүл еңбегінде зерттеуші мұндай түпкілікті шешім қабылдамаған. Келесі бір зерттеуші В. О. Минорский В. В. Бартольдтың яғмалар қарахан билеушілері сияқты Боғра-хан титулын иеленгендігін ескере отырып, олар қарахандар династиясының шыққан тегі деген пікірімен келіседі /20/.
Осылайша қарахандар династиясының шығу тегі туралы ғалымдар арасында ортақ пікір болмағанымен, олардың көпшілігі қарахандар билеушілерінің Орталық Тянь-Шань және оған жақын аумақтан шыққанын мойындағандарын көреміз. 1983 жылы Бішкек қаласында «Ілім» баспасынан жарық көрген белгілі қырғыз тарихшысы Ө.Қараевтың «История караханидского государства» монографиясы осы мемлекеттің тарихына арналған бірден бір толыққанды еңбек болғандығын айттық. Ө.Қараев өз
монографиясында
қарахан билеушілерінің шығу тегі туралы
шетелдік, отандық тарихшылардың
пікірлерін саралай келе мынандай түйін
жасайды: «Біз жоғарыда осы проблема
бойынша қалам тартқан
Қарахандар династиясының шығу тегі туралы ғылыми пікірталастар бүгінгі таңда әлі де болса ортақ шешімін таппаған проблемалар қатарына жататынына көз жеткіздік.
Қарахандар династиясының шығу тегі мәселенің зерттелуіне XXI ғасыр басындағы қазақ ғалымдары да өз үлестерін қосты. Еліміздің тәуелсіздігін алуына байланысты жаңарған тарих ғылымының сұранысына жауап беру үшін тарихи тамырымызды жанталаса іздеген шақта ірі-ірі монографиялық зерттеулер жарық көрді. Солардың бірі зерттеуші-ғалым С.М. Сыздықовтың қарлық мемлекетінің тарихына арналған зерттеу еңбегінде (III тарауы) Х-ХІІІ ғасырлардағы қарлық мемлекеті және оның бөлшектелу мәселесіне арналған. Осында қарахандар әулеті мәселесіне арнайы тоқталған /23/.
II. ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ
ҒЫЛЫМЫ МЕН ӘДЕБИЕТІ
2.1. Саманидтердің
Қарахан мемлекетінің
Қархандар мемлекеті кезінде ғылым мен әдебиеттің дамуына үлкен ықпал жасаған ирандық династия – Саминидтер династиясы болады. Саманидтер мемлекеті екі көшпелі және отырықшы мәдениеттің синтезін құрметтеді.
Самандтер дәуірі – бұл класикалық фарсы тілінің поэзиясының дамыған кезі. Фарсы тілінде парсылық классик Рудаки поэзия жазды.
Саманидтер астанасы – Бұхара мұсылмандардың ең ірі орталығы болды. Бұл жерде белгілі тұлға әл- Фараби Бағдатқа бармай тұрып білімін жетілдірген.
Исламның туындауы терең рухани-әлеуметтік алғышарттармен сипатталып, араб тайпаларының қоғамдық эволюциясының барысында даярланды. Ислам діні мәдениет тудыруға күшті энергия берді. “Арабтар Мұхаммед пайғамбардың уағыздарын қабылдап, санаулы онжылдықтар ішінде, әскерлері ойлай – да алмаған империя мен мәдениет құрды.
Қазақстан Иран мен Орта Азияға қарағанда арабтардың әскери отарлау обьектісі болмады. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан халқының мұсылмандыққа өтуі қарахандар әулеті тұсына жатады.
Х ғасырдан бастап мұсылмандық жерлеу ғұрпы біржолата басымдылыққа ие болды. Қалаларда мешіт міндетті құрылысқа айналды. Құйрықтөбе қалашығында ашылған ең алғашқы мешіт Х ғасырға жатқызылады. Әл – Максиди «Исфиджаб, Тараз, Мерке, Құлан, Атлах қалаларын мұсылман қалалары», деп суреттеп, ондағы мешіттің барлығын растайды. Сонымен қатар кітапта тарих, география, этнография, поэзия, фольклор, түркі тайпалары, түркі тілдерінің топтастырылуы, олардың тарихи фонетикасы мен грамматикасы т.б. жайында келтірілген материалдармен айтылған ойлар аз емес.
Қарахан мемлекетінің түркілері өзінің тілі мен көне дәстүрін мақтан тұтты. Мұсылманша тамаша білім алған ғалым, ақсүйек Махмұд Қашғари өзінің энциклопедиялық еңбегі “Диуан луғат ат түрікті” түркі тайпаларының тілі мен этнографиясына арнаған. Қарахан әулеті өзін “Афрасиаб үйі” деп атаған, сонымен өздерінің түріктік шығу тегін басып көрсетіп отыр. Түркілер мекендеген Оңтүстік Қазақстанның, Жетісу мен Шығыс Түркістанның қалалары сауда – қолөнердің, мәдениттің дамыған орталықтарына айналды. Мысалы: бір Шаштың (Ташкент) өзінде, төрт мыңдай мешіт болған. Орта ғасырлардың бас кезінде Азияда дүниенің кең-байтақ аймақтары мен елдерді бейнелеген төрт патшалық тұжырымдамасы кеңінен таралды. Бұл «дүние патшалықтарының» әрқайсысы замандастарының көзіне тек өзіне ғана тән артықшылықтарымен көрінді. Суй (589-618жж.), ал содан соң Тан (618-907жж.) әулеттерінің билігімен біріккен Қытай, орталығы Гангадағы, Тынық мұхиттан Қара теңізге дейінгі түріктер бірлестігі, Персия мен Византия сияқты құдіретті мемлекеттердің құрылуы әлемнің төрт жағында орналасқан дүниежүзілік төрт монархия: оңтүстіктегі пілдер патшасының (Үндістан), батыстағы асыл заттар патшасының( Иран мен Византия), солтүстіктегі сәйгүліктер патшасының( түрік қағанаттары), шығыстағы адамдар патшасы ( Қытай) империялары идеясының негізі болды. Нақ сол идея мұсылман авторларына да ауысты: пілдер патшасы сонымен бірге үнді философиясы мен ғылымының дамуымен даналық патшасы, адамдар патшасы- мемлекеттік басқару және атақты қытай өнертабыстары себепті өнеркәсіп патшасы деп те аталады; сәйгүліктер патшасы жыртқыш аңдар патшасы делінді; ал батыс екі патшалыққа бөлінді: олардың біреуі (аңдар патшасы) Персияның, содан соң арабтардың патшасы, екіншісі (ерлер патшасы) халқының көріктілігі себепті Византияның патшасы болды.