Қарахан мемлекеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 15:51, дипломная работа

Краткое описание

Қоғамның объективті тарих біліміне ынта-ықыласы мен қажеттері, Қазақстан тарихы үрдісінің үздіксіздігін, қазақ халқы тарихы мен мәдениетінің ежелден бастап қазіргі күнге дейінгі сабақтастығын жаңа айқындамалар тұрғысынан ашып көрсету үшін жаңа іргелі ғылыми еңбектер дайындалуы керек.

Оглавление

КІРІСПЕ............................................................................................3-6
1. Х–ХІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТӘН ҚАСИЕТТЕРІ……………………………………………………..7-30
1.1 Қарахандар мәдениетіндегі Ұлы Жібек жолының орны
1.2 Қарахан кезіндегі исламның таралуы
2. ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҒЫЛЫМЫ МЕН ӘДЕБИЕТІ………………………………………………………..31-56
2.1 Саманидтердің Қарахан мемлекетінің мәдениетіне ықпалы
2.2 Қарахандар кезеңіндегі рухани мәдениеттің ұлы тұлғалары: Жүсіп Баласағұни және Махмұд Қашғари
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................57-58
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ.............................................................................................59-60

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 175.00 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

 

  
  
 

КІРІСПЕ............................................................................................3-6  

1. Х–ХІІ  ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ  МӘДЕНИ МҰРАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  МЕН ТӘН ҚАСИЕТТЕРІ……………………………………………………..7-30

1.1 Қарахандар  мәдениетіндегі Ұлы Жібек жолының орны

1.2  Қарахан кезіндегі исламның таралуы 

2. ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ  ҒЫЛЫМЫ МЕН ӘДЕБИЕТІ………………………………………………………..31-56

2.1 Саманидтердің  Қарахан мемлекетінің мәдениетіне  ықпалы

2.2 Қарахандар  кезеңіндегі рухани мәдениеттің ұлы тұлғалары: Жүсіп Баласағұни және Махмұд Қашғари 

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................57-58

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ.............................................................................................59-60  
 

 

 

  
  
  
  
  
  

КІРІСПЕ     

Тақырыптың  өзектілігі. Қарахан мемлекеті ІХ ғасырдың екінші жартысынан ХІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығы арасында өмір сүрген ең ірі ортағасырлық мемлекет. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның Шығыс жартысында Амударияға дейінгі аумақты алып жатқан бұл мемлекеттік құрылым тарихы өте қызықты әрі күрделі. Қарахан мемлекетінің құрылуы қазіргі Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихында маңызды орын алады. Қарахан мемлекетінің құрамына кірген қарлұқ, шігіл, яғма, тухси, т.б. тайпалар қазақ, өзбек, қырғыз т.б. халықтардың қалыптасу процесінде шешуші рольге ие болды десек қателеспейміз.      

Қархандар әулеті мемлекеті дәуірі мәдени дамуы жағынан гүлдену процесін бастан өткізгені белгілі. Алайда осы мәдени гүлденуге ислам дінінің әсері, мәдени өрлеу процесін жүйелі түрде бағалау мәселесі де зерттей түсуді талап етеді. Себебі осы күнге дейін евроцентризм тұрғысынан Орта Азия мен Қазақстан халықтары осы кезеңде мұсылмандық  ренессанс құбылысында бұл процеске толық қосылмайды тек, “Шағылысты Ренессанс” (конрат) түрінде мәдени дамуды бастарынан өткізді деген пікір қалыптасты. Бұл дегеніміз араб – мұсылман мәдениеті келгенге дейін аталған аймақта өзіндік мәдени даму үрдісі болмаған.       

 Республикамыздағы бетбұрыс  кезеңінде орын алған өзгерістер  тарих ғылымының алдына жаңаша  міндеттер қойды. Плюрализм жағдайында  түрлі әдебиеттер пайда болды.  Тарих тақырыбына жазылған бұл  еңбектер арасында этникалық,  саяси, әлеуметтік тарихтың күрделі  мәселелері кәсіби емес, әуесқой деңгейде шешілетіндері аз емес. Ал, мұндай ғылымнан алыс зерттеушілер шынайы тарихты бұрмалап, тарих ғылымының  ғылыми негіздеріне де нұқсан келтіреді.     

Қоғамның  объективті тарих біліміне ынта-ықыласы мен қажеттері, Қазақстан тарихы үрдісінің үздіксіздігін, қазақ халқы тарихы мен мәдениетінің ежелден бастап қазіргі күнге дейінгі сабақтастығын жаңа айқындамалар тұрғысынан ашып көрсету үшін жаңа іргелі ғылыми еңбектер  дайындалуы керек.      

Жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысымызды жазу барысындағы мақсат көшпелі түрік елдерінің арасындағы қарахан мәдениетінің биікке көтерілгенін дәлелдеу. Осы мақсатымызға жету үшін бітіруші мынандай міндеттерді шешуді көздейді:

- Қарахандар  кезеңіндегі мәдени мұрасының ерекшеліктерімен тән қасиеттерін айқындау;     

- Қарахан кезеңідегі исламның таралуы мен оның ерекшеліктерін көрсету;    

- Қарахандар мәдениетіндегі Ұлы  Жібек жолының орны анықтау;    

- Х- ХІІІ ғғ. қалалар мен қала мәдениетінің дамуын беру;    

- Қарахандар кезеңіндегі материалдық мәдениет ескерткіштеріне тоқталу;    

- Саманидтердің  Қарахан мемлекетінің мәдениетіне  ықпалын айқындау;

- Қарахандар  кезеңіндегі рухани мәдениеттің ұлы тұлғалары : Жүсіп Баласағұни және Махмұд Қашғари еңбектеріне шолу жасау.      

Мәселенің зерттелу деңгейі: Проблеманың нақтылы зерттелуі мен оның тарихнамасы өзара байланыста екендігі белгілі. Қарахандар әулеті құрған ортағасырлық осы мемлекет тарихы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап зерттеле бастады. Әсіресе, орыс академиялық шығыстану мектебінің жетістіктерімен тығыз байланысты.       

ХІХ ғасырдың зерттеушілерінің ішінде қарахандар тақырыбына қатысты  мәселелермен айналысқан орыс және шетел  тарихшылары П. С. Савельев, В. Г. Тизенгаузен, В. В. Григорьев, Г. В. Вамбери, Б. А. Дори, Г. Г. Хворс, Ф. Г. Скрайн, т.б. есімдерін атауға болады. Осы кезеңдегі зерттеушілердің еңбектеріне шолу, олардың көпшілігі қарахандар әулеті билеушілерінің шығу тегі, олардың титулатурасы, саяси тарихының кейбір мәселелері мен зерттеліп отырған династия билеушілерінің генеологиялық және хронологиялық кестесін жасау сияқты мәселелер шегінде зерттеулер жүргізгенін көреміз.      

XX ғасырдағы зерттеушілердің ішінде қарахандар әулеті мемлекетінің зерттелу тарихы ірі шығыстанушы, атақты ғалым В. В. Бартольдты есімі ерекше тұрады. Қарахандар тарихының зерттелуінде В. В. Бартольд еңбектері тұтас бір мектеп тәрізді маңызды орын алады. Зерттеуші бірінші болып қарахандар әулеті тарихына қатысты шығыс авторларының мәліметтерін пайдалана отырып, олардың саяси тарихын мүмкіндігінше толықтай жазып шықты. В. В. Бартольд [2] кейбір деректерді ғылыми айналымға бірінші болып енгізді. Бұл туралы тиісті тарауларда сөз болады. Осы кезенде қарахандар тақырыбына қатысты кейбір мәселелер туралы А. Ю. Якубовский [3]., археологиялық жағынан М. Е. Массон [4] зерттеулер жүргізді. ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы зерттеушілер еңбегіне тән ерекшеліктер ретінде қарахан әулеті мемлекетінің тарихына қатысты жазба деректердің мәліметтері мен археологиялық, нумизматикалық деректерді кеңінен пайдалану тән. Осы кезеңде аталған мемлекеттің саяси тарихы біршама толықтай жазылды.       

ХХ  ғасырдың екінші жартысынан кейінгі  зерттеулер көбінесе археолог ғалымдардың есімімен байланысты. Осы кезендегі Қазақстанмен Орталық Азия территориясындағы ортағасырлық қалалар мен қалалық қоныстарға жүргізілген археологиялық зерттеулер мәселенің көптеген қырларын жаңаша тұрғыдан түсінуге көмектесті. Әсіресе, қарахан әулеті мемлекеттінің әлеуметтік – экономикалық дамуы, саяси құрылымы мен мәдени өмірінің көптеген мәселелері ашыла түсті. Осы мәселеге қатысты зерттеушілердің еңбектеріне ембегіміздің ІІІ-тарауында кеңірек тоқталамыз.       

1983 жылы Фрунзе қаласындағы қырғыз тарихшысы О. Қараевтың қарахандар әулеті мемлекетінің тарихына арналған монографиялық зерттеуі жарық қөрді. Бұл еңбекте қарахандар мемлекетінің осы уақытқа дейінгі зерттелу тарихына қатысты көптеген мәселелерді саралап берді.      

Қарахандар  әулеті тарихына қатысты еңбектерді ХХ ғасырдың соңында жарық көрген еңбектер құрайды. Бұл еңбектер әсіресе отандық тарихшылардың есімдерімен байланысты. Олар Қарахан әулетінің шығу тегіне, құрылу тарихына қатысты тың тұжырымдар ұсынады. Қарахандар әулеті билеушілерінің исламға шын берілген жандар екендігін дәлелдейтін «Қарахандар шежіресін» ғылыми айналым деп атаған. Зерттеушілер Қарахандар әулеті билеушілерінің исламға шын берілген жандар екендігін дәлелдейтін «Қарахандар шежіресін» ғылыми айналымға бірінші болып енгізді [5].

Жұмысының деректік негізінде жарияланған Жүсіп Баласағұни мен Махмұт Қашғаридің еңбектерін пайдаландық. //5/. Қарахандар тұсындағы Шығыс Түркістандағы мұсылман иеліктерінің шекарасы туралы Махмұт Қашғари еңбегінде «Диуани лұғат ит түрік» - күллі түрік дүниесіндегі сан алуан ұлттар мен ұлыстардың мәдени тектестігін, рухани туыстығын, адамзат өркениетінің туыстығы туралы тарихи тұрғыдан мәлімет береді. Шығыс Түркістанда отырықшы аудандар басты екі жолдың бойында – Гучен мен Турфанға апаратын солтүстік жол мен Хотаннан Тарим өзені құятын Лобнорға баратын жолдар бойында жатқаны белгілі. Махмұт Қашғариден біз осыған байланысты мынадай мәлімет аламыз: Усми – Тарим – Ислам жерлерінен ұйғырларға қарай ағатын және сонда құмға сіңіп кеткен үлкен өзеннің аты» .      

Зерттеудің  хронологиялық шеңбері: Бітіру жұмысы X-XII ғасырларда Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Орта Азияның шығыс бөлігі аумағында Амударияға дейінгі аралықта құрылған Қарахан әулеті мәдениетіне арналған.      

Бітіру  жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспе, қорытынды бөлімдермен қатар екі тараудан (II тарау екі бөлімнен) және пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер тізімінен тұрады.      
 

1. Х–ХІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ  ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ  МӘДЕНИ МҰРАСЫНЫҢ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТӘН ҚАСИЕТТЕРІ

1.1  Қарахандар мәдениетіндегі Ұлы Жібек жолының орны      

Қарахан мемлекеті ІХ ғасырдың екінші жартысынан ХІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығы  арасында өмір сүрген ең ірі ортағасырлық мемлекет. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Жетісу мен Орта Азияның Шығыс жартысында Амударияға дейінгі аумақты алып жатқан бұл мемлекеттік құрылым тарихы өте қызықты әрі күрделі. Қарахан мемлекетінің құрылуы қазіргі Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихында маңызды орын алады. Қарахан мемлекетінің құрамына кірген қарлұқ, шігіл, яғма, тухси, т.б. тайпалар қазақ, өзбек, қырғыз т.б. халықтардың қалыптасу процесінде шешуші рөлге ие болды десек қателеспейміз.      

Қарахан мемлекетінің құрылуында және алдыңғы тарихында  қарлұқ конфедерациясының тайпалары  зор роль атқарды, бұл конфедерацияға қарлұқтармен бірге Жетісуда, Нарыннан оңтүстікке таман мекендеген яғма, анағұрлым солтүстікке таман  – Іле өзенінің алқабында Ыстықкөл өңірінің солтүстік аудандарынан көшіп келген жікілдер қоныстанды. Жікілдер Тараз маңында, Құяста, Барысхан сыртында, Жікіл мекенінде және т.б. өңірлерде шоғырлана қоныстанған бірнеше топ болды [9].      

Қарахан мемлекетінің құрылуы Батыста Жетісудан  Испиджабқа дейінгі және шығыста  Қашғарға дейінгі ұлан – байтақ аумақта саяси оқиғалармен, сондай – ақ Қарлұқ қағанатының құлдырауымен байланысты. Жалпы, ІХ ғасырдан ХІІ ғасырдың басына дейінгі дәуір Орталық Азия үшін отырықшылық пен көшпенділіктің, егіншілік пен мал шаруашылығының біртұтас әлеуметтік – экономикалық және мәдени құрылым шеңберінде табиғи түрде өзара ықпалдастығының дәуірі болды. Бұл кезеңнің басты ерекшелігі – отырықшылық аумағы үздіксіз кеңеюмен болды, мұның өзі қоғамның жалпы прогресімен, егіншілік – мал шаруашылығы қорының, сауданың дамуымен және этникалық біртұтастықтың қалыптасуымен байланысты еді      

“Ұлы  Жібек жолы” - Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан тоқсан торабы, сонау ежелгі дәуірден бастап орта ғасырдағы осы аймақтардың сауда және мәдени байланыстарының тұсауын кескен аса маңызды қатынас жолы. Қазіргі жоба адамзат тарихы бойынша Шығыс пен Батыс халықтарының арасында қалыптасқан бейбіт қарым – қатынас сырын жан – жақты зерттеп білуді мақсат етіп отыр. Ол осы «Жібек жолы» көктей өтетін елдердің ғылымы және мәдени топтарының өзара пікір алысуына, мемлекеттер арасында мәмілеге келу байланыстарын орнатуға септігін тигізеді.      

«Жібек  жолы» тек біздің дәуірімізге  дейінгі ІІ ғасырдың орта шенінен  бастап қана тұрақты дипломатия мен  сауданың күре тамырына айналды. Ал осының бәрі император У – Дидің көрмеген Батыс елдерінде жұмсаған князі  Чжон – Цзян бастаған елші керуенінің Хань астанасынан шыққан кезінен, яғни 138 жылы басталды. Ол осы күнгі Ауғаныстанның шет аймақтарына жете алды және Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға дейін тура жолмен тұңғыш рет жүріп өтті. Содан соң жібек тиелген керуен Батысқа соның ізімен аттанып, Қытайға Жерорта теңізінен, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар алып қайтты.      

Қытайдан  батысқа Ферғананың үстінен өтіп баратын бұрынғы қысқа да қолайлы  жолға қарағанда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жаңа жол VІ – VІІ ғасырларда барынша жандана түсті. Жетісуда Орта Азия арқылы өтетін сауда жолдарын қадағалап отыратын түрік қағандары отырды. Екіншіден, Ферғанадан өтетін жол VІІ ғасырдағы өзара қырқысулар салдарынан қауіпті жолға айналды. Үшіншіден, түріктердің ауқатты қағандары теңіздің арғы бетінен әкелінетін тауарларға құштар ірі тұтынушыларға айналды.  

Сөйтіп  VІ - ХІV ғасырлардағы елшілер мен сауда керуендері негізінен осы жолмен ғана өтіп жүрді. Жібек жолының бұл бағыты да толық өзгеріссіз қала алмады. Жүздеген жылдар көлемінде оның жекелеген тармақтары жанданып, жоғарырақ мәнге ие болды. Ал кейбіреулері, керісінше мәнін жойып, жоғалып кетті де олардың бойындағы қалалар мен сауда бекеттері құлдырай бастады. Сөйтіп, VІ – VІІІ ғасырларда негізгі жол торабы Сирия – Иран – Орта Азия – Оңтүстік Қазақстан – Талас алқабы – Шу алқабы – Ыстықкөл қазан  шұңқыры – Шығыс Түркістан арқылы тартылды.  Бұл жолдың тармақталмаған бір бұтағы, дәлірек айтқанда тағы бір жол Византиядан Дербент арқылы шығып, Каспий жағалауын – Маңғыстауды – Арал жағалауын – Оңтүстік Қазақстанды кесіп өтіп, жоғарыда аталған негізгі жолға келіп қосылды. Батыс түрік қағанаты Византиямен сауда дипломатиялық одақ келісім жасасқан кезде бұл жол олардың қарсыласы Сасанидтік Иранды айналып өтеді. Дегенмен ІХ – ХІІ ғасырларда Орта Азия, Орта және Таяу Шығыс, Кіші Азия арқылы Сирияға, Египет пен Византияға баратын жолға қарағанда бұл жол тиімсіздеу болады.       

Алайда, ол жол ХІІІ – ХІV ғасырларда қайта  жанданды. Бұл құрлықтағы саяси жағдайларды  дипломаттар (елшілер) мен ірі саудагерлердің және басқа саяхатшылардың талап – талғамдары реттеп отырды.     

VI ғасырдың ортасында Орта Азияны  өзіне бағындырған түркілер Ұлы  Жібек жолының елеулі бөлігін  бақылауына алған болатын. Жібек  саудасындағы олардың басты делдалдары орталығы Самарқандта болған Зеравшан даласының Соғдылықтары мен Бұхара, Сирия аралығын қадағалаған парсылар болды. Жібек маталардың негізгі тұтынушысы Византия еді. Жібек саудасы түрік қағандары мен Соғдылық көпестерге үлкен табыстар әкелді. Түркілер қытайлардың төлеген алым – салықтарын, әскери олжаны осы соғдылықтардың қолымен өткізіп отырған.      

Түріктер  мен парсылар арасында саяси, экономикалық байланыстар болған. Сондай – ақ түркілер арасына, Оңтүстік Қазақстан  мен Жетісуда әсіресе, Иран әлемінің рухани мәдениетінің бір көрсеткіштері зороастра және манихей діндері таралды. Арабтар Иранды жаулап алғаннан кейін, парсылар арқылы Х ғасырларға таман ислам діні таралды.      

Информация о работе Қарахан мемлекеті