Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 15:51, дипломная работа
Қоғамның объективті тарих біліміне ынта-ықыласы мен қажеттері, Қазақстан тарихы үрдісінің үздіксіздігін, қазақ халқы тарихы мен мәдениетінің ежелден бастап қазіргі күнге дейінгі сабақтастығын жаңа айқындамалар тұрғысынан ашып көрсету үшін жаңа іргелі ғылыми еңбектер дайындалуы керек.
КІРІСПЕ............................................................................................3-6
1. Х–ХІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТӘН ҚАСИЕТТЕРІ……………………………………………………..7-30
1.1 Қарахандар мәдениетіндегі Ұлы Жібек жолының орны
1.2 Қарахан кезіндегі исламның таралуы
2. ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҒЫЛЫМЫ МЕН ӘДЕБИЕТІ………………………………………………………..31-56
2.1 Саманидтердің Қарахан мемлекетінің мәдениетіне ықпалы
2.2 Қарахандар кезеңіндегі рухани мәдениеттің ұлы тұлғалары: Жүсіп Баласағұни және Махмұд Қашғари
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................57-58
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ.............................................................................................59-60
Бұл тұжырымдаманың
көрінісі Самарқандқа жақын жердегі Кушания
Әрбір халықтың
бір нәрсесімен атақты да даңқты екенін
ақындар былайша суреттейді:
Біліп қойған, арабтардан өлеңде ешкім озбайды,
Ал ежелгі гректердің ұлдарына көрінсең,
Ем-домымен жан-дүниеңді қозғайды.
Сауық-сайраүнділердің мекені,
Есеп-қисап, ән-әуенде Римнен кім өтеді,
Сурет салса Қытай өзар өрнегімен, әрімен,
Ал жалғанда хас шебері Бағдаттың
Қашан да артық бәрінен.
Талас аңғарындағы Жамукат деп
Сол бір алыста қалған оқиғалардың замандастары болған түрлі елдердің авторлары белгілі бір мемлекеттердің неден табысқа жеткені туралы ғана емес, қайта өз халқының өзгелер мәдениеттерінің қазыналарын қалай меңгергені туралы жазған, бүкіл дүниежүзілік мәдениеттің нақты бір түрінің негізгі мазмұны да міне, осында болған еді. Езілгендер мен кедейлерге жанашырлық білдіруді уағыздап, рақымсыздықты, дүниеқоңыздық пен екі жүзділікті әшкерелеген, парсының атақты сопы ақыны Жалалиддин (1207-1273жж.) сөздері мәдениеттердің өзара әсері, өзара стамдылық пафосына толы. Руми былай деп жазған: « Түрік пен үндінің ортақ тіл табысуы қандай жиі кездеседі. Екі түріктің жат жандар сияқты болуы да сондай жиі кездеседі. Демек, ынтымақтылық тілі – мүлде басқа мәселе: тіл ортақтығынан, ынтымақ ортақтығы қымбат». Сондықтан Конье қаласында қайтыс болған «жүрек дінін» жырлаушыны соңғы мұсылмандардың, христиандардың, иудейлердің, буддистердің шығарып салғаны тегін емес.
Қолданбалы өнерде,
сәулет өнерінде, қабырғалардағы кескіндеме
товрлардың, мәдени үлгілер мен өлшемдердің Шығыс және Батыс елдеріне тарлуымен қатар музыка
мен би өнері, қызықты ойын-сауықтар, орта
ғасырлардағы өзінше бір «эстарда» өріс
алды. Қызықты ойын-сауықтар, музыканттар
мен бишілердің, жабайы аңдарды үйретушілердің,
акробаттар мен сайқы мазақтардың,фокусшы-
Сарай маңындағы қызметкерлер құрамы шетелдік оркестірлермен толықтырылып отырған. Олар «сарайдағы салтанатты рәсімдерде де, сарайдағы ресми емес салтанаттарда да» ойнаған. Мысалы, патшаның әнді құрмет тұтатын ақсүйектерінің бірі Сюань- цзуньның 30 мың музыкант ұстағаны белгілі. Түрік қағанының Суябқа жақын жердегі өз ордасында елшілер қабыдауының суреттелуі сақталған. «Қаған, -деп жазады осы ресми көзімен көрген буддалық тауап етуші Сюань- Цзан, «шарап қойып, музыка бастауға әмір берді... Осы уақыттың бәрінде жаңғырыққан металл әуені сүйемелдеген жатжерлік музыка қалықтап тұрды. Бұл тағылардың музыкасы болғанымен, ол да құлаққа жағып, жүрек пен ойды қуанышқа бөледі». Тан Қытайында ең көп таралғаны Батыстың – Шығыс Түкістан мен Орта Азия қалаларының музыкасы болғаны мәлім, Кучаның, Қашғардың, Бұхара мен Самарқандтың, Отырар мен Тараздың музыкалық дәстүлерімен ұштасып кетті.
Иран, соғды және түрік актелері Қытайдың хореографиялық мәдениетіне көп үлес қосты. Барлық артистерден бишілер – жасөспірімдер мен қыздар мейлінше әйгілі болды. «Батыстың секіргіш билері» әдетте Ташкенттен келген, иран үлгілі кең көйлек және төбесі сүйір, моншақпен әдіптелген биік бөрік киген балалар орындаған. Олар ұзын мата белбеу буынған, олардың ұштары би қимылдарын орындаған кезде желбіреп тұратын. «Шаш биін» алуан түсті кестемен әшекейленген торғын шапан киіп, күміс белдік буынған екі жас қыз орындаған. Олардың кигендері жеңдері тар көйлек пен кішкене алтын қоңыраулар тағылған төбесі сүйір бөрік, ал аяқтарына зерлі қызыл туфли киген. Биші қыздар «құйындай ұйтқыған Батыс қыздары» биін де орындады, онда алқызыл көйлектер мен жасыл шалбар, аяқтарына қызыл күдеріден тігілген етіктер киген соғды қыздар секіре қозғалып, шыр айналып, шар үстінде тұрып, қалықтап жүрді.
Мысалы Константинопольге Шығыс артистерінің «гастрольге» жиі шығып жүргені мәлім. Мәселен, ақсүйектер қонақасында Византия императрицасы орыс княгинясы Ольганың көңілін сайқымазақтар мен эквилибристикашылар көтерген, ал селжұқ сұлтаны ІІарсланның құрметіне І Мануил жасаған мерекеде түрік акробаты қатерлі сальто орындаған. Бетперде киіп те ойындар көрсетілген. Бұл дәстүр мұсылман елдерінде неғұрлым кейінгі кезде де сақталған. Бағдатта Наурызды мейрамдау кезінде тіпті халифтің өзінің алдында да бетперде киіп ойын көрсетілгені мәлім.
Жібек жолы бойындағы ескерткіштерді қазған кезде түрлі жерлерде музыка және театр мәдениеті саласындағы өзара байланыстың дамығанына көптеген материалдық айғақтар табылды. Бұлар- тан заманынан биші жігіттері мен қыздары, бетперде киген актерлер, түйе үстіне сыйып кететін музыкалық ансамбльдер бейнеленген теракоталар жиынтығы. Бұл артистер көпшілігінің бет-әлпеті ОртаАзия халықтарының өкілдерін көрсетеді. Пенджикенттің, Варахшанның, Афрасиабтың, Топыраққаланың салтанат залдарында және Шығыс Түркістан қалаларында сақталған қабырға суреттерінде бетперде киген музыканттар, актерлер бейнеленген. Пенджиекнтте – биші қыздың ағаштан жасалған тамаша мүсіні, Сырдария бойындағы Кедер қаласын қазған кезде Х- ХІ ғасырлардағы артистің саздан жасалған бетпердесі табылды.
Бағдат қаласы мәдениеттің орталығы болды. 762 жылы құрылып, сол кездегі ғылымның орталығы болды. Қарахандар әулетінің мемлекет билігіне келу қарсаңы мен оның бастапқы кезеңдегі саяси оқиғалар және олардың сипаты сол әулеттің негізін қалаған кімдер екенін білуге көмектеседі. Сондықтан қарахандар әулеті келгеннен бастап, өзекті мәселеге айналған, олардың саманидтермен қатынасын қарастыру қажет.
Саманидтер мен қарахандар әулеті арасындағы тартыс, оның алдындағы қарлықтармен саманидтердің Мауреханнахр үшін таласының заңды жалғасы болып шықты .
992 жылы қарахандар Бұхараны алды және Мауереннахрға (үшін таластының заңды жалғасы болып шықты) басып кірді. Осы кезде саманидтер Джендті алып күшейген селжұқтардан көмек сұрады.
Селжұқтар саманид Нұқ ибн Мансұрға (976-997жж.) көмек берді. Нәтижесінде Бұхараны саманидтер қайтарып алды .
Алайда саманидтер мен қарахандар арасындағы шармыс бұдан кейін күшеймесе әлсіреген жоқ. 996 жылы Али Арслан хан ұлы Наср саманидтерге жаңадан жорық ұйымдастырды. Саманидтер бұл жағдайда өздерінің вассалы газневидтерден көмек сұрады. Бірақ та газневид Себек тегін қарахандар мен келіссөз жүргізіп, нәтижесінде, бүкіл Сырдария бассейні қарахандар қолына көшті.
Соғды жазуы – батыс түріктері арасында кең тараған жазу. Соғдылық құжаттардың әліпбиі алдыңғы Азиядан Парсы арқылы Шығысқа тараған Семиттік, нақты айтсақ, арамейлік жазбадан бастау алады және Иран тілінің солтүстік – шығыс тобына жатқызылады.
Осы арамей шрифтінің түркілер мен Иран тайпаларының арасына таралуы, әрине, Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда қатынастарының дамуымен тығыз байланысты болды. Ұлы Жібек керуен жолының жазудың, жалпы рухани мәдениетінің алмасуына қосқан үлесі зор.
999 жылы саманидтер астанасы
Жалпы жоғарыда келтірілген қарахандар мен саманидтер арасындағы бірлестік күрес түріндегі қатынастардың түп-тамыры ертеден, яғни қарлықтардың Орталық Азияда билік құрған кезінен басталғанын көруге болады. 840 жылы қарлықтар көсемі Испиджаб әмірі Білген Күл Қадырхан “жабғу” атағын тастап, өзін “қаған” деп жар салғанда саманидтер билеушісі Нұқ ибн Асад “қасиетті соғыс” жариялап, Испиджабты жаулап алуы, 893 жылы саманид Испид ибн Ахмедтің Таразды алуы, ал 904 жылы Білге Күл Қадырхан ұлы оғымлықтың саманидтерге қарсы жорығы және оның жиені Сатұк боғра- ханның саманидтер көмегімен Оғымақты жеңіп, Тараз, Қашғар және Баласағұн қалаларын алу - қарлұқтары мен саманидтер арасындағы бұл тартыстардың Қарахандар әулеті тұсында жалғасын тапқанын көрміз. Сөйтіп, 840-1005 жылдарғы қарлық- саманид қатынастарын екі кезеңге бөлуге болады. Біріншісі, 840-942 жылдардағы үкімет басына келтірумен және ислам дінін қарлықтарға қабылдануы мен нәтижесі, екінші, 943-1005 жылдар аралығындағы қарлық конфедерациясындағы тайпалар құрған қарахандар әулетінің саманидтерді толық жеңіп, оларды тарихтың саяси сахнасынан аластатуымен аяқталады.
Түркілердің мәдени – рухани байланысы Мауереннахрдағы тілі мен шығу тегі басқа, бірақ мұсылман ирандық тайпалармен де Бағдад – Араб халифатының астанасымен де жоғары дәрежеде дамыды. Түркілер арасынан көптеген ислам мәдениетін жетік меңгерген араб – парсы хатымен еңбектер жазған Абу Наср әл – Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмед Йассауи т.б. сияқты ғалым – ағартушылар шыққан.
Осылайша түркі мәдениеті, тілі, діні, ойлау қабілеті, әдебиеті мен фольклоры, тұрмыс – тіршілігі, салт – дәстүрі көрсеткіші бойынша дамуы барысында Иран – араб рухани мәдениетімен тығыз байланысты, өзара алмасуда болған.
2.2. ҚАРАХАНДАР
КЕЗЕҢІНДЕГІ РУХАНИ
ХІ ғасырда Қазақстан тарихын
Түркі тілдерін дүниежүзінде ең алғашқы зерттеген – энциклопедист, ғұлама ғалым Махмұт Қашғари. Ол – Хусайн ибн Мұхаметтің баласы. Әкесі Барысханда туған, кейін қызмет бабы мен Қашғарға барып тұрған да (әскери басшы қызметте істеген сияқты, баласы Махмұт, мүмкін сол қалада туған болу керек осыдан барып ныспысын Қашғари атаған). Шамалап айтқанда, ол 1029-1038 жылдардың арасында дүниеге келген. Әкесі сол кездегі Орта Азияны билеген қаған тұқымдарынан, ақсүйек әулетінен шыққан.
Заманында алыс аймақтарға әйгілі болып, саяси-шаруашылық және қоғамдық-әкімгершілік үлкен орталыққа айналған Қашғарда оқып (әлде, жан-жақты дамып, ғарышқа құлаш ұрған сол тұстағы Орта Азияның не бір мықты басқа да шаһарлары мен кенттерінде – Бұқара, Нишапур, Самарқанд, Мерв, т.б. тұрып) білім алған Махмұт өз дәуірінің теңдесі жоқ атақты ғұламасы еді. Классикалық араб тілі мен әдебиетін, тарихы мен мәдинетін, олардың жалпы зерттелу дәрежесін өте жетік білген. Шығыс елдерінің (Қытай, Иран, Түркістан, Орта Азия, Рум, Еділ бойы, т.б.) әлеуметтік өмірі мен әдебиетін түбегейлі меңгерген. Махмұттың ана тілі – Қарахан мемлекеті қағандарының, яғни Шығыс Түркістан түркілерінің тілі (ғалым оны «таза тіл» деп санайды). Ол тілде Іле бойын жайлайтын яғма, тухси, чығыл сияқты тайпалар сөйлеген.
М. Қашғаридың өмірі мен қызметі жайында тиісті мәліметтер жоқ. Бірлі- жарым деректерді оның дүниежүзіне белгілі бір-ақ еңбегінен алуға болады. Еңбек «Диуан Луғат ат-түрік» деп аталады (1070-1074 жж. Бағдатта жазылған). Бұл ат орыс тіліне де қазақ тіліне де (басқа түркі тілдеріне де) «Түркі тілдерінің жинағы» («Диуан» - жинақ деген сөз) «Түркі тілдерінің сөздігі» (еңбектің мазмұны сондай), тағы басқа аттармен әрқилы аударылып жүр.
Махмұт Қашғари бұдан бұрын «Түркі тілдері синтаксисінің асыл қазынасы жайындағы кітап» деген тағы да бір еңбек жазған сияқты (автор оны «Диуани» атап өтеді), бірақ ол әзір табылған жоқ. «Диуанның» да түпнұсқасы жоғалып кеткен, бізге жеткен жалғаз нұсқа-көшірмесі 1266 жылы жасалған қазір Стамбұлда сақтаулы («Диуан» 1914 жылы сол жерден табылған болатын).
Өз еңбегін қалай жазғандығы туралы ғұлама былай дейді: «Мен түріктер, түркімендер, оғыздар, яғмалар, қырғыздардың қалаларын, қыстаулары мен жайлауларын көп жылдар бойы аралап шықтым, сөз жинадым, әр алуан тіл ерекшеліктерін үйреніп, оларды анықтап отырдым. Мен бұл істерді тіл білмегендігімнен емес, сол тілдердегі әрбір жеке айырым белгілерді бақылау үшін істедім. Әйтпесе, мен тілдерді өте жақсы, жетік білетін мамандардың, жіті аңғарып, ескі мен жаңаны жыға танитын білімпаздардың бірімін». [36]. Махмұт Қашқари XI ғасырда дүниеге келіп, Шу, Талас өңіріндегі Баласағұн қаласында өмір сүрген ғалым. Ол – ұлы әдебиетші ауыз әдебиеті үлгілерін жинап зерттеуші ойшыл философ, белгілі саяхатшы. «Түркі тілдерінің жинағы» (Диуани Лұғат ат-түрік) кітабының авторы. 1072-1074 жылдары жазған. Өз заманындағы түркі, араб грамматикасын жасап жетік білген. Бүкіл түркі тайпаларын аралап, олардың тіл ерекшеліктерін, сөздік қорын зерттеген. Сөйтіп түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасын жасап шыққан. «Диуани лұғат ат-түрік» тек түрікше–арабша түсіндірме сөздік емес, ол түркі тілдерін зертттеуде теңдесі жоқ ғылыми еңбек. Бұл сөздік ХІ ғасырда Қарахан дәірінде дүниеге келген мұра. Махмұт Қашғари сөздігі бүкіл түркі тайпаларының сөздігін қамтыған сөздік болды. Егер, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегінде ғылым байлығымен күнәсіз өмір сүру негіздері жайлы ғылымды дамытқан болса, Ахмет Йассауи «Диуани хикмет» шығармасында қоғамдағы қажетті әлеуметтік –тұрмыстық тәртіпті айқындап, тақуалық пен опасыздықтың мәнін ашты. Ал Қашғари «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегінде ата-бабаларының тегі туралы да көптеген тарихи мәліметтер келтіреді. Махмұт Қашғаридың бұл еңбегі үлкен энциклопедиялық шығарма екендігіне және онда аса бағалы да құнды деректер берілгендігіне күмән жоқ. Диуанида 29 тайпаның аты аталды. Ол адамдарды өнер-білімге, әдептілікке шақырып, адамгершілік мораль, этика, ұлтшылдық мәселесін сөз етеді.
Қорыта айтқанда Жүсіп