Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 14:28, реферат
Оқу лабораторияларында жүргізілетін күнделікті жұмыстардан зерттеу-практикалық жұмыстарына дейін дұрыс, нақты орындалуы басты шарт болып табылады. Оларды дәлдікпен жүргізуге бізге әртүрлі құрал-жабдықтар көмектеседі. Мысалы, кез-келген жұмысты аналитикалық немесе кез-келген химиялық таразысыз, дұрыс тандалған химиялық ыдыссыз жүргізу мүмкін емес.
Оқу зертханаларында жүргізілетін химиялық, физико-химиялық, физикалық зерттеу әдістері арнайы құралдарсыз жүргізу мүмкін емес. Мұндай арнайы құралдарға колориметр, спектрометр, спектрофотометр, рН-метр, муфельді пештер, ең бастысы аналитикалық таразы және т.б. құралдар жатады. Осы құралдардың кейбірімен таныса кетейік.