Химиялық қару

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 17:22, реферат

Краткое описание

Адамзат тарихының көпшілік бөлігін әр түрлі дәрежедегі қақтығыстар, халықтар арасындағы соғыстар мен шабуылдар құрайды. Осыған байланысты соғыс қарулары қарапайым түрлерден бастап күрделі түрлерге дейін пайда болу, даму сатыларынан өтті. Заманауи технологияның қарыштап дамуына орай соғыс қаруларының жетілген түрлері пайда болуда.

Оглавление

Кіріспе..........................................................................................................
1.Химиялық қару ..............................................................................
2. Химиялық қарудың жіктемесі мен түрлері .............................
3. Химиялық қарудың әскери іс-қимылдарда қолданылуы.............
Қорытынды.................................................................................................

Файлы: 1 файл

хим оружие.docx

— 62.52 Кб (Скачать)

Қазақстан республикасының  Ғылым және Білім Министрлігі

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қызақстан мемлекеттік  университеті

                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

  Тақырыбы: «Химиялық қару» 

    

 

 

 

 

 

                      Тексерген: Салықжанова А.А.

                                 Орындаған: Манаготов С.Қ. ЭК-11В

    

 

 

 

Өскемен 2012 жыл

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

 

Кіріспе..........................................................................................................

1.Химиялық қару ..............................................................................

2.  Химиялық  қарудың жіктемесі мен түрлері  .............................

3. Химиялық қарудың  әскери іс-қимылдарда қолданылуы.............

Қорытынды.................................................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                Кіріспе

 

Адамзат тарихының көпшілік бөлігін  әр түрлі дәрежедегі қақтығыстар, халықтар арасындағы соғыстар мен шабуылдар  құрайды. Осыған байланысты соғыс қарулары қарапайым түрлерден бастап күрделі  түрлерге дейін пайда болу, даму сатыларынан өтті. Заманауи технологияның  қарыштап дамуына орай соғыс қаруларының  жетілген түрлері пайда болуда. Солардың бірі – химиялық қару. Алайда мұны жаңа пайда болған қару деп айта алмаймыз. Ол ерте кезде улы өсімдіктерді жағып, түтету арқылы жауды тұншықтыру, көзінен  жас ағызып, көрсетпеу үшін пайдаланылған. Бірте-бірте дами отырып, түрлі формада  пайдаланылатындай дәрежеге жетті. Әсіресе, химиялық қарудың барынша  көп қолданылған кезі бірінші  дүниежүзілік соғыс болды. Соңғы  жылдары химиялық қаруды пайдалануды  шектеу, химиялық қарусыздану мәселесі күн тәртібіне өткір қойылып, шешімін табуды күтуде. Осы мәселелерді  қарастыру, атап айтқанда, химиялық қару, оның түрлері, қолданылу барысы, қарусыздану, оны шешу бағытында атқарылып  жатқан істер жайында рефераттық деңгейде қарастыру өзекті болып  табылады.

Реферат негізінен үш тараудан тұрады. «Химиялық қару» деп аталатын алғашқы тарауда химиялық қару дегеніміз  не деген сұраққа жауап қарастырылған. «Химиялық қарудың жіктемесі  мен түрлері» деген екінші тарауға  оның түрлері мен жіктелуі, жасалатын  формасы, пайдаланылатын улағыш заттары  туралы мәселе өзек болып, үшінші тарауда  химиялық қарудың іс жүзінде, атап айтқанда әскери ұрыста пайдаланылу тарихы, бірінші дүниежүзілік соғыста қолданылуы сөз болады. Қорытындыда осы тарау  бойынша тұжырым жасалып, химиялық қарусызданудың жүру барысы баяндалған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 1. Химиялық қару

 

Химиялық қару дегеніміз уландыратын заттар мен  құралдар, олар ұрыс алаңында қолданылады. Химиялық қарудың қырып-жоятын әсерінің негізін уландырғыш заттар құрайды. Уландырғыш заттар (УЗ) дегеніміз химиялық түзілістерді білдіреді, олар қолданылған  кезде қорғанышсыз тірі жандарды қырады немесе олардың соғыс қабілетін  әлсіретеді. УЗ өзінің қырып-жою қасиеті  бойынша басқа соғыс құралдарынан ерекшеленеді: олар ауамен бірге әртүрлі  ғимараттарға, танкке және басқа әскери техникаға енуге қабілетті және олардың ішіндегі адамдарды қырады; олар өзінің жойғыш қасиетін ауада, жерде  және әртүрлі жерлерде бірқатар уақыт, кей жағдайда ұзақ уақыт сақтайды; ауада және ауқымды аумақты ірі  көлемде тарай отырып, ол қорғау құралдары жоқ сол жерлердегі барлық адамдарға әсер етеді; УЗ сол  сияқты желмен де ұзақ қашықтыққа тарала алады.

 

              2.  Химиялық қарудың жіктемесі  мен түрлері

Улағыш заттар (УЗ) химиялық қарудың негізін қүрайды. Химиялық қарудың әсерінен адамдар  мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану  ошағыдеп аталады.  
УЗ зақымдау әсерінің белгілі ерекшеліктері бар. Олар қысқа мерзімде адамдар мен малдарды жаппай зақымдандыруы мүмкін. УЗ тек аумақты ғана емес, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды. Бу (газ) тәріздес күйде, түман түрінде УЗ ғимараттарға, қымталмаған қорғаныс панаханаларына еніп, адамдарды зақымдайды. УЗ зақымдағыш әсерін бірнеше сағат, тәулік, апта бойында сақтайды.  
УЗ тыныс алу органдары арқылы, тері ұлпалары мен кілегейлі қабықтар арқылы, сондай-ақ УЗ-мен зақымданған тамақ пен су арқылы асқазан-ішек жолдарымен организмге өткен кезде адамдарды зақымдайды.  
Осы заманғы УЗ организмге тек терінің зақымдалған бөліктері арқылы ғана емес, сондай-ақ киім арқылы да зақымдауға қабілетті. Зақымдау әсерінің өткірлігі, уланудың жылдам және ауырлануы организмге түскен УЗ-ның улағыш қасиеттері мөн санына, УЗ-ның түсу жолдарына, оны қолдану әдістері мен құралдарына, метеорологиялық жағдайларға, сондай-ақ организмнің жәй-күйіне байланысты.  
Зілзала, өндірістік авариялар болған уақытта, осы заманғы зақымдау қүралдары қолданылған кезде химиялық зақымдау ошақтары қатты әсер ететін улы заттардың (УЗ) ыдыстарының қирауы нәтижесінде пайда болуы мүмкін.  
Улағыш заттардың жіктелісі  
Барлық УЗ организмге улылық әсерінің сипаты бойынша мынадай топтарға бөлінеді:  
♦ жүйкені жансыздандыратын УЗ-фосфорорганикалық заттар  
(ФОЗ) тобы - зарин, зоман, V - газдар;  
♦ жалпы улағыш әсері бар УЗ - көгілдір қышқылы, хлорциан;  
♦ терінің қүрысуына әсер ететін УЗ - иприт, люизит;  
♦ түншықтырғыштық әсердегі УЗ - фосген, дифосген;  
♦ көздің жасын ағызатын және тітіргендігіштік әсері бар УЗ - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ (си-эс);  
♦ психохимиялық әсер ететін УЗ - ДЛК және В2 (би-зет) лизергин қышқылының диэтиламиді;  
Улылық әсерін анықтау уақытына байланысты жылдам әсер ететін УЗ (зарин, зоман, V -газдар, көгілдір қышқылы) және баяу әсер ететін УЗ болып бөлінеді (иприт, фосген).  
УЗ улылық жіктелісі бойынша былай бөлінеді:  
♦ өлімге ұшырататын - (зарин, зоман, V - газдар, көгілдір  
қышқылы, иприт, люизит, фосген);  
♦ уақытша есті тандыратын - ДЛК, В2;  
♦ тітіркендіретін - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ.  
УЗ төзімділігі бойынша төзімді және төзімді емес болып бөлінеді. Төзімді УЗ-ға иприт, заман, V - газдар жатады, олар жерді бірнеше сағаттан бастап бірнеше тәуліктерге дейін, кейде тіпті айлар бойы зақымдайды. Төзімді емес УЗ-ға зақымдағыш әсері бірнеше минуттан бір сағаттқа дейін созылатын заттар жатады (көгілдір қышқылы, фосген).

Химиялық оқ-дәрілерді  мынадай сипаттамалары бойынша  бөлуге болады: - қолданылатын УЗ-дың  тұрақтылығы – УЗ-дың адам ағзасына физиологиялық әсер ету сипаты –  қолданылу құралдары мен тәсілдері  – тактикалық арналуы – басқыншылық  әсерінің жылдамдығы.

1. Тұрақтылығы. Қолданылғаннан кейін қанша уақыт өзінің улағыш күшін сақтай алатынына қарай ол: - тұрақты және тұрақсыз деп шартты түрде екіге бөлінеді. Улағыш заттардың тұрақтылығы олардың физикалық және химиялық құрамына, қолдану тәсілдеріне, метеорологиялық талаптарға және жердің ыңғайына байланысты болады. Тұрақты УЗ өзінің жою күшін бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін сақтайды. Олар баяу буланып, ауа мен ылғалдың әсерінен әлсіз өзгереді. Тұрақсыз УЗ ашық жерде өзінің қырғыш күшін бірнеше минут қана сақтайды.

2. Физиологиялық ықпал етуі. Улағыш заттар адам ағзасына әсер ету сипатына қарай бес топқа бөлінеді: - жүйкені істен шығару – теріге әсер ету – жалпы улы – тұншықтыратын – психохимиялық әсер ету.

3. Қолдану құралдары мен тәсілдері. Әскери мамандардың көзқарасы бойынша улағыш заттар мынадай міндеттерді шешуге қолданылады: - тірі күштерді жою немесе қатардан шығару мақсатында; - белгілі бір уақыт ішінде жау әскерін әлсіздендіру, бұл теріге әсер ету, жүйкені істен шығару арқылы жасалады; - жауды бұғаулап қою, бұл тұрақты улағыш заттарды қолдану арқылы жасалады; - осы міндеттернді шешу үшін : - ракеталар – авиация – артиллерия – химиялық фугастар пайдаланылады.

4. Негізгі улағыш заттардың сипаттамасы. Қазіргі уақытта УЗ ретінде мынадай химиялық заттар пайдаланылады: - зарин – зоман – V-газдар –

иприт – синильді қышқыл – фосген – диметиламид  лизергинді қышқылдар.

 

 

 

 

 Зарин- түссіз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат.Оны кез-келген мөлшерде суға немесе органикалық еріткіштерге араластырып қолданады. Судың әсеріне тұрақты қарсылық көрсететіндіктен тұйық су  көздерін ұзақ уақыт бойы уландырады. Адамның терісіне, киіміне тез сіңіп кетеді. Оның буы 20 км-ге дейін тарайды . Ойлы жерлерде жазда бірнеше сағатқа, қыста 2 тәулікке сақталады.

 

 

 

 Зоман- теріге өтіп, тыныс алу жолдарын улайды. Организмге сіңіп алғаннан кейін орталық нерв жүйесіне зардабын тигізеді. Өлтіргіш қуаты бар кезіңде адам жүректен сал болып ісінуінен өледі.

Қорғаныс  шаралары мен құралдары: теріні қорғау құралдарын және противогаз пайдалану, панаханаларға , арнайы баспаналарға жасырыну.Улы заттардың барлығын химиялық байқау құралдары арқылы анықтайды.

 Ви-икс-газдары. Олар аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі. Оның иісі болмайды. Суықта қатпайды. Суда баяу ериді-5, ал органикалық еріткіштер мен майларда жақсы ериді.

Ашық жатқан су көздерін/көл,өзен/ өте ұзақ уақыт  бойы-

 Айға дейін  зақымдандырады. Адамның терісіне, тыныс жолдары, -киіміне сіңу арқылы  уландырады. Жазды күні бір жерде   тәулік бойы, ал қысты күні 2-3 айға  дейін сақталып улайды.

 

 

 Иприт-Теріні күйдіріп, іріндететін улағыш заттардың бірі. Ол сарымсақтың иісі бар сарғыш немесе қара қошқыл түсті сұйық зат. Органикалық еріткіштерге жақсы ериді. Әр түрлі лакты бояу жағылған заттарға, резинаға, саңылаулы материалдарға, адамның терісіне оп-оңай

сіңіп кетеді.Адам терісі 2-3 сағатта қызарады да, жараға айналып 20-30 тәулік бойы жазылмайтын  жара пайда болады.

Адам иприттің буымен демалғанда бірнеше сағаттың, ішінде-ақ ауыра бастайды да, тез  арада өкпесі қабынып, ісініп, тынысы тарылып, адам тұншығып өледі.

Қорғаныс  шаралары мен құралдары:противогаз, тері қорғау құрал-жабдықтары және арнайы баспаналар.

 

 

 Синиль  қышқылы Тез буланып кететін түссіз зат. Ашық жерде тез буға айналып, ұшып кетеді. Қату температурасы – 14 С, адам синиль қышқылы тараған ауаны жұтқаннан уланады.

Қорғаныс  жолы: противогаз,арнайы баспаналар пайдалану. Синиль қышқылы химиялық құралдар арқылы анықталады.

 

 

 Фосген тұншықтырғыш улы зат. Түссіз газ түрінде болады, ауадан 3,5 есе ауыр. Шірігеен шөптің иісі шығады. Буланған кезде адамды уландырады Тегіс жерде 30-50мин, ал ойлы жерлерде 3 сағатқа дейін сақталады. Адамды тыныс алу  органдары арқылы зақымдайды. Мұнымен уланған адамға қолдан тыныс алдыруға болмайды. Бұл газдан қорғану жолы противогаз бен баспананы пайдалану.

Тез әсер ететін улағыш заттар (Быстродействующие отравляющие вещества) — адам ағзасына әсері тыныс органдарына және теріге тигенде (мыс., кәгерткіш кышқыл, зарин және т.б.) бірден сезілетін ұлагыш заттар

 

3. Химиялық қарудың әскери іс-қимылдарда  қолданылуы

Улы газдарды пайдалану алғашқы  кезде бейбіт мақсатта болған. Мысалы, қансорғыш жәндіктерді қыру, жемістерді кеміргіш жәндіктерді жою, т.б. Египетте, және Қытайда осыған арнап тұрғын үйлерді улаған. Қытай бірінші  болып осы шаруашылықты жетілдірді. Б.з.д. 4 ғасырдағы мәтіндерде улы  газдарды бекініс қабырғаларының түбіндегі  жаумен күрес үшін пайдаланғаны жайлы  деректер келтіріледі. Жауды горчица  мен жусанның түтінін құбыр арқылы жібере отырып, ығыстырды. Улы газдар тұншықтырып тастады кейде өлтіріп  те жіберетін. Біртіндеп соғыс алаңында у, оқдәрі мен смола қоспасынан жасалған бомбалар сынақтан өткізіле бастады. Сондай-ақ Еуропада да УЗ-ды соғыс барысында пайдалану қадамдары жасалды. Улағыш түтін б.з.д. 431-404 жылдардағы Пелопоннеск соғысында пайдаланылды. Улы заттардың қоспасынан жасалған улағыш заттар жайлы Леонардо да Винчи де жазған. 1855 жылы Қырым науқаны кезінде ағылшын адмиралы лорд Дэндональд газбен шабуылдау идеясын жасады. Дегенмен әскерилер арасындағы жаппай қырып-жоятын осы қаруға деген теріс көзқарас оның ХХ ғасырдың басына дейін кең қолданылуын тежеді. Бірінші Дүниежүзілік соғысты толықтай «ГАЗ СОҒЫСЫ» деп атауға болады. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі және содан кейінгі соғыстардың ешқайсысында 1915-1918 жылдарда қолданылғандай көлемде уландырғыш заттар қолданылған жоқ. Бірінші дүниежүзілік соғыс барысында химиялық заттар ірі көлемде қолданылды: мысалы 12 мың тонна иприт қолданылып, 400 мың адамды қырды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары ішінде улағыш заттар қосылған әртүрлі типтегі барлығы 180 мың тонна оқ-дәрі шығарылып, оның 125 мың тоннасы соғыста қолданылды. УЗ-дың 40-аса түрі сынақтан өткізілді. Химиялық қарудан қайтыс болған адамдардың жалпы саны 1,3 млн. адам деп есептелді.

          Әскери УЗ-ды өндіру орталығы  Леверкузен болды, онда материалдардың  ірі көлемі өндірілді, бұған  1915 жылы Берлиннен Әскери химиялық  мектеп көшірілді – онда 1 500 техникалық және басқарушы қызметкерлер болды. Оның Гюштедегі лабораториясында тоқтаусыз 300 химик жұмыс істеді. Улағыш заттарға арналған тапсырыстар әртүрлі зауыттар арасында бөлінді. «N2 снаряды» деп аталған әскери УЗ қолдану бойынша алғашқы тәжірибені германдықтар жасады. 1914 жылғы 27 қазанда осындай снарядтардың 3 000 Батыс фронтта Нев-Шапельге шабуыл барысында қолданылды. Снарядтардың тітіркендіргіш күші соншалықты мықты болмаса да, оның Нев-Шапельді алуда көмегі қомақты болды. Кейіннен ол қолданыстан алынып тасталды. 1914 жылдың соңында Германияда әскери УЗ-ды, әсіресе артиллериялық оқ-дәрілерді іздестіру жөніндегі жұмыстар басталды. Бұл әскери УЗ снарядтарын жабдықтаудың алғашқы талпынысы болды. Дегенмен снарядтар өндірісінде дағдарыс орын алды, ал жоғары әскери басшылық газ снарядтарын жаппай дайындаудың тиімілігіне күманмен қарады. Сол кезде доктор Габер газды газ бұлты ретінде пайдалануды ұсынды. Мұны жасаудағы алғашқы тәжірибелер аз ауқымда жасалды. 1915 жылы 22 сәуірде Германия хлорлы шабуылды көбейтуге күш салды, 5730 баллон хлор шығарды.

 

5-8 минут ішінде 6 км фронтта 168-180 тонна хлор  шығарылды – 15 мың солдат жарақат  алып, олардың 5 мыңы опат болды.  Неміс үгітшісі мұндай снарядтардың  соншалықты зиянды емес екендігін  мәлімдеді. Одақтастардың әскері  мұндай газды шабуылды күтпеген  еді, 1915 жылғы 25 қыркүйекте Британ  әскері өзінің хлорлы шабуылын  бастады. Кейіннен газобаллонды  шабуылда хлор да, сол секілді  хлордың фосгенмен қоспасы да  пайдаланылды.

          Фосгеннің хлормен қоспасын УЗ  ретінде алғаш рет 1915 жылғы  31 мамырда Германия орыс әскерлеріне  қарсы пайдаланды. 12 км фронтта  – Болимиовтың түбінде (Польша) осы қоспаның 264 т шығарылды. 2 орыс  дивизиясында қатардан 9 мың адам  шықты – 1200 опат болды. 1916 жылдың  басында француздар хлордан, фосгеннен  және дифосгеннен қорғайтын «Маска  М-2» противогазымен әскерін жабдықтады. 1916 жылы германиялық противогаз  фосгенді жұтып алатын үш қабатты  патронды алды.

1915 жылғы германиялық  противогаз

Ресейде жетілдірілген  ылғалды маска Зелинский-Куммантаның  противогазы және Горный инститтуттың шамалы нашарлау противогазы қолданысқа енді.

Зелинский-Куммантаның  противогазы

        Химиялық зақымдану құралдарын  әскери мақсатта ішінара пайдалану  барлық соғыстар тарихында өз  орнын тапқан.

Химиялық қаруды пайдаланбау туралы 1899жылы және 1907жылы халықаралық Гаагада өткен конференцияларда улағыш заттарды әскери мақсатта қолдануға  тиым салатын келісім-шарттар қабылданды.

Информация о работе Химиялық қару