Химиялық қару

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 17:22, реферат

Краткое описание

Адамзат тарихының көпшілік бөлігін әр түрлі дәрежедегі қақтығыстар, халықтар арасындағы соғыстар мен шабуылдар құрайды. Осыған байланысты соғыс қарулары қарапайым түрлерден бастап күрделі түрлерге дейін пайда болу, даму сатыларынан өтті. Заманауи технологияның қарыштап дамуына орай соғыс қаруларының жетілген түрлері пайда болуда.

Оглавление

Кіріспе..........................................................................................................
1.Химиялық қару ..............................................................................
2. Химиялық қарудың жіктемесі мен түрлері .............................
3. Химиялық қарудың әскери іс-қимылдарда қолданылуы.............
Қорытынды.................................................................................................

Файлы: 1 файл

хим оружие.docx

— 62.52 Кб (Скачать)

1914 - 1918 жылдардағы  дүнйежүзілік соғыс кезінде Германия  қабылданған шешімдерді бұза  отырып, тітіркендіргіш-уландырғыш  заттары бар артиллериялық химиялық  снарядтарды қолданды. 1915 жылдың  сәуірінде Ипра ауданында (Бельгия)  неміс әскерлері алғашқы газ  баллонды қолданып шабуыл жасады, нәтижесінде алғашқы сағаттарда 6 мың адам өліп 15 мыңдайы әр  түрлі дәрежеде зақым алды.

1914-1918 жылдары  180 мың тоннадай әр түрлі УЗ  шығарылды, оның 125 мың тоннадайы  ұрыс алаңдарында қолданылды. Тек  Германияның өзінде 34 млн-дай химиялық  снарядтар дайындалды. Дүниежүзілік  соғыста УЗ-дан зақымданғандардың  жалпы саны 1 млн 300 мың адамдай  болды.

1925 жылдың 17 маусымында 37 мемлекеттің өкілдері Женевада  «Соғыста тұншықтыратын улы немесе  басқа да тәрізді және бактериялогиялық  заттарды қолдануға тиым салу  туралы хаттамаға» қол қойды.  Кеңестер Одағы бұл хаттамаға  1927 жылы қол қойып, оны 1928 жылы  мақұлдады. Қысқа мерзім ішінде  Женева хаттамасын әлемнің көптеген  елдері мақұлдады. Кейбір ірі  мемлекеттер, мысалы АҚШ пен  Жапония, оны мақұлдаудан бас  тартты. Тек 50 жыл өткеннен кейін  ғана АҚШ бірнеше ұсыныстар  енгізе отырып, бұл хаттаманы  мақұлдауға мәжбүр болды.

Бірақ тарихта  Женева келіссөзіне қарамастан, басқыншылық  соғыста химиялық қаруды қолданғаны туралы деректер бар. Мысалы, 1935-1936 жылдары  Эфиопиямен соғыста итальяндықтар  жаппай химиялық шабуылды 19 рет жүргізді. 760 мыңдай әскер мен Эфиопия тұрғындарының 30%-дайы химиялық қарудан қаза тапты. Химиялық қаруды Жапония 1937-1943 жылдары  Қытаймен болған соғыста қолданды.

АҚШ халықаралық  келіссөздерді бұзып, 1951-1952 жылдары  Кореядағы ұрыс қимылдары кезінде  химиялық қаруды қолданды. Көптеген жылдар бойы американдық агрессорлар Вьетнамға  және Үндіқытайдағы басқа мемлекеттерге  қарсы соғыста химиялық қаруларды  кеңінен қолданды. Тек Вьетнамның өзінде 100мың тоннадан астам химиялық заттар жұмсалды. Одан 2 миллиондай адам зардап шегіп, химиялық заттар әсерінен 360 мың гектар өңделген жер және 0,5 миллион гектар ормандағы өсімдіктер жойылды.

Соғыста химиялық қаруды қолданудың бүкіл адамзат  ұшін қауіптілігін ескере отырып, әлем қауымдастығы бүкіл армия арсеналынан  химиялық қаруды шығарып тастау, оған толық тиым салу үшін күрес жүргізеді.

Химиялық қару – ұрыстық улы химиялық заттарды (ҰУХЗ) қолдануға негізделген жаппай зақымдау құралының бірі.

ҰУХЗ улағыш заттар мен уыттылар жатады, ол адам мен жануарлар ағзасын зақымдауға арналады, сондай-ақ ҰУХЗ өсімдіктердің  әр түрін зақымдау үшін қолданылатын фитотоксиконттар да жатады.

Химиялық қаруларды  объектілерге жеткізу үшін авиация, ракеталар, артиллерия мен инженерлік және химиялық әскери заттар қолданылады.

Химиялық қарудың  ұрыстық қасиеті мен өзіне  тән белгілеріне мыналар жатады:

УЗ мен токсиндер  өте улы болады, азғантай дозаның  өзінде ауыр және өлім қаупін тудыратындай зақымдайды;

ҰУХЗ-дың тірі организмді зақымдау әрекетінің биохимиялық  механизмі;

УЗ мен токсиндердің қару-жарақ пен ұрыс техникасына, ғимараттарға, құрылыстарға өтіп, ондағы қорғалмаған тірі күшін зақымдау қабілеті;

ҰУХЗ-дың белгілі  бір уақыт бойы жергілікті жерді, қару-жарақты, ұрыс техникасы мен  атмосферадағы өзінің зақымдау күшінің  әрекет ету ұзақтығы;

қарсыластардың  ҰУХЗ-ды қолдану фактісін және оның типін дер кезінде табудың  қиындығын белгілеу;

тірі күшті  зақымдау дәрежесі мен сипатын басқарудың мүмкін болатындығы;

химиялық қару зардаптарынан қорғану және оны  жою үшін химиялық барлаудың, жеке және ұжымдық қорғану, газсыздандыру, санитарлық өңдеу, антидот және т.б. әр түрлі  кешендер шарасын қолдану қажеттілігі.

Химиялық қаруды қолдану нәтижесінде ауыр экологиялық  және генетикалық зардаптар болуы  мүмкін. Химиялық қаруды қолданудың экологиялық  зардабы ҰУХЗ-дың жануарлар мен  өсімдіктер әлеміне, сондай-ақ топыраққа, суға, ауаға тигізетін әсерімен байланысты, одан қоршаған ортаның жағдайы шиеленісіп, адамның өмір сүруін қиындатады. Генетикалық  зардаптар келешек ұрпақтың дамуында жағымсыз із қалдырады.

Ұрыстық улағыш химиялық заттар  (ҰУХЗ) әрекеттері жөнінен:

жүйке жансыздандыратын әрекетті УЗ - VХ (ви-икс), зарин, заман;

тері-іріңдік  әрекетті УЗ – иприт, люизит;

тұншықтырғыш  әрекетті УЗ – фосген, дифосген;

жалпы улы әрекетті УЗ – синил қышқылы, хлорциан;

тітіркендіргіш  әрекетті УЗ – СS (си-эс), СR (си-ар);

психохимиялық әрекетті УЗ – ВZ (би-зет) деп бөлінеді

Химиялық қарудың  зақымдаушы факторларына ҰУХЗ-дың әр түрлі ұрыстық күйі жатады. ҰУХЗ-дың  ұрыстық күйінің түрлері: бу, аэрозоль және  тамшылар.

Бу – газ  тәрізді түрде болатын зат,

Аэрозольдар –  ауада тұратын және сұйық бөлшектерден құралған дисперсті гетерогенді (біртектес  емес) жүйелер.

Тамшылар - өте  ұсақ бөлшектер.

Бу және жұмсақ дисперлі аэрозоль қалпындағы химиялық зат ауаны уландырып, дем алу  арқылы тірі жанды зақымдайды (ингаляциялық зақымдану).

Қатты дисперлі аэрозоль және тамшы түріндегі ҰУХЗ жергілікті жерді, қару-жарақты, әскери техниканы, әскери киімді, қорғану құралдарын, суларды зақымдап, қорғалмаған тірі жанды оның тері бетінде бөлшектердің түскен кезінде де, олардың зақымданған  жер бетінің булану нәтижесінде  түсу немесе тірі жанның зақымданған  жермен түйісу жасағанда да зақымдауға қабілетті.

Тірі жанның зақымдануы зақымданған тамақ өнімдері мен суды қолдану кезінде де болуы мүмкін

 

       

                                                 Қорытынды

          Химиялық қарулануды жою: денсаулық  сақтау, жұмыс қауіпсіздігі және  қоршаған ортаны қорғау мәселелерін  техникалық тұрғыдан қарау

Соңғы жылдары химиялық қарудың  адам ағзасына тигізер зиянының ересендігіне байланысты әлем халқы оны жою, қарусыздану  мәселелерін үнемі көтеруде. Халықаралық  дәрежедегі келіссөздер жүргізіліп, белгілі деңгейде жетістіктерге  қол жеткізілуде.

Химиялық қаруды жоюдың негізгі технологиясы өртеу  болып қалып отыр. Қалдықтардың қомақты  көлемі аталып өтті: 1 тонна УЗ-ға 4 тонна. Ресейдің химиялық қару жою жөнінде  бірде бір қолданыстағы объектісі  жоқ екені атап көрсетілді, ал жұртшылықтың қарсылығына байланысты Чапаевскідегі  зауыт іске қосылмады. Бірінші кезектегі  объектілер – Горный және Камбарка бойынша әлі ешнәрсе де дайын  емес; Ресей үшін химиялық қарусыздану  бағдарламасының құны 1995 жылғы бағамен 24 трлн. рубл. Химиялық қаруды жоюдың бірден бір қолданыстағы әдісі өртеу  әдісімен жою – қазіргі заманғы  экологиялық талаптардың барлығына  жауап беретін, пайдаланылғаннан бері алдыңғы 25 жыл ішінде  сынақтан өткен  және жетілдірілген өртеу әдісі. Бұл әдіс химиялық қаруды әр түрлі  нысанда – УЗ контейнерлері мен  оқ-дәрілерден алынған, сол сияқты оқталмаған оқ-дәрілер, оның ішінде қашықтатылмаған  жарғыштарымен, сондай-ақ ластанған  орау материалдары және басқалары түрінде  жоюға арналған. Осы типтегі екі  ірі қондырғы кезек күттірмей  жоюды талап ететін химиялық қарумен  жұмыс істеуге арналған бірінші  кезектегі объектілер ретінде жасалған. Осы объектілерге химиялық қарудың  барлық қорының 45% келеді. Әрине, ХО жою  әдісін барынша қауіпсіздендіруді  табанды талап етуші қоғамдық қозғалыс та бар, бірақ бұл қолданылып жүрген әдістер экологиялық стандарттарды  қанағаттандырмағанына байланысты емес. Лақтырындылары шектелетін заттарды барынша шоғырландыруға жол берілетіннен қолданыстағы ошақтарда ластану  деңгейі шамамен 1/10 болады. Жұртшылықтың қысымымен әскер балама технологияларды  іздестіруге және зерттеуге міндеттелді. Химиялық қару барынша қауіпсіз және қол жеткізілетін нысанда сақталатын (1 т контейнерлерде) және қарусыздандыру кестесі оны жоюды кем дегенде 5 жыл ішінде асықпауға осы 2 штат жұртшылығының ықпалымен балама технологиялар негізінде химиялық қарусыздану стратегиясы бекітілді. Химиялық қаруды жоюдың балама технологиялары. Химиялық қаруды жоюдың  осы немесе басқа технологиясын қабылдаудың  шешуші сәті халық үшін қатердің ең төменгі шегін бағалау болып  табылады. Қазіргі техникалық деңгейде химиялық қаруды сақтау тәуекелі оны  жою тәуекелінен бірнеше мәрте  асып түседі, сондықтан барынша жылдам жою соғұрлым қажетті.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

1.Өмір тіршілігі  қауіпсіздігі Авторы :С.Арпабеков  Алматы 2004

2.Төтенше жағдайлар  және Азаматтық қорғаныс жөніндегі  материалдардың ақпараттық-әдістемелік  жинағы Өскемен 2003

3.Ғаламтор жүйесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Химиялық қару