Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2013 в 16:37, дипломная работа
Талап арыз (арыз, шағым) қабылдау арқылы азаматтық іс қозғағаннан кейін сот азаматтық процестің келесі азаматтық істі соттта қарауға әзірлеу саласына өтеді. Нақты азаматтық істі сотта қарау сатысында бұзылған немесе даулы құқытар, бостандықтар және заңмен қорғалатын мүдделер қоғауы жүзеге асырылады. Егер істі қарау және шешім бойынша сәйкесті әзірлік жүргізілсе бұзылған немесе даулы құқытарды, бостандықтарды қорағап шығуға мүмкіндік бар. Кез келген азаматтық іс бойынша сотта қарауға әзірлеу жеткізілуі қажет, себебі, бұл маңызды рөл атқаратын азаматтық процестің жеке процесі.
КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
І АЗАМАТТЫҚ ІСТІ СОТТЫҢ ТАЛҚЫСЫНА ӘЗІРЛЕУ
Азаматтық істі соттың талқысына әзірлеудің түсінігі...................................4
Азаматтық істі соттың талқысына әзірлеудің маңызы..................................7
Азаматтық істі соттың талқысына әзірлеудің міндеттері............................10
ІІ Істі соттың талқысына әзірлеу бойынша іс жүргізу әрекеттері
2.1 Істі әзірлеу бойынша процессуалдық әрекеттер...........................................16
2.2 Істі соттың талқысына тағайындау................................................................17
2.3 Сот хабарлаулары мен шақырулары..............................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қажет болған жағдайларда, іске қатысушы тұлғалар, сонымен қоса куәгерлер, срсапшылар, мамандар мен аудармашылар хабарланып немесе арнайы хаттың тапсырылғандығы туралы мәлімденіп, телефонограммамен немесе жеделхатпен, және басқа да шақырту мен құлақтандыру қамтамассыз ететін байланыс құралдарымен шақыртылуы мүмкін. Сот хабарландыру немесе шақыртулары хабарланушы мен шақырылушыға сотқа және істі сотқа дайындауға өз уақытында келуіне уақыт жеткілікті болатынын еске отырып берілуі керектігі ҚР АІЖК 129-бабының 3-бөлігінде қарастырылғанын ескеру керек. Хабарлау немесе шақыру хабарланатын адамға немесе шақырылушыға іске қатысушы тараптың немесе басқа адамның көрсеткен мекен жайына жіберіледі. Егер сотқа хабарланған мекен жайда азамат мүлдем тұрмайтын болса, хабарлама немесе шақырту оның мекен жайына жіберіледі. Хабарлама, шақырту қағазының, шақыртудың мазмұны. Соттың шақырту қағазы хабарлау мен шақырудың негізгі түрі болып табылад. АІЖК 130-бабына сәйкес, шақырту қағаздарында және басқа да хабарламаларда, шақыруда мына деректемелер болуы тиіс:
1) хабардар етілетін
немесе сотқа шақырылатын адамды көрсету
(хабарлама жолданатын адамның тегі, аты,
әкесінің аты не ұйымның атауы);
2) соттың атауы мен нақты мекенжайы;
3) келетін жері мен уақытын көрсету;
4) адресатқа хабарлау немесе
оны шақыру жүргізілетін істің қысқаша
атауы;
5) адресат кім ретінде хабарланып
немесе шақырылып отырғандығын көрсету;
6) хабарлама жіберген адамның
тегі мен аты қамтылуға тиіс.
Хабарламаның жіберілгендігін
растайтын құжат істің материалдарына
қоса тіркеледі. Сот төрешісі бір мезгілде
шақыру қағазымен бірге жауап беругшіге
талап қою арыздарының көшірмесі мен арызға
қоса тіркелген құжаттардың көшірмесін
жібереді. Талап қоюшыыға жіберетін шақыру
қағазымен бірге сот төрешісі жауап берушінің
жазбаша түсініктемелерінің көшірмесін
және онымен бірге егер олар сотқа түскен
болса, оларға қос тіркелген құжаттардың
көшірмесі жібереді. Шақыру қағаздары
хабардар етіліп, тапсырысты хатпен почта
арқылы жеткізіледі немесе мұны судья
тапсырған адамдар жеткізеді. Шақыру қағазын
адресатқа тапсыру уақыты шақыру қағазының
сотқа қайтарылуға тиісті түбіршегінде
белгіленеді.
Сот тәжірибесінде хабарламаларды іске қаатысушы тұлғалар арқылытарату кең тараған. Мұндай жағдайларда сот төрешісі уақытты үнемдеу мақсатында іске қатысушы тұлғаны келісіммен оның қолына іс бойынша хабарланатын немесе шақырылатын өзге тұлғаның шақыру қағазын бере алады.
Бұл ретте шақыру қағазын жеткізу тапсырылған адам оны тапсырған күні көрсетілген және адресаттың шақыру қағазын алғандығы жөнінде қолы қойылған шақыру қағазының түбіршегін сотқа қайтаруға міндетті.
Шақыру қағазын тапсыру.
Соттың тиісті адамға соттың шақыру қағаздарын
тапсыру туралы даусыз дәлелдемесі болу
керек. Сондықтан да, шақыру қағазын жіберілген
азаматқа жеке табыс етіліп, ол сотқа
қайтарылуға тиісті түбіршекке қол қоюы
керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Әр іс бойынша АІЖК-нің 168-бабы бойынша істі соттың қарауына әзірлеу туралы ұйғарым шығарылып, даудың санатын ескере отырып, істің уақытылы және дұрыс шешілуіне қажетті болып табылатын нақты әрекеттердің орындалуы көрсетілуі керек. Егер іс бойынша шығарылған сот актісі апелляциялық немесе қадағалау алқасында бұзылып, іс бірінші саты сотына қайта қарауға жіберілген жағдайда да, істі сот қарауына әзірлеу туралы ұйғарым шығарылуы тиіс. Алайда, көп жағдайда бірінші саты соттары бұл талапты орындамайды. Сондықтан да болар, апелляциялық не қадағалау алқасы көрсеткен кемшіліктер жойылмай, нұсқаулар орындалмай, яғни, тиісті әзірлеу іс-әрекеттері жүргізілмегендіктен, кейбір азаматтық даулардың шешілуі ұзаққа созылып кетеді. Кейбір ғалымдардың пікірінше сотта іс қарауға әзірлеу сатысында тек сот қана әрекет етеді, бірақ бұл түбінде осы сатының мәні мен мазмұнына сәйкес емес. Әрине судьяның қызметі негізгі болып есептеледі, сондықтан оның әрекеттері азаматтық іс жүргізу құқығының арнайы нормаларымен реттеледі. Бірақ әзірлік жүргізуге іске қатысушы тұлғалардың тікелей қатысы бар. Мысалы, тараптар іс бойынша сотқа дәлелдемелер ұсынуға міндетті. Әзірлеу сатысында дәлелдемелер ұсынуға жағдай жасалуына байланысты іс жүргізуге басқа да тұлғалар қатысуы мүмкін. Осылай, мысалы, сотта істі қарауға әзірлік жүргізу кезінде алғашқы, қосымша және қайталама сараптама тағайындауға болады. Іс жүргізуге қатысушылардың атқаратын рөлдері әртүрлі. Судья заңмен бекітілген іс-әрекеттер жасауға тиіс. Егер іс сот мәжілісінде қарауға тиісті түрде әзірленбесе, онда судья оны сот отырысында қарауға тағайындауға құқығы жоқ. Әзірленбеген іс заңсыз және негізсіз шешім шығаруға, сондай-ақ осы сотпен қабылданған шешімді бұзуға немесе өзгертуге әкеп соғады. Сотпен белгіленген дәлелдемелерді іске қатысушылармен ұсынбауы олардың мүдделерін қанағаттандырмайтын сот шешімін шығаруға әкеледі. Басқа қатысушылар іске қажет болған жағдайда қатысады. Азаматтық істерді қарап талап арызды (арызды, шағымды) қабылдағаннан кейін судья істі сотта қарауға әзірлеу жүргізеді және ҚР АІЖК-нің 168-бабына сәйкес ұйғарым шығарады. Кез келген азаматтық іс бойынша сотта қарауға әзірлеу жүргізілуі қажет, себебі бұл маңызды роль атқаратын азаматтық процестің жеке сатысы. Сотта іс қарауға әзірлеуді жүргізу туралы заң талаптарын сақтау істі дұрыс және уақытылы шешудің негізгі шарттарының бірі. Сотта іс қарауға әзірлеу сатысы сотпен сәйкесті ұйғарым қабылдаудан басталады. Бұл ұйғарымда жүргізілуге тиіс әрекеттер белгіленеді. Істі сотта қарауға әзірлік жүргізудің мақсаты – істі дер кезінде және дұрыс шешуді қамтамасыз ету.
Азаматтық істерді қарау практикасын талдап қорытуда республика соттарының істі қарауға әзірлеу жұмысында едәуір кемшіліктер бар екенін дәлелдейді. Көптеген істерге мұндай әзірлік жүргізілмеуде. Дауды шешерден бұрын судьялар істі сот мәжілісінде қарауға тағайындағанда кей жағдайларда талаптың негізін немесе талаптың өзін, тараптардың талаптары мен қарсылықтарын анықтамай және істі шешуге қажет дәлелдемелерді сұратып алмайды. Істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарулар көбінесе шығарылмайды, ал кейбір соттар оларды немқұрайды шығарады, істің шынайы мән-жайын және тараптардың құқықтары мен міндеттерін жан-жақты толық әрі әділетті түрде айқындау үшін қажет нақтылы әрекеттер көрсетілмейді. Істі тиісті тәртіп бойынша әзірлемеу бірқатар жағдайда дауды алғашқы-ақ сот мәжілісінде шешуге мүмкіндік бермейді, істерді қарау кейінге қалдырылып, оларды қарау мерзімі бұзылады, ал кейде заңсыз және дәлелсіз шешімдер қабылданады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
2. ҚР-ң Азаматтық іс жүргізу Кодексі. 1999, 13 шілде.
8. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право РК. В 2-х томах. – Алматы: КазГЮА, 2001.
9. Егембердиев Е.О. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы: Жалпы бөлім. Ерекше бөлім. Оқу құралы/ Егембердиев, Е.О. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2003. – 102 б.
10. Шакарян М.С. Гражданское процессуальное право РФ. М., 1996.
11. Гражданский процесс/Под ред. Осипова М., 1995.
12. Гукасян Р.Е. Гражданский процесс. Учебник./Под.ред. К.С.Юдельсона. М., Юриздат,1972.
13. Ж. Сыздықова, Ақмола обылыстық сотының сайыты, мақала 22.06.2012