Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2013 в 16:37, дипломная работа
Талап арыз (арыз, шағым) қабылдау арқылы азаматтық іс қозғағаннан кейін сот азаматтық процестің келесі азаматтық істі соттта қарауға әзірлеу саласына өтеді. Нақты азаматтық істі сотта қарау сатысында бұзылған немесе даулы құқытар, бостандықтар және заңмен қорғалатын мүдделер қоғауы жүзеге асырылады. Егер істі қарау және шешім бойынша сәйкесті әзірлік жүргізілсе бұзылған немесе даулы құқытарды, бостандықтарды қорағап шығуға мүмкіндік бар. Кез келген азаматтық іс бойынша сотта қарауға әзірлеу жеткізілуі қажет, себебі, бұл маңызды рөл атқаратын азаматтық процестің жеке процесі.
КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
І АЗАМАТТЫҚ ІСТІ СОТТЫҢ ТАЛҚЫСЫНА ӘЗІРЛЕУ
Азаматтық істі соттың талқысына әзірлеудің түсінігі...................................4
Азаматтық істі соттың талқысына әзірлеудің маңызы..................................7
Азаматтық істі соттың талқысына әзірлеудің міндеттері............................10
ІІ Істі соттың талқысына әзірлеу бойынша іс жүргізу әрекеттері
2.1 Істі әзірлеу бойынша процессуалдық әрекеттер...........................................16
2.2 Істі соттың талқысына тағайындау................................................................17
2.3 Сот хабарлаулары мен шақырулары..............................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кейбір азаматтық талап
қою санаттары бойынша соттың
тарапынан ешбір бақылаусыз өзара
келісілген шешімді шығаруға жол
беріледі. Бірақ, бұл жағдайда келесі
үш шарт сақталуы қажет: тараптар әрекетке
қабілетті болуы керек; олардың
мүддесін адвокат білдіруі керек; өзара
келісілген шешім олардың адвокаттарының
қол қоюымен куәландырылуы
Бірінші сатыдағы сотта ағылшын
сот өндірісіне азаматтық-құқықтық
дауларды реттеудің басқа да бейбіт
нысандары тән, олар сот практикасында
кең таралған. Құқық туралы дауды
тараптар арасында өзара рһортақ
келісімге келе отырып шешуге қатысты
ағылшын сот өндірісі ресей ғылыми
әдебиеттерінде жан-жақты көрініс
тапқан. Монографиялық зерттеулерде
ағылшын азаматтық сот
Азаматтық істерді тараптар үшін тиімді болып келетін жағдайларды қарастыра отырып шешу – бұл көптеген еуропа мемлекеттеріне тән азаматтық сот өндірісіндегі кең тараған процессуалдық құбылыс болып табылатыны туралы атап өткен жөн. Бұның бастамасы бұрын Рим империясы кезеңінен басталады. Легисакциондық іс жүргізудің бір түрінің ережелеріне сәйкес - бәстесу арқылы дауласу – магистратқа тараптарды өзара келістіріп табыстыру міндеті жүкғтелді. Егер магистрат тараптарды өзара келісімге көндіре алмаса, іс жүргізу әрі қарай жалғасты. Мысал ретінде, Францияны атауға болады, оның іс жүргізу заңдарында судьяның тараптарға дауды бейбіт келісіммен шешуіне көмектесу міндеті қарастырылды.
Америка және ағылшын азаматтық
іс жүргізуіндегі әзірлеу
Азаматтық істерді соттың
қарауына әзірлеу мәселелерін реттейтін
процессуалдық заңнама
Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу
бірінші сатыдағы соттың іс жөніндегі
іс-әрекетінің қажетті бөлігі болып табылады
және ол тараптар ұсынған дәлелдемелер
мен қолданылуға жататын материалдық
құқық нормаларына сәйкес тараптардың
заңды құқықтары мен міндеттерін, олар
ұсынған дәлелдемелерді сот отырысында
толық, жан-жақты және объективті түрде
зерттеп, заңды және негізді сот актісін
шығару үшін қажетті жағдайлар тудырады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық
істер жүргізу кодексінің (әрі қарай мәтін бойынша АІЖК)
істі соттың қарауына әзірлеуді қамтамасыз
ету жөніндегі 166-бабының 2-бөлігінде көрсетілген
міндеттерді жүзеге асыру мақсатында
судьялар арыздарды сот өндірісіне қабылдаған
кезден бастап, сотқа берілген арыздардың
дәлелдемелермен негізделгендігі АІЖК-нің 150 және 151-
АІЖК-нің 168-бабына сәйкес судья әр іс
бойынша істі соттың қарауына әзірлеу
туралы ұйғарым шығаруы тиіс. Ұйғарымда,
даудың санатын ескере отырып, оның сот
отырысында уақытылы және дұрыс шешілуіне
қажет болып табылатын нақты әрекеттер
көрсетілуі керек.
Іс бойынша шығарылған сот актісі апелляциялық,
кассациялық немесе қадағалау тәртібінде
бұзылып, іс бірінші сатыдағы соттың жаңадан
қарауына қайтарылған жағдайда да, осындай
ұйғарым шығарылуы тиіс.
АІЖК-нің 344-бабының бірінші бөлігіне сәйкес істі
соттың қарауына әзірлеу туралы ұйғарымға
шағым немесе наразылық келтіруге болмайды.
Істі сот талқылауына дайындау туралы
ұйғарымды шығарғаннан кейін судья жауапкерге
талап арыздың және оған қоса тіркелген
құжаттардың көшірмелерін жібереді не
тапсырады және белгіленген мерзімде
талап арызға пікір (қарсылық) беруді міндеттейді.
Пікірге уәкілетті адам қол қоюға тиіс
және пікірдің түпнұсқасы мен көшірмелері
іске қатысатын адамдардың санына сәйкес
етіліп, олардың сот отырысы басталғанға
дейін танысуына мүмкіндік беретіндей
етіп белгіленген мерзімде сотқа ұсынылуға
және АІЖК-нің 169-1-бабының талапта
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілі
– ҚР Жоғарғы Сотының 2011.12.30 № 5 Нормативтік қаулысымен.
АІЖК-нің 14-бабына сәйкес, сотқа арыз қай тілде
берілсе, сот өндірісі де сол тілде жүргізіледі
деп есептеу керек. Егер талапкерден арыз
берілген тілді өзгерту туралы өтініш
келіп түссе, онда судья АІЖК-нің 14-бабының
2-бөлігіне сәйкес сот талқылауы жүргізілетін
сот өндірісінің тілі туралы ұйғарым шығаруға
міндетті.
Судьялар азаматтық істерді соттың қарауына
әзірлеген кезде АІЖК-нің 47-бабында көрсетілге
Талапкердің не жауапкердің өтініші бойынша
дәлелдемелер сұратуға жәрдемдесе отырып,
судья істі сот талқылауына дайындаған
кезде, ол дәлелдемелердің бір-бірінен
артықшылығы туралы пікірін білдіруге
қақысы жоқ.
Мүлік туралы дауларды тараптардың аралық
сотқа тапсыруға құқы бар екендігін, оны
қалай жүзеге асыруға болатын процессуалдық
тәртіпті және оның құқықтық салдарын
түсіндіргені жөн. Алайда, тараптардың
осындай құқықтары түсіндірілмегені туралы
уәждері, азаматтық істің сот талқылауына
тиісті түрде әзірленбеді деп саналмайды.
Егер істі соттың қарауына әзірлеген
кезде тараптар жазбаша түрде жасалған
және өздері қол қойған бітімгершілік
келісімін ұсынса, судья АІЖК-нің 172-бабының
бірінші бөлігіне, 49-бабына, 247-бабының
4) тармақшасына сәйкес бітімгершілік
келісім шарттарын бекіту туралы ұйғарым
шығарып, іс жөніндегі сот өндірісін қысқартуға
құқылы. Мұндайда бітімгершілік келісімнің
шарттарын ескере отырып, судья тараптар
арасындағы сот шығындарын АІЖК-нің 110, 113-баптарына сә
Егер азаматтық істі сот талқылауына
дайындау барысында сотқа тараптардың
атынан олардың өкілдері қатысса, онда
судья АІЖК-нің 61-бабының бірінші бөлігінде аталған
әр процессуалдық әрекетті жасау үшін
тиісті түрде ресімделген уәкілеттіліктерінің
бар-жоғын тексеруге міндетті.
Егер істі сот талқылауына дайындау кезінде
талапкердің сол немесе басқа жауапкерлерге
мәлімделген талап арызынан туындайтын
басқа да талаптары, ал жауапкердің талапкерге
қарсы талаптары бар екені анықталса,
онда судья талапкердің қосымша талап
ұсынуға, ал жауапкердің қарсы талап қоюға
құқықтарын түсіндіреді, бұл ретте оларға
аталған іс жүргізу әрекеттерін жасау
немесе жасамау салдары туралы ескертілуге
тиіс» (АІЖК-нің 15-бабының үшінші бөлігі).
Жауапкердің қарсы талап арызы АІЖК-нің 157-бабында көрсетілг
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілі
– ҚР Жоғарғы Сотының 2011.12.30 № 5 Нормативтік қаулысымен.
Егер талаптардың сипаты, олардың өзара
байланысы және ортақ дәлелдемелерінің
болуы, олардың неғұрлым тез әрі дұрыс
шешілуіне мүмкіндік беретін жағдайда
ғана бірнеше талаптарды бір өндіріске
біріктіруге болады.
Талапкердің бір арызда біріктіріп берген
талаптарын, егер судья олардың жеке қаралуын
қажет деп тапса, оларды ажыратып қарауына
болады.
Бірнеше талап арыздардың біріктірілуі
немесе олардың ажыратылуы судьяның бөлек
ұйғарымымен ресімделуі тиіс, оған АІЖК-нің 344-бабына сәйкес апелляциялық тәртіпте
шағымдануға, наразылық келтіруге болмайды.
Егер талапкер өз арызында жауапкердің
уәждерін көрсетпесе немесе талап арызға
қоса тіркелген материалдарда жауапкердің
талап арызға қарсы келтірген дәлелдемелері
назар аударарлық болса, онда оларды анықтау
үшін істі соттың қарауына әзірлеу барысында
жауапкерді сотқа міндетті түрде шақыру
қажет болады. Жауапкермен әңгімелесу
барысында оның қарсылықтарының мәнін
түсініп, іс үшін маңызы бар мән-жағдайлар
мен дәлелдемелерді анықтауға мүмкіндік
береді, сондай-ақ жауапкердің өтініші
бойынша өз бетімен сотқа ұсына алмайтын
дәлелдерді басқа заңды тұлғалардан немесе
азаматтардан сұратып алуға жәрдем беруге
жағдай жасайды.
Даудың сипатын неғұрлым нақтылау және
істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар басқа
мәселелерді анықтау үшін, егер судья
оны қажет деп тапса, талапкер мен жауапкер
судьяға бір мезгілде шақырылуы мүмкін.
Судья даудың мәнісі бойынша тараптардан
жауап алған кезде АІЖК-нің 170-бабының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген
мән-жайларды, мәлімделген талаптарды
негіздейтін немесе жоққа шығаратын қосымша
дәлелдемелердің бар-жоғын анықтайды,
дәлелдемелерді сұрату үшін көмек көрсету
туралы өтініш беруге құқықтарын түсіндіреді.
АІЖК-нің 52-бабына сәйкес даудың мәнісі бойынша
дербес талап мәлімдейтін үшінші тұлғалар
істі соттың қарауына әзірлеу сатысында
тараптардың не судьяның бастамашылығымен
іске қатыса алмайды. Мұндай адамдар, егер
қажет деп тапса, өз бастамасы бойынша
талапкерге не жауапкерге талап арыз беру
арқылы іске қатысуға құқылы.
Егер сот шешімі тараптардың біріне қатысты
міндеттер мен құқықтарға әсер ететін
жағдайда, жеке талап мәлімдемейтін үшінші
тұлғалар судьяның немесе тараптардың
бастамасымен процестің кез келген сатысында,
соның ішінде істі сот қарауына дайындау
сатысында іске қатысуға тартылады. Бұл
адамдар АІЖК-нің 53-бабына сәйкес талап арыздың негіздемесі
мен мәнісін өзгерту, талап көлемін ұлғайту
немесе азайту, талап арыздан бас тарту,
талап арызды қабылдау, бітімгершілік
келісім бекіту, қарсы талап арыз мәлімдеу,
сот шешімін мәжбүрлеп орындату құқықтарын
қоспағанда, тиісті тараптың процессуалдық
құқықтары мен міндеттеріне иеленуіне
болады. АІЖК-нің 55-бабына сә
Заң талабына сәйкес прокурор мына азаматтық
істерді қарауға сот талқылауына міндетті
түрде қатысуға тиіс:
а) азаматты хабар-ошарсыз кеткен деп
тану немесе азаматты қайтыс болған деп
жариялау туралы (АІЖК-нің 299-бабы);
б) баланы асырап алу туралы (АІЖК-нің 317-4-бабы);
в) нормативтік құқықтық актінің заңға
сәйкес келмеу туралы прокурордың наразылығынан
бас тарту туралы (АІЖК-нің 287-бабы);
г) адамды ата-аналық құқынан айыру туралы
(Неке және отбасы туралы Заңының 68-бабының 2-тармағы) істерді қараған кезде,
сондай-ақ АІЖК-нің 55-бабының екінші бөлігімен көзделген жағдайларда.
Судья прокурордың сот отырысына қатысуын
төмендегі істерді қараған кезде міндетті
деп тануы мүмкін:
а) басқа адамдардың мүддесін қорғау жөніндегі
прокурордың арызы бойынша қозғалған
іс барысында, оның ішінде азаматты психиатриялық
стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы
прокурордың талап арызы бойынша іс қозғалған
жағдайда;
б) тараптардың бірі немесе екеуі кәмелетке
толмаған, мүгедек, әрекеттері шектеулі
азаматтар болған жағдайда;
в) тараптардың бірі мемлекет немесе әкімшілік
болған жағдайда;
г) АІЖК-нің 25-28-баптарында көрсетілген арыздарды
қараған жағдайда.
Прокурордың сот отырысына міндетті түрде
қатысуы жөнінде істі соттың қарауына
әзірлеу туралы қаулыда көрсетіледі. АІЖК-нің 57-бабына сәйкес іс бойынша қорытынды
беру үшін, егер ондай қатысулары заңда
көзделген болса, мемлекеттік органдар
мен жергілікті атқару органдарының өкілдерін
қатыстыру туралы мәселені соттардың
шешкені жөн.
16. Іс соттың қарауына әзірлеу тәртібі
бойынша судья АІЖК-нің 91-бабына сәйкес сараптама тағайындау
туралы ұйғарым шығаруға құқылы. Сараптама
тағайындау туралы мәселені шешкен кезде
судья тиісті түрде талапкердің немесе
жауапкердің сараптама тағайындау туралы
өтінішін қараудың орны мен уақыты туралы
хабардар етуі тиіс, алайда бұл адамдардың
сотқа келмей қалуы сараптама тағайындау
туралы өтінішті қарауға кедергі келтірмейді.
Судья сотқа келген тараптарға олардың
сарапшылар алдына қойылатын сұрақтардың
тұжырымдамасын жасауға құқылы екендігін
түсіндіреді, бірақ сарапшылардың алдына
қойылуға тиіс сұрақтардың түпкілікті
шеңберін судьяның өзі сараптама тағайындау
туралы ұйғарымда көрсетеді.
Сарапшылардың шешуіне ғылым, техника,
өнер саласында арнайы білімдерді талап
ететін мәселелер ғана қойылуы мүмкін.
Шешілуі сот құзыретіне жататын құқықтық
мәселелерді сарапшыларға қоюға жол берілмейді.
АІЖК-нің 344-бабында көрсетілг
Оларды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды
істі өндірісіне қабылдаған сот қолданады.
Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы
шара қабылдау қажет болған жағдайда судья
ұйғарымында тараптың өтініші бойынша
қамтамасыз етіле алатын дәлелдемелерді
көрсетеді (нақты куәгерлерден жауап алу,
жазбаша немесе өзге дәлелдемелерді тексеру
және т.б.).
Егер судья істі соттың қарауына әзірлеу
барысында дәлелдемелерді қамтамасыз
ету бойынша шара қабылдау үшін негіз
жоқ деп тапса, онда ол жайында шаралар
қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді
ұйғарым шығаруы қажет. Арыз иесі ол ұйғарымға
АІЖК-нің 344-бабында көрсетілген тәртіп
бойынша шағымдана алады.
Істі соттың қарауына әзірлеу барысында
Қазақстан Республикасының басқа ауданындағы
немесе қаласындағы дәлелдемелерді қамтамасыз
ету туралы өтінішті, судья сот тапсырмасы
туралы ұйғарым шығару арқылы шешеді.
Сот оны АІЖК-нің 73-бабында көрсетілген
тәртіп бойынша орындайды.
Шетелдік мемлекеттегі дәлелдерді қамтамасыз
ету немесе тараптардан дәлелдемелерді
сұратуға көмек көрсету сот тапсырмасы
туралы ұйғарым шығару арқылы жүргізіледі.
Бұл ұйғарымды 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск
қаласында Қазақстан Республикасы бекіткен
«Құқықтық көмек және азаматтық, отбасы
және қылмыстық істер бойынша құқықтық
қатынастар туралы конвенцияның» қағидаларына
не Қазақстан Республикасының басқа шетелдік
мемлекеттерімен бекіткен халықаралық
келісімдеріне сәйкес шетелдік мемлекеттің
тиісті соты орындайды. АІЖК-нің 255-бабына сәйкес істі соттың қарауына
әзірлеу кезінде жазбаша немесе заттай
дәлелдемелерді қарау, сараптама тағайындау,
бітімгершілік келісім шарттарын бекіту
сияқты жеке процессуалдық әрекеттер
жасалған кезде сот отырысының хаттамасы
жасалуы тиіс. Істі сот талқылауына дайындау
барысында өзге процессуалдық әрекеттер
жасалған кезде сот отырысының хаттамасы
жасалмайды. Судья азаматтық істі сот
талқылауына дайындауды, егер Азаматтық
іс жүргізу кодексінде немесе өзге заң
актілерінде басқа мерзімдер көрсетілмесе,
арыз сот өндірісіне қабылданып, азаматтық
іс қозғалған күннен бастап жеті күннен
кешіктірмей өткізуі тиіс. Азаматты хабар-ошарсыз
кеткен деп тану немесе азаматтың қайтыс
болған деп жариялау туралы істер бойынша
істі соттың қарауына әзірлеу мерзімі
жергілікті газетте осындай істің қозғалуы
туралы судья ұйғарымы жарияланған күннен
бастап үш ай құрайды. Сот АІЖК-нің 273-бабының
1-бөлігіне сәйкес сайлауға дейін бес күн
бұрын және сайлау күні келіп түскен азаматтардың,
қоғамдық бірлестіктердің, сайлау комиссия
мүшелерінің сайлау құқықтарының бұзылуы
туралы арыздары бойынша істі арыз берілген
күні дайындап, сол күні оны мәнісі бойынша
қарауы керек. Бұл санаттағы даулар бойынша
істі соттың қарауына әзірлеу мерзімі
ұзартылуға жатпайды.
АІЖК-нің 167-бабында көрсетілген алименттерді
өндіру туралы, жәбірленушілерге мертігуден
немесе денсаулығына өзге де зақымнан
келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ асыраушысынан
айырылу жағдайлары бойынша және еңбек
қатынастарынан туындайтын барлық талаптар
бойынша істерді соттың қарауына әзірлеу
мерзімдері ұзартылуға жатпайды. Істердің
басқа санаттары бойынша судья ерекше
жағдайларда күрделі істер бойынша ғана
мерзімді бір айға дейін ұзарта алады.
Судьяның істі соттың қарауына әзірлеу
әрекеттерін жеті күн мерзім ішінде немесе
кейбір санаттары үшін заң актілерінде
көрсетілген мерзім ішінде бітіруі мүмкін
болмағанда, ол ерекше жағдай деп танылады.
АІЖК-нің 172-бабының 1-
Істі соттың қарауына әзірлеуді тоқтата
тұру туралы ұйғарымға АІЖК-нің 344-бабында
қарастырылған жағдайларға байланысты
шағымдануға, наразылық келтіруге болады.
Істі соттың қарауына әзірлеуді тоқтата
тұруға кедергі келтірген мән-жайларды
жойғаннан кейін, судья оны қайта бастау
туралы ұйғарым шығарады.
Мұндайда, судьяның арызды қабылдау және
азаматтық істі қозғау туралы ұйғарымы
шығарылған күннен бастап істі соттың
қарауына әзірлеуді тоқтата тұру туралы
ұйғарым шығарылғанға дейін өткен мерзім
істі сот талқылауына дайындау мерзіміне
кіреді. Істі қарауға прокурордың қатысуы
туралы мәселені шешу. ҚР АІЖК 55-бабына
сәйкес төмендегі істерді қарау үшін прокурор
сот отырысына міндетті түрде қатысуы
керек:
а) азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы
б) нормативтік құқытық актінің заңға сәйкес келмеуінен прокурордың наразылығын жоққа шығару туралы (ҚР АІЖК 287-бапт)
в) атана құқықтарынан айыру туралы («неке және отбасы туралы» ҚР зңының 67-бабы);
д) ҚР АІЖК 25-28 бөлімдерінде тізілген істер бойынша.
Прокурордың істі қарауға міндетті түрде қатысуын сот өз ұйғарымында жазып, оған істі қарау уақыты мен орнын хабарлайды. Әсті сот талықылауына дайындау кезінде тараптарды іс жүргізу уақытын үнемдеп, істің шешуін жылдамдататын бейбіт келісім жасауға көндіру мақсатында сот төрешісі барлық мүмкіндіктерді пайдалануы тиіс Талап қоюдан немес бейбіт келісімге келуден бас тартқан жағдайда талап қоюшы сот төрешісіне жазбаша түрде арыз жазуы тиіс.
Келісімді бекіту немесе талап қою арызынан бас тартуды қабылдау сот отырысы хаттамасында рәсімделеді. Сот төрешісі тараптарға жасалып отылған іс жүргізу әрекеттерінің құқықтық салдарын түсіндіреді. Істі сот талықылауына дайындау кезінде сот төрешісі бірінші талап қою арыздарын бірікьіре алады. Сот төрешісі талаптарды жеке қарау барынша бір тұтас болып табылатындықтан, талап етушінің біріктірген талаптарының бірін немесе бірнешеуін бір сот ісіне біріктіреді. Өз ара байланысты талаптардың сипаты бойынша және жалпы дәлелдемелердің бары арыздағы барлық талаптарды бір сот ісінде тез әрі дұрыс шешуі мүмкін болатын жағдайларды ғана бірнеше талаптарды бір сот ісіне біріктіруге болады.
Егерде сот мұндай талаптарды бөліп қарау деп таныса талап етушінің бір арызға біріктірген талаптарын бөлуге болады.
Егер де сот сот төрешсі існде бір тараптарының қаыстаын бірнеше біріңғай істер барын немесе бір талдап етушінің арызында бір жауап берушінің қарсы бірнешщес іс барын не болмаса бір жауап берушіге қарсы бірнеше талап етушілер барын анықтаса, мұндай біріктіру бір мақсатты көздейді деп таныса оларды бірге қарау үшін бір сот ісіне біріктіруге құқылы (ҚР АІЖК 170-бап).
Бірнеше талаптар біріктіру немесе оларды бөлуге сот жеке ұйғарым шығарады, оған ҚР АІЖК 344-бабына сәйкес апиляциялық тәртіп бойынша шағымдануға болмайды. Істі сот талықылауын дайныдау кезінде ҚР АІЖК 242,243-баптарының 1), тармақшаларында 5), тармақшаларында және 247-бап 1),5),8),9) тармақшаларында және 249-бапта қарастырылған мән жайлар бар кезінде сот:
Сот тараптарға мұндай іс жүргізу әрекеттерінің салдарларын түсіндіруі тиіс.
Істі сот талықылауына тағаындау.
Арызды қабылдап, азаматтық істі қозғағаннан кейін судья оны уақтылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатымен сотта қарауға істі әзірлейді. Азаматтық істі әзірлеу азаматтық іс жүргізу құқығымен реттелген қоғамдық қатынастар жиынтығын құрайды, онда нақты азаматтық істі сотта қарау процесінде азаматтық сот өндірісі міндеттерінің тиісінше орындалуын қамтамасыз ету үшін сот пен іске қатысушы тұлғалардың және басқа да процеске қатысушылардың арасында туындайды. Істі әзірлеу процесске қатысушылардың уақытын ұтымсыз жоғалтуымен күрес құралы ретінде әрекет етеді. Әзірлеу істің күрделілігіне қарамастан жүргізілуге тиіс.
Сотта іс қарауға істі әзірлеудің міндеттері мыналар:
а) істі дұрыс шешу үшін талап қою мен қарсылықты негіздейтін, басқа да маңызы бар мән-жайларды айқындау;
б) тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиісті заңды анықтау;
в) іске қатысушы тұлғалардың құрамы мен процесстің басқа да қатысушылары туралы мәселені шешу;
г) әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау, олардың уақытында тапсырылуын қамтамасыз ету.
Азаматтық істерді сотта
қарауға әзірлеу – сотта іс
қараудың негізі болып табылады. Оның
сапасына сотта іс қараудың соңғы
нәтижелері, сот пен мемлекеттің
беделі тәуелді. Азаматтық іс жүргізудің
алдында тұрған міндеттерді жемісті
орындау үшін қажетті жағдайларды
қамтамсыз етуде азаматтық
Материалдық-құқықтық нормалардың дұрыс қолданбауының салдарынан бұзылған шешім ғана емес, сонымен, қатар, егер нәтижесінде дау негізі бойынша дұрыс шешілсе де жіберілген процессуалдық олқылықтар және істің тыңдауға дайын еместігінің жағдайлары сот беделіне зиянын тигізеді.
Істі сот талқылауына дайындау кезінде сот төрешісі талап етушінің өтініші бойынша ҚР АІЖК 152-бабы 1-бөлігінің 7-тармағына сәйкесоның берген арызын қайтару туралы дәлелді ұйғарым шығарады (ҚР АІЖК 170-баптың 12-бөлігі). Арызды қайтаып беру талап қоюшының жауап берушіге қарсы сотқа сол талаппен сол негізде қайта талап қою арыщын беруге кедергі бола алмайды. Іс сот талықылауына дайындау бойынша сот төрешісінің қажетті іс жүргізу әрекеттеріне басқа да әрекеттерді жатқысуға болады.
2.3 Сот хабарлаулары мен шақырулары
Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым шығарудан басталады және істі сот отырысында қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарумен аяқталады. Судья істі дайын болды деп тани отырып, оны сот отырысында қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады және осымен бір мезгілде тараптар мен процестің басқа да қатысушыларына істі қараудың орны мен уақыты туралы хабарлайды. Іс бойынша тараптарды және басқа да іс жүргізуге қатысушыларды (куәларды, сарапшыларды, мамандарды және аудармашыларды) сот отырысының немесе жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасаудың уақыты мен орны туралы мына:
Тәжірибеде жиірек сот хабарлаулары мен шақырулар арасында соттың шақыру қағазы қолданылады. Соттың шақыру қағазы жіберілген азаматқа табыс етіліп, сотқа қайтарылуға тиісті түбіршегіне оның өз қолы қойылады. Ұйымға жіберілген шақыру қағазы оның өкіліне немесе басқару қызметін атқаратын тиісті адамға табыс етіледі, ол шақыру қағазының түбіршегіне оны алғандығы жөнінде өзінің қызметін, тегін және аты-жөнін көрсетіп қол қояды. Кейде шақыру қағазын жеткізуші адам іс бойынша хабарланатын немесе шақырылатын азаматты тұрғылықты жерінен немесе жұмысынан таба алмайды, онда ол шақыру қағазын олардың келісімімен:
Жоғарыда аталған жағдайларда шақыру қағазын қабылдап алған адам шақыру қағазының түбіршегіне өзінің тегін, атын, аты-жөнін, сондай-ақ адресатқа қатыстылығын немесе атқаратын қызметін көрсетуге міндетті. Содан кейін шақыру қағазын қабылдап алған адам мүмкіндігінше кідіртпей шақыру қағазын адресатқа тапсыруға міндетті. Шақыру қағазын жеткізу тапсырылған адам оны тапсырған күні көрсетілген және адресаттың шақыру қағазын алғандығы жөнінде қолы қойылған шақыру қағазының түбіршегін сотқа қайтаруға міндетті (ҚР АІЖК-нің 131-бабының 3-бөлігі), себебі одан кейін сотта іс қарау кезінде судья үшін сотта іс қарауды жалғастыру немесе оны кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығаруға негіз болып табылады. Егер іске қатысушы адамдар сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланбаса, яғни ҚР АІЖК-нің 11-тарауында бекітілген талаптары сақталмаса, онда сот істі қарауды кейінге қалдырады. Іс кейінге қалдырылған кезде істің жаңа сот отырысында шешілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін уақыт ескеріле отырып, жаңа сот отырысының күні белгіленеді, бұл жөнінде келген адамдарға қол қойдырылып хабарланады. Келмеген және іс жүргізуге қатысуға жаңадан тартылған адамдарға жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы шақыру қағазы жіберіледі. Егер сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған іске қатысушы адамдардың қайсыбірі келмеген жағдайда, сондай-ақ олардың келмеу себептері дәлелсіз деп танылса, сот істі қарауға (сотта іс қарауды жалғастыруға) құқылы (ҚР АІЖК 187-бабының 4-бөлігі).
Іске қатысушы тараптар мен олардың өкілдері сотқа жүгінуге құқықтары бар болғандықтан, оларға сот отырысының болатын уақыты мен орны хабарланады, бірақ олар сот отырысына қатысуға міндетті емес.
Куәгер, срсапшы, маман және аудармашы сот шақыруымен сотқа келуге міндетті. Дегенмен де, істі сотта талқылауға қатысы бар барлық тұлғаларға хабарлау және сот талқылауын уақытында әрі дұрыс жүргізу соттың міндеті болып табылады. Тұлғаларды сотқа шақыру және хабарлау іс-әрекеттерін жүргізу тәртібі ҚР АІЖІК 129-135-баптарында анықталған.
Іске қатысушы тұлғалар олардың өкілдері, сондай-ақ, куәгерлер, сарапшылар, мамандар мен аудармашыларға сот отырысының болатын уақыты мен орны немесе жеке іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге хабарлама жіберіледі және сотқа сот шақыртуы арқылы шақырылады.