Сотқа істі әзірлеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2013 в 16:37, дипломная работа

Краткое описание

Талап арыз (арыз, шағым) қабылдау арқылы азаматтық іс қозғағаннан кейін сот азаматтық процестің келесі азаматтық істі соттта қарауға әзірлеу саласына өтеді. Нақты азаматтық істі сотта қарау сатысында бұзылған немесе даулы құқытар, бостандықтар және заңмен қорғалатын мүдделер қоғауы жүзеге асырылады. Егер істі қарау және шешім бойынша сәйкесті әзірлік жүргізілсе бұзылған немесе даулы құқытарды, бостандықтарды қорағап шығуға мүмкіндік бар. Кез келген азаматтық іс бойынша сотта қарауға әзірлеу жеткізілуі қажет, себебі, бұл маңызды рөл атқаратын азаматтық процестің жеке процесі.

Оглавление

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
І АЗАМАТТЫҚ ІСТІ СОТТЫҢ ТАЛҚЫСЫНА ӘЗІРЛЕУ
Азаматтық істі соттың талқысына әзірлеудің түсінігі...................................4
Азаматтық істі соттың талқысына әзірлеудің маңызы..................................7
Азаматтық істі соттың талқысына әзірлеудің міндеттері............................10
ІІ Істі соттың талқысына әзірлеу бойынша іс жүргізу әрекеттері
2.1 Істі әзірлеу бойынша процессуалдық әрекеттер...........................................16
2.2 Істі соттың талқысына тағайындау................................................................17
2.3 Сот хабарлаулары мен шақырулары..............................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

курсовая работа по ГПП.docx

— 86.54 Кб (Скачать)

3) Іске тең талап қоюшылардың,  тең жауапкерлердің дербес талаптарсыз  үшінші тұлғалардың кіруі туралы  мәселені шешеді, сондай-ақ, тиісті  емес жауапкерді ауыстыру туралы  мәселені шешеді; АІЖК-нің 52-бабына  сай даудың мәні бойынша дербес  талап мәлімдейтін үшінші тұлғалар  істі соттың қарауына әзірлеу  сатысында тараптардың не судьяның  бастамасы бойынша іске қатыса  алмайды. Мұндай адамдар, егер  оны қажет деп тапса, өз бастамасы  бойынша талапкерге не жауапкерге  талап арыз беру арқылы іске  қатысуға құқылы.

4) Тараптарға дауды шешу үшін  олардың аралық сотқа жүгіну  құқықтарын және мұндай әрекеттің  салдарларын түсіндіреді.

5) Оның нәтижесіне мүдделі азаматтар  мен ұйымдарға істі қараудың  уақыты мен орны туралы хабарлайды.  

6) Куәларды сот отырысына шақыру  туралы мәселені шешеді. Осы тармақшаның  қолдануы жөнінде айта кеткен  дұрыс болар. Әрине, АІЖК-сі  бойынша іс дәлелдемелерінің  бірі куәлердің айғақтары 79-бап болғандықтан, куәлер сот отырысына шақырылуға тиіс. Дегенмен, куәлердің айғақтары шын мәнінде іс бойынша мән-жайды анықтауға септігін тигізе ме? Мысалы, некесі сот шешімімен бұзылған ерлі-зайыптылардың үй мүлкін бөлісу туралы азамттық іс қаралып, талапкер әйелдің құрбысы 25 жыл бұрын болған үйлену тойына дейін, талапкерге кімнің қандай алтын, хрусталь, мүлік сыйлағанын, тіпті оның бағасына дейін нақтылап айтып беруі немесе заңды тұлғаның шарттар бойынша жасаған іс-әрекетін, сонда істейтін қарапайым жұмыскердің көрдім, білдім, қатыстым деуі дәлелдеме деуге келіңкіремейді. Сот тәжірибесінде көрінеу жалған айғақ берген куәгердің АІЖК-нің 80-бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы да сирек құбылыс. Сондықтан, судьялар істі сотта қарауға әзірлеу барысында, тараптардың  куәлерді шақыру өтінішін анықтап, ол куәгердің айғақтары қаншалықты негізді, дәледеме болатынын мұқият зерделеп, куәгерді сот отырысына шақыру қажет пе, жоқ па соны айқындау керек. Сөйтіп, істі қарау барысында, тіпті сот отырысының соңғы күнінде керекті-керексіз куәгер шақыру жөніндегі тараптар өтініштерін қанағаттандырусыз қалдыру керек деп ойлаймын.

7) Тараптардың өтінімі бойынша  және өз бастамасы бойынша  сараптама тағайындайды, сондай-ақ, іске маманды, аудармашыны қатысуға  тарту туралы мәселені шешеді. Заңның осы тармақшасының істі  сотта қарауға әзірлеуде маңызы  зор бола тұра, судьялар жалпы  көңіл бөлмейді. Әйтпесе, жол апатынан, даулы үйді бағалаудан, келтірілген  зиянды төлеуден, құрылыс шарттарынан  туындайтын шығындарды өндіру  туралы азамттық істер бойынша  көп жағдайда сараптама тағайындалатындықтан, осы мәселені судья істі әзірлеу  барысында шешсе, сотта істі  қарау мерзімі ұзаққа созылмас  еді.

О. Деген азамат 2009 жылы 7 шілдеде  пәтерін су басудан келген зиянды көршісі Қ-дан өндіру туралы талап арызбен сотқа шағымданған. Аталған санаттағы істің мән-жайын анықтау әрқашан белгілі бір қиындықтар туғызатындықтан, істі сот отырысына әзірлеу барысында тараптардың пікірін тыңдап, сараптама тағайындаған дұрыс болар еді. Сот үстірт әзірлеу жүргізіп, 2009 жылдың 4 тамызында сырттай шешіммен талапкер пайдасына жауапкерден 184 446 теңге өндірген. Жауапкердің арызы бойынша сырттай шешім бұзылып, іс қайта қаралып, жауапкер өкілі іс бойынша сарапшы шақыру туралы өтініш білдірген. Сот отырысында сарапшы зиян шығынының көлемі туралы нақты түсініктеме бермеген. Алайда, 23 қыркүйекте талапкер талап арызынан бас тартып, сол күнгі сот  ұйғарымымен АІЖК-нің 247-бабы негізінде іс өндірісі қысқартылған. Сонымен, істі сотта қарауға әзірліктің жеткілікті болмауы салдарынан, көрші кінәсінен су ағып, үй заттары бүлінгенін дәлелдейтін құжаттары бола тұра, О. Өзіне  келтірілген зиянын толық болмаса да, жартылай өндіре алмады деп есептеймін.      

8) Тараптардың өтінімі бойынша  ұйымдардан немесе азаматтардан  дәлелдемелер талап етеді.     

9) Кейінге қалдыруға болмайтын  жағдайларда іске қатысатын адамдары  хабарландыра отырып, жазбаша және  заттай дәлелдемелерді сол жерде  тексеруді жүргізеді.     

10) Сот тапсырмаларын жібереді.      

11) Талап қоюды қамтамасыз ету  туралы мәселені шешеді. Қазақстан  Республикасының Азаматтық іс  жүргізу Кодексі және басқа  да заң актілерінде қарастырылған жауапкердің, борышкердің сот актілерін мәжбүрлеп орындатуды қиындатуы немесе болдырмауы мүмкін әрекеттерінің жолын кесу шараларын  қаралған іс бойынша қабылданар сот актісінің орындалуын қамтамасыз ететін шара деп түсіну керек. Сондықтан талап арызда көрсетілген талап қоюды қамтамасыз ету шараларын көп жағдайда талапкерлер жеке арыз жазбай, талап арызында көрсетеді істі әзірлеу барысында қабылдау керек, өйтпеген жағдайда, даулы мүлік сотта іс қаралып біткенше, үшінші не төртінші адамның, заңды тұлғаның меншігіне кетіп, келесі даудың тууына немесе талап қоюды қамтамасыз ету шараларын  жүзеге асырмаған судьяның іс-әрекетіне арыз жазылуына әкеледі.     

12) Талапкердің өтініші бойынша  оның берген арызын қайтару  туралы ұйғарым шығарады.     

13) Өзге де қажетті іс жүргізу  әрекеттерін жасайды.

Судья істі әзірлеу барысында АІЖК-нің 171-бабына сай  бірнеше талап арызды біріктіріп немесе ажыратып қарау тәртібін белгілеуге құқылы. Осы жерде айтатын бір жай – судья осы соттың іс жүргізуінде дәл сол тараптар қатысатын біртектес, не бір талап қоюшының әртүрлі жауапкерге немесе әртүрлі талап қоюшылардың бір жауапкерге қойған талабы бойынша  бірнеше іс бар екенін белгілеп, егер  мұндай біріктіруді дұрыс деп тапса, бұл істерді біріктіріп қарауға құқылы делінген. Осы тәртіппен сот құзырына түскен талап арыздардың бар екенін судья емес, сот төрағасы біліп, бөлетіндіктен, осы істер бойынша сот тәжірибесін орнатып, шағым болған жағдайда да бірнеше емес, бір ғана шешімге шағым болуы мүмкін екенін ескеріп, сот  төрағасы  аталмыш істерді бір судьяға бергені  жөн сияқты.

Істі қарауға әзірлік тиянақты жүргізілген жағдайда, тараптардың бар-жоғы адамдардың қайтыс болуы, заңды тұлғаның қайта құрылуы, таратылуы, бітімшілік келісімге келуі, іс бойынша сараптама тағайындалуы, іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпауы, талап қоюшы талап арызынан бас тартуы, т.б.  АІЖК-нің 242, 243- баптарында, 247-бабының 1-5- тармақшаларында және 249-бабының 1-5,8,9 тармақшаларында көзделген мән-жайлар болған жағдайда оны сотта қарауға әзірлеу кезінде іс бойынша іс  жүргізудің тоқтатылуы, қысқартылуы немесе қараусыз қалдырылуы мүмкін. Судья тараптарға мұндай іс жүргізу әрекеттерінің себеп-салдарын түсіндіруі тиіс.

Судья істі сотта қарау әзірлігі аяқталған соң, істі сот отырысында қарауға тағайындап, ұйғарым шығарып, тараптарға істің қарау уақыты мен  орынын хабарлайды. 

Сонымен, істі сотта қарауға әзірлеудің мәнісі зор. Қаралар азаматтық істің  мән-жайларын анықтап, тараптардың  құқықтық қатынастарының қандай екендігін,  дәлелдемелердің қатыстылығын,  мемлекетік немесе басқа  ұйымдардан дәлелдемелерді талап етудің  керектілігін немесе керек еместігін  анықтап, істі сот қарауына әзірлеуде судьяның үлкен жауапкершілікпен   нақты іс-әрекеттер жүргізуі – іс бойынша заңды әрі негізді шешім қабылдаудың  кепілі болып табылады. [13.]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Азаматтық  істі соттың талқысына әзірлеу

 

2.1    Істі  әзірлеу бойынша процессуалдық  әрекеттер

 

Сотта істі қарауға әзірлеу  судьяға өтініш түскеннен кейін  басталуы керек. Әзірлеу уақыты АІЖК-де 7 күн деп белгіленген, ал күрделі  істер бойынша бір айға дейін  белгіленген. Заң шығарушы әділ соттың тиімділігін жоғарылату, тәрбиелік  және алдын-алу жұмыстарының нәтижелілігін  қамтамасыз ету мақсатында сотта  іс қарауды және шешім шығаруды істі қозғау сәтіне барынша жақындатқысы келеді.

Осы сатыны процессуалдық  рәсімдеу істі сотта қарауға әзірлеу  туралы ұйғарым шығару (ҚР АІЖК 168-бап) және сот мәжілісінде қарауға  тағайындау туралы ұйғарым шығару (ҚР АІЖК 173-бап) арқылы жүзеге асырылады. Азаматтық  іс жүргізуде істі әзірлеу соттың өзіне тәуелді. Әзірлеу әрекеттерін  жүзеге асыруға басшылық ететін судьяға  істі қарау сапасы, жеделдігі және толықтығы үшін үлкен жауапкершілік  жүктелген. Әзірлеу әрекеттерінің  құқықтық реттелуін процессуалдық  форманың маңызды элементі ретінде  қарастыру қажет. Судьялар сот өндірісінің  қағидалары мен ережелерін бұзбауы  керек.

Азаматтық істерді әзірлеу  сатысынан тұратын процессуалдық  қатынастардың мазмұны әзірлеудің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған судьямен жасалатын  процессуалдық әрекетерден құрылады. Олардың шеңбері алуан-түрлі және заңмен аятай белгіленуі мүмкін емес. Азаматтық іс жүргізу кодексі  олардың жалпы тізімін бекітеді.

Істі әзірлеуді жүзеге асырушы судья, алдымен арыз берушіден  түскен материалдармен ғана таныс болады. Сот қызметінің пәні жеткілікті анықталғанша және осыдан шығатын қажетті көлемде  дәлелдеу мәліметтерін алу қажеттілігіне  дейін ол көптеген процессуалдық  әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс. Осы  сатыныңі ерекшелігі азаматтық процессуалдық  қатынастардың басқа да субъектілері өз процессуалдық құқықтары мен  міндеттерін жүзеге асыра отырып әзірлеу әрекеттеріне белсенді түрде  қатыса алады және судьяға көмектеседі. Ең алдымен, судья іс бойынша дәлелдемелер пәнін анықтайды, яғни азаматтық  сот өндірісінің міндеттерін  тиісінше орындау үшін деректердің  шеңберін анықтайды: дауды дұрыс  шешу үшін тараптардың талабы мен  қарсылықтарын негіздейтін заңды  фактілерді, сонымен қоса азаматтық  құқық бұзушылық пен даудың пайда  болуына әсер еткен себептер мен  жағдайларды анықтамайынша сот  алдында тұрған құқықбұзушылықтардың алдын алу міндеттерін орындау  мүмкін емес. Осы мқсатта судья  берілген талаптар бойынша талапкерден  жауап алады және одан жауапкер тарапынан  мүмкін болатын қарсылықтарды анықтайды. Қажетті жағадйларда жауапкерді шақырып алады және талап қоюға  қандай қарсылықтары бар екенін анықтай  отырып, істің мән-жайлары бойынша  одан жауап алады.

Айрықша күрделі істер  бойынша жауапкерге іс бойынша жазбаша  түсінік беру ұсынылуы мүмкін   (ҚР АІЖК 170-бап). Тараптардан бір уақытта жауап алу істі әзірлеудің тиімді құралы болып табылады. Өзара келіспеушілікті анықтау үшін талапкер мен жауапкер бір уақытта шақырылуы мүмкін. Егер талап қою бірнеше тұлғалармен немесе бірнеше жауапкермен ұсынылса немесе іске үшінші тұлғалар қатысса, істі дұрыс шешу үшін маңызы бар жағдайларды толық анықтау мақсатында судья олардан жауап алуы керек. Іс үшін маңызы бар жағдайлардың щеңберін бір уақытта анықтағанда судья тарптардың заңды қатынастарының сипатын және осы қатынастарды реттейтін құқық нормаларын белгілейді.

Істі әзірлеген кезде  судья поркурордың және  мемлекеттік басқару органдарының іс жүргізуге қатысуы туралы мәселені шешеді; сотпен хабар-ошарсыз деп танылған, жан күйзелісі және есі дұрыс еместігінің салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған тұлғалармен неке бұзу істері бойынша іс жүргізуге жауапкердің мүліктік құқығын қорғау үшін қорғаншы мен қамқоршы органдарын қатыстыру мәселесін шешеді, сонымен қатар оның балаларының мүдделерін қамтамасыз ету үшін қоғамдық ұйымдардың және еңбек ұжымының өкілдерін іс қарауға қатыстыру мәселесін шешеді; істің жүруіне мүдделі мемлекеттік кәсіпорын, мекеме, ұйым, олардың бірлестігі немесе іске қатыспайтын азаматты анықтап алып, оларға азаматтық істі қарау уақыты мен орны туралы хабарлайды (ҚР АІЖК 170-бап). Бұл жерде судья алынатын мәліметтерді бағалауға ерекше көңіл бөліп, жан-жақты, толық әрі объективті зерттеулер, оларға соңғы баға беру тек қана сот талқысы кезінде жүзеге асырылатынынестен шығармауы тиіс. Судья қажетті болуына қарай, істі сотта қаруға әзірлеу барысында  талапты қамтамасыз ету бойынша, сот тапсырмаларын жіберу, заттай дәлелдемелерді қарауды тұрған жерінде жүргізу, сараптама тағайындау сияқты процессуалдық әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы (ҚР АІЖК 170-бап). 

 

2.2    Істі  соттың талқысына тағайындау

 

Іс толығымен дайын  деп танылған соң судья сот  мәжілісінде істі қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады. Істі сотта  қарауға тағайындау туралы ұйғарымда  сот мәжілісі өтетін уақыты, орны, сотқа  іске қатысушылардың келуін қамтамасыз ету бойынша шаралар көрсетіледі. Судья істі сотта қарауға дейін, егер істі қарау кейінге қалдырылған  жағдайда – жаңа сот мәжілісінің  басталуына дейін әзірлеу әрекеттерін  жүзеге асыруға құқылы. Іс бойынша  қабылданған шешімнің күшін апелляциялық және қадағалау тәртібінде жойып  қайтадан қарауға жіберілген жағдайда әзірлеу жаңартылуы мүмкін.

Белгіленген үлгідегі сот  хабарландырулары арқылы іске қатысушы адамдар мен өкілдерге істі қарау  орны мен уақыты туралы хабарлайды. Осындай әрекеттер арқылы куәлар, срарпшылар, аудармашылар сотқа шақырылады. Сотта іс қарау белгіленген азаматтық  істер санаттары үшін заңмен белгіленген  мерзімін ескере отырып, іске қатысушыларға істі сотта қарау уақытын және соттың жұмыс істеу кестесі туралы судья хабарлайды.

Хабарландырулар мен шақырулар  хабарландырылған немесе шақырылған тұлғаның сотқа уақтылы келуі және іске әзірленуі үшін жеткілікті мерзімі  болуы есептеле отырып жолдануға  тиіс. Хабарландыру немесе шақыру хабарландырылған немесе шақырылған адамға тарап немесе іске қатысатын басқа да адам көрсеткен  мекен-жай бойынша жолданады. Егер сотқа хабарланған мекен –жайда азамат іс жүзінде тұрмайтын болса, хабарлау немесе шақыру оның жұмыс  орнына жолдануы мүмкін. Қажет болған жағдайда іске қатысушы тұлғалар, өкілдер, куәлар, сарапшылар, аудармашылар телефонаграмма арқылы хабарландырылуы немесе шақырылуы  мүмкін (ҚР АІЖК 129-бап). Шақыру қағазымен  бірге судья жауапкерге талап  арыздың көшірмесі мен арызға қоса берілген құжатттардың көшірмесін жібереді. Шақыру қағазы пошта немесе курьер арқылы жіберіледі. Сот хабарламалары  немесе шақырулар туралы ҚР АІЖК-де көзделген тәртіпті орындамау заңды  өрескел бұзу болып табылады. Азаматтық  істерді соттың уақытылы және заңдылықпен  қарастыруы көбінесе осы тәртіпті сақтауға байланысты болады.

Осыған қатысты көптеген азаматтық істер бойынша келісілген шешімдер шшығару бойынша ағылшын  сотының тәжірибесі қызығушылық  тудырады. Бұл жағдайда іс жүргізу  тәртібі қарапайымдандырылған және былай жүзеге асырылады: құқық туралы дауды жою шарттарын көрсете  отырып тараптардың өздері шешім  жобасын өзара ерікті түрде бірігіп  жасайды да, оны сотқа береді; одан кейін ерекше жағдайларды (тараптардың  бірінің әрекетке қабілетсіздігі, кәмілетке  толмаған баланың мүддесін қамтамасыз ету және т.б.) қоспағанда, істі сотта  қараусыз өзара келісілген шешімді  тіркеу жүзеге асырылады. Сот осы  істер бойынша белгіленген мөлшерде өзара келісілген шешім шарттарының  заңдылығын тексереді.

Информация о работе Сотқа істі әзірлеу