Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 19:08, курсовая работа
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдастық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы болып мемлекет қалыптасты. Мемлекет – қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт болып табылады. Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін
Кіріспе 3
1 Мемлекет нысанының түсінігі 5
2 Басқару нысаны: түсінігі, түрлері мен мазмұны 8
2.1 Монархия 8
2.2 Республика 11
3 Мемлекет құрылымының нысаны 16
3.1 Унитарлық мемлекеттер 17
3.2 Федеративтік мемлекеттер 17
3.3 Конфедеративтік мемлекеттер 19
4 Саяси режим: түсінігі, мазмұны 20
4.1 Демократиялық саяси режим 20
4.2 Антидемократиялық (демократияға қарсы) саяси режим түрлері 22
Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
4.2 Антидемократиялық (демократияға қарсы) саяси режим
Демократия болмаған елде өзге демократиялық емес режимдер орнайды. Халық басқару процесіне қатыспайтын және оның еркімен санаспайтын режим осы түрлерге жатады. (Фашистік режим – Болгария, Германия, Жапония, Италия). Халықтың саяси құқықтары шектеледі, жалғыз партия мемлекеттік аппаратты басқарады және онымен біртұтас болады, әскер басқа құқық қорғау органдары күшейеді, мемлекеттің экономикасы және сыртқы саясаты соғыспен байланысты болады. Әскери режим (Чили, Португалия) мемлекеттік төңкеріс өткеннен кейін өкілеттік органдардың рөлі төмендеп әскер мемлекеттің негізгі функциясын басып алады. Расистік режим осы әдістердің бәрін тек қана бір ұлтқа немесе бірнеше ұлттарға қарсы қолданады. «Феодалдық мемлекеттерінің көбіне шіркеудің күшті режимі құрылады. Шіркеу мемлекетпен қатар күшті рөл атқарады, ол монархтың таққа отырғанына қатысады, мемлекеттік Кеңесте өзінің жеке орындарына ие болады, оған қарсы істелген қылмыстарды өзі өте қатты жазалайды. Бұл Араб халифатының, Еуропа феодалдық мемлекеттердің саяси режимдері.» [7., 156 бет]
Антидемократиялық режимге мына белгілер тән:
1) Бір саяси партияның үстемдігі:
2) Бір ресми идеологияның болуы;
3) Бір меншік түрінің болуы;
4) Саяси құқықтар мен бостандықтарды жоққа шығару;
5) Қоғамның сословиелік, касталық және т.б. белгілер бойынша бөлінуі;
6) Халықтың төмен экономикалық деңгейі;
7) Мәжбүрлеу мен жазалау шараларының үстемдігі;
8) Сыртқы саясаттағы агрессиялық сипаттағы әрекеттер және т.б.
Антидемократиялық режимнің бірнеше түрлері болады: тирания, деспотизм, фашизм, тоталитарлық және авторитарлық режимдер. Бірақ оларды аса көрнекті екі үлкен топқа бөлуге болады: тоталитарлық және авторитарлық режимдер.
Тоталитарлық (латынның totalitas - бүтіндей, тұтас, жалпы деген сөзінен) режим деп қоғам өмірінің барлық аяларына бақылау жасайтын, демократиялық ұйымдарға тыйым салатын, конституциялық құқықтар мен еркіндіктерді аяққа таптап, прогресшіл күштерге қарсы қуғын-сүргін жүргізетін мемлекеттік басқару формасы. Онда өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі және т.б. – бәрі тегіс бақылаудың астында болады. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына, демократиялық ұйымдардың жұмыстарына тыйым салынады, жазалау, қуғын-сүргін күшейеді, террорлық полициялық бақылау орнайды.
Тоталитарлық билік иелері халық бақылауынан тыс болады, бұқараның алдында жауап бермейді. Атқару органдары заң шығарушы органдардың алдында жауапты болмағандықтан, заң бұзушылық тұрақты құбылысқа айналады.
Тоталитарлық үкімет, әдетте, өздерінің саяси жүйесінің тоталитарлық екенін мойындамайды, өзін барынша демократиялы етіп көрсетуге тырысады. Сондықтан елде заңдар қабылданып, сайлаулар өткізіліп жатады. Бірақ олардың бәрі алдын ала дайындалған сценарий бойынша жүргізілетіндіктен, билік иелерінің қалауы үнемі орындалып отырады.
Тоталитарлық тәртіпте жалғыз көпшілік партия қалыптасады. Билікті сол жүргізеді. Ол партия оған кірген мүшелердің өз еркімен және демократиялық жолмен ұйымдаспайды. Көсемнің ырқымен, соның айналасында (Гитлер, Сталин) құрылады.
Ондай қоғамда идеологияның рөлі үстемдік етеді. Ол барлық бұқара ақпарат құралдарын пайдаланады. Солардың күшімен жұртшылықты өз теориясының «шындығына» сендіруге тырысады. Идеологияны көсем анықтайды. Ол өзінің әрекеттерін биік бір арман, мұратқа жету мақсатымен бүркемелейді. «Ол Гитлердің айтқанындай, басқалармен салыстырғанда бір нәсіл не ұлттың (немістердің) пешенесіне жазылған артықшылығы, Франконың христиандық қоғамы, Сталиннің бұрмаланған социализм идеялары сияқты болуы мүмкін. Басқаша ойлауға мүмкіндік бермейді.» [4., 62 бет]
Авторитарлық (латынның au – дан (жалғау), toritas – билік, ықпал) режим деп күштеуге, жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік-саяси құрылысты айтады. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент жойылмайды, дегенмен, ол кеңесші органға айналады. Авторитарлық жүйеде, сырттай қарағанда, заңды ұстанымдардың бәрі сақталатын сияқты болып көрінеді. Конституция қабылданып, референдумдер өткізіліп жатады. Бірақ олардың бәрі формалды өткізіледі және билеушілердің қалаған адамдарын сайлап алуына жағдай жасалады. Көппартиялық құрылымға да заң жүзінде рұқсат етіледі, бірақ билеуші партиядан басқаларға толып жатқан жасанды кедергілер адым аштырмайды. Саясаттан тыс қоғамдық бірлестіктердің жұмысы «демократияның салтанаты» ретінде насихатталады. Авторитарлық үкімет шын мәніндегі саяси оппозицияның қызметін шектеу әрекеттерін жасайды.
Тоталитарлықпен салыстырғанда авторитарлық режимде тәртіпте бірыңғай идеология, көпшілік партия болмайды. Экономика қатал бақылауға алынбайды, күштеу әдістері де азырақ қолданылады. Әдетте, ол саяси процеске белсенді араласатын әскер күшіне сүйенеді. Азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың саяси құқықтары мен бостандықтары шектеледі, оппозицияға тыйым салынады. Сайланбалы мемлекет органдары азаяды. Олардың жұмыстары мемлекет басшысының ырқына бейімделеді. Авторитарлық тәртіпке, мысалы, Пиночет кезіндегі Чилиді, Франко кезіндегі Испанияны, қазіргі Иорданияны, Индонезияны, Марокко, Кувейтті, Сауд Аравиясын және т.б. жатқызуға болады. Мұндай тәртіп, әсіресе, «Латын Америкасында жиі кездеседі. Авторитарлық режимдер бір адамның билігімен байланысты болады (Тито, Сталин, Чаушеску, Кастро, Людовик ХІV, Наполеон).» [4., 23 бет]
Тоталитарлық және авторитарлық саяси тәртіппен демократиялық тәртіпке көшу әр елдерде әр түрлі өтеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германия, Италия, Жапонияда буржуазиялық демократиялық тәртіп АҚШ-тың әскери күшінің көмегінің арқасында орнады. Португалия, Испания, Грецияда мұндай ауысу дамыған капиталистік елдердің қаржылық-экономикалық, саяси және моральдық-психологиялық қолдауының, сүйемелдеуінің арқасында жүзеге асты. Қазір Шығыс Еуропа елдері мен бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының демократиялық тәртіпке өту барысында Батыстың көмегіне сенуге болады. Бірақ ол үшін бұл елдер Батыстың талабына сәйкес дамуы шарт. Сол елдердің қатарына біздің Қазақстан да қосылады. Біз үшін либералдық демократияға өту қосымша қиындықтар тудырады. Себебі, бізде нарықтық экономикаға айтарлықтай қалыптаспаған. Оның үстіне, еліміздің саяси мәдениеті әлі жеткілікті дамымаған. Сондықтан демократиялық жолға түсу ұзақ та күрделі болмақ.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мемлекеттің сыртқы нысанын анықтау үшін біз үш элементтеріне қорытынды түсінік беруге тиіспіз: мемлекетті басқару нысаны, мемлекеттік құрылымының нысаны және саяси режим.
Мемлекетті басқару нысаны, негізінен, мемлекеттік биліктің жоғары органдарының өкілеттіктерінің өзара қатынасынан, олардың құрамы мен құрылу тәртібінен көрініс табады. Басқару нысаны мемлекеттік биліктің басқарылуына қарай екіге бөлінеді – монархия және республикалық мемлекеттер.
Монархиялық мемлекеттерде билік мұрагерлікпен беріліп, мемлекет басшысының қолында шексіз билік шоғырланып келеді де, мемлекетте бір адамға ғана бағынушылық жағдай қалыптасады. Бірақ оның билігі парламентпен немесе конституциямен шектелуі мүмкін. Сондай-ақ кейбір мемлекетте монарх тек қана мемлекет билігінің бірлігінің нышаны ретінде ғана сақталған. Бұл мемлекеттерде монархтың қолында билік тізгіні болмайды, биліктің аз ғана үлесі шоғырланады.
Республикалық мемлекетте мемлекет басшысы тікелей немесе жанама сайлау арқылы сайланып келіп, белгілі мерзімге ғана билік басында болады. Республикалық мемлекеттердің тарихтың дамуымен әр түрлі өзгерістерге ұшырағандықтан түрлі саралануы белгілі. Оның ең көрнектілерінің бірі парламенттік республика мен президенттік республика. Оның біріншісінде президент пен парламент қатар мемлекетті билесе, екінші түрінде президент – мемлекеттік биліктің жалғыз нышаны болып табылады.
Мемлекеттік құрылымның нысаны - мемлекеттің аумақтық құрылымы, оның құрамдас бөліктерінің және осы бөліктердің әрбірінің мемлекетпен қарым-қатынасының сипаты. Мемлекеттік құрылым территориялық бөлінісіне қарай унитарлы, федеративті және конфедеративті болады.
Унитарлы мемлекет деп тұтас, бөлінбейтін мемлекеттерді айтады. Бұл мемлекеттің құрамында өзге аумақтық құрылыс бөлімшелері немесе бөліктері болмайды. Бүкіл ел аумағында бір конституция, бір азаматтық және ортақ билік бөлінісі болады.
Федеративтік мемлекеттерде, керісінше, аумақтық, территориялық және ұлттық сипатына қарай аудандық бөліністері болуы мүмкін. Бұл елдің әрбір ауданында жеке конституция, жеке-жеке заң шығарушы, заң атқарушы және сот органдары болуы мүмкін. Бұл мемлекеттердің ішкі құрылысында мемлекеттер, автономиялар мен автономиялық округтар болуы мүмкін.
Кейбір кезде мемлекеттер ортақ саяси, экономикалық, әскери, т.б. мақсаттарды көздеп шарт арқылы бірігуі мүмкін. Онда бұл мемлекеттердің одағы конфедерациялық мемлекеттер деп аталады. Бұл мемлекеттер тек қана белгілі бір мерзімге немесе көзделген мақсатқа жеткеннен кейін ыдырауы мүмкін. Бұндай мемлекеттердің өз конституциясы, өз азаматтығы, аппараттық құрылысы және ұлттық валютасы сақталып қалады.
Мемлекет нысанының үшінші ақырғы элементі – саяси режим немесе тәртіп деп мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілін айтады. Мемлекеттік билікті демократиялық жолмен жүзеге асырса, оны демократиялық режим деп атайды. Егер де мемлекеттік билік халыққа, оның мүддесіне үйлестірілмей, керісінше халықтың басым көпшілігіне қарсы ұйымдастырылып жүргізілсе, оны демократияға қарсы режим деп атайды.
Міне енді мемлекет нысаны туралы толық мағлұмат алдық. Енді әрбір мемлекетке оның мемлекетті басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны және саяси жүйесін білу арқылы толық сипаттама бере аламыз.
Мысалы ретінде мына мемлекеттерге сипаттама берейік:
Қазақстан Республикасы – президенттік басқарудағы біртұтас, унитарлы республикалық мемлекет, саяси тәртіпке келетін болсақ - демократиялық режимі қалыптасып жатқан дәрежеде.
Германия (1933 жылға дейін) – президенттік басқару тұрпатындағы республика, федерациялық мемлекет болып келеді, саяси тәртіп - фашистік режим.
Араб халифаты – теократиялық құрама монархия, діни саяси режим.
Англия – біртұтас унитарлы мемлекет, мемлекеттік билік монарх пен парламент арасында бөлінеді, либералдық-демокартиялық режимді ұстанған мемлекет.
АҚШ: басқару нысаны – президенттік республика; мемлекеттік құрылым нысаны – федеративтік мемлекет, саяси режим - демократиялық режим.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Булгаков Д. А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы; Алматы; Заң әдебиеті, 2004 ж.
2. Сапарғалиев Ғ. С., Ибраева А. С. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы; Алматы; Жеті жарғы, 1998 ж.
3. Жүкешев Қ. М. Адам. Қоғам, Құқық: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық / Қ. Жүкешев, Ғ. Сапарғалиев, Г. Асанбекова. Алматы; «Мектеп» баспасы, 2005 ж.
4. Жамбылов Д. Саясаттану. Оқулық; Алматы; Жеті жарғы, 2003 ж.
5. Жоламан Қ. Д. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық; Алматы; Нұр-пресс, 2007 ж
6. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Академиялық курс; Алматы; Жеті жарғы, 2004 ж.
7. Сартаев С. С., Нүрпейісов Д. Тәуелсіз, егеменді Қазақстан Республикасы; Алматы, 2004 ж.
8. Жоламан К. Д. Азаматтық қоғам және мемлекет Ж. Құқық және мемлекет, 1999 ж.
9. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 2007 ж.
10. Бейсенова А., Біржанова К., Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: «Жеті жарғы», 1996 ж.
11. Жамбылов Д., Саясаттану. Оқу құралы, Алматы, 1996.
12. Нысанбаев Ә., Қазақстан. Демократия. Рухани жаңару. – Казахстан. Демократия. Духовное обновление., Алматы, 1999 ж.
13. Сапарғалиев Ғ. С., Ибраева А. С. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы; Алматы; Жеті жарғы, 1997 ж.
14. Сапаргалиев Г. С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: «Жеті жарғы», 1996 ж.
15. Журнал «Саясат», «Чиновничество в постсоциалистическом обществе: опыт предварительного анализа» Хайруллаева М., Тулегулова А., N6, 1997.
16. Жоламан К. Д. Құқықтық мемлекет, оның түсінігі мен мазмұны. Ж. Құқық және мемлекет РК, 2000.
17. Жоламанов Қ. Д., Мұхтарова А. Қ., Тәуекелев А. Н. Мемлекет және құқық теориясы, Алматы, 1999 ж.
18. Теория госудрства и права в схемах и определениях. В. К. Бабаев, В. М. Баранов, В. А. Толстик, Москва, 1998 г.
19. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі.
20. Сапаргалиев Г. С., Основы государства и права. Учебное пособие. Алматы: «Жеті жарғы» 1997 г.
Қосымша А
Информация о работе Мемлекет нысаны: саяси режим, басқару түрі, мемлекет құрылымы)